Презентация на тему: Зиянсыздықты талдау

Зиянсыздықты талдау
Кіріспе
Екі негізгі сипаттамасы…
Зиянсыздықтың қайсы моделі: экономикалық немесе бухгалтерлік пе?
Зиянсыздықтың э кономи калық моделі
Ал бухгалтерлік моделінде…
Бухгалтерлік модельдегі «шығын – өндіріс көлемі - пайда» ара қатынасының графикалық көрінісі
Ал бухгалтерлік моделінде……
Екі жалпы шығын кисықтарын салыстырайық…
Назар аудара ңыз … бұл өте маңызды!
Бұл зиянсыздықты талдаудағы өте маңызды ұстаным!
Бірақ, әрқашанда ескеру қажет…
Зиянсыздықты талдаудың ұстанымдары
Б ірінші ұстаным
Екінші ұстаным
Егер де ассортимент…
Үшінші ұстаным
Бірақ ескеру қажет…
Т өртінші ұстаным
Егер пайда шығындарды толық үлестіруге негізделе есептелсе..
Бесінші ұстаным
Алтыншы ұстаным
Жетінші ұстаным
Сегізінші ұстаным
Сонымен зиянсыздық нүктесі ол не?
Бұл нүктені қалай табуға болады?
Математикалық тәсіл
Математикалық тәсіл
Модификацияланған математикалық тәсіл: маржиналдық табыс ұғымын қолдану арқылы
Маржиналдық табыстың басқа аталуы пайдаға салым…
және де зиянсыздық нүктесінің баламалы формуласы келесідей болады:
Ал жалпы формуланың көрінісі:
Зиянсыздық нүктесін табудың графикалық тәсілі
Баламалы графикалық тәсіл
Пайда мен өндіріс көлемі г рафи гі
Пайда түсімнің үлесі ретінде көрсетілуі мүмкін:
Қауіпсіздік м аржа сы
Оны қалай табады?
Пайызбен
СӨЖ тапсырмасы Тапсыру мерзімі – жұма ( жеке парақта )
СӨЖ тапсырмасы
СӨЖ тапсырмасы
1/42
Средняя оценка: 4.8/5 (всего оценок: 72)
Код скопирован в буфер обмена
Скачать (249 Кб)
1

Первый слайд презентации: Зиянсыздықты талдау

11-тақырып

Изображение слайда
2

Слайд 2: Кіріспе

Зиянсыздықты талдау үш негізгі экономика-ық көрсеткіштер арасындағы арақатынасты зерттеуге негізделген әдіс. Олар: Шығын Өндіріс көлемі Пайда Cost Volume Profit Басқа аталуы Залалсыздықты талдау

Изображение слайда
3

Слайд 3: Екі негізгі сипаттамасы…

Зиянсыздықты талдау: (1) өндіріс көлемі өзгеруіне тәуелді шығындарды айнамалы және тұрақты деп бөлуге (2) маржиналдық ( шекті )пайда көрсеткішін қолдануға негізделген

Изображение слайда
4

Слайд 4: Зиянсыздықтың қайсы моделі: экономикалық немесе бухгалтерлік пе?

Экономикалық моделінде, жалпы түсім мен жалпы шығын қисықтары сызықты болмайтындығы шамаланған. Олар екі нүктеде қиылысады. Басқа тілмен, экономикалық модельде жалпы шығын жалпы түсімге тең болатын екі өндіріс деңгейі бар. Ол суреттегі залалсыздықтың екі - В және С нүктелері.

Изображение слайда
5

Слайд 5: Зиянсыздықтың э кономи калық моделі

Изображение слайда
6

Слайд 6: Ал бухгалтерлік моделінде…

Б ухгалтер лік модел ьдің г рафи калық көрінісі, бірліктің айнымалы шығыны мен сатылу бағасы өзгеріссіз қалады, сондықтан жалпы түсім мен жалпы шығын арасындағы тәуелділік, өндіріс көлемінің өзгеруі салдарынан сызықтық мінезге ие болуына негізделген.

Изображение слайда
7

Слайд 7: Бухгалтерлік модельдегі «шығын – өндіріс көлемі - пайда» ара қатынасының графикалық көрінісі

Изображение слайда
8

Слайд 8: Ал бухгалтерлік моделінде……

Нәтижеде диаграмм ада зиянсыздықтың нүктесі біреу ғана болады, бұл жерде өнім шығару ұлғайған сайын, пайда аймағы кеңейеді. Сондықтан ө н діріс қуаттылығын максимал-ды қолдану кезінде өндіріс анағұрлым табысты болады.

Изображение слайда
9

Слайд 9: Екі жалпы шығын кисықтарын салыстырайық…

П унктир лі қисық - бұл б ухгалтер лік модел ьдегі жалпы шығын функци ясымен салыстыруға болатын, экономи калық модел ьдегі жалпы шығын функци ясы. Шамасы, экономикалық модель өте шынайы көрінеді, өйткені жалпы шығын қисығының сызықты емес болып келетіндігіне негізделген.

Изображение слайда
10

Слайд 10: Назар аудара ңыз … бұл өте маңызды!

Бухгалтерлік модельдегі Х және Y нүктелері арасындағы жалпы шығын сызығы, экономикалық модельдегі жалпы шығын қисығына өте ұқсас. Көрініп тұрғандай, жалпы шығын сызығы тек өндіріс көлемінің тиімді ауқымында ( релевантты диапазон) ғана жақсы жақындауды береді.

Изображение слайда
11

Слайд 11: Бұл зиянсыздықты талдаудағы өте маңызды ұстаным!

Бухгалтер бұл диапазонда өнім бірлігіне айнымалы шығын өзгермейді деп шамалайды, сондықтан да бұл учаскедегі жалпы шығын қисығынын түзу сызық деп есептеуге болады...

Изображение слайда
12

Слайд 12: Бірақ, әрқашанда ескеру қажет…

Әйтседе, осы диапазоннан тыс өндіріс деңгейі үшін бұл ұстанымды қабылдау қисынсыз болар еді. Бухгалтерлік модельдегі жалпы шығын сызығы, солға – вертикалды ось бойынша не оңға - Y көлемі шегінен ары өндіріс деңгейіне дейін ұзартылмай, тек өндіріс көлемінің релевантты диапазонында ұсынылғанда ғана дұрыс болады.

Изображение слайда
13

Слайд 13: Зиянсыздықты талдаудың ұстанымдары

Зиянсыздықты талдауға негізделген ақпаратты дайындау не қолдану кезінде, бұл дайындалған ақпаратқа негіз болған, қабылданған ұстанымдар туралы білу қажет. Егер бұл ұстанымдарды ескермесек, онда қауіпті қателерге бой алдырып, талдау кезінде бұрмаланған қорытын - ды алуымыз мүмкін.

Изображение слайда
14

Слайд 14: Б ірінші ұстаным

Өндіріс көлемінен басқа да барлық басқа айнымалылар тұрақты болып қалады. Өндіріс көлемі – шығын мен өнімді сатудан түсімдердің өзгеруін туғыза алатын жалғыз фактор деп шамаланады.

Изображение слайда
15

Слайд 15: Екінші ұстаным

Талдау тек бір ғана өнім немесе сатылатын өнімдердің тұрақты жиынтығы ( ассортименті үшін қолданылады. Тек бір ғана өнім немесе бірнеше өнім түрлері сатылған жағдайда, олардың алдын­ала бекітілген ассортименті сатылады деп шамаланады. Соңғы жағдайдағы сату, осы өнім ассортименті үшін орташа түсім мен орташа айнымалы шығыны негізінде зиянсыздық талдауында көрсетілуі мүмкін

Изображение слайда
16

Слайд 16: Егер де ассортимент…

Егер өнімнің нормативті ассортименті жөніндегі ұстаным сақталмаса, онда бірегей залалсыздық нүктесі туралы айту мүмкін емес. Әйтседе, нормативті ассортимент кезінде мұндай нүкте болады және ол зиянсыздықты талдау көмегімен есептелуі мүмкін.

Изображение слайда
17

Слайд 17: Үшінші ұстаным

Өндіріс күрделілігімен байланысты тұрақты шығындар, талдау барысында өзгермейді. Зиянсыздықты талдау, өндірістің күрделі -лі гімен байланысты шығындар өзгеріссіз қалатынына негізделген. Мұндай күрделілікпен байланысты шығын, әдетте қысқа мерзімді жоспарда өндіріс көлемі өзгерген кезде, қатты өзгермейді.

Изображение слайда
18

Слайд 18: Бірақ ескеру қажет…

Бірақ, егер өндіріс көлемі тұрақты болып, ал шығарылатын өнім ассортименті өзгеретін болса, онда көмекші бөлімдері жұмыстарының тұрақты шығындары да өндіріс күрделілігінің ұлғаюынан не төмендеуінен бәрібір түбінде өзгереді. Нәтижеде, жалпылай зиянсыздықты талдау өндіріс ассортиментінің өзгеруі нәтижесінен өндірісті ұйымдастыру күрделілігімен байланысты шығынның өзгеруін ескере алмайды.

Изображение слайда
19

Слайд 19: Т өртінші ұстаным

Пайда айнымалы шығындар бойынша калькуляциялау жүйесі бойынша есептеледі. Талдау кезінде, есепті кезең үшін тұрақты шығын осы кезеңнің шығыны ретінде есепке алынады деп шамаланады. Сондықтан айнымалы шығындар бойынша калькуляциялау жүйесі бойынша пайданы есептеу қолданылады.

Изображение слайда
20

Слайд 20: Егер пайда шығындарды толық үлестіруге негізделе есептелсе

онда өндіріс көлемі сату көлеміне тең болатын ұстанымды енгізу қажет. Егер бұл шарт орындалмаса, қорлар бағасы өзгереді, және қарастырылатын кезеңде есепке алынған тұрақты үстеме шығындар, нақтылардан ерекшеленеді. Сонда да болса, шығындарды толық үлестіру жүйесі бойынша өзіндік құнды калькуляциялау үшін де зиянсыздық таллдауын пайдалануға болады.

Изображение слайда
21

Слайд 21: Бесінші ұстаным

Жалпы шығын мен жалпы түсім өндіріс көлемінен сызықты функциялар болып табылады. Талдау кезінде, өнім бірлігіне айнымалы шығын мен өнімнің сатылу бағасы тұрақты болып қалады деп күтіледі. Шамасы, бұл ұстаным тек өндіріс көлемінің релевантты диапазоны шекарасында ғана жарамды.

Изображение слайда
22

Слайд 22: Алтыншы ұстаным

Талдау тек өндіріс көлемдерінің релевантты диапазонына қатысты жүргізіледі. Бұл диапазоннан тыс шығындар мен түсімдердің сметалық көрсеткіштері дұрыс емес болып табылады.

Изображение слайда
23

Слайд 23: Жетінші ұстаным

Шығындарды тұрақты және айнымалы құрамдастарына дәл бөлуге болады. Тәжірибеде жартылай айнымалы шығынды тұрақты және айнымалы құрамдастарға бөлу өте қиын. Соның өзінде, егер зиянсыздық талдауы нәтижелерін шешім қабылдау үшін қолдану күтілсе, мұндай бөлуді жасауға тура келеді, және жеткілікті түрде дәл.

Изображение слайда
24

Слайд 24: Сегізінші ұстаным

Талдау тек қысқа уақыт мерзіміне ғана қолданылады. Қысқа мерзімді жоспарда бірқатар шығындар тұрақтылығын сақтайды деп шамаланад Әйтседе, егер ұзақ мерзімді кезең туралы айтсақ, онда өндіріс көлеміндегі елеулі өзгерістер немесе өнімді шығарудың күрделілігі, түбінде бәрібір тұрақты шығындардың өзгеріп кетуіне алып барады.

Изображение слайда
25

Слайд 25: Сонымен зиянсыздық нүктесі ол не?

Зиянсыздық нүктесі – ол өндірістің сондай көлемі, сол көлемді өндіргенде төмендегі жағдайлар орын алады: жалпы шығын жалпы түсімге (немесе өнімді өткізуден табысқа) тең болады басқа тілмен, бұл нүктеде не пайда, не зиян жоқ болады жиынтық маржиналдық табыс жиынтық тұрақты шығынға тең болады

Изображение слайда
26

Слайд 26: Бұл нүктені қалай табуға болады?

Зиянсыздық нүктесін анықтаудың үш тәсілі : (1) математикалық тәсіл (теңдеулік құру әдісі) (2) маржиналдық табыс (маржиналдық пайда) тәсілі (3) графикалық тәсіл

Изображение слайда
27

Слайд 27: Математикалық тәсіл

Таза пайда = [(сатылған өнім көлемі × бірліктің сатылу бағасы) – (сатылған өнім бірлігі көлемі × бірліктің айнымалы шығыны)] + жалпы тұрақты шығын

Изображение слайда
28

Слайд 28: Математикалық тәсіл

NР= Рх - (а + bх ) NР - таза пайда х - сатылған өнім көлемі Р - сатылу бағасы b - өнім бірлігінің айнымалы шығыны а - жалпы (жиынтық)тұрақты шығын

Изображение слайда
29

Слайд 29: Модификацияланған математикалық тәсіл: маржиналдық табыс ұғымын қолдану арқылы

Жиынтық маржиналдық табыс (немесе ж алпы маржа), сатудан түсім мен жиынтық айнымалы шығын айырмасына тең болады. Бірліктің айнымалы шығыны мен өнім бірлігінің сатылу бағасы тұрақты болатындығына байланысты, өнім бірлігіне маржиналдық табыс та тұрақты шама ретінде қарастырылады.

Изображение слайда
30

Слайд 30: Маржиналдық табыстың басқа аталуы пайдаға салым…

Әр сатылған бірлік пайдаға салым әкеледі, ол тұрақты шығынды жабу үшін жеткілікті, ал оларды толығымен жапқан соң, қалған салым пайданы ұлғайтуға кетеді. Барлық тұрақты шығынды жабу үшін жеткілікті жалпы түсім алынған кезде, зиянсыздық нүктесіне жетеді

Изображение слайда
31

Слайд 31: және де зиянсыздық нүктесінің баламалы формуласы келесідей болады:

Зиянсыздық нүктесі (өнім бірліктерімен ө лшегенде) = Жиынтық тұрақты шығын Бірлікке шаққан маржиналдық табыс

Изображение слайда
32

Слайд 32: Ал жалпы формуланың көрінісі:

К үтілген пайданы алу үшін сатылған өнім көлемі = Жиынтық тұрақты шығын + Жоспарланған пайда Бірлікке шаққан маржиналдық табыс

Изображение слайда
33

Слайд 33: Зиянсыздық нүктесін табудың графикалық тәсілі

Изображение слайда
34

Слайд 34: Баламалы графикалық тәсіл

Өндіріс көлемінің өзгеруінің пайдаға әсерін көрсетудің ең ыңғайлы тәсілі пайда мен өндіріс көлемі г рафи гі болып табылады. Г оризонтал ды ос ь те өндіріс пен сату көлемінің түрлі деңгейлері жүргізіледі, а л вертикал ды ос ь те талданатын кезеңдегі пайда мен залалдар белгіленеді

Изображение слайда
35

Слайд 35: Пайда мен өндіріс көлемі г рафи гі

Изображение слайда
36

Слайд 36: Пайда түсімнің үлесі ретінде көрсетілуі мүмкін:

Маржиналдық пайда мен түсімнің ара қатынсаы (немесе маржиналдық пайданың коэффициенті) = Жиынты қ маржиналдық пайда *100 Өнімді қткізуден түскен табыс

Изображение слайда
37

Слайд 37: Қауіпсіздік м аржа сы

Қауіпсіздік м аржа сы – бұл жоспарланған өндіріс көлемі және зиянсыздық нүктесіндегі өндіріс көлемі арасындағы айырмашылық. Қауіпсіздік м аржа сы компания залал шегуге дейін қаншалықты сату көлемін қысқарта алатынын көрсетеді.

Изображение слайда
38

Слайд 38: Оны қалай табады?

Бірліктер өлшемінде Ақшалай өлшемінде Пайызбен

Изображение слайда
39

Слайд 39: Пайызбен

Қауіпсіздік м аржа сы (%) = Жоспарланған ( немесе іс жүзіндегі ) өнімді өткізуден түскен табыс аламыз зиянсыздық нүктесіндегі табысты *100 Жоспарланған ( немесе іс жүзіндегі ) өнімді өткізуден түскен табыс

Изображение слайда
40

Слайд 40: СӨЖ тапсырмасы Тапсыру мерзімі – жұма ( жеке парақта )

2005 жылы «АВС» фирмасы ауруханаларды диагнос-тикалық құралдармен 120 теңге бағамен қамтиды. Фирма 80000 құралды жеткізді, сондай-ақ тұрақты шығындар 1000000 теңгені құрады және 200000 теңге көлемінде пайда көрді. 2006 жылы фирманың жалға алынған ғимараты 1200000 теңгеге өсті. Егер сатылу көлемі және шығындар өзгермесе, онда фирма 2006 жылы 200000 теңге пайда алуы үшін қай бағамен диагностикалық құралды сатуы керек ( теңге)? А) 120 В) 135 С) 150 D ) 240

Изображение слайда
41

Слайд 41: СӨЖ тапсырмасы

«Мысықтар өнімдері» компаниясы сатудан 200000 теңге пайда көреді. Маржиналдық табыстың коэффициенті – 20%, қауіпсіздік маржасы – 80000 теңге. Компанияның тұрақты шығындары қандай (теңге)? А) 16000 В) 24000 С) 80000 D ) 96000

Изображение слайда
42

Последний слайд презентации: Зиянсыздықты талдау: СӨЖ тапсырмасы

2005 жылдың қорытындысы бойынша «Скат» дүкені өзінің қарыжық есебінде 24000 теңге таза пайда көрсетті, сондай-ақ өнімді өткізуден түскен табыс 300000 теңгені құрады. Айнымалы шығындар өнімді өткізуден түскен табыстың 70%-на тең. Корпоративтк табыс салығы мөлшері – 40%. Тұрақты шығындардың соммасы қандай ( теңге)? А) 30000 В) 50000 С) 66000 D ) 170000

Изображение слайда