Презентация на тему: Жүйке жүйесінің патофизиологиясы

Жүйке жүйесінің патофизиологиясы
Дәрістің мақсаты
Жүйке жүйесінің патофизиологиясы
Жүйке жүйесінің патофизиологиясы
Жүйке жүйесінің патофизиологиясы
Орталық жүйке жүйесінің туа біткен бұзылыстары
Жүре пайда болған эндогендік себепкер ықпалдарға:
Салдарлық (екіншілік) эндогендік себепкер ықпалдар:
Нейрон құрылымы
Жүйке жүйесінің біртектес бұзылыстарына :
Нейрон мембранасының бұзылыстары:
Липидтердің асқын тотығуы артуы
Нейрон мембранасы бұзылыстарынан:
Аксон қызметтерінің бұзылыстары:
Дендриттердің бүліністері:
Синапс құрылымы :
Синапстардың бұзылыстары:
Синапстардың бұзылыстарынан:
Жүйке жүйесі бұзылыстарының жалпы көріністері:
Тежелудің тапшылығы
Сезімталдықтың бұзылыстары
Сезімталдықтың бұзылу түрлері:
Анестезия немесе гипестезия туындататын себепкер ықпалдар:
Гиперестезия туындататын себепкер ықпалдар:
Дизестезия:
Дизестезияның түрлері:
Сезімталдық бұзылыстарының жалпы патогенезі:
Қимыл-қозғалыстың жүйкелік бұзылыстары
Гипокинезия
Гипокинезияның тарау аумағына қарай:
Гиперкинезиялар
Тырыспа-селкілдек
Жүйке жүйесінің патофизиологиясы
Жүйке жүйесінің патофизиологиясы
Жүйке жүйесінің бұзылыстарында салдарлық эндогендік ықпалдар қалыптасуының маңызы
Нейрондардың белсенділігі өздігінен артуы:
Белсенділігі көтерілген нейрондар топтасып күшейген дерттік қозу ошағын қалыптастырады
Дерттік бастама қалыптасуы
Дерттік бастама
Дерттік жүйе
Эпилепсия
Тырыспа-селкілдек ұстамаларының түрлері
Эпилепсияның түрлері
Жүйке жүйесінің патофизиологиясы
Эпилепсияның патогенезі
Қозу толқындарының мый құрылымдарына тарау тетіктері
Абсанс эпилепсияны ң патогенезі
Жүйке жүйесінің патофизиологиясы
Нейрожұқпалар
Жұқпалардың ОЖЖ-не түсу жолдары:
Нейрожұқпалардың патогенезі
Менингиттер
Менингиттің түрлері:
Геморагиялық менингит
Іріңді менингит
Пайда болу себептеріне қарай:
Туберкулездік менингит
Менингиттің патогенезі
Менингиттің көріністері
Мый қабығылық әйгіленімдер
Мый-жұлын сұйығының өзгерістері:
Жүйке жүйесінің патофизиологиясы
Мый қанайналымының бұзылыстары
Мый тамырларының бүліністері
Мый қанайналымы бұзылыстарының түрлері
Мый қанайналымының өткінші бұзылыстары
Өткінші бұзылыстардың патогенезі
Өткінші қанайналым бұзылыстарының көріністері:
Инсульт
Геморагиялық инсульт-мыйға қан құйылу
Жүйке жүйесінің патофизиологиясы
Жүйке жүйесінің патофизиологиясы
Жүйке жүйесінің патофизиологиясы
Мыйға қан құйылу патогенезі
Мыйға құйылған қан
Мыйға қан құйылу көріністері:
Ишемиялық инсульт
Жүйке жүйесінің патофизиологиясы
Ишемиялық инсульттің патогенезі
Ишемиялық инсульттің патогенезі
Ишемиялық инсульттің көріністері
Жүйке жүйесінің патофизиологиясы
Жүйке жүйесінің патофизиологиясы
Мый қанайналымының сүлде бұзылыстары
Жүйке жүйесінің патофизиологиясы
Назарларыңызға рахмет!
1/86
Средняя оценка: 5.0/5 (всего оценок: 24)
Код скопирован в буфер обмена
Скачать (2563 Кб)
1

Первый слайд презентации: Жүйке жүйесінің патофизиологиясы

Жүйке жүйесі бұзылыстарының жалпы этиологиясы Қазақ ұлттық медицина университеті патофизиология кафедрасы

Изображение слайда
2

Слайд 2: Дәрістің мақсаты

Жүйке жүйесі бұзылыстарының жалпы этиологиясымен, даму жолдарымен және жүйке жүйесінің кейбір бұзылыстарының этиопатогенезімен таныстырып, оларды талдауды үйрету.

Изображение слайда
3

Слайд 3

Тән сезіп, құлақ естіп, көзбен көрмек, Мұрын иіс, тіл дәмнен хабар бермек. Бесеуінен мыйдағы ой хабар алып, Жақсы, жаман әр істі сол тексермек. (Шәкәрім Құдайберді-ұлы)

Изображение слайда
4

Слайд 4

Рецепторлық (сыртқы және ішкі тітіргендіргіштерді қабылдау) Реттеулік (басқа ағзалар мен жүйелерді реттеу және өзін-өзі реттеу) Тұтастырулық (организм мүддесіне қарай ағзалар мен жүйелердің әрекеттерін бір тұтастыққа біріктіру ) Меңгерулік (ағзалар мен жүйелердің әрекеттерін меңгеру) Нәрленістік (тұтас организм мүддесіне қарай қажетті зат алмасу деңгейін анықтау) Информац- иялық (түйсіну, тасымалдау, өңдеу, жинақтау, ажырату және ақпаратты жүзеге асыру Жүйке жүйесінің негізгі қызметтері

Изображение слайда
5

Слайд 5

Жүйке жүйесі бұзылыстарының этиологиясы Себепкер ықпалдар: Экзогендік Эндогендік √ бактериялар, вирустар және олардың уыттары; √ химиялық улы заттар (ауыр металдар, улы газдар, спирт- тер, кейбір дәрілер, ауада оттегінің тапшылығы; √ механикалық ықпалдар (бас жарақаты, мый шайқалысы); √ физикалық ықпалдар (электр соққы, иондағыш сәулелер, электромагниттік толқындар); Туа біткен Жүре пайда болған Біріншілік Салдарлық

Изображение слайда
6

Слайд 6: Орталық жүйке жүйесінің туа біткен бұзылыстары

Тұқым қуатын тектік ақаулардан Туылу кезіндегі жарақаттардан √ лизосомалық ферменттердің тапшылығынан: мый нейрондарында липидтер, гликоген, мукополи- қанттар жиналып қалып, “ жинақталу аурулары” (липидоздар, глико- геноздар, мукополисахаридоздар) дамиды; √ фенилаланингидроксилаза ферментінің тапшылығынан (фенилкетонурия) нейрондардың нақтылануы, мыйдың дамуы бұзылады т.б.; √ мый жарақаты, √ бассүйек ішінде қысым көтерілуі т.с.с.

Изображение слайда
7

Слайд 7: Жүре пайда болған эндогендік себепкер ықпалдарға:

Мыйда қанайналым бұзылыстары; Жан жарақаты мен күйзелістері; Гипогликемия; Қышқылдық-сілтілік үйлесімділіктің ауытқулары; Су мен электролиттер алмасуының бұзылыстары; Бауыр, бүйрек қызметтерінің жеткіліксіздіктері; Эндокриндік аурулар; Аутоиммундық үрдістер – жатады.

Изображение слайда
8

Слайд 8: Салдарлық (екіншілік) эндогендік себепкер ықпалдар:

Нейрон қызметтерінің өзгерістері; Нейронаралық қарым-қатынастардың бұзылыстары; Дерттік күшейген қозу ошағы пайда болуы; Дерттік бастама (детерминанта) және дерттік жүйе қалыптасуы.

Изображение слайда
9

Слайд 9: Нейрон құрылымы

Изображение слайда
10

Слайд 10: Жүйке жүйесінің біртектес бұзылыстарына :

нейрон мембранасы; аксондары; дендриттері; синапстары – бұзылыстары жатады.

Изображение слайда
11

Слайд 11: Нейрон мембранасының бұзылыстары:

Липидтердің асқын тотығуы артып кетуінен Энергия тапшылығынан √ ишемия; √ бактериялар, вирустар; √ жарақат; √ жан-дүниелік күйзелістер; √ улы химиялық заттар (ауыр металдар, улы газдар т.б.); √ аутоиммундық серпілістер; √ реперфузия т.б. √ гипогликемия; √ гипоксия; √ тотығулық фермент- тердің тежелуі; √ ишемия ;

Изображение слайда
12

Слайд 12: Липидтердің асқын тотығуы артуы

Әртүрлі ауыртпалықтар кездерінде катехоламиндерден және арахидон қышқылдарынан бос радикалдар супероксиданион-радикал, сутегінің асқын тотығы озбыр гидроксилдік радикал мембрана құрамындағы қанықпаған май қышқылдарының радикалдары мембрана тұтастығы-ның бұзылуы.

Изображение слайда
13

Слайд 13: Нейрон мембранасы бұзылыстарынан:

Мембрананың тосқауылдық, каналдық қызметтері бұзылуы; Натрий, кальций иондары жасуша ішіне кіріп, калий сыртына шығуы; Мембранада әрекет ету потенциалы қалыптасуы, Са2+-насосының жеткіліксіздігінен мембрананың реполяризациясы бұзылуы; Ядроның мембранасы бүлінуінен РНК, нәруыздар түзілуі бұзылуы; Мембрананың рецепторлық қызметі бұзылуы - байқалады.

Изображение слайда
14

Слайд 14: Аксон қызметтерінің бұзылыстары:

Жүйкелік серпіндердің өткізілуі бұзылуы Аксонның бойымен заттардың тасымалдануы бұзылуы √ Na+ - K+ - АТФаза ферментінің белсенділігі төмендеуі; √ энергияның тапшылығы; √ жүйке талшықтарының қабынуы; √жүйке талшықтарында тыртық болуы; √ жүйке талшықтары сыртынан қысылып қалуы; √ миелин қабығын жоғалтуы кездерінде - байқалады. √ улы заттардың әсерінен; √ гипоксиядан және АТФ жеткіліксіздігінен; √ В1, В6 витаминдер жетіспеуінен; √ қантты диабеттен жүйкелік ұсақ түтікшелер мен майда талшықтар бүлінуі нәтижесінде және аксон қысылып қалуы кездерінде болады.

Изображение слайда
15

Слайд 15: Дендриттердің бүліністері:

Гипоксиядан; Ишемиядан; Организм уыттануында; Мый жарақатында; Электр соққыдан; Мый шайқалуында; Невроздар кезінде – байқалады;

Изображение слайда
16

Слайд 16: Синапс құрылымы :

Изображение слайда
17

Слайд 17: Синапстардың бұзылыстары:

Нейромедиаторлардың түзілуі, тасы-малдануы, қорға жиналуы, түйіспелік саңылауға шығарылуы бұзылғанда; Нейромедиаторлардың постсинапстық мембранадағы рецепторлармен байланысуы бұзылғанда; Түйіспелік саңылауларда нейромедиа-торлардың ыдыратылуы немесе кері қамтылуы бұзылғанда – байқалады.

Изображение слайда
18

Слайд 18: Синапстардың бұзылыстарынан:

Жүйкеленетін тіндерде дистрофия дамиды; Постсинапстық құрылымдарға зат алмасуларын және нәруыздар түзілуін реттейтін заттар (трофогендер) тасымалдануы бұзылады.

Изображение слайда
19

Слайд 19: Жүйке жүйесі бұзылыстарының жалпы көріністері:

Тежелудің тапшылығымен; Сезімталдық бұзылыстарымен; Қимыл-қозғалыс бұзылыстары-мен; Жүйкелік нәрленіс бұзылыстары-мен – байқалады.

Изображение слайда
20

Слайд 20: Тежелудің тапшылығы

Мый қыртысының қызметтері бұзылғанда қыртыс асты құрылымдар, жұлын және шеткері жүйкелер тежеуші әсерден шығып кетуінен әртүрлі дерттік (Бабинский, емізік, жармасу) рефлекстері, бұлшықеттердің жекелеген топтарының сіресіп қалуы, еріксіз қимыл-қозғалыстар пайда болады.

Изображение слайда
21

Слайд 21: Сезімталдықтың бұзылыстары

Гендік ауытқулардан; Жарақаттан; Уланулардан (ішімдік, ауыр металдар; Мый қанайналымы бұзылыстарынан; Мый қабынуынан; Аутоиммундық бүліністерден; ОЖЖ-де өспе өсуінен т.б. пайда болады.

Изображение слайда
22

Слайд 22: Сезімталдықтың бұзылу түрлері:

Анестезия (сезімталдықтың болмауы); Гипестезия (төмен сезімталдық); Гиперестезия (жоғары сезімталдық); Парестезия (бұрмаланған сезімталдық); Дизестезия (әсер еткен тітіркендіргішке сәйкессіз сезімнің болуы).

Изображение слайда
23

Слайд 23: Анестезия немесе гипестезия туындататын себепкер ықпалдар:

Рецепторлардың сезімталдығы азаюы; Гендердің әсерленуі бұзылыстарынан рецепторлардың аз түзілуі; Афференттік жүйкелердің өткізгіштігі бұзылуы (диабет, неврит, уыттанулар кездерінде); Жұлынның артқы және бүйірлік бағаналары, таламустың, мый қырты-сының сезімдік нейрондарының бүліністері.

Изображение слайда
24

Слайд 24: Гиперестезия туындататын себепкер ықпалдар:

Терінің немесе шырышты қабықтардың құрылымдық бүліністері (жарақат, күйік, оралмалы ұшық); Невроздар, энцефалиттер т.б. кездерінде сезімдік жүйе (мый қыртысы, таламус, гиппокамп т.б.) нейрондарының қозымдылығы артып кетуі.

Изображение слайда
25

Слайд 25: Дизестезия:

Термалгия Полиестезия Аллодиния Гиперпатия Парестезия Синестезия

Изображение слайда
26

Слайд 26: Дизестезияның түрлері:

Термалгия – температураның әсерін ауырусыну ретінде сезіну; Полиестезия – бір тітіркендіргішті көптеген ықпалдар ретінде сезіну; Аллодиния – ауыру туындатпайтын әсерге қатты ауырусыну сезімі пайда болуы; Гиперпатия - кезкелген тітіркендіргіштерге, олардың орналасқан жерін сезіну болмай, қатты ауыру сезімі; Парестезия – сырттан ешқандай әсер болмай-ақ, әдеттен тыс әртүрлі жанасулық сезімдердің пайда болуы; Синестезия – бір сезімдік ағзаның тітіркенуі кезінде бірнеше сезімдердің (мәселен, жарықты көргенде дыбыстық сезім) пайда болуы.

Изображение слайда
27

Слайд 27: Сезімталдық бұзылыстарының жалпы патогенезі:

Тітіркендіргіштерді қабылдайтын рецепторлардың қозымдылығының өзгерістері; Сезімтал жүйкелер мен құрылымдарда өткізгіштіктің бұзылыстары; ОЖЖ-де сезімтал жүйе нейрондарының қозу шегі өзгеруі немесе бұрмалануы – жатады.

Изображение слайда
28

Слайд 28: Қимыл-қозғалыстың жүйкелік бұзылыстары

Гипокинезиямен (ерікті қозғалыс-тардың азаюы); Гиперкинезиямен (еріксіз қозғалыстардың болуы); Атаксиямен (қимылдық әрекет-тердің үйлесімділігі бұзылыстары) – көрінеді.

Изображение слайда
29

Слайд 29: Гипокинезия

Көріну айқындығына байланысты гипокинезия: Шаласалдану (парез) (Толық) салдану (паралич) науқастың өз еркімен атқаратын қозғалыстарының азаюы Науқас өз еркімен ешқандай қозғалыс жасай алмауы

Изображение слайда
30

Слайд 30: Гипокинезияның тарау аумағына қарай:

Моноплегия; Параплегия; Гемиплегия; Триплегия; Тетраплегияны – ажыратады.

Изображение слайда
31

Слайд 31: Гиперкинезиялар

Гиперкинезия – мыйдың әртүрлі құры-лымдары нейрондарының бүліністері-нен дамитын еріксіз қимыл-қозғалыс-тардың тым артып кетуі.

Изображение слайда
32

Слайд 32: Тырыспа-селкілдек

Аяқ астынан ұстамалы немесе тұрақты түрде пайда болатын бұлшықеттердің еріксіз жиырылуларын тырыспа-селкіл-дек дейді. Оның клоникалық, тоникалық және араласқан (тонико-клоникалық, клонико-тоникалық) түрлерін ажыратады.

Изображение слайда
33

Слайд 33

Қысқа мерзімде жекелеген (бүккіш, жазғыш) бұлшықет топтарының бірінің артынан бірі бейберекет жиырылуларын клоникалық селкілдек дейді. Бүкіл денеге жайылған айқын клоникалық селкілдек конвулсия делінеді. Бұндай жағдай мый қыртысы қатты қозуынан, пирамидалық жүйе құрылымдары бүліністерінде байқалады.

Изображение слайда
34

Слайд 34

Тоникалық селкілдек немесе тырыспа – дененің немесе аяқ-қолдардың лажсыз жағдайда ұсталынып тұруына әкелетін бұлшықеттердің ұзақ жиырылып қалуы. Ол қыртыс асты құрылымдардың қатты қозуы және кейбір уыттанулар (сіреспе т.б.) кездерінде байқалады.

Изображение слайда
35

Слайд 35: Жүйке жүйесінің бұзылыстарында салдарлық эндогендік ықпалдар қалыптасуының маңызы

Нейрон қызметтерінің өзгерістері; Нейронаралық қарым-қатынастардың бұзылыстары; Дерттік күшейген қозу ошағы пайда болуы; Дерттік бастама (детерминанта) және дерттік жүйе қалыптасуы.

Изображение слайда
36

Слайд 36: Нейрондардың белсенділігі өздігінен артуы:

Қоздырғыш нейро- медиаторлардың (глутамин, аспарагин) әсерінен қозу үрдісінің бірден күшейіп кетуінен Тежегіш нейроме- диаторлар (ГАМҚ, глицин) аз өндіріл- уінен немесе оларды қабылдайтын рецепторлардың сезімталдығы төмендеуінен тежелудің біріншілік тапшылығынан Нейронға келетін афференттік сер- піндердің бол- мауынан оның тежеуші әсерден шығып кетуінен

Изображение слайда
37

Слайд 37: Белсенділігі көтерілген нейрондар топтасып күшейген дерттік қозу ошағын қалыптастырады

Күшейген дерттік қозу ошағы – деп тым қуатты серпіндер туындататын, белсенділігі өте жоғары және өзара әрекеттесе алатын нейрондар топтарының жиынтығын айтады.

Изображение слайда
38

Слайд 38: Дерттік бастама қалыптасуы

Күшейген дерттік қозу ошағы ОЖЖ-нің басқа құрылымдарына белсен-ді түрде әсер етіп, оларды дерттік серпілістерге жұмылдырады. Ол осылай дерттік бастамаға (детерминантаға) айналады.

Изображение слайда
39

Слайд 39: Дерттік бастама

Дерттік бастама дерттік функция-лық жүйені айқындап қалыптас-тырады және оны басқарып, мезгіл-мезгіл жүзеге асырып тұрады.

Изображение слайда
40

Слайд 40: Дерттік жүйе

Дерттік жүйе – деп ОЖЖ-нің бүліністерінен пайда болатын жаңадан қалыптасқан дерттік өзгерістерді дамытып тұратын функциялық құрылымды айтады. Әрбір дертке өз бетінше дерттік жүйе қалыптасуы тән.

Изображение слайда
41

Слайд 41: Эпилепсия

Аяқ астынан күтпеген жерден қайталанатын тырыспа-селкілдек ұстамалары пайда болуына бейімділікпен көрінетін психоневрологиялық сүлде дертті эпилепсия (қояншық ауруы) дейді.

Изображение слайда
42

Слайд 42: Тырыспа-селкілдек ұстамаларының түрлері

Үлкен ұстама Кіші ұстама Айқын тырыспа- селкілдек дамуы аяқ- қолдарының және денесінің селкілдеуі- мен, көз қарашығы кеңуімен, қан қысымы көтерілуімен, ауызынан көбік шұбыруымен көрінеді. Аяқ астынан қысқа мерзімге адамның есінен тануымен көрінеді. Оны Petit mal немесе Абсанс (франц. Absence – бұл дүниеде болмау ) дейді.

Изображение слайда
43

Слайд 43: Эпилепсияның түрлері

Идиопатиялық Әйгіленімдік Пайда болу себебі анықталмаған, тұқым қуалаушылыққа бейімділіктің маңызы бар Этиологиясы: √ мый жарақаты; √ мыйға қан құйылу; √ мый қабынуы; √ мыйда тыртық болуы - кездерінде мыйдың құрылымдық бүліністері

Изображение слайда
44

Слайд 44

Себепкер ықпалдар Нейрон мембранасында насостық қызмет бұзылуы Нейрондарға Na+ мен Са2+ енуі артуы К+ жасушалар сыртына шығуы және оның нейронаралық ортада көбеюі, Са2+, Mg2+ азаюы Қоздырғыш нейрондардың белсенділігі артуы, тежегіш нейрондардың белсенділігі төмендеуі Күшейген дерттік қозу ошағы, дерттік бастама, дерттік жүйе қалыптасуы

Изображение слайда
45

Слайд 45: Эпилепсияның патогенезі

Мыйда күшейген дерттік қозу ошағы қалыптасуы Қоздырғыш нейрондардың бір мезгілде деполяризациясы Нейрондардың тым артық серпіндер өндіруі Қозу толқындарының мый қыртысында қимылдық орталықтарға тарауы Қаңқа бұлшықеттеріне жайылған тырыспа-селкілдек дамуы

Изображение слайда
46

Слайд 46: Қозу толқындарының мый құрылымдарына тарау тетіктері

Нейрон мембранасының деполяризациясы кезінде жасуша сыртына көптеп шыққан К+ иондары көрші нейрондардың деполяриза-циясын туындатады; Нейрон деполяризациясы жиілегенде жүйке аяқшаларына Са2+ көптеп енуінен қоздырғыш медиаторлар босап шығады. Бұл кезде тежегіш медиаторларды қабылдайтын рецепторлардың сезімталдығы төмендейді.

Изображение слайда
47

Слайд 47: Абсанс эпилепсияны ң патогенезі

Бұл сұрақ әлі толық анықталмаған. Жорамал бойынша, 2-ші хромосо-маның генінде нүктелі мутация болуынан мый қыртысында ГАМҚв рецепторлары көбейіп, шапшаң кальций каналдарын әсерлендіруден таламустың нейрондарында деполяризация туындатады.

Изображение слайда
48

Слайд 48

Пайдасыз құмарлық та, мақтан-дағы, Ерте бойға жуытпа сақтандағы. Үйір қылып алған соң, құтылу жоқ, Бейне түлкі боласың қақпандағы. (Шәкәрім Құдайберді-ұлы)

Изображение слайда
49

Слайд 49: Нейрожұқпалар

ОЖЖ-не бүліндіргіш әсер ететін жұқпаларға: √ менингококктар, пневмококктар, бета-стрептококктар; √ сіреспе, ботулизм қоздырғыштары; √ полиомиелит, тұмау, ұшық т.б. вирустар т.б. – жатады.

Изображение слайда
50

Слайд 50: Жұқпалардың ОЖЖ-не түсу жолдары:

Қанмен - артериялық тамырлар немесе бет-жақ көктамырлары мен мый тамырларының арасындағы байланыстар арқылы; Тікелей мыйға - бас-мыйдың ашық жарақатын - да, жұлын қуысын инемен тескенде, жұлын қабықтарының туа біткен ақауларында; Қабыну ошағынан - гайморит, фронтит, мастоидит, тіс кариесі т.б.кездерінде; Нейрон аксондарының бойымен - (сіреспе уыты, ұшық вирусы).

Изображение слайда
51

Слайд 51: Нейрожұқпалардың патогенезі

Нейрожұқпалар фосфолипаза, протеаза ферменттерін, эндотоксиндерін шығарып нейрондар мен микроглияны ерітіп жіберуі; Қабыну медиаторлары (гистамин, серотонин, простагландиндер, оттегінің бос радикалдары, т.б.) мен цитокиндер (интерлейкиндер, өспені жоятын фактор т.б.) қан тамырларының өзгерістерін туындатып, қан сұйығы мен лейкоциттерді тамыр сыртына шығаруы; Гематоэнцефалиялық тосқауылдың бұзылыс - тарынан аутоиммундық серпілістер дамуы.

Изображение слайда
52

Слайд 52: Менингиттер

Менингит (кекжиме) – мый мен жұлын қабықтарының қабынуы. Мыйдың қатты қабығының қабынуын пахименингит, жұмсақ, жұқа қабығы қабынуын лептоменингит дейді.

Изображение слайда
53

Слайд 53: Менингиттің түрлері:

Қабыну түріне қарай менингит: Шырышты Іріңді Геморагиялық

Изображение слайда
54

Слайд 54: Геморагиялық менингит

Изображение слайда
55

Слайд 55: Іріңді менингит

Изображение слайда
56

Слайд 56: Пайда болу себептеріне қарай:

Бактериялық (менингококктық, пневмококктық, туберкулездік т.б.); Вирустық (жіті лимфоциттік хориоменингит, Коксаки вирусы, паротит вирусы); Майда саңырауқұлақтық (кандида); Тұрпайы жәндіктік (токсоплазмоз, безгек қоздырғыштары).

Изображение слайда
57

Слайд 57: Туберкулездік менингит

Изображение слайда
58

Слайд 58: Менингиттің патогенезі

Ағзаларда ошақты қабыну Жұқпалардың қанмен, лимфамен мыйға түсуі Мый қабығы қабынуы Мый қабығында микроциркуляция бұзылуы Ісіну Қан құйылу Бассүйек ішінде қысым көтерілуі Мый қабығында рецепторлар мен жүйкелер тітіркенуі

Изображение слайда
59

Слайд 59: Менингиттің көріністері

Жалпы инфекциялық; Мый қабығылық; Мый-жұлын сұйығының қабынулық өзгерістерімен көрінетін – әйгіленімдер байқалады.

Изображение слайда
60

Слайд 60: Мый қабығылық әйгіленімдер

Мый қабықтары тітіркенуден бұлшықет-тердің рефлекстік қатты ширығуы болады. Желке бұлшықеттері артқа қарай сіресіп, иекті кеудеге тигізу мүмкін болмайды, Керниг әйгіленімі (шалқасынан жатқан науқастың аяғын көтеріп жайғанда тізе буыны жайыл - мауы) жиі байқалады.

Изображение слайда
61

Слайд 61: Мый-жұлын сұйығының өзгерістері:

Сұйықтың қысымы көтерілуі; Сұйықта жасушалар көп болуы (плеоцитоз делінеді); Нейтрофилдердің көп болуы іріңді менингитке, лимфоциттердің көп болуы шырышты менингитке, эритроциттер болуы геморагиялық менингитке тән.

Изображение слайда
62

Слайд 62

Қазақ деген халықтың баласымын, Алда талай алынар бар асуым. Арман жолы жүрерім, бақыт жолы, Мүмкін емес сол жолда адасуым. (Тұманбай Молдағалиев)

Изображение слайда
63

Слайд 63: Мый қанайналымының бұзылыстары

Мыйға келетін қанның азаюы Мыйға келетін қанның көбеюі √ артериялық қысым төмендеуі; √ орталық веналық қысым көтерілуі; √ мый артерияларының тарылуы немесе жиырылуы; √ мый тамырларының қысылып қалуы; √ тамыр ішінде қ ан жасушалары- ның агрегациясы √ артериялық қысым көтерілуі; √ мый тамырларының кеңейіп кетуі.

Изображение слайда
64

Слайд 64: Мый тамырларының бүліністері

Қимылдың бұзылыстарымен (салдану, шаласалдану, пирамида сыртылық бұзылыстар, қимылдың үйлеспеуі, еріксіз қимылдар); Сезімталдықтың бұзылыстарымен; Мый қыртысылық қызметтердің бұзылыстарымен (афазия, аграфия, алексия); Қояншық ауруының ұстамаларымен; Парасаттың, жадының өзгерістерімен; Психиканың ауытқуларымен – көрінеді.

Изображение слайда
65

Слайд 65: Мый қанайналымы бұзылыстарының түрлері

Жіті Сүлде Өткінші бұзылыстары Инсульт Геморагия лық Ишемиялық

Изображение слайда
66

Слайд 66: Мый қанайналымының өткінші бұзылыстары

Этиологиясы: √ атеросклероз; √ артериялық гипертензия; √ олардың қабаттасуы.

Изображение слайда
67

Слайд 67: Өткінші бұзылыстардың патогенезі

Атеросклероз түйіндақтары ыдырауынан майда эмболиялар дамуы Майда эмболдар қан тамыр- ларына тарап, олардың қатты жиырылуын туындатуы Мыйға нүктелі қан құйылулар Жүйке қызметтерінің бұзылыстары

Изображение слайда
68

Слайд 68: Өткінші қанайналым бұзылыстарының көріністері:

Бұзылыс болған тамырға байланысты ерекшеленеді. Ұйқы артериясында бұзылудан √ бұзылған жақтың қарсы жағындағы дене мүшелерінде (бір жақ бетте, ерінде, аяқ- қолда гемипарестезия, бір жақты шаласалдану байқалады. Омыртқа артериясын- да бұзылудан √ бас айналуы; √ құсу; √ қосарланып көріну (диплопия); √ ұшқын жарықтардың көрінуі (фотопсия); √ тіл күрмелуі (дизартрия); √ жүріп-тұрудың бұзылыс- тары т.с.с.

Изображение слайда
69

Слайд 69: Инсульт

Мый қанайналымының жіті бұзылыстарынан пайда болған мый тінінің бүліністерін инсульт дейді. Ол геморагия-лық және ишемиялық болып ажыратылады.

Изображение слайда
70

Слайд 70: Геморагиялық инсульт-мыйға қан құйылу

Этиологиясы: √ артериялық гипертензиялар; √ васкулиттер (құздама, мерез); √ туа біткен ангиома; √ тамыр аневризмасы; √ жүйелі қызыл жегі т.с.с.

Изображение слайда
71

Слайд 71

Изображение слайда
72

Слайд 72

Геморрагиялық инсульт Аневризмалар

Изображение слайда
73

Слайд 73

Геморрагиялық инсульт

Изображение слайда
74

Слайд 74: Мыйға қан құйылу патогенезі

Атеросклерозбен қабаттасқан артериялық гипертензия немесе тамыр қабырғасының қабынуы Тамыр қабырғасына қан сұйығының сіңбеленуі, трофиканың бұзылуы, майда аневризмалар дамуы және жыртылуы Мыйға қан құйылуы

Изображение слайда
75

Слайд 75: Мыйға құйылған қан

Жұмсақ қабық астына және мый қарыншаларына түсуі Гематома пайда болуы Мыйдың көлемі ұлғаюы Мый бағанасы ауызомыртқа тесігіне ығысуы Мый бағанасы қалыпты пішінін жоғалтып, онда қосымша ұсақ қан құйылулар болуы

Изображение слайда
76

Слайд 76: Мыйға қан құйылу көріністері:

Аяқ астынан қатты бас ауыруы; Артериялық қысым қатты көтерілуі; Сана-сезімнің бұзылуы; Қатты жиі тыныс алу; Тахикардия; Рефлекстердің жоғалуы; Гемипарез немесе гемипаралич дамуы; Анизокария т.б.

Изображение слайда
77

Слайд 77: Ишемиялық инсульт

Мыйдың жекелеген бөліктеріне қан келуі бұзылыстарынан ишемия және инфаркт дамуы. Этиологиясы. Қ ан тамырларының: √ тромбозы; √ атеросклероздық тарылуы; √ эмболиясы; √ спазмы; √ сыртынан қысылып қалуы

Изображение слайда
78

Слайд 78

Ишемический инсульт

Изображение слайда
79

Слайд 79: Ишемиялық инсульттің патогенезі

Ишемияға мый қыртысының II, IV және V қабаттарындағы нейрондар, гиппокамптың пирамидалық жасушалары, мыйшықтың Пуркинье жасушалары өте сезімтал.

Изображение слайда
80

Слайд 80: Ишемиялық инсульттің патогенезі

Себепкер ықпалдар Ишемия Гипоксия Зат алмасу өнімдерінің шығарылуы бұзылуы Инфаркт дамуы Мыйда уытты өнімдер жиналуы

Изображение слайда
81

Слайд 81: Ишемиялық инсульттің көріністері

Жалпы мыйлық әйгіленімдерге қарағанда (белгілі тамыр бүлінуіне байланысты) ошақты әйгіленімдер басым байқалады. Мыйдың ортаңғы артериясы бітелгенде толық мый инфаркты дамиды, гемиплегия, гемианестезия, гемианопсия (біржақты көрмеу) болады.

Изображение слайда
82

Слайд 82

Инфаркт солжақ мый жартысында болғанда сөйлеудің бұзылыстары, оңжақ жартысында болғанда дене қимылы мен сезімталдығының бұзылыстарын түйсінбеу байқалады. Алдыңғы мый артериясы аумағында инфаркт болуы қолдың жоғарғы жақтарында және аяқтардың төменгі жақтарында тырыспалық салдану дамиды.

Изображение слайда
83

Слайд 83

Ишемиялық инсульт кезінде мый-жұлын сұйығында өзгерістер байқалмайды.

Изображение слайда
84

Слайд 84: Мый қанайналымының сүлде бұзылыстары

Дисциркуляциялық энцефалопатия дамуына әкеледі. Оның бастапқы кезінде жүйке жүйесінің құрылымдық бүліністері байқалмайды. Артынан дерт ауырлай түсуіне қарай дербес жүйкелік-қантамырлық құбылмалылық, мый тамырлық ушығулар пайда болып құрылымдық бүліністер күшейе түседі. Өзіне-өзі сенбеушілік, тұнжырау, фобиялар, ашушаңдық, жадының әлсіреуі, психиканың өзгерістері т.с.с.байқалады. Дерт қатты айқындалғанда біртіндеп науқастың азғындауы болады.

Изображение слайда
85

Слайд 85

Менингит дегеніміз? Мый қанайналымының жіті бұзылыстарынан дамитын дерттің аталуы?

Изображение слайда
86

Последний слайд презентации: Жүйке жүйесінің патофизиологиясы: Назарларыңызға рахмет!

Изображение слайда