Презентация на тему: Жүйелі қызыл жегі

Жүйелі қызыл жегі
Жоспары
Жүйелі қызыл жегі
Этиологиясы
Эпидемиологиясы
Патогенезі
Жүйелі қызыл жегі
клиникасы
Жүйелі қызыл жегі
Жүйелі қызыл жегі
Терілік зақымдану
Жүйелі қызыл жегі
Буындық синдром
Жүйелі қызыл жегі
Жүйелі қызыл жегі
Жүйелі қызыл жегінің активтілік дәрежелерінің клиникалық-морфологиялық сипаттамалары
ДИАГНОСТИКАСЫ
Жүйелі қызыл жегі
Дифференциалды диагностика
Жүйелі қызыл жегі
Жүйелі қызыл жегі
Емі
Жүйелі қызыл жегі
Кортикостероидтар
Цитостатикалық препараттар :
Аминохфинолинді препараттар.
Болжам
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1/29
Средняя оценка: 4.4/5 (всего оценок: 56)
Код скопирован в буфер обмена
Скачать (1235 Кб)
1

Первый слайд презентации: Жүйелі қызыл жегі

Орындаған: Әлімқұл А.Т. Тобы: 431 ЖМ Тексерген: Жакупов М.К. Нұр-Сұлтан 2019 “ Астана медицина университеті” КЕАҚ №1 ішкі аурулар кафедрасы

Изображение слайда
2

Слайд 2: Жоспары

Кіріспе Негізгі бөлім Жүйелі қызыл жегі ауруына түсінік Этиологиясы және патогенезі Клиникалық көрінісі, диагностикасы, емі. Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Изображение слайда
3

Слайд 3: Жүйелі қызыл жегі

Бұл этологиясы белгісіз созылмалы қабынулық аутоиммундық ауру, әртүрлі клиникалық көрінісі, ағымы және болжамымен сипатталады. Жасушаларға, әсіресе оның ядролық құрылымдарына антиденелердің түзілуінен, көптеген мүшелер мен тіндердің иммундыкомплекстік қабынуына алып келетін дәнекер тіннің аутоиммундық ауруы.

Изображение слайда
4

Слайд 4: Этиологиясы

Ауру нақты себебі анық емес. Бірақ пайда болуында келесідей тұжырымдар бар: Құрамында РНҚ бар қызылша, қызамық, парагрипп, ДНҚ бар жай герпес, Эпштейн-Барр вирустарына аурудың қанында қарсыденелер табылуы олардың этиологиялық әсеріне меңзейді. Тікелей емес әсері болса да, бастаушы фактор ретінде ұзақ инсоляция, суыққа тоңу, радиация, психикалық немесе физикалық травмалар. кейбір дәрілер – антибиотиктер, сульфаниламидтер, тырысу мен гипертензияға қарсы заттар, вакцина мен гамма-глобулиндер. баланың жасөспірім кезіндегі гормоналдық және иммундық өзгерістер әлсіз әсер етеді.

Изображение слайда
5

Слайд 5: Эпидемиологиясы

Жүйелі қызыл жегімен көбіне әйел адамдар ауырады. 20-40 жас аралығында. Алғашқы симптомдар 15-25 жас аралығында пайда болады. Және жүйелі қызыл жегі тұрмыстық қатынас және ауа-тамшылы жол арқылы жұқпайды, себебі созылмалы сипатта өтеді.

Изображение слайда
6

Слайд 6: Патогенезі

Аурудың өршуі және үдеуі клетка ядросымен әрекет жасай алатын, құрамында антиденелер бар иммундық комплекстерге байланысты. Вирус клетканың ішіне енген кезде антиденелердің патогенетикалық рөлі күшейе түседі. Бұл әрекет клетканы өлтіреді, сөйтіп ядролық детрит қанға түседі. Тіндерде табылатын ядро қалдықтары – гемотоксилин денешіктері ЖҚЖ-нің тек өзіне тән белгі.

Изображение слайда
7

Слайд 7

Изображение слайда
8

Слайд 8: клиникасы

Ауру үдемелі ағыммен жүреді. Жедел ағымды ауруда дене қызуы бірнеше күн ішінде жоғары көтеріліп, гектикалық түрмен сипатталады. Сонымен бірге тоңу, қалтырау, ағып терлеу шығады. Бала арықтап кетеді, тіпті кахексия дамиды, қанда едәуір өзгерістер табылады, ағзалар мен жүйелер жұмысының сан-алуан және ретсіз бұзылыстары басталады.

Изображение слайда
9

Слайд 9

Изображение слайда
10

Слайд 10

Изображение слайда
11

Слайд 11: Терілік зақымдану

Бұл синдром науқастардың 85-90%-да болады. Көбіне «көбелек» белгісімен білінетіні – мұрын, бет-әлпет доғасының бетінде пішіні дерматит тәрізді. Аурулардың көбінде тері бұзылыстары айқын: теріде ісіну, инфильтрация, гиперкератозбен білінетін эритема. Күлдіреуікке, некротикалық жараға ауысып, кейін орнында беткейлік атрофиялық із немесе ұялы пигментация қалдыруы мүмкін. Теріде аллергиялық көріністер байқалады: мәрмәр тәріздес түс, бөртпе, қан тамырларының бұзылыстары, саусақтар мен алақанда капилляриттер. Бетке шыққан эритема “ көбелекке ” ұқсас.

Изображение слайда
12

Слайд 12

Изображение слайда
13

Слайд 13: Буындық синдром

Буын синдромы синовииттің дамуынан болады, ол науқастардың 90 % -да кездеседі. Көбіне қол ұшының ұсақ буындары ісініп ауырады. Ер адамдарда В-27-теріс сакроилеит дамуы мүмкін. Люпус-артрит ревматизмдік артритке біршама ұқсайды. Буындар ертеңгілікте шамалы сіресуі мүмкін. Бірақ ревматоидтық артритке қарағанда сіресу қатаң емес, ұзаққа созылмайды. Кейде тендинит, тендовагиит дамуынан қол саусақтарының иілу контрактурасы байқалады, Бірақ мұндай деформация өте сирек. Люпус-артрит көбіне бұлшықеттердің, сүйектердің ауырсынуымен қатар жүреді.

Изображение слайда
14

Слайд 14

Артритке үлкен және кіші буындар ұшырайды. Серозит, артрит және дерматит – ауру триадасы деп аталады.

Изображение слайда
15

Слайд 15

Изображение слайда
16

Слайд 16: Жүйелі қызыл жегінің активтілік дәрежелерінің клиникалық-морфологиялық сипаттамалары

Изображение слайда
17

Слайд 17: ДИАГНОСТИКАСЫ

Жүйелі қызыл жегінің диагностикалық критерийлері : Беттегі “көбелек” тәріздес эритема.  Бекіген эритема Фотосенсибилизация – күн сәулесінен болған терінің патологиялық қызарулары. Ауыздағы, мұрын ішіндегі ойық жаралар.  Ауырсынусыз жаралар, кейде мұрын-жұтқыншақта болуы (дәрігер тіркеуі қажет ) Артрит эрозиясыз – шеткі 1-2 буынның қабынуы ( буын ішіндегі шеміршек зақымданбайды ).  Эрозиялық емес 2 не одан көп перифериялық буындар, ауырсынумен, ісінумен көрінеді Серозит – плеврит немесе кардит. Плеврит: плевралдік ауырсынулар, плевра үйкеліс шуы не плеврада сұйық жиналуы ; перикардит ЭХО КГ-да табылған. Бүйректегі өзгерістер – протеинурия, цилиндрурия т.б.  Тұрақты протеинурия 0,5г/т не циллиндрлер ( эритроцитарлық, каналдық, гранулярлық, аралас ), гематурия ОЖЖ – дегі өзгерістер. Тырысулы ес жоғалтулар не психоздар.  Тырысулар – ешқандай дәрі қабылдамағанда не метаболизмдік өзгерістер болмағанда (уремия, кетоацидоз, электролитті дисбаланс); психоз

Изображение слайда
18

Слайд 18

Бүйректегі өзгерістер – протеинурия, цилиндрурия т.б.  Тұрақты протеинурия 0,5г/т не циллиндрлер ( эритроцитарлық, каналдық, гранулярлық, аралас ), гематурия ОЖЖ – дегі өзгерістер. Тырысулы ес жоғалтулар не психоздар.  Тырысулар – ешқандай дәрі қабылдамағанда не метаболизмдік өзгерістер болмағанда (уремия, кетоацидоз, электролитті дисбаланс); психоз Қан өзгерістері – гемолитикалық анемия, лейкопения, тромбоцитопения. Лейкопения, лимфопения 2 рет тіркелген ; тромбоцитопения, дәріге қатыссыз Иммунологиялық өзгерістер – LE -жасушалар, Вассерман реакциясы оң, анти-ДНК тесті оң.   Анти-ДНК : нативті ДНК антиденелер титрі жоғарлауы ; анти-Sm : антиядролық Sm-Ar ; антифосфолипидті АД, сарысулық IgG не IgМ артуы, кардиолипинге АД артуы ; жегілік коагулянт; 6 ай бойы мерезді толық теріс шығарған кездемес жалған оң Вассерман реакциясы Антинуклеарлық антиденелер — иммунофлюоресценция тестінде антиядролық антиденелер титрінің жоғарылауы. 4 критерийдің болуы ЖҚЖ диагнозын нақтылайды. 4-ден аз болса ЖҚЖ жоққа шығарылмайды Тізбектегі критерийлерден басқа жас, әйел жынысы, шаш түсуі де маңызға ие.

Изображение слайда
19

Слайд 19: Дифференциалды диагностика

Изображение слайда
20

Слайд 20

Изображение слайда
21

Слайд 21

СРБ – жоғары Анти – О – стрептолизин – жоғары РФ – теріс АЦЦП - сезімтал

Изображение слайда
22

Слайд 22: Емі

1. Кеселдің өршу фазасында науқастар ауруханада емделеді; активтілігі минимальді барысында емханалық ем жүргізіледі. 2. Диетотерапия. Тағамда витаминдер, әсіресе С,В топ витаминдері және қанықпаған май қышқылдары мол болуы тиіс. 3. Этиологиялық емі табылмаған. 4. Патогенездік ем қолданылады.

Изображение слайда
23

Слайд 23

Изображение слайда
24

Слайд 24: Кортикостероидтар

Жүйелі қызыл жегі емінің негізгі дәрмегі. Преднизолон немесе Метипред Жегі процесінің II-III дәрежелі активтілігінде қолданады. Преднизолон активтіліктің II дәрежесінде 30-50мг, III дәрежесінде 50-90мг шамасында. 24-48 сағаттан кейін науқастың жағдайы жақсармаса, дозаны 25-30 % көбейтеді. Тері-буын синдромында 25-30-40 мг жеткілікті. 1,5-2 айдан кем емес.Тәулігіне 3-4 рет. Емнің асқынуларын болдырмау үшін: калий хлориді, панангин, калий оротаты, матандростенолон 5-10иг, диуретиктер қосып береміз.

Изображение слайда
25

Слайд 25: Цитостатикалық препараттар :

Азатиоприн және циклофосфамид ішке орташа доза 2-2,5 мг/кг/ тәул преднизолонның аздаған не орташа дозасымен бірге қабылдау ; Азатиоприн ішке және көктамырға циклофосфан (1000 мг дене аумағының 1м² әрбір 3 айда); Циклофосфан көктамырға (1000 мг/ айына алғашқы ½ жылда, ары қарай 1000 мг әрбір 3 айда 1,5 жыл бойы ) преднизолонның аз дозасының фонында люпус-нефритте және ОНЖ зақымдануында қолданылады Метотрексат 10 мг  және 20 мг дексаметазонды жұлын каналына 2-7 апта бойы ОНЖ ауыр зақымданулары бар науқастарда қолданылады.

Изображение слайда
26

Слайд 26: Аминохфинолинді препараттар

Хлорохин : 0,25-0,5 г/ тәул 10-14 күн, ары қарай 0,25 г/ тәул бірнеше ай бойы жалғастыру Гидроксихлорохин : 3-4 ай 400 мг/ тәул, ары қарай 200 мг/ тәул. Ең ауыр жанама әсері – ретинопатия Плаквинил : 0,2 г х 4-5 раз/ күніне ұзақ уақыт бойы несеп синдромын бақылап отыру қажет

Изображение слайда
27

Слайд 27: Болжам

Емді тиімді жүргізгенде науқастардың 90% ремиссияға түседі, ал науқастардың 10 % гломерулонефриттің немесе цереброваскулиттің өрістеуінен аурудың болжамы нашар болады.

Изображение слайда
28

Слайд 28: Қорытынды

Жүйелі қызыл жегі - иммундық реттелудің гендік кемістігінен дамитын, өз тіндеріне қарсы антиденелердің тоқтаусыз түзілуі арқылы аутоиммунды және иммунокомплексті қабынумен жүретін созылмалы полисиндромды ауру. Этиологиясы анық емес.Көбіне әйел адамдар ауырады.Алдын алу мақсатында СӨС ұстану керек.

Изображение слайда
29

Последний слайд презентации: Жүйелі қызыл жегі: Қолданылған әдебиеттер тізімі

Каркабаева А.Д., Ревматология пәні бойынша дәрістер жинағы. Астана, 2012 жыл Клиникалық протокол Қалимұрзина Б., Ішкі аурулар ІІ том, Алматы 2010 жыл

Изображение слайда