Презентация на тему: Жер бетінде тіршілітің пайда болуы Орындаған: Рустам Г Тексерген: Қойлыбаев Ж.Ж

Жер бетінде тіршілітің пайда болуы Орындаған: Рустам Г Тексерген: Қойлыбаев Ж.Ж Жер бетінде тіршілітің пайда болуы Орындаған: Рустам Г Тексерген: Қойлыбаев Ж.Ж Жер бетінде тіршілітің пайда болуы Орындаған: Рустам Г Тексерген: Қойлыбаев Ж.Ж Жер бетінде тіршілітің пайда болуы Орындаған: Рустам Г Тексерген: Қойлыбаев Ж.Ж Жер бетінде тіршілітің пайда болуы Орындаған: Рустам Г Тексерген: Қойлыбаев Ж.Ж Жер бетінде тіршілітің пайда болуы Орындаған: Рустам Г Тексерген: Қойлыбаев Ж.Ж Жер бетінде тіршілітің пайда болуы Орындаған: Рустам Г Тексерген: Қойлыбаев Ж.Ж Жер бетінде тіршілітің пайда болуы Орындаған: Рустам Г Тексерген: Қойлыбаев Ж.Ж Жер бетінде тіршілітің пайда болуы Орындаған: Рустам Г Тексерген: Қойлыбаев Ж.Ж Жер бетінде тіршілітің пайда болуы Орындаған: Рустам Г Тексерген: Қойлыбаев Ж.Ж Жер бетінде тіршілітің пайда болуы Орындаған: Рустам Г Тексерген: Қойлыбаев Ж.Ж
1/11
Средняя оценка: 4.1/5 (всего оценок: 31)
Скачать (870 Кб)
Код скопирован в буфер обмена
1

Первый слайд презентации

Жер бетінде тіршілітің пайда болуы Орындаған: Рустам Г Тексерген: Қойлыбаев Ж.Ж

2

Слайд 2

Тіршіліктің пайда болуының алғышарттары Ғылыми деректер бойынша   Күн жүйесіне   жататын   Жер ғаламшары   бұдан 4,5—5 млрд жыл бұрын газды-шаңды тұманнан пайда болған. Мұндай газды - шаңды материя қазіргі кезде жұлдызаралық кеңістікте де кездеседі. Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы үшін ғарыштық және ғаламшарлық кейбір алғышарттар қажет. Ол үшін ғаламшардың өзіне тән мөлшері болу шарт. Ғаламшардың мөлшері тым үлкен болса, табиғи радиоактивті заттардың атомдық ыдырауынан бөлінген энергияның әсерінен ғаламшар өте кызып кетуі мүмкін.

3

Слайд 3

Ертеде ғылыми деректердің аздығынан тіршіліктің пайда болуы туралы түрлі көзқарастар қалыптасты. Ежелгі грек философы  Аристотель ( б.з.д. IV ғ.)  бит  — еттен,  қандала  — жануар шырынынан,  шұбалшаң  — балшықтан пайда болады деген көзқарасты ұстанды.

4

Слайд 4

Грек философиясының негізін салушылар   Фалес   және т.б., органикалық дүниенің негізін қоршаған ортадағы әр түрлі заттардан іздеді.  Фалес   ондай негізгі зат су деп есептеді және содан өздігінен тіршілік пайда болды деп корытынды жасады. Орта ғасырларда да ғылыми деректердің жинақталуына қарамастан тіршіліктің пайда болуы жайлы түрлі көзқарастар орын алды. XVII ғасырдың орта шеніне дейін тіршілік өздігінен өлі табиғаттан пайда болады деген көзкарасты қолдаушылар көп болды.

5

Слайд 5

Фрэнсис Бэкон ұсынысы Тіршіліктің құпия сырларын білу үшін ағылшын философы  Ф.Бэкон ( 1561—1626  жж.) міндетті түрде бақылау, эксперимент жасап зерттеуді ұсынды. Осы ұсынысы арқылы түрлі діни сенімдерге батыл қарсы шықты. Ғалымның эксперимент жасап алынған деректерді талдап салыстыру керек деген көзқарасы жаратылыстану ғылымының дамуына ерекше әсер етті.

6

Слайд 6

Франческо Реди ұсынысы XVII ғасырдың ортасында италиялық дәрігер   Франческо Реди ( 1626—1698  жж.) тәжірибе жасап, тіршілік өздігінен пайда болады деген теорияға карсы шықты. Ол  1668  жылы, төрт ыдысқа ет салып, оны ашық койды да, келесі төрт ыдыстағы еттің бетін дәкемен жапты. Беті ашық ыдыстарға шыбын жұмыртқа салғандықтан, шыбындар өсіп шықты, ал беті дәкемен жабылған ыдыстардан шыбын шыққан жоқ. Реди осы тәжірибесі арқылы шыбынның өзі салған жұмыртқалардан ғана шығатынын, яғни шыбынның өздігінен пайда болмайтынын дәлелдеп берді.

7

Слайд 7

Тіршіліктің пайда болуы туралы теореялар Тіршіліктің пайда болуы жайында, негізінен, бір-біріне қарама - карсы екі көзкарас қалыптасқан. Оның ● Біріншісі  — тіршілік өлі табиғаттан пайда болған деген абиогенездік теорияға келіп тіреледі. ● Екінші   көзқарас — биогенездік теория. Бұл көзқарас бойынша тіршіліктің өздігінен пайда болуы мүмкін емес. Тіршіліктің пайда болуы жайындағы бұл екі көзқарас арасындағы өзара келіспеушілік пікір осы күнге дейін жалғасып келеді.

8

Слайд 8

Луи Пастер ұсынысы Тіршіліктің өздігінен пайда болмайтынын дәлелдеу үшін  1860  жылы француз ғалымы, микробиолог Луи Пастер (1822—1895  жж.) арнайы тәжірибе жасады. Ол ұшы латынның S- әрпі тәрізді шыны түтікті қолданды. Л.Пастер шыны ішіндегі қоректік ортаны кайнатып, оны иір иінді түтікпен жалғастырды да, түтіктің ұшын ашық қалдырды. Түтік ішіне ауаның еркін кіруіне мүмкіндік жасалды.  Микроорганизмдердің   споралары   шыны түтіктің иір иініне жиналып, қоректік ортаға түспегендіктен, шыны ішіндегі ерітінді ұзақ уақыт таза қалпында сақталды. Л.Пастер қарапайым ғана тәжірибесі арқылы ағза тек тірі ағзадан ғана пайда болады деген биогенездік теорияның дұрыстығына көз жеткізді

9

Слайд 9

Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы туралы қазіргі кездегі көзқарас   биопоэз теориясы   деп аталады ( биохимиялық эволюция теориясы   деп те атайды ). Бұл теорияны   1947   жылы ағылшын ғалымы Дж. Бернал ұсынды. Дж. Бернал биогенездің үш кезеңін ажыратты. Оның Б ірінші   кезеңі — биологиялық мономерлердің абиогендік жолмен пайда болуы. Екінші   кезеңі — биологиялық полимерлердің түзілуі. Үшінші   кезеңі — менбраналы құрылымдар мен алғашқы ағзалардың ( протобионттардьщ ) пайда болуы.

10

Слайд 10

Қорытынды Қазіргі кездегі биология ғылымының жетістіктеріне сәйкес тіршілік деген ұғымға көптеген анықтамалар беріліп жүр. Солардың ішінде орыс ғалымы   М.В.Волькенштейннің   берген анықтамасы ғылыми тұрғыдан дұрыс деп есептеледі. Бұл анықтама бойынша : " Жер бетінде тіршілік ететін тірі организмдер — нәруыздар мен нуклеин қышқылдарының биополимерлерінен тұрады және олар өзін-өзі реттеп отырады. Тірі организмдер артына өзі тектес ұрпақ қалдырып, тіршілік үнемі жалғасып отырады ". Бұл анықтама әлем кеңістігіндегі басқа да ғаламшарларда жер бетіндегі тіршіліктен өзгеше тіршіліктің болуын жокка шығармайды.

11

Последний слайд презентации: Жер бетінде тіршілітің пайда болуы Орындаған: Рустам Г Тексерген: Қойлыбаев Ж.Ж

Назарларыңызға рахмет

Похожие презентации

Ничего не найдено