Презентация на тему: Жем қор адамның психологиялық портреті

Жем қор адамның психологиялық портреті
Жем қор адамның психологиялық портреті
Жем қор адамның психологиялық портреті
Жем қор адамның психологиялық портреті
Жем қор адамның психологиялық портреті
Жем қор адамның психологиялық портреті
Жем қор адамның психологиялық портреті
Жем қор адамның психологиялық портреті
Жем қор адамның психологиялық портреті
Жем қор адамның психологиялық портреті
1/10
Средняя оценка: 4.9/5 (всего оценок: 24)
Код скопирован в буфер обмена
Скачать (630 Кб)
1

Первый слайд презентации: Жем қор адамның психологиялық портреті

Орындаған : Еркінов Еркебұлан Тексерген : Жақсығұлова Н

Изображение слайда
2

Слайд 2

Адамның тәні туғаннан бастап қартайғанға дейін ұдайы өзгереді, сол сияқты мінез-құлық та ешуақытта қандай да бір тиянақты деңгейге жетіп тоқтамайды. Мінез-құлық пен тән дамуы өзара тығыз байланысты және олардың кейбір кезеңдері біріне-бірі едәуір сәйкес келеді. Сондықтан, адамның мінез-құлқына табиғат пен орта бірлесіп ықпал етеді – адамның қандай да бір әрекетке бейімділігі қанында бар болса, ол ортаның әсерінен не артады, не кемиді деген ұғым орынды, – деп есептейміз. Яғни, адам дамуының күрделі де сан қилы процесінде биологиялық және әлеуметтік факторлар араласады, ой мен сезім айқасады, ішкі сенім мен сыртқы ықпал бірігеді. Бұл процестің ағымына қоршаған ортаның әсері зор, сонымен қатар оның әр адам үшін өзіндік сипаты бар. Осы арқылы даму процесі жүзеге асырылады. Ал, адамның дамуы (биологиялық және әлеуметтік ) – әлеуметтік ортада да, адамның өз басында да бар көптеген факторлар әсер ететін күрделі, ұзақ және қайшылықты процесс. Адам дамуының көрсеткіші ретінде санадағы, мінез-құлықтағы, қызметтегі, оның қоршаған әлемге көзқарасындағы сапалық өзгерістерді – даму, ал өнеге, рух өзгерісін – адамның қалыптасуы деп атауға болатындығын көрсетті.

Изображение слайда
3

Слайд 3

Сонымен қатар, зерттеу жұмысында адам дамуындағы және оның дұрыс тәрбиеленуіндегі криминологиялық ғылымның ролі мен орны және онымен байланысы, адамды қылмыс жасауға итермелейтін негізгі факторлар көрсетіледі. Криминологиялық ғылым да адамның өм i р бойы басынан кеш i рет i н өзгерістерін, биологиялық, психологиялық, әлеуметтік, тарихи және эволюциялық факторлардың жиынтықтарынан туындаған ықпалының нәтижесі және сол ықпалдар нығайған кезде ғана байланыс арта түседі – деп санайды. Мысалы, криминологиядағы биологиялық тұжырымдама бойынша адамның қылмыстық мінез-құлқының тетігінде биологиялық қасиеттер мынадай түрде көрініс тапты : а) қылмыскердің шыққан тегіне, содан барып өзіне, оның табиғи қасиетіне әсер етеді ; ә ) қылмыскердің жан-тәнінің, яғни бойға біткен қасиетінің дамуын анықтайды ; б) қылмыс жасап жатқан кезде тұлғаға әсер етеді ; в) тәрбие табиғи даму процесін тек ғана тездетеді, не баяулатады.

Изображение слайда
4

Слайд 4

Оған әлеуметтік факторлар әсер етеді. Мысалы, 1) адам өмірге биологиялық тұлға болып келеді, содан кейін өз ортасының, төңірегіндегі өзі қатысатын топтардың әсерінен біртіндеп әлеуметтенеді ; 2) орта – адамның қалыптасуының басты факторы; 3) тәрбие орта ықпалының сипатына түзету енгізуге тиіс ; 4) даму деңгейі неғұрлым төмен болса, адамның биологиялық кейпі соғұрлым айқын көрінеді. Бірақ, «шыққан тектің жамандығы», физиологиялық немесе психикалық ауытқулар, қылмыстылықтың дамуында шешуші рөл атқармайды, себебі қоғамда адамды әлеуметтік құбылыстар өзгертеді, ал көрсетілген факторлар адам өмірінің әлеуметтік негіздерінің туындысы ғана болады.

Изображение слайда
5

Слайд 5

Сонымен қатар, адамның дұрыс өсіп, дұрыс қалыптасуына азаматтық тәрбиенің орны өте үлкендігі жұмыста нақты аталып көрсетілген. Азаматтық тәрбиенің, әр адамның қоғамдағы адамгершілігін, Отанға деген сүйіспеншілігін қалыптастырудағы ролі сөз болады. Азаматтық тәрбие тиімділігін көтерудің арқасында төмендегідей жетістіктерге қол жеткізуге болады : азаматшылық идеяларын қабылдаудың психологиялық кейіп жағдайлары жасалады ; азаматтар өз араларындағы міндеттерді мойындайтын болады ; тату өмір сүруге дағдыланады ; өз талаптарында, әрекет-қылықтарында, әдеттері мен әрекеттерінде, ниеттері мен қалауларында да астамшылыққа бармауға үйренеді ; басқалар мүддесін де ескерудің қажеттігін сезінетін болады ; қоғамдағы бейбітшілік, өзара түсіністік, ымырашылдық пен тәртіптілік сақтау үшін қажет азаматтық ортақтасудың басты шарты өзіндік бақылау мен қадағалау жүргізуге бейімделеді.

Изображение слайда
6

Слайд 6

Жұмыста агрессияның пайда болуы, оның әсерінен пайда болған қылмысқа итермелейтін себеп-салдардың пайда болуы туралы, адам дамуындағы биологиялық факторлардың әсері нақты жіктеледі. Криминологиядағы биоәлеуметтік тұжырымдаманың, адамның құқық бұзуға бейім мінез-құлқының тетігі мен психикалық өзгерістердің ( ынта мен құмарлықтың ) сыртқы жағдайлармен өзара әрекеттестігі бар бағыт екендігі дәлелденеді : 1) адамның құқық бұзуға бейім мінез-құлқын психологтармен, педагогтармен бірлесіп зерттеумен қатар, болашағы зор әлеуметтік биология ғылымының жетістіктерін де пайдаланған жөн ; 2) адамның құқық бұзуға бейім мінез-құлық көрсетуіне, негізінен, биологиялық факторлар ( әлеуметтік биология ғылымдарының, сондай-ақ кейбір криминологтардың пікірінше ) себеп болады, олардың ең негізгісі – агрессия, ал ол қалыпты шамада ешқандай теріс салдарға алып келмейді. Бірақ адамның бұл психикалық қасиеті қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық ахуалға қарай ушығуы мүмкін. Мысалы, жұмыссыздық, мұқтаждық, ешқайда қажет болмай қалу, әлеуметтік дәрменсіздік, тіршілік деңгейінің төмендеуі, қауіпсіздікке кепілдіктің болмауы адамдардың психикасына теріс әсер етеді, агрессивтігін көтереді, қылмысқа итермелейді ; 3) жастар бойындағы агрессивтік мінез-құлықтың асқындауына оларға ата-ана тарапынан көрсетілген қатыгездік, ата-ананың арасындағы өзара түсініспеушілік, төңірегіндегілердің басқа адамдарға агрессивтік мінез көрсетуі, өмір құндылықтарының бұрмалануы және т.б. қатты әсер етеді ; 4) агрессивтік ( биологиялық ) деңгейінің төмендеуі әлеуметтік факторлармен тікелей байланысты. Сондықтан да мемлекет әлеуметтік-экономикалық саясатқа көбірек назар аударып, халықтың тұрмыстық деңгейін ұдайы көтеріп отыруы керек. Жас ұрпақты сөзбен, уәдемен алдамай, нақты істерді жүзеге асыру қажет, тәрбиелеу, оқыту, моральдық-өнегелік құндылықтарды санасына құю, тамаша эстетикалық және этикалық сезімдерге баулу – агрессияны азайтудың бірден бір жолы ;

Изображение слайда
7

Слайд 7

5) этология ғылымының тұжырымына сүйенсек, жануарлар өздерінің агрессивтік әрекетін туыстарына қарсы мақсатсыз жасамайды екен. Өзіне қажеттіден артық ешнәрсе өлтірмейді. Ал, адам қылығы мүлде басқа, бәлкім ол оның ақылдылығымен байланысты болар. Сол ақыл оған өз қажеттілігін қандай жағдайда толығырақ қанағаттандыруға болатындығын көрсететін болу керек. 6) жабайы аңдарда табиғи жағдайларда өмір сүрудің ішкі талаптары мен сыртқы жағдайлары арасында қақтығыс болмайды, яғни оның ішкі талабы қоршаған табиғи ортамен қандай да бір үйлесімде болады. Ал адамның жоғарғы интеллекті, оның мәдени дамуын және онымен байланысты барлық атрибуттарды қамтамасыз етіп, туыстарынан бөлек, жеке өз тірлігін жасауға, бөлініп шығуға мүмкіндік береді. Бұл мән-жай адамның генетикалық деңгейде ерекшеленуін күшейтті. Автор, осы және басқа да мән-жайлардың жиынтығы арқылы адамның құқыққа қарсы мінез-құлқына түсініктеме беруге болатындығын көрсетті. «Құқық бұзуға бейім мінез-құлыққа ықпал ететін әлеуметтік жағдайлардың сипаттамасы».Әр адам үшін, әлеуметтік ұстанымның маңыздылығы аса қажет екендігі, әлеуметтік ұстаным арқылы, адамда қандай да бір із қалдыруға, бір қасиетті дамытып, ал екінші бір қасиетін жойып жіберуге болатындығы дәлелденген.

Изображение слайда
8

Слайд 8

Саяси салада : сыбайлас жемқорлық; билік пен басқару жүйесіндегі қайшылықтар ; демократияның деңгейі мен оны жүзеге асырудағы қайшылықтар ; заңдылық пен құқық тәртібін қамтамасыз етудегі қайшылықтар және т.б. Әлеуметтік қатынастар саласында : отбасы табыстарының әртүрлілігі; ең төменгі күнкөріс мөлшерінің аздығы; жастардың қоғамдық еңбекке толық қамтылмауы; әртүрлі елді мекендердегі (қала-ауыл, орталық-шалғай ) тұрмыс жағдайының бірдей еместігі және т.б. Идеологиялық салада : білім беру және тәрбиені ұйымдастыру жұмыстарындағы қайшылықтар ; қоғамдық сана мен жеке адам санасы арасындағы қайшылықтар ; қоғам мүшелерінде өнеге деңгейінің төмендігі ; әртүрлі діндер арасындағы алшақтық және т.б. Мәдени-тәрбие саласында : білімділіктің, ғылымның, кәсіби іскерліктің беделінің түсуі; құндылық бағдарының өзгеруі; мемлекеттен қолдау таппаған мәдениеттің, ғылымның, өнердің коммерциялануы ; қылмыстық әрекетке, маскүнемдікке, нашақорлыққа, жезөкшелікке тарту, кейде оларға жағдай тудыру ; қасақана қылмыс үшін жауапқа тартылуды, соттылықты ұятқа санамау және т.б.

Изображение слайда
9

Слайд 9

Сонымен қатар, статистика бойынша кәмелетке толмағандар арасында қылмыс ауылды жерге қарағанда қалалық жерлерде 2 есе көп жасалынады екендігі, оған мынадай жағдайлар әсер ететіндігі көрсетілген : 1) отбасындағы байланыстың нашарлауы, күнұзақ жұмыста болғандықтан ата-аналардың баланың жүріс-тұрысын бақылай алмауы ; 2) қылмыстық элементтердің қалаларда шоғырлануы, ал олардың бір мақсаты – жастарды қылмыстық әрекетке тарту ; 3) қалаларда мінез-құлқы қоғамға жат адамдардың өзара байланысу, топқа бірігу мүмкіндіктері зор ; 4) кәмелетке толмағандардың ересектердің көзінен таса жерде уақыт өткізуге мүмкіндік табуы ; 5) тұрған жерді тез ауыстырып, сол қала аумағында басқа жерге оңай жинала салу мүмкіндігі ; 6) тұрған жері мен бос уақытын өткізетін жер аралығының алшақтығы, мұндай жағдай әсіресе отбасылар бір жерден екінші орынға жаппай көшкенде болады, балалар бос уақытын бұрынғы тұрған жерде өткізуге ұмтылады ; 7) қалада материалдық қаражатты қылмыстық жолмен табу оңай ; 8) қалада жастарды өзіне тартатын « бұзылған » жерлер жеткілікті ; 9) ауыл жастары сияқты табиғатқа жақын емес, оларда мейірімділік, басқаларды аяушылық сезімі жақсы қалыптаспайды ; 10) ауылдағы сияқты емес, төңірегіндегілердің пікірімен онша санаспайды ; 11) ауылға қарағанда қалада кәмелетке толмағандардың бос уақытты өткізуі көп шығынды керек етеді және жастарға арналған демалу орындарының болмауы құқыққа қарсы мінез-құлықтың асқындауына алып келеді. Осыған байланысты, бүгінгі таңда елімізде әлеуметтік жағдайды арттыру басты мақсат екендігі, қоғам өміріндегі келеңсіз әлеуметтік мән-жайлар мен адамның жеке басының әлеуметтік жағдайы ( жұмыссыздық, кедейшілік және т.б.) психикаға тікелей әсер етеді ( ашу, ыза, кек пайда болады ). Бұл нақты мән-жайлар адамға теріс ықпал еткенмен, қылмысқа себеп болмайтындығы, сондықтан, кез-келген іс-әрекет адамның жеке басымен тығыз байланыстылығы дәлелденген.

Изображение слайда
10

Последний слайд презентации: Жем қор адамның психологиялық портреті

Назарларыңызға рахмет !!!!

Изображение слайда