Презентация на тему: Жарықтар. Қысылған жарық. Семей - 2014 Семей қаласының Мемлекеттік Медицина

Жарықтар. Қысылған жарық. Семей - 2014 Семей қаласының Мемлекеттік Медицина
Жарықтар:
Жарықтың құрамы
Жарықтар. Қысылған жарық. Семей - 2014 Семей қаласының Мемлекеттік Медицина
Жарықтар. Қысылған жарық. Семей - 2014 Семей қаласының Мемлекеттік Медицина
Жарықтар. Қысылған жарық. Семей - 2014 Семей қаласының Мемлекеттік Медицина
Жарықтар. Қысылған жарық. Семей - 2014 Семей қаласының Мемлекеттік Медицина
Қысылған жарықтар
Жарықтар. Қысылған жарық. Семей - 2014 Семей қаласының Мемлекеттік Медицина
Жарықтар. Қысылған жарық. Семей - 2014 Семей қаласының Мемлекеттік Медицина
Жарықтар. Қысылған жарық. Семей - 2014 Семей қаласының Мемлекеттік Медицина
Эпидемиология
Жарықтар. Қысылған жарық. Семей - 2014 Семей қаласының Мемлекеттік Медицина
Жарықтар. Қысылған жарық. Семей - 2014 Семей қаласының Мемлекеттік Медицина
Жарықтар. Қысылған жарық. Семей - 2014 Семей қаласының Мемлекеттік Медицина
Жарықтар. Қысылған жарық. Семей - 2014 Семей қаласының Мемлекеттік Медицина
Жарықтар. Қысылған жарық. Семей - 2014 Семей қаласының Мемлекеттік Медицина
Жарықтар. Қысылған жарық. Семей - 2014 Семей қаласының Мемлекеттік Медицина
Жарықтар. Қысылған жарық. Семей - 2014 Семей қаласының Мемлекеттік Медицина
Жарықтар. Қысылған жарық. Семей - 2014 Семей қаласының Мемлекеттік Медицина
Жарықтар. Қысылған жарық. Семей - 2014 Семей қаласының Мемлекеттік Медицина
Жарықтар. Қысылған жарық. Семей - 2014 Семей қаласының Мемлекеттік Медицина
Негізгі белілер
Қосымша зерттеулер
Жарықтар. Қысылған жарық. Семей - 2014 Семей қаласының Мемлекеттік Медицина
Жарықтар. Қысылған жарық. Семей - 2014 Семей қаласының Мемлекеттік Медицина
Жарықтар. Қысылған жарық. Семей - 2014 Семей қаласының Мемлекеттік Медицина
Жарықтар. Қысылған жарық. Семей - 2014 Семей қаласының Мемлекеттік Медицина
Жарықтар. Қысылған жарық. Семей - 2014 Семей қаласының Мемлекеттік Медицина
1/29
Средняя оценка: 4.3/5 (всего оценок: 72)
Код скопирован в буфер обмена
Скачать (866 Кб)
1

Первый слайд презентации

Жарықтар. Қысылған жарық. Семей - 2014 Семей қаласының Мемлекеттік Медицина Университеті ИНТЕРНАТУРА БОЙЫНША ХИРУРГИЯ КАФЕДРАСЫ

Изображение слайда
2

Слайд 2: Жарықтар:

Жарық - ішастармен жабылған табиғи немесе жасанды тесіктер арқылы көрші қуыстарға немесе тері астына құрсақ қуысы мүшелерінің ауысуы. Егер тері астына ішастармен жабылмаған ішкі мүшелер томпайып шығып тұрса, бұл патология эвентерация немесе тері жарығы деп аталады.

Изображение слайда
3

Слайд 3: Жарықтың құрамы

Жарықтың қақпасы, жарықтың қалтасы және жарықтың ішіндегі зат. Жарықтың қақпасы - немесе жарық тесігі - hiatus hernia жарықтың сыртқа шығатын тесігі. Оның түрі, кендігі әртүрлі. Дені сау адамдарда сыртқы жарық кақпасы жоқ. Өйткені шап және жамбас тесігінің аумағы, олардан шығатын шәует жүретін жол және қан тамырларының жуандығына сай. Тек жарық пайда бола аталған тесіктер және өзектер кеңейіп 1-2 саусақтар сиятын жарық қақпасы пайда болады. Жарықтың қалтасы - saccus hernia - жарық қақпасы арқылы тері астына шығатын мүшені жабатын париетальды іш пердесі. Қалтаның туа пайда болған және жүре пайда болған түрлері бар. Жарық қапшығының пішіні домалақ, саусақша, сопақ т.б. болуы мүмкін. Капшықтың 2-3 бөліктен құралуы да мүмкін. Пайда болған уақытына және жиі жарақаттануына сәйкес жарық қапшығының қалыңдығы әр түрлі болады. Ескірген, жиі қысылу, қабыну үрдістеріне ұшыраған қапшықтар қатты, қалың, айналасындағы тіндермен жабысқан.

Изображение слайда
4

Слайд 4

1. Ішек 2. Ішперде 3. Іш қабырғасы 4 Жарық қакпасы 5. Жарық қапшығы 6. Жарық қабырғасы 7. Жарық қапшығының ішіндегі мүше

Изображение слайда
5

Слайд 5

І. Сыртқы жарықтар. 1. Шап жарығы: а) қиғаш шап жарығы б) түзу шап жарығы в) ұмалық шап жарығы г) жылжымалы шап жарығы д) преперитонеалды 2. Кіндік жарығы: а) туа буткен б) бала жасындағы жарық в) үлкен адамдардағы жарық 3. Ақ сызық жарығы: а) біз тәрізді өсінді б) кіндік аймағы в) эпигастралды 4. Сан жарығы. 5.Операциядан кейінгі вентралды жарық. 6. Шонданай жарығы. 7. Жапқыш тесік жарығы. 8. Бел жарығы. а) ПТИ ұшбұрышы жарығы б) Лесгафт ромбынының жарығы 9. Шатаралық жарықтар. 10. Спигель сызығының жарықтары. 11. Тік бұлшықет қынабының жарықтары.

Изображение слайда
6

Слайд 6

1. Орнына салынатын жарық. 2. Орнына салынбайтын жарық. 3. Асқынған. 4. Асқынбаған. 5. Қысылған жарықтар: а) эластикалық қысылу; б) нәжісті қысылу; в) Рихтер жарығы (қабырғалық қысылу); г) Майдл жарығы (ретроградты қысылу).

Изображение слайда
7

Слайд 7

1. Туа біткен жарықтар. 2. Жүре пайда болған жарықтар: а) жарақаттық; б) операциядан кейінгі; в) жасанды.

Изображение слайда
8

Слайд 8: Қысылған жарықтар

Ретроградты қысылу. Жіңішке ішектің петлясы жарық қабында және құрсақ бөлімінде орналасқан. Латын әрібінің W әрібіне ұқсас ретінде.. Шап-ұма жарығының қысылуы кезіндегі операция. Теріні тілу.

Изображение слайда
9

Слайд 9

Шап-ұма жарығының қысылуы кезіндегі операция. Жарық қабын ерекшелеп алу. Шап-ұма жарығының қысылуы кезіндегі операция. Қысылған жарықтар

Изображение слайда
10

Слайд 10

Қысылған жарық дегенiмiз - қысылған мүшенiң қоректенуiнiң бұзылуымен өтетiн, жарық құрамындағы заттың жарық қақпасында немесе жарық қабының тыртықты өзгерген мойнында кездейсоқ қысылуы. Қысылған жарықтар

Изображение слайда
11

Слайд 11

Көптеген авторлардың айтуы бойынша қысылған жарық — бүкіл жарықтын 6-29% құрайды. (Н. В. Воскресенский). Жиі шап жарықтары қысылады (57,3 %) және сандық (31 %) жарықтар; Ал сирек кіндік жарығы (5,4 %) және іштің ақ сызығы жарықтары (3,6 %) (С. В. Лобачев, О. И. Виноградова). Жиілігі

Изображение слайда
12

Слайд 12: Эпидемиология

Қысылған жарықтар — алдыңғы құрсақ қабырғасының ең жиі кездесетін жарықтың бір түрі. Бұлар құрсақ қабырғасының жедел хирургиялық ауруларына жатады және солардың арасында 4-ші орынды алады, жедел аппедециттен, жедел холециститтен және жедел панкреатиннен кейін. Қысылған жарықтың жиілігі осы аурулардың ішінен 4-5% құрайды.

Изображение слайда
13

Слайд 13

Біріншілік және екінішілік қысылған жарықтарды бөліп ажыратады. Біріншілік түрі өте сирек кездеседі және біруақыттық тым физикалық күштің қатты түсуінен ғана пайда болады, жарыққа бейімділігі бар адамдарда ғана. Біріншілік қысылған жарықтың диагностикасы өте қиынға соғады, бірақ дәрігердің тактикасы арқылы алдын алу шаралары оңайға соғады. Қалған жарықтар, екіншілік жарыққа жатқызамыз. Қысылған жарықтар көбіне осығанға дейін кішкене болсын жарықтын пайда болған салдарынан туындайды. Эпидемиология

Изображение слайда
14

Слайд 14

Пайда болу механизміне байланысты қысылудың келесі түрлерін бөледі: Эластикалық қысылу - жөтелдің, ауыр жүк көтерудің, күшенудің салдарынан іштегі қысымның жоғарылануынан жарық қақпасы созылып, ол арқылы жарық қабына әдеттегіден көп іш мүшелері шығып, олар сырттан қысылады. Нәжістік қысылу - көбінесе қартайған ауруларда байқалады. Жарық қапшығына енген ішектін жоғарғы әкелгіш бөлшегінде нәжістің көп жиналуы салдарынан ішектің төменгі - әкеткіш бөлшегі қысылады. Бұдан әрі жарық қақпасының жарыққа енген мүшені қысуы күшейіп нәжістік қысылуға эластикалы қысылу қосылып аралас қысылуға айналады

Изображение слайда
15

Слайд 15

а – Жарықтың эластикалық қысылуы б - Жарықтың нәжістік қысылуы

Изображение слайда
16

Слайд 16

Ретроградты қысылуында ащы iшек қысылады, бұл кезде жарық қапшығында екi iшек iлмегi болады, ал аралық iшек iлмегi құрсақ қуысы iшiнде орналасады. Ішек некрозы алдымен жарық сақинасынан тыс құрсақ қуысы iшiндегi iшекте дамиды, ал жарық iшiндегi iшек iлмектерiнiң бұл кезде әлi өмiрге қабiлеттiлiгi сақталады. Көбiнесе iшек iлмегi, содан кейiн шарбы қысылады.

Изображение слайда
17

Слайд 17

Ретроградты қысылуды ең бірінші болып Шмидт (Schmidt, 1880 ж.) өлген адамның денесін тексергенде көріп хабарлаған. Ретроградты қысылу деген терминді 1895 ж. Майдль (Maydl) ұсынған. Ол жарық ішінде соқыр ішек және жатыр өсінділерінің ретроградты қысылуын көрген. Ретроградты қысылған ішек ұзындығы 1 метрге жетуі мүмкін. Жарықта ішек қысылу себептерін А.П.Крымов 2 топқа бөлген: 1) Жағдай туғызушы - аурудың жынысы, жасы, дене бұлшық еттерінің күші, жарық ерекшеліктері. 2) туғызушы - жарық қабындағы қабыну, тыртықтану, жарық қақпасының ерекшеліктері, іш қысымының жоғарылауы (іш кебуі, нәжіс жүрмеуі, жөтел, жылау, ауыр жұмыс).

Изображение слайда
18

Слайд 18

Қысылған жарықтарда қысылған мүшеде қан айналымы бұзылады, оның әсерінен мүшенің некрозы басталады. Қысылудың клиникасы жедел басталады. Бұған дейін орнына еніп тұратын ісік орнына түспейді, ішектің байлану көріністері - құсу, лоқсу, жел шықпау, дәрет жүрмеу, іш кебуі пайда болады. Науқастың жалпы жағдайы ауырлайды - тамыр соғуы жиілейді, жағдайы нашарлайды, қан қысымы төмендейді, ентігу байқалады. Қысылған жарықтар тек жедел операциямен емделеді.

Изображение слайда
19

Слайд 19

Қысылған мүшеде қан және лимфа айналы нашарлайды. Венозды қан айналысының бұзылуы салдарынан ішек қабырғаларына, ішіне, жарық қапшығы ішіне транссудация дамиды. Ішек көгереді, ішек шіруі оның кілегейлі қабатынан басталады. Ең ауыр өзгеріс странгуляциялы сала тұсында байқалады. Уақыт өте келе қысылған ішектің гангренасы басталып, ішекке көкшіл-қара түсті көптеген субсерозды қан құйылуы байқалады. Ішек босаңсыған, оның перистальтикасы жоқ, ішек шажырқайының тамырының соғуы тоқтаған, жарық суы қойыртпақталған, оған қан араласқан, иісі сасық, ішек шіріп тесілсе нәжістік перитонит және флегмона басталады. Ішек түйілуінің анық - іштің қатты тұрақты ауырсынуына толғақ тәрізді ауырсыну қосылады, жел және дәрет шығуы тоқтайды, құсық пайда болады. Одан әрі жарық бетінің терісі қызарады (флегмона ). Аурудың болжамы ішектің қысылу уақытымен байланысты. Алғашқы 6 сағатта өлім 1,1%, 6-24 сағатта - 2,1%, 24 сағаттан кейін - 8,2% жетеді.

Изображение слайда
20

Слайд 20

(Рихтерлiк) кезiнде iшектiң тек бiр қабырғасы ғана қысылады. Ол – iшек шажырқайына қарама-қарсы орналасқан iшек қабырғасы.

Изображение слайда
21

Слайд 21

Түрлілігі бойынша: а) антеградты; б) ретроградты; в) жалған; г) кездейсоқ (анамнезде жарықтың жоқ болуында); Қысылған жарықтың механизмі бойынша: а) эластикалық; б) нәжістік; в) аралас; Жіктелуі:

Изображение слайда
22

Слайд 22

Қысылған органдар арқылы(жарық қапшығының құрамы): - үлкен шажырқай - Асқазан-ішек трактысының органдары(асақан, жіңішке ішек, тоқ ішек, құрт тәрізді өсінді); - паренхиматозды органдар(бауыр, көкбауыр); - жатыр және оның қосалқысы; - қуық Жіктелуі:

Изображение слайда
23

Слайд 23: Негізгі белілер

Жарық аймағында немесе құрсақ аймағында қатты ауырсыну Енбейтін ( ертеректе енген )жарық Ісік тәрізді дүзілітің тығыз болуы және ауырсыну тән Ішек өтімсіздігі тән Тимпаникалық, тұйық перкуторлы дыбыс Жөтел симптомы теріс Негізгі белілер

Изображение слайда
24

Слайд 24: Қосымша зерттеулер

Құрсақ қуысының,кеуде торының контрасты рентгенографиясы. ФГЭДС Қосымша зерттеулер

Изображение слайда
25

Слайд 25

Ең бірінші шап жарығын сан жарығынан айыру қажет. Бұл үшін жарықтың шыкқан орнын анықтау керек, жарық пупарт байламынан жоғары, немесе төмен орналасқан ба? Егер жарық пупарт байламынан жоғарыдан шықса - шап жарығы. Ұрық безінің шемені - қабыну үрдісі салдарынан ұрық қапшығына су жиналуына байланысты ұрық ісініп үлкейеді. Бұны жарықтан айыруда ұрықты саусақпен тексерудің маңызы зор. Шеменде "ісіктің" аумағы, түрі анық және олар өзгермейді, консистенциясы тығыз эластикалы -желдетілғен резенке тобына ұқсас. Жарық "ісігі" жұмсақ. Ұрық шеменінде перкуссиямен жуан дыбыс естілсе, жарықта жіңішке тимпанит дыбыс естіледі. Ұрыққа жиналатын су таза болатындықтан ол жарық сәулені жақсы өткізеді. Бұны сәулені өткізу симптомы деп атайды. Симптомды анықтау үшін электрикалық лампасын ісінген ұмаға қарсы қояды да одан өткен сәулені стетоскоп арқылы көреді. Жарықта бұл симптомы жоқ. Өйткені жарық қапшығындағы ішек немесе шарбы майы сәулені өткізбейді. Диагноз қоюдың қиындауы ұрықтың ауыспалы шеменінде байқалады. Бұл сәтте науқасты шалқасынан жатқызып, оның ұмасын жоғары көтерсе "ісік" жоғалады. Науқас түрегелгенде "ісік" қайта пайда болады. Жарық "ісігі" алдымен жоғарыда шап арнасы тұсында пайда болады да одан соң үлкейе келе ұмаға енеді. Шеменде керісінше алдымен су ("ісік") төменде жиналады да "ісік" төменнен жоғарыға жайылады. Ұрық бауының липомасы айналасындағы тіндерге жайылмаған кішкене мөлшерлі жұмсақ ісік. Бұл ісіктің аумағы қолмен басқанда, ауруды тұрғызып-жатқызғанда өзгермейді. Ісік ішпен қатынаспайды. Лимфаденит - шаптың лимфа бездерінің қабынып ісінуінің жарықтан ерекшеліктері лимфаденит ісігі өзгермейді, ішке енбейді, шап каналы кеңімеген, жөтел синдромы жоқ. Денеде қабынудың сыртқы көріністері - қызару, қызу, ауырсыну байқалады. Суық абсцесс омыртқаның туберкулез ауруы салдарынан басталу, даму белгілері анық емес, ақырында шап аймағында "ісік" пайда балуымен сипаттанатын іріңдік. Бұл абсцесстерде шап каналы бұзылмаған, ісік ішке енбейді, жөтел синдромы жоқ. Бірақта флюктуация синдромы анық. Суық абсцесстер омыртқа түберкулезі салдарынан басталатындықтан дигнозды анықтау үшін анамнездің, рентгенді тексерудің маңызы зор.

Изображение слайда
26

Слайд 26

Сан жарығы келесі орындардан шығуы мүмкін бұлшық ет лакунасынан, қан тамырларының алдымен немесе артымен. Көбінесе жарық сан көк тамырынан тысқары жерден шығады. Бұл жағдайда каналдың келесі қабырғалары байқалады.: Алдында - шап сіңірі, артында - жамбас шандыры, ішкері лакунарлы жалғам, сыртқары – сан көк тамыры. Сан жарығы көбінесе қартаң әйелдерде кездеседі. Еркектер мен әйелдер арасындағы жиіліктері 1:5. Бұл әйелдер анатомиясының ереқшелігімен байланысты. Сан арнасының қысқалығына байланысты жарық ісігі - төмпешігі кішкентай, дөңгелек немесе сопақша түсті. Көбінесе жарық ішінде шарбы майы болады. Аурудың барлық көріністері байқалатын жағдайда сан жарығын анықтау қиын емес. Кейде өте толық әйелдерде шап сіңірін анықтау қиындайды. Кейде жарық көріністеріне диспепсиялық және дизуриялық қөріністер қосылады.

Изображение слайда
27

Слайд 27

Сан жарығының қысылуы жиі байқалады (20%). Бұның себебі жарық арнасының шеттері қатты, олар созылмайды, ал арнаның өзі тар. Сан жарығының қысылуының көріністері шап жарығы қысылуы көріністеріне ұқсас. Ең негізгі айырмашылығы - ісік және ауырсыну шап жалғамынан төмен байқалады. Аталған ерекшеліктерге сәйкес сан жарығында қысылған мүшенің некрозы ерте (4-5 сағатта) басталады. Бұл қажетті операцияны жедел орындауды қажет етеді.

Изображение слайда
28

Слайд 28

Кіндік жарықтарының диагнозын анықтау қиын емес. Тек өте семіз ауруларда қиындық байқалады. Кіндік жарықтары жиі қысылады. Егер шарбы майы қысылса аз уақытта оның шіруі жарық флегмонасына әкеледі. Шарбының қысылуы жедел емес, ұзақ уақыт бойы дамиды. Сондықтан оған ауруда, дәрігерде көңіл бөлмеуі мүмкін. Бұл диагноздың кешігіп анықталуына, оған байланысты операцияның кешігуіне соғады.

Изображение слайда
29

Последний слайд презентации: Жарықтар. Қысылған жарық. Семей - 2014 Семей қаласының Мемлекеттік Медицина

Іштің ақ сызығының жарығы Төс шеміршегі тұсының жарықтары кішкене, олар жиі қысылады және жабысқақтыққа тез ұшырап көбінесе орнына түспейтін болады. Бұл жарық кейде ешбір жағдайсыз белгі бермейді, ал көбінесе іштің шаншып ауыруы, кебуі, жел шықпауы, лоқсуы, тәбетінің нашарлануы байқалады. Аталған көріністердің басқа аурулармен байланысты (асқазанның қабынуы, ойық жарасы, қатерлі ісігі) болуы мүмкін. Диагнозды ажырату - алдымен жоғарыда аталған ауруларды ажырату қажет. Ақ сызықтың жарығында ауыр жұмыс іш ауыруын күшейтеді, ауырсыну сезімі тағаммен байланысты емес. Кажет жағдайда асқазан сөлін тексереді, рентгендік тексеріс жүргізіледі. Ақ сызықтың жарығы тек операциямен емделеді. Операция онша ауыр емес, оны новокаинмен жансыздандыру арқылы орындайды. Жарық қапшығын немесе ішпередесі бетінің шел майын алып тастаудан бұрын ішпердесі тілініп, оның іші тексеріледі. Бұл ішекті немесе басқа жарық ішіндегі мүшенің тігіліп кетпеуінен сақтандырады.

Изображение слайда