Первый слайд презентации: Жапониядғ ы «Тойота » автомобиль өнімі
Слайд 2: Toyota Motor Corporation әлемнің ең ірі машина жасау, сондай-ақ қаржылық қызмет көрсететін және қосымша бірнеше бизнес бағыттары бар корпорация. Штаб- пәтері - Жапонияның Тойота қаласында, Айчи аумағында орналасқан. Fortune Global 500 (2010 жылы ) – компания 5-ші орынды иеленген
Слайд 3
Toyota Motor Corporation - Toyota Group- тың басты мүшесі болып саналады. « Toyota» бренді көбінесе осы компаниямен байланысты. «Тойота» автокөліктерінің белгісі сопақ әрі оны перпендикуляр қиған доғал шеңберлер арқылы белгіленеді және осы перпендикуляр тұрған доғал шеңберді жартылай қиыс сызық кесіп өтеді. Бұл иненің көзі мен одан өткен жіпті білдіреді. Киичироның әкесінің тоқыма цехында сондай-ақ ине және жіп шығару ісі де жүзеге асқан. Содан бері осы белгі «Тойота» автомобильдерінің сауда белгісі болып қалыптасқан
Слайд 4: Тарихы
«Toyota» жапондық автомобиль компаниясы 1933 жылы тоқыма станоктарын дайындаумен айналысатын Toyoda Automatic Loom Works зауытының бөлімшесі ретінде құрылды. 1929 жылы Киичиро Тойода Еуропа мен АҚШ- қа машина өнеркәсібімен танысуға сапар жасады. 1930 жылы компания иесіні Сакичи Тойоданың ұлы Киичиро Тойода американдық үлгімен бензинді қозғалтқышты автомобильдер шығара бастады. Оның бірқатар өзгерген тегі фирманың сауда маркасы болды.Жапония Үкіметі Toyoda Automatic Loom Works компаниясының бұл бастамасын қолдады. 1934 жылы компания бірінші рет А типтегі қозғалтқыштағы жолаушы тасымалдайтын автомобиль шығарды, осы модель 1935 жылдың 1 мамырында пайдалануға берілді, осы жылы G1 жүк машинасы тамыз айында қолданысқа енді. АА маркалы көлігінің өндірісі 1936 жылы басталды. Алдыңғы моделдер Dodge Power Wagon и Chevrolet моделдеріне ұқсас болды.
Слайд 5: Toyota Motor Co., Ltd. - 1937 ж. өздігінен қызмет атқаратын компания болып негізделді. Компанияны құрушының тегі « Тойода » ( 豊田 ) болып аталатынына қарамастан, компанияға «Тойота» ( トヨタ ) аты берілді. Өйткені, Жапонияда 8 саны сәттілік әкеледі деп саналады, ал катаканамен жазылған « Тоёта » ( トヨタ ) атауы дәл 8 сызықтан тұрады
Слайд 6: Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде компания Жапония императорлығына жүк тасымалдаушы көлік шығарумен айналысты. Сол кездегі қатаң тапшылық үшін Жапонияның әскери жүк тасымалдаушы көлігі ең оңайлатылған нұсқада, мысалы, бір ғана фарасымен жасалды. Кейбіреулердің ойынша соғыстың жылдам біткені Аичи қаласындағы Toyota зауытын бомбылаудың әсерінен болды деп санайды
Слайд 7
Toyota Motor Corporation соғыстан кейін 1947 жылы коммерциялық жолаушы тасымалдайтын көлік SA моделін шығарды. 1950жылы Toyota Motor Sales Co атаулы сатумен айналысатын жеке компания құрылды. ( Ол 1982 жылға дейін қызмет атқарды ).1956 жылы сәуірде Toyopet делдалдық жүйе құрылды. 1957 жылы Toyota Crown Америкаға экспортқа жіберілетін алғашқы жапондық автомобиль болды. ( Бразилияға да экспортталды ).
Слайд 8
Тойота 1960 жылы жылдам қарқынмен кеңейе бастады. Ең алғашқы «Тойота» маркалы автомобиль Жапония аумағынан тыс 1966 жылы Австралияның Мельбурн қаласында конвейерден шығарылды. 2009 жылдың мамыр айында компания қаржылық залалға ұшырады.Бұл 1950 жылдан бастап болмаған еді.
Слайд 9: Меншік иелері мен басшылық
The Master Trust Bank of Japan (6,29 %), Japan Trustee Services Bank (6,29 %), Toyota Industries Corporation (5,81 %), 9 % — қазынашылық акция
Слайд 10: Компанияның төрағасы — Фудзио Чо. Президенті — Акио Тойода
Слайд 11: Toyota Қазақстанда
Қазақстандағы ресми делдалы ( дилері ) ретінде 1993 ж. Алматыда Астана моторс құрылған. Ол көптеген мамандандырылған кәсіпорындар ашуға ұйтқы болды. Соның ішінде 1995 ж. компаниядан бөлініп шыққан “Алматы Тойота орталығы ” (“ Toyota Center Almaty”) тех. қызмет көрсету ст. бар. Жеңіл автомобильдер, джиптер, шағын автобустар, “Тойота” автобустарын сатады. Стансадан сатып алынған әрбір автомобильге “ Toyota Motor Corporat і on” компаниясы 50 000 км қашықтыққа немесе 12 айға кепілдік береді. 1995 ж. “Астана моторс” компаниясынан оқшау отау тіккен “Астана секьюрити” ( Astana Secur і ty — қауіпсіздік қызметі ) жеке тұлғалар мен заңды тұлғаларды, объектілерді қорғайды, ҚР-да тасылатын жүктердің қауіпсіздігін қаматамасыз етумен айналысады. Астана, Қостанай, Ақтөбе қ- ларында компанияның филиалдары жұмыс істейді.