Презентация на тему: Жаңа Заман Философиясы (17-18 ғасырлар)

Жаңа Заман Философиясы (17-18 ғасырлар)
Жаңа Заман философиясының ерекшеліктері :
Таным процесінің жлддары:
Негізгі өкілдері:
Френсис Бэкон (1561—1626)
Танымның жолдары:
Ақиқатқа жетуге кедергі болатын «елестер»:
Томас Гоббс (1588—1679)
Жаңа Заман Философиясы (17-18 ғасырлар)
Джон Локк (1632-1704)
Р.Декарт ( 1596-1650)
Бенедикт Спиноза (1632—1677)
Блез Паскаль (1623—1662)
Давид Юм (1711—1776)
Жаңа Заман Философиясы (17-18 ғасырлар)
Готфрид Вильгельм Лейбниц (1646-1716 жж.)
Жаңа Заман Философиясы (17-18 ғасырлар)
Ағартушылық Заманның философтары
Вольтер ( 1694-1778 )
Жан-Жак Руссо ( 1717-1778)
Шарль Луи Монтескье (1689-1755)
Дени Дидро (1713-1784)
Жюльен Офре де Ламетри (1709-1751)
1/23
Средняя оценка: 4.7/5 (всего оценок: 5)
Код скопирован в буфер обмена
Скачать (1373 Кб)
1

Первый слайд презентации: Жаңа Заман Философиясы (17-18 ғасырлар)

Ағартушылық кезеңнің Философиясы

Изображение слайда
2

Слайд 2: Жаңа Заман философиясының ерекшеліктері :

Метафизикалық немесе механикалық ойлау әдісі үстем болды. Философияда екі бағыт – рационализм және эмпиризм пайда болды. Индуктивтік-эмпирикалық әдіс – жаратылыстану әдісі Дедуктивтік - рационалдық әдіс – идеалистік спекулятивтік әдіс

Изображение слайда
3

Слайд 3: Таным процесінің жлддары:

Рационализм Сенсуализм Эмпиризм Индукция Дедукция

Изображение слайда
4

Слайд 4: Негізгі өкілдері:

Френсис Бэкон Томас Гоббс Джон Локк Рене Декарт Бенедикт (Барух) Спиноза Готфрид Вильгельм Лейбниц Давид Юм Блез Паскаль

Изображение слайда
5

Слайд 5: Френсис Бэкон (1561—1626)

Негізгі еңбектері : « Жаңа Органон », « Жаңа Атлантида », « Ғылымдар табысы » және т.б Қанатты сөздері : « білім – күш », « табиғат храм емес, ол шеберхана », « біз білгенімізше, барлығын жасаймыз ». Индукция методын ойлап тапты ; Ғылымдардың классификациясын жасады ; Негізгі идеялары : ғылыми жаңалықтарға байланысты адамзат табиғатқа билігін жүргізе алатындай мүмкіндікке жетуі керек.

Изображение слайда
6

Слайд 6: Танымның жолдары:

Өрмекші жолы – теориялық жол ; Құмырсқа жолы – практикалық жол; Араның жолы – теория+практика.

Изображение слайда
7

Слайд 7: Ақиқатқа жетуге кедергі болатын «елестер»:

Тектік елес; Нарық (базар) елесі; Үңгір елесі; Театр елесі.

Изображение слайда
8

Слайд 8: Томас Гоббс (1588—1679)

Гоббс философия мен теологияны бөліп қарастырады, Ф. Бэконның теорияларын тереңдете түсіп, философияны жоғары қояды, “ философия - танушы ақыл-ойдың рационалдық іс-әрекеттерінің жүйесі. Ол, бір жағынан, екінші жағынан, құбылыстардан оларды тударатын негіздерге қарай жүреді. Яғни, ақиқат дегеніміз ғылымға тең философия”,- дейді.

Изображение слайда
9

Слайд 9

«Адам адамға қасқыр»; «Табиғи заң» принципі; «Қоғамдық келісім-шарт»; «Деизм принципін ұстанушы. «Деизм бойынша Құдай Әлемді жаратты, бірақ Әлемде болып жатқан процестерге еш қатысы жоқ»

Изображение слайда
10

Слайд 10: Джон Локк (1632-1704)

Сенсуализмның тарауына әсер етті. Адам жаны туғанда таза тақтай (« tabula rasa ») сияқты болады, адамдар тәрбиеге қарай ғана мейірімді не жауыз, пайдалы не пайдасыз болып қалыптасады деген. Локк бойынша тәрбиенің мақсаты - іскери, адал адамды, өз мүддесіне жетуде табандылық көрсете алатын, бірақ басқалармен де есептесетін « джентельменді » ( яғни « нағыз жігітті ») тәрбиелеу.

Изображение слайда
11

Слайд 11: Р.Декарт ( 1596-1650)

Негізгі еңбектері : «Метод жайлы ойтолғау », « Алғашқы философия жайлы білім », « Алғашқы философия », « Ақылға басшылық жасау тәртібі » және т.б. Қанатты сөзі : «Мен ойлаймын, демек, өмір сүремін » Білім алу процесінде а қыл-парасат басты рольде Дуализм теориясының авторы болды ;

Изображение слайда
12

Слайд 12: Бенедикт Спиноза (1632—1677)

Спиноза адам табиғаттың ажырамас бөлігі екеніне сенімді. Табиғатта механикалық заңдар үстемдік құрса, адам қызметінде оған ойлау қосылады. Ол адамгершілік принциптерінің табиғи сипатын ерек атап көрсетеді. Бірақ оның философиясында құдай-табиғаттың өзі. Ол -субстанция, құдайы табиғатта кездейсоқ ештеңе жоқ, адамдардың құдай деп жүргендерді өздері түсінбеген табиғат.

Изображение слайда
13

Слайд 13: Блез Паскаль (1623—1662)

«Человек - всего лишь тростник, слабейшее из творений природы, но он - тростник мыслящий. Чтобы его уничтожить, вовсе не надо всей Вселенной: достаточно дуновения ветра, капли воды. Но пусть даже его уничтожит Вселенная, человек всё равно возвышеннее, чем она, ибо сознаёт, что расстаётся с жизнью и что слабее Вселенной, а она ничего не сознаёт»

Изображение слайда
14

Слайд 14: Давид Юм (1711—1776)

Адам дүниені сезім мүшелерінің көмегімен, түйсіктерінің жиынтығы арқылы таниды деп мойындағанымен, материалдық дүниенің реалды өмір сүретіндігіне күмән келтіреді. Оның пікірінше, адамның ақылы сезім мүшелері беретін білімнен басқа білім бере алмайды, өзінің рухани тәжірибесінен басқаны қорыта алмайды. Юмнің ойынша, тәжірибе дегеніміз әсерлер ағыны, оның себептері түсініксіз және тәжірибені логикалық жолмен дәлелдеу мүмкін емес., сондықтан тәжірибелік білім дұрыс бола алмайды.

Изображение слайда
15

Слайд 15

Юм осылайша себеп-салдарлық байланысқа қарсы шығады, себептіліктің объективтік сипатын тану мүмкін емес деген тұжырым жасайды. Бірақ, оның ойынша, субъективтік себептілік бар, ол сезімдік әсерлердің идеяларды туғызуы. Мысалы, адамдар Күннің күн сайын шығатынына сенімді. Бұл сенімнің негізі – осы құбылыстың күнде қайталатыны. Яғни, адамдардың практикалық сенімнің бастауы теориялық білім емес, қалыптасқан дағды-сенім. Осылайша Юмнің біржақты эмпиризмі, оны рационализмнен бөліп қарауы дүниені танып-білуге болмайды деген агностицизмге әкеліп соқты.

Изображение слайда
16

Слайд 16: Готфрид Вильгельм Лейбниц (1646-1716 жж.)

«Адам зердесі жөніндегі жаңа тәжірибелер », « Теодицея», «Монадология ». Философиялық көзқарастары « Монадалогия » еңбегінде баяндалған. Ол бар Ғаламның сансыз көп рухани субстанциялар – Монадалардан тұратынын көрсетеді. Монада – бүтін құрамның жеке бөлігі, қарапайым мән. Кез келген субстанция, күш, монада – болмыстың « бөлігі » болады. Өз табиғатында рухани монадалардан Лейбниц барлық заттардың құрылымын, құрамдас элементтерін көреді.

Изображение слайда
17

Слайд 17

Монадалар туралы ілім келесі жағдайларға сүйеніп негізделеді : 1) Монада – ол субстанция – барлық тіршіліктің бастауы және бөлінбейтін қасиеттерімен ерекшеленеді ; 2) Ол әрекетшілдік, дербестік, тәуелсіздік қабілеттеріне ие болған. 3) Монада – адамның жаны тәрізді дербес рухани күштің орталығы. 4) Ол мәңгі, жаратылыстық табиғи жолмен пайда болмайды, жоғалмайды да. 5) Монада табиғаты – Құдайдың нұр шашуы, ол сыртқы күштің әсерінен өзгермейді.

Изображение слайда
18

Слайд 18: Ағартушылық Заманның философтары

Вольтер ( Франсуа́-Мари́ Аруэ́ ), Шарль Луи́ де Секонда́ Монтескье, Жан-Жак Руссо, Дени Дидро, Жюльен Офре де Ламетри

Изображение слайда
19

Слайд 19: Вольтер ( 1694-1778 )

Философ, жазушы, публицист. Шығармалары : “ Философиялық хаттар ”, “ Кандид ”, “Метафизика туралы трактат ”. Вольтер ілімінің негіздері : • Дінге, әсіресе, католицизмге қарсы шықты. • Қоршаған дүниені жасаушы, барлық тіршіліктің көзі Құдай, алайда ешқандайда теория мен практика Оның бар екенін де, жоқ екенін де дәлелдей алмайды. • Таным мәселесінде эмпиризм мен рационализмді бірге қарастырды, бірақ эмпиризмге басымдық танытты • Адамның табиғи құқығын, құқықтағы теңдікті, ойлау еркіндігін дәріптеді • Мемлекеттік жүйеде абсолюттік монархия болғанын қалады, оның басшысы білімді билеуші (« ағартушылық абсолютизм») болуы қажет. • Дәстүрлі дінді терістеп, “ табиғи дінді ” қолдады

Изображение слайда
20

Слайд 20: Жан-Жак Руссо ( 1717-1778)

" Қоғамдық келісім туралы « еңбектің авторы. Негізгі идеясы - халық егемендігі. Қоғамдық келісім негізінде ортақ ерік жатыр. Мінеки, осы ортақ ерікпен бағытталатын билікті ол егемендік деп атаған. Мемлекеттегі егеменді биліктің бөлінуін қолдамады. Руссо пікірінше, заң шығарушы билік тікелей егеменді халықтың өзімен іске асырылады. Ал атқарушы билік егемендіктің шешімі бойынша қол астындағылармен байланыс үшін құрылады. Атқарушы билік кімге тапсырылды соған байланысты биліктің түрлерін бөлген : демократия, аристократия, монархия.

Изображение слайда
21

Слайд 21: Шарль Луи Монтескье (1689-1755)

Оның негізгі қағидалары : Деизм мен механикалық материализм; Тәртіпті сақтау мен әдептілікті тәрбиелеу үшін құдай қажет ; Тарихта құдай алдын ала болжап қоймайды, оны адамдар жасайды ; Қоғам құрылысына табиғат, климат және жағрапия әсер етеді Мемлекет пайда болғанға дейін адамдар « табиғи жағдайда » болды, ал кейін солай өмір сүру мүмкін болмаған соң адамдар « қоғами келісім » негізінде мемлекет құрды ; Заңның үстемдігін мойындады.

Изображение слайда
22

Слайд 22: Дени Дидро (1713-1784)

Көрнекті француз материалисі. Атақты 25 томдық француздың “ Ғылым, өнер, және кәсіп энциклопедиясының ” бас редакторы. “ Жиен Рамо”, “ Философиялық ойлар ” және т.б. кітаптар жазды. Дени Дидро идеялары : • Философия дегеніміз сенбеушілік, сенімсіздік • Табиғат ең соңғы беті жабылмайтын кітап • Материя тіршіліктегі бірегей субстанция, ол барлық жеке заттарда көрініс табады • Қозғалыс материяның әртекті қасиеттерінің нәтижесі • Сана материя қасиеті, дүниенің рухани бастамасы жоқ • Король мен феодалдардың билігі Құдайдан емес, ал қоғам мен мемлекет негізінде “ қоғами келісім ” жатыр.

Изображение слайда
23

Последний слайд презентации: Жаңа Заман Философиясы (17-18 ғасырлар): Жюльен Офре де Ламетри (1709-1751)

“Жан туралы трактат”, “Адам-машина”. Ол материалист-атеист болды : Идеализм мен теологияны толықтай терістеді. Қоршаған дүние біртұтас субстанция- материяның әртүрлі көріністерінің жиынтығы, ол мәңгі, шексіз, жаратылмаған. Жан, сана, сезім табиғи пайда болған, олар материя қасиеттері Материяның өз бітімі болғандықтан, Құдайдың қажеттілігі жоқ Тәрбие көрмеген адам қандай қабілеті күшті, ақылды болса да оның құны болмайды Дүниені толық тануға болады, таным көзі – сезім мүшелері Жеке меншік – адам еркіндігінің кепілі Мемлекет мұраты - “ зайырлы абсолютизм”

Изображение слайда