Презентация на тему: Жалпы Хирургия кафедрасы

Жалпы Хирургия кафедрасы
Жалпы Хирургия кафедрасы
Жалпы Хирургия кафедрасы
Жалпы Хирургия кафедрасы
Жалпы Хирургия кафедрасы
Жалпы Хирургия кафедрасы
Жалпы Хирургия кафедрасы
Жалпы Хирургия кафедрасы
Жалпы Хирургия кафедрасы
Жалпы Хирургия кафедрасы
Жалпы Хирургия кафедрасы
Жалпы Хирургия кафедрасы
Жалпы Хирургия кафедрасы
Жалпы Хирургия кафедрасы
Жалпы Хирургия кафедрасы
Жалпы Хирургия кафедрасы
Жалпы Хирургия кафедрасы
Жалпы Хирургия кафедрасы
Жалпы Хирургия кафедрасы
Жалпы Хирургия кафедрасы
Жалпы Хирургия кафедрасы
Жалпы Хирургия кафедрасы
Жалпы Хирургия кафедрасы
Жалпы Хирургия кафедрасы
Жалпы Хирургия кафедрасы
1/25
Средняя оценка: 5.0/5 (всего оценок: 82)
Код скопирован в буфер обмена
Скачать (796 Кб)
1

Первый слайд презентации: Жалпы Хирургия кафедрасы

ІРІҢДІ ПАРОТИТ Қабылдаған: Жүнісов М. С. Орындаған: Байбатырова З. ЖМ-801

Изображение слайда
2

Слайд 2

Іріңді паротит, яғни құлақ түбі, яғни шықшыт бездерінің қабынуы – құлақ айналасының бездерінің іріңді қабынуы. Іріңді - қабынған сілекей бездерінен бөлініп шыққан секреттер (адамдар мен жануарлар ағзасының сыртқы секреция бездері бөліп шығаратын зат) стафилококктар мен стрептококктарды бөліп қарайды. Жұқпалы аурулардың таралуының соматогенді, гематогенді және лимфогенді жолдары болады.

Изображение слайда
3

Слайд 3

Изображение слайда
4

Слайд 4

Іріңді паротиттің формалары. Катаральды форма секреттің талаураған гиперемиясымен, ісініп және қоюлануымен сипатталады. Жиі кездесетін іріңді форма кезінде лейкоцитарлық паренхимасының инфильтрациясы (тканьге жасуша элементтерінің, биологиялық сұйықтардың (қан, лимфа) және әртүрлі химиялық заттардың өтуі мен жиналуы) байқалады, кей жерлерде оның қорытылуының іріңді ошағы анықталып, секрецияның айтарлықтай азаюы немесе тоқтатылуы байқалады. Аурудың осы формасы кезінде мойынға, самай маңайында іріңнің жайылуы байқалады. Гангренозды, яғни қағынды паротит паренхиманың некротикалық қорытылуын және бездердің толық жойылып кетуін тудырады.

Изображение слайда
5

Слайд 5

Изображение слайда
6

Слайд 6

Клиникалық көрінісі. Жұқпалы аурулар барысында іріңді паротит әдетте аурудың екінші жартысында дамиды, ал операциядан кейінгі кезеңде – операциядан кейін 4-5-ші күні дамиды. Жалпы көрінуі – дененің қызуының көтерілуі, бас ауруы, шайнау және жұту кезіндегі ауырсыну болып табылады. Қанның жалпы талдауында лейкоцитоз, лейкоцитарлы формуланың солға жылжуы байқалады.

Изображение слайда
7

Слайд 7

Жергілікті құбылыстар бездердің ісінуі, тығыздалу мен ауырсынып ұлғаюынан көрінеді. Оның астындағы теріні қан кернейді және ісінеді. Ауыз қуысының шырышты қабығы ісініп, құлақ маңайы бездерінің каналының тесіктерін қан кернейді. Аурудың 3-4-ші күні каналдан іріңді экссудаттың бөлініп шығуы басталады.

Изображение слайда
8

Слайд 8

Изображение слайда
9

Слайд 9

Болжау. Катаральды және іріңді паротитті алып тастағаннан кейін бездің қызметі толығымен орнына келеді.

Изображение слайда
10

Слайд 10

Емдеу. Ауру басталарда консервативті емдеу (антибиотиктер, ауыз қуысын күту, диета және т.б.) басталады. Іріңді процестің болуы кезінде операцияны кешіктіруге болмайды. Бар сілекейлі тастарды алып тастау керек. Операция іріңді ошақты және дренажды ашудан тұрады. Операция кезінде 1,5 см-ден 3,0 см-ге дейін кесу жүргізіледі. Операцияны орындау кезінде беттің жүйке тамырлары мен оның тармақтарының орналасуын есепке алу қажет.

Изображение слайда
11

Слайд 11

Атерома паротит – құлақ маңайы бездерінің қабынуы.паротиттің дамуында басты маңызды рөлді ағзаның жалпы реактивтілігінің төмендеуі атқарады. Шықшыт бездерінің қабынуы созылмалы және жанға бататындай болып ауырады. Паротит грипп, ауыз қуысының стоматит, гингивит қабыну процесі кезінде дамиды. Қабыну себебіне көбінесе эпидемиялық паротит вирусы жатады. Бактериалды паротит көбінесеауыз қуысында және сілекей бездерінің тармағында болатын микрофлораның күшеюі кезінде пайда болады.

Изображение слайда
12

Слайд 12

Изображение слайда
13

Слайд 13

Аурудың басталуы шықшыт бездердің ісінуі, тамақ жеген кезде ауырсыну, көңіл-күйінің, өзін нашар сезінуі, денесінің қызуының көтерілуімен сипатталады. Кей жағдайларда, жарақат алу немесе құлақ ішіне басқа нәрсенің кіріп кетуі кезіндегі паротитте, ауру белгісіне без айналасында аурудың қозуымен қатар жүретін сілекейдің тоқтауы жатуы мүмкін. Іріңді қабынудың дамуы мен процестің күшеюі ағзаның улану белгісінің күшеюіне, аурудың асқынуына алып келеді. Бездің ісінуі ұлғайып, ісік басқа жерлерге де жайылады. Зақымданған жердің астының терісі қанға толып, тканьдермен қабысып кеткен. Ауызды ашу қиынға соғады.

Изображение слайда
14

Слайд 14

Паротит кезінде патологиялық процестің жұтыну кеңістігіне, мойынға, көкірек қуысына таралуы, іріңнің сыртқы есту жолына өтуі, ірі тамырлардың жақтауларына іріңді қорытылу, қатты ми қабығының синустары мен күре тамырларда қанның ұюы мүмкін. Аурудың диагнозын анамнез мәліметтерінің клиникалық картинасына тән сипатты белгілер негізінде белгілейді. Емдеу аурудың ауырлыған байланысты болады. Ұйыма паротит кезінде емдеу шаралары процесті тұрақтандыру мен асқынудың алдын алуға бағытталады

Изображение слайда
15

Слайд 15

Изображение слайда
16

Слайд 16

Изображение слайда
17

Слайд 17

Науқастарға орнынан тұрмай жату тағайындалады, әсіресе ауыз қуысын мұқият күтуге үлкен маңыз беріледі. Бездің айналасына жылытатын компресс, мазь жағылған таңулар салынып, физиотерапия (соллюкс, УФ – сәулелену, УВЧ –терапия) қолданылады. Саливацияны ұлғайту мақсатында пилокарпинның 1% ерітіндісін (ішке 5-6 тамшы) тағайындайды. Вирусты паротит кезінде ауыз қуысын сөткесіне 5-6 рет интерфенмен сулайды. Оны бұлшық етке 5-10 күндей сөткесіне бір реттен егу керек. Іріңді паротит кезінде сонымен бірге, безді қоршап жатқан тканьнен басқа новокаиннің немесе тримекаиннің ерітіндісін антибиотиктермен бірге, нитрофуран дәрілерімен қатар және протеолитті ферменттерді де салады.

Изображение слайда
18

Слайд 18

Ауруды болжау процестің ауырлығына байланысты болады. Ұйыма паротит, инфильтраттың кішірейіп тарауы бірнеше апта немесе айларға созылуына қарамастан, бездің қызметінің қалпына келуімен аяқталады. Іріңді және гангренозды паротит кезінде бездің іріңдеген жерлерінің тыртықты тканьмен алмасуы нәтижесінде бездің қызметінң толық жойылып кетуі де мүмкін. Сауықтыру ауыз қуысын күту мен түрлі жұқпалы ауру кезінде, операция жасалғаннан кейін сілекейдің бөлініп шығуын күшейтуден тұрады.

Изображение слайда
19

Слайд 19

Изображение слайда
20

Слайд 20

Созылмалы паротит жеткілікті зерттелмеген алғашқы ауру, этиология, патогенез сияқты пайда болады. Созылмалы паротит - Шегрен ауру белгісі мен Микулич ауру белгісінің көрінуінің бірі болып табылады. Созылмалы интерстициалды паротит, көп жағдайда зат алмасуының бұзылуына байланысты аурулармен қатар дамып отырады, аренхиманың қысылуы мен көп жағдайда оның атрофиялануына, яғни кішірейіп семуіне алып келеді. Клиникалық жаығнан шықшыт (құлақ түбінің) безінің ауырсынуы, томпайып ісінуі, сілекейдің азаюы байқалады.

Изображение слайда
21

Слайд 21

Созылмалы сиалодохитте морфологиялық өзгерістер көп жағдайда шықшыт тармақтарында болады. Процесс шықшыт бездерінің жиі ісінуімен, тамақ ішкен кезде без айналасында ауырсыну, шығу тармғының жуандауымен сипатталады, ал кейінгі сатыда қою секреттің көп бөлінуімен, шырыштың түйір болып бөлініп шығуымен сипатталады. Созылмалы паротит кезіндегі асқыну, асқынған паротиттегідей сирек кездеседі. Ауруды болжау клиникалық картина, зертханалық мәліметтер мен аспаптық зерттеулер негізінде белгіленеді, олардың арасындағы ең маңыздысы рентгенологиялық зерттеу болып табылады

Изображение слайда
22

Слайд 22

Түсті емес шолу рентгенография жәрдемімен зақымданған бездің үлкейгені ғана көрінуі мүмкін. Диагностикада маңызды рөлді сиалография атқарады. Паренхиманың зақымдануы кезінде үлкейтілген бездің көлеңкесіндегі өзгеріске ұшыраған майда тармақтар да көрінеді, ал шықшыт тармақтары өзінің пішінін сақтап қалады. Без тканьдерінің қабынған инфильтраттар мен тыртықтанғн жерлерінің біркелкі емес қарама-қарсылығы, қарама-қарсылықтың ақуының пайда болуы байқалады. Аурудың соңғы сатысында тармақтар шар тәрізді немесе ұршық тәрізді пішінге айналады.

Изображение слайда
23

Слайд 23

Шықшыт бездерінің секрттік және бөліп шығару қызметін бағалау үшін 99mТс – пертехнетатты пайдаланумен радинуклидті зерттеу қолданылуы мүмкін. Диагностиканың ультрадыбыстық әдістерін пайдаланып, сілекейді цитологиялық зерттеу жүргізіледі. Созылмалы паротитті емдеу бездегі қабынуды жою мен оның қайталауын, бездің қызметін жақсарту, ағзаның реактивтілігін арттыруға бағытталады. Шықшыт тармақтарына 5-6 күндей антибиотиктерді, фурацилиннің ерітіндісін, протеолитикалық ферменттерді енгізіп, әрбір 2-3 күн сайн новокаинді және тримекаинді салады, сілекей безінің маңайын көлбеу гальван тогын жіберумен емдейді.

Изображение слайда
24

Слайд 24

Бездің секрециясын күшейту үшін галантамин, сілекей тармақтарының тонусын көтеру үшін – диадинамикалық токтар қолданылады. Қабынған инфильтраттарды кішірейту мақсатында бездің айналасына лидаза, ультрадыбы, йодид калийдің 6%-тік ерітіндісінің электрофарезін тағайындайды. Кей жағдайларда безді резекциялау (ауруға шалдыққан бөлігін операция жасап алып тастау) немесе паротидэктомиялау жүргізіледі, созылмалы сиалодохитте – шықшыт тармақтарының операция жаса кеңейту жүргізіледі. Созылмалы протитте толық жазылып кету болмайды. Процестің ұзаққа созылуы кезінде сілекей бөліп шығару төмендейді. Сауықтыру жұмыстарына ауыз қуысына гигиеналық күтім жасау, созылмалы ауруларды емдеу жатады.

Изображение слайда
25

Последний слайд презентации: Жалпы Хирургия кафедрасы

КОНЕЦ THE END СОҢЫ

Изображение слайда