Первый слайд презентации: Жайылымдар және аллювия типтері. Террасалар және типтері. Өзен сағасы
Хужина екатерина География Полияз 1 курс Жайылымдар және аллювия типтері. Террасалар және типтері. Өзен сағасы.
Слайд 2: Жайылма
Жайылма – шабындықты терраса, өзен аңғарының едәуір тегіс келген, қазіргі заман шөгінділері жапқан, тасқын немесе су тасу кезінде оқтын-оқтын су басатын бөлігі. Жайылмалар — екі жақты, бір жақты және ағынның бірде оң, бірде сол жағына ауысып отыратын жайылма болып саналанады.
Слайд 4: Аллювий
Аллювий — өзен мен жылғалардағы ұдайы немесе уақытша тасқынның нөтижесінде пайда болатын әр түрлі қиыршық тастардың, құм мен балшықтың шөгіндісі. Аллювий, аллювийлік шөгінділер – тау жыныстары үгінділерінің өзен аңғарларында жиналуынан пайда болатын борпылдақ шөгінділер. Аллювий латынша alluv і o, яғни шайма, тосқын дегенді білдіреді.
Слайд 5: Аллювий суы. Аллювийлік аңғар. Аллювийлік жазық
Аллювий суы — өзен аңғарларының аллювий шөгінділері қабатындағы жер асты суы. Су тұтқыш қабаттың қалыңдығы аллювий шөгінділерінің қалыңдығына байланысты жазықтағы ірі өзендерде 15 м - ге, кей жерлерінде 30—50 м - ге жетеді. Аллювий суы жер бетіндегі сулардан, атмосфералық ылғалдан, кейде тектоникалық жыра-жарықтар бойымен тереңде жатқан арынды су қабаттарынан келіп қүйылатын сумен толысады. Аллювийлік аңғар — табаны өзен тасындыларымен ( аллювиймен ) жабылған аңғар. Аллювийлік жазық ( Аллювиальные равнины ) — жер қыртысының аса кең ойыстарындағы ірі өзендердің аккумуляциялық әрекетінің нәтижесінде пайда болған жазықтар. Қалыңдығы ондаған метрлік аллювийден тұрады. Неғұрлым аумақты аллювийлік жазықтар тектоникалық опырылыс болған өңірлерде, өзендердің " адасуы " барысында пайда болады ( Сырдария, Ганг, Брахмапутра, Хуанхэ өзендері аңғарларындағы жазықтар ).
Слайд 6: Аллювийлік терраса
Аллювийлік терраса — аллювийден ( өзен тасындылары ) қалыптасқан өзен террасасы. Аллювийлік шекпен : 1) ірі өзендер тасыған кезде жайылмаға шөгетін лай тасындылардың қабаты ; 2) тау өзендері су тасқынымен алып келіп, таудан шыға берісте шөгінді конустарының бетінде қалдыратын ірі кесекті тасындылар қабаты. Оған мысал ретінде Алматы каласы орналасқан шөгінді конусын келтіруге болады.
Последний слайд презентации: Жайылымдар және аллювия типтері. Террасалар және типтері. Өзен сағасы
Өзен сағасы – өзеннің теңізге, көлге, бөгенге немесе өзінен үлкенірек өзенге құяр тұсы. Өзеннің төменгі ағысының негізгі түрлеріне эстуарий және атырау жатады.