Презентация на тему: Зертханалық ыдыстармен жұмыс істеу ережелері

Реклама. Продолжение ниже
Зертханалық ыдыстармен жұмыс істеу ережелері
Жоспары :
Зертханалық ыдыстармен жұмыс істеу ережелері
Зертханалық ыдыстармен жұмыс істеу ережелері
Шыныдан жасалған мына ыдыстар зертханада жиi қолданылады:
Колбалардың түрлерi
Сұйықтың жуық көлемiн өлшеп алу үшiн қолданылады:
Өлшеуiш цилиндрлердiң сыйымдылығы 10 миллилитрден 2 литрге дейiн болады
Зертханалық ыдыстармен жұмыс істеу ережелері
Зертханалық ыдыстармен жұмыс істеу ережелері
Зертханалық ыдыстарды тазалау
Зертханалық ыдыстарды жуу
Зертханалық ыдыстарды кептіру.
Ыдысты жуу әдiсi оның қандай заттармен ластанғанына байланысты.
Қолданылған әдебиеттер
Назарларыңызға рақмет!!!
1/16
Средняя оценка: 4.6/5 (всего оценок: 56)
Код скопирован в буфер обмена
Скачать (772 Кб)
Реклама. Продолжение ниже
1

Первый слайд презентации: Зертханалық ыдыстармен жұмыс істеу ережелері

Орындаған:Еркін Айнұр Тобы:Бт 14-14 Тексерген :Аленова А.Б. Алматы Технологиялық Университеті Тағам өндірісі факультеті

Изображение слайда
Изображение для работы со слайдом
1/2
2

Слайд 2: Жоспары :

І.Кіріспе ІІ.Негізгі бөлім Зертханада қолданылатын шыны ыдыстар Колбалардың түрлері Зертханалық ыдыстарды тазалау ІІІ.Қорытынды І V.Пайдаланылған әдебиеттер

Изображение слайда
1/1
3

Слайд 3

Зертханалық тәжiрибелер жоғары температураға төзiмдi, мөлдiр, түссiз шыныдан жасалған ыдыстарда жүргiзiледi. Мұндай ыдыстар көбiнесе құрамында 81% SiO 2, 5% Na мен K оксидтерi, 13% B 2 O 3 бар п и р е к с ш ы н ы с ы н а н жасалады. Пирекс шынысының температура әсерінен ұзару коэффициенті өте аз шама, сондықтан пирекс шынысынан жасалған химиялық ыдыстар жоғары температураға төзiмдi, температураның 150-180 0 С-қа ауытқуына төтеп бередi, жарылмайды және химиялық реактивтердiң әсерiне де шыдамды болады.

Изображение слайда
Изображение для работы со слайдом
1/2
4

Слайд 4

Зертханада қолданылатын шыныдан жасалған ыдыстарға жатады: - әртүрлi колбалар - цилиндрлер, мензуркалар,градуирленген пробиркалар - бюреткалар - пипеткалар - өлшеуiш колбалар - әртүрлi воронкалар - эксикаторлар

Изображение слайда
Изображение для работы со слайдом
1/2
5

Слайд 5: Шыныдан жасалған мына ыдыстар зертханада жиi қолданылады:

- пробиркалар; - стакандар; - жалпақ түптi конусты колбалар; - дөңгелек түптi шар тәрiздес колбалар және т.б.

Изображение слайда
Изображение для работы со слайдом
1/2
6

Слайд 6: Колбалардың түрлерi

1 – дөңгелек түптi, 2 – жалпақ түптi, 3 - дөңгелек түптi қос мойынды, 4 - конус тәрiздi (Эрленмайер колбасы), 5 - түтiкше бүйiрлi дөңгелек түптi колба (Вюрц колбасы); Б – қалың қабырғалы Бунзен колбасы.

Изображение слайда
Изображение для работы со слайдом
1/2
7

Слайд 7: Сұйықтың жуық көлемiн өлшеп алу үшiн қолданылады:

- цилиндрлер ; - мензуркалар ; - градуирленген пробиркалар.

Изображение слайда
1/1
Реклама. Продолжение ниже
8

Слайд 8: Өлшеуiш цилиндрлердiң сыйымдылығы 10 миллилитрден 2 литрге дейiн болады

Өлшеуiш ыдыстар а, б – өлшеуiш цилиндрлер; в, г, д – мензурк алар ; е, ж – градуирленген пробирка лар.

Изображение слайда
Изображение для работы со слайдом
1/2
9

Слайд 9

Бұл ыдыстар көбiнесе жоғары температураға төтеп бере алмайтын шыныдан жасалады. Сондықтан цилиндрлердi, мензуркаларды қыздыруға, ыстық ерiтiндi құюға болмайды. Сонымен қатар жоғары температураға қалың шыныдан жасалған ыдыстар да шыдамайды.

Изображение слайда
1/1
10

Слайд 10

Зертханалық жұмысты орындағаннан кейiн пайдаланылған ыдыстар iшiндегi заттарды Қалдық ( с л и в ) деп жазылған банкаға төгiп, iлезде ершпен жуып, бiрнеше рет дистильденген сумен шайып, кептiргiшке қою керек. Өйтпеген жағдайда ыдысты жуу қиынға соғады. Себебi ыдыстардағы ерiтiндiлердiң суы ұшып құрғайды. Құрғаған заттар шыны ыдыстың қабырғасына жабысып қатып қалады.

Изображение слайда
Изображение для работы со слайдом
1/2
11

Слайд 11: Зертханалық ыдыстарды тазалау

Эмальданған ыдысқа 30-40 градус температурадағы жылы суды құяды.Ыдыстың ішіндегі қалдық заттарды тазалау үшін ыдыстарды суға салып, 10-15 минутқа жібітіп қояды.Егер қатып қалған тұнба,химиялық зат болса,оны арнайы щеткалар арқылы тазалайды.

Изображение слайда
Изображение для работы со слайдом
1/2
12

Слайд 12: Зертханалық ыдыстарды жуу

Ыдысқа жылы су құйып,үстіне 5-7 мл жуғыш синтетикалық ұнтақ қосамыз.Алынған ерітіндіні жақсылап араластырамыз.Қалдықтардан тазаланған ыдыстарды абайлап суға салып,жұмсақ дәкемен жуамыз.Жуылып шыққан ыдыстар торға қойылады.

Изображение слайда
1/1
13

Слайд 13: Зертханалық ыдыстарды кептіру

Ыдыстарды алдын ала кептіру үшін,арнайы ілгіштері бар тақта қолданылады.Ыдыстарды қоймас бұрын,ілгіштерді таза матамен сүртіп,фильтр қағазымен орайды.Осындай жолмен әзірленген ілгіштерге таза,шайқалған ыдыстарды іледі.Ыдыстарды осындай әдіспен 10-15 минут кептіреді.Содан соң кептіргіш шкафқа қағаз фильтр төсеп, 80 гр.дейін ысытатын режимін қойып, ток көзіне қосамыз.

Изображение слайда
1/1
14

Слайд 14: Ыдысты жуу әдiсi оның қандай заттармен ластанғанына байланысты

Ластағыш заттар суда жақсы еритiн, суда ерiмейтiн, майлы және суда еру үшiн тотықтыру реакциясына түсiрудi қажет ететiн заттар болуы мүмкiн. 1 Жуу оңайға түседi, егер ыдыс суда ерiгiш затпен ластанса, онда ыдысты ерщпен жуып; дистильденген сумен 2 – 3 рет шаю керек. Ыдыс таза жуылған деп есептеледi, егер ыдыстың iшкi қабырғаларында су тамшылары тұрып қалмай, қабырғамен бiркелкi ақса. 2 Ыдыс майлы заттармен ластанған болса, 10 % Na 2 CO 3, 5-10 % NaOH ерiтiндiлерiмен, не болмаса күнделiктi тұрмыста қолданылатын кiр жуғыш ұнтақтармен щеткалап жуып, жақсылап шаю керек. 3 Кей уақытта ыдыстарды тазарту үшiн ластайтын заттарды тотықтыру керек. Ол үшiн көбiнесе концентрлi күкiрт қышқылынан және калий бихроматынан тұратын өте күшті тотықтырғыш қасиетке ие хром қоспасын қолданады. Хром қоспасын дайындау үшін 96% H 2 SO 4 -ның 100 миллилитрiне 10 г K 2 Cr 2 O 7 ұнтағын ( кристалдарын ) қосып араластырады. Қоспаны қалың қабырғалы аузы жақсы жабылатын ыдыста сақтайды. Дайындалған хром қоспасы ыдыстарды тазартуға талай мәрте қолданылады.

Изображение слайда
1/1
Реклама. Продолжение ниже
15

Слайд 15: Қолданылған әдебиеттер

1. Рачинский Ф.Ю., Рачинская М.Ф. Техника лабораторных работ.- Л.: Химия, 1982.- 430 с. 2. Аликберова Л.Ю., Лидин Р.А., Молочко В.А., Логинова Г.П. Практикум по общей и неорганической химии. - М.: Владос, 2004. - 319 с. 3. Бірімжанов Б.А., Нұрахметов Н.Н. Жалпы химия.- Алматы: Ана тілі, 1992.- 640 б.

Изображение слайда
1/1
16

Последний слайд презентации: Зертханалық ыдыстармен жұмыс істеу ережелері: Назарларыңызға рақмет!!!

Изображение слайда
1/1
Реклама. Продолжение ниже