Презентация на тему: Витаминдер және гормондар

Витаминдер және гормондар
Витаминдер және гормондар
Витаминдер және гормондар
Витаминдер және гормондар
Витаминдер және гормондар
Витаминдер және гормондар
Витаминдер және гормондар
Витаминдер және гормондар
Витаминдер және гормондар
Витаминдер және гормондар
Витаминдер және гормондар
Витаминдер және гормондар
Витаминдер және гормондар
Витаминдер және гормондар
Витаминдер және гормондар
Витаминдер және гормондар
Витаминдер және гормондар
Витаминдер және гормондар
Витаминдер және гормондар
Витаминдер және гормондар
1/20
Средняя оценка: 4.8/5 (всего оценок: 13)
Код скопирован в буфер обмена
Скачать (347 Кб)
1

Первый слайд презентации: Витаминдер және гормондар

Орындаған: Каримова Ляззат Аманжолова Назерке БТ – 201 Тексерген:Шоинбекова. С

Изображение слайда
2

Слайд 2

ВИТАМИНДЕР немесе ДƏРУМЕНДЕР Витамин дегеніміз латын тілінен аударғанда «тіршілік аминдері») - бұл организмге тағам арқылы түсіп, ағзадағы жүретін биохимиялық жəне физиологиялық процесстерінің жүрүін қадағалайтын төмен молекулалық қосылыстар. Витаминдер организмде шағын мөлшерде ғана болады, құрылымдық жəне энергиялық қызметтерді атқармайды. Олардың көбісі ферменттердің простетикалық топтарының немесе коферменттерінің биосинтезіне қажетті алғы заттары болады. Адамның жəне жануарлардың организмінде, өсімдік тектес азықтарда витаминдердің алғы шарты сияқты қосылыстар болады. Олар провитаминдер (каротиндер, стеролдар) деп аталады. Мұндай заттар тиісті активті қалыпқа түскеннен кейін сəйкес витаминдерге айналады.

Изображение слайда
3

Слайд 3

Витаминдердің бірқатары реттеуіш қызметтерін атқарады, мысалы, мембраналардан катиондардың өтуін реттейді. 1956 жылы Халықаралық химиялық номенклатура қабылданды, осы номенклатура бойынша бұл заттар үш топқа бөлінеді: 1. Суда еритін 2. Майда еритін 3. Витаминтəріздес заттар Суда еритін Витамин В1 (тиамин, антиневриттік витамин, анервин) Витамин В2 (рибофлавин) Витамин В3 (пантотен қышқылы) РР витамині, витамин В5 (никотинамид, никотин қышқылы, антипеллагрлік витамин) Витамин В6 (пиридоксин, пиридоксол, пиридоксамин, адермин, пиридоксаль) Витамин Вс (фолий қышқылы, фоллацин, В 9 ) Витамин В12 (цианкобаламин, антианемиялық витамин) Витамин Н (биотин) Витамин С (аскорбин қышқылы) Витамин Р (биофлавоноидтер) Инозит

Изображение слайда
4

Слайд 4

Майда еритін А витамині (ретинол, антиксерофталмалық витамин) Витамин Д (кальциферол, антирахит витамині), Витамин Е (токоферол, антистерил немеесе өсіп − өну витамині), Витамин К (филлохинондар, антигемморагиялық витамин) Витаминтəріздес заттар Бұл топқа витамин қасиеттері бар əртүрлі химиялық қосылыстар кіреді, олар организмде жартылай синтезделеді жəне тканьдердің құрамына кіреді. Витамин В13 (орот қышқылы) Витамин В15 (пангам қышқылы) Парааминобензой қышқылы Липой қышқылы (витамин N) Витамин U (метилметионин) Витамин F (эссенциалды полиқанықпаған май қышқылдары)

Изображение слайда
5

Слайд 5

А витамині  ( ретинол ) ағзаның өсуіне, дамуына әсер етіп, түрлі ауруларға қарсы тұра алу әрекетін арттырады. Іңірде, түнде көруді жақсартады. А витамині шаштың,  тырнақтың  өсуі мен терідегі жасушалардың мүйізденуіне әсер етеді. Ол жетіспегенде тері құрғап жарылып, түсі күңгірттенеді.  Май  бездерінің құрамы өзгереді, көздің касаң кабығы бұзылады. Адам іңірде, түнде нашар көреді. Бұл ауруды  ақшам соқыр  ( куриная слепота ) деп атайды. А витамині бауырда, сүтте, жұмыртканың сарысында көп болады. Өсімдіктердің кызыл, сары жемістерінде, сәбізде,  кызанақта, өрікте, асқабақта кездеседі. А витаминінің ағзаға қажет тәуліктік мөлшері 2,5-10,5 мг. D витамині  ( кальциферол ) адамның терісінде күннің  ультракүлгін  сәулелерінің әсерінен түзіледі. Ол  кальций  мен фосфордың ішектен бөлінуін жылдамдатып, сүйек ұлпасының мықтылығына әсер етеді. Адам ағзасы D витаминін тағамның құрамынан да қабылдайды. Жас сәбилерде D витаминінің жетіспеуінен болатын ауру  мешел ( рахит ) деп аталады. Мешел ауруына шалдыққан балалардың қаңқасы дұрыс қалыптаспайды. Аяқ сүйектері дене салмағының әсерінен 0майысады, сүйек баяу дамиды, ұйқысы қашады. Жұқпалы аурулармен көп ауырады. Сондыктан жас сәбилердің мешел ауруына шалдықпауы үшін күн сәулесіне шығарып шынықтырады. D витамині балық майында, бауырында, уылдырығында, жұмыртқаның сарысында, жануарлардың бауырында, сүт өнімдерінде мол. D витаминінің қажетті тәуліктік мөлшері 2,5 мг.

Изображение слайда
6

Слайд 6

С витамині  ( аскорбин қышқылы ). Ағзаның жұқпалы ауруларға қарсы тұра алу әрекетін арттырады. Сүйекке және тіске беріктік қасиет береді. С витамині биологиялық тотығу  кезінде зиянды заттардың түзілуін тежейді. Ол қарсы денелерді түзетін ферменттердің құрамына кіреді. Терідегі қантамырлардың қабырғасының бүлінуіне де кедергі жасайды. С витамині жетіспеген жағдайда ағза тез шаршайды, сілемейлі қабықшалар қабынады, қызылиек қанталайды. Бұл витамин ұзақ уақыт жетіспесе, адам кауіпті құрқұлақ ( цинга ) ауруына шалдығады. Адам ағзасы С витаминін түзбейтіндіктен, тамақпен бірге қабылдануы керек. С витамині ағзаға қыс пен көктем айларында көбірек қажет. Жаңа піскен көкөністер, жемістер және тұздалған  орамжапырақ  құрамында көбірек кездеседі. Әсіресе итмұрынның, қарақаттың құрамында мол болады. Ағзаға қажетті тәуліктік мөлшері 60-100 мг. В1 витаминi (тиамин )  организмде дұры с зат алмасуы үшін (әсіресе кеміртегінің) аса қажет. Витамин жетіспегенде шаршағандық сезіліп, ас қорыту процесі бұзылады. Ор ганизм тиаминге зәру болған жағдайда нерв жүйесі үлкен ауруға шалдығуы мүмкін. В1 витаминіне әсіресе сыра ашытқысы, келтірілген және тығы зд алған наубайханалық шикізаттар анағұрлым бай. Ал тағамдық азықтардың ішінде, әсіресе жармалар (көбіне қара құмық және сұлы жармалары), құнарсыз ұн сорттарынан пісірілген нан болғаны жөн. Дене және ой еңбегімен көп шұғылданғанда және суықта ұзақ болғанда организм В1 витаминін көп қажет етеді.

Изображение слайда
7

Слайд 7

В2 витамині ( рибофлавин), басқа да витамин дер сияқты организмнің бірқалыпты өсуіне қажетті, ол биологиялық тотығу процестеріне қатысады. Жарақаттардың тез жазылуына мүмкіндік береді, көздің жақсы көру қабілетін сақтайды. Бұл витамин жетіспеген жағдайда ерін құрғап, кезереді, ұшық шығады, денеге түскен жарақат баяу жазылады. Вг витамині нан ашытқысында, бауырда, сондай-ақ сүт пен сүт тағамдарында көбірек болады. Витамин ыстыққа төзімді, бірақ жарықтық әсерінен тез бұзылады. В6 витаминi (пиридоксин)  белоктардың құрамдас бөлігі болып табылатын амин қышқылдарының алмасуы на қатысады. В6 витаминінің жетіспеушілігі жас балалардың бойының өсуін тежеп, қан аздығы мен сезіміне тез қозғыштығын тудырады, ал екіқабат әйелдердің бетінде қара дақ пайда болады. В6 витамині мал етінде, балықта, сүтте, ірі қара малдың бауырында, ашытқыларда және көптеген өсімдік өнімдеріне бар; әдеттегідей дұрыс тамақтанып жүрген жағдайда бұл витамин организмде жеткілікті болады. В6 витаминін молырақ қажетсіну организмнің өсуі, әйелдің екіқабат және бала емізу кезеңдерінде жиірек байқалуы мүмкін. В12 витамині (цианокобаламин )  қанның пайда болу процесіне қатысады. Бұл витамин жетіспеген жағдайда организмде қан азаю процесі дамиды. Бауырда, бүйректе, балық тағамдарында (әсіресе балықтың бауыры мен уылдырығында) көбірек болады. Еттің, сүт пен ірімшіктің, жұмыртқа сары уызының құрамында В12 витамині анағұрлым аз.

Изображение слайда
8

Слайд 8

В15 витаминi (кальций пангаматы).  Химиялық  табиғаты мен әсер ету күші әлі жеткілікті зерттелмеген. Емдік мақсатта атеросклероз, қан айналысының бұзылуы, бауыр ауруларына және басқа да сырқаттарға пайдаланылады. Е витаминi (токоферол)  бұлшық еттердің және жыныс бездерінің қызметін жақсартады. Ол өсімдік майының, жаңғақтық, бұршақ пен жүгері түқымдарының және көкөністің құрамында көбірек болады. Сондай-ақ малдың бауырында, жұмыртқала, сүттің құрамында бар. Р витаминi (биофлавоноидтер) —жіңішке қан тамырларының беріктігін арттырып, қызметін қалыпқа түсіріп отыратын  биологиялық   заттар  тобы. Бұл С витаминімен араласқанда анағұрлым тиімді. Р витамині шайдың (әсіресе көк шайдың) құрамында, сондай-ақ итмұрын, лимон, құрма, қара қарақат, жұзім, өрікте және қарақұмық ұнтағында өте көп. РР дәрумені (ниацин). Табиғатта ең таралған суеріткіш топтары никотинді қышқыл және никотинамид деген атпен белгілі.Көмірсулар алмасуын жақсартады, тамырларды кеңетеді, қан ағымын жақсартады,бауыр жұмысын жақсартады, жара мен терең жаралардың жазылуына әсер етеді.РР дәрумені жетіспеген жағдайда көңіл-күйдің болмауы,еріннің құрғақтығы мен бозарыңқылығы, іш өту және бұлшық ет ауруы.Көктем мен жаз кезінде теріде қызғылт тез өсетін дақ пайда болады,зақымданған тері жуандайды да кір қызыл-қоңыр түске боялады, қабыршықтанады.

Изображение слайда
9

Слайд 9

Тірі организмнің дəрумендермен қамтамасыздығын мөлшерін келесі топтарға бөлуге болады. Олар: Авитаминоз (дəрумендердің организмінде мүлдем жетіспеуі) Гиповитаминоз ( дəрумендердің кемшілігі): 1. Эндогенді немесе дисвитаминоз (организмге тағам арқылы қажетті мөлшерде түссе де, дұрыс сіңбейді) 2. Тағамдық (қажетті мөлшерде организмге түспейді) Гипервитаминоз (дəрумендердің организмге өте көп мөлшерде түсуі жəне осы себептен патофизикалық немесе биохимиялық өзгерістер). Витаминдердің əрекеттесуі: Антагонизм - басқа заттардың əсерінен дəрумендердің биологиялық активтілігін жоғалтуы, мысалы, тиамин – никотин қышқылы, 2. Синергизм – дəрумендердің басқа заттармен əрекеттесіп, əсерінің ұлғайтылуы, əсерінің көбейуі, мысалы, аскорбин қышқылы - биофлавоноидтер, 3. Бір − бірінің ауыстырылуы – бірдей функционалды топтары бар дəрумендердің, бəрақ активтіліктерінде айырмашылықтары бар витаминдердің əсері, АНТИВИТАМИНДЕР – витаминдермен тікелей əрекеттесіп, дəрумендердің биологиялық активтілігін тежейтін немесе жоятын заттар. Мысалы, аведин (жұмыртқаның белогі) биотинмен ерімейтін аведин-биотинді комплекс түзеді.

Изображение слайда
10

Слайд 10

ГОРМОНДАР Гормон дегеніміз биохимиялық процестерді реттейтін жəне адам мен жануарлардың аса маңызды тіршілік қызметіне қоздырушы əсер ететін химиялық зат. Гормон деген термин грек тілінен ″қоздырамын, қозғалтамын″ деген мағынаны білдіреді. Гормондар тиісті рецепторлармен өзара əрекеттесу нəтижесінде ғана биохимиялық процестерге əсер етеді, оларды тездетеді, ал кейде тежейді. Гормонның өмірі ұзақ емес, бір сағатқа жуық. Гормондардың қызметтері: • Физикалық, жыныстық жетілуіне жəне ақыл−ойдың дамуына көмектеседі; • Физиологиялық мүмкіндік жасайды жəне оны қамтамасыз етеді; • Бірқатар аса маңызды физиологиялық көрсеткіштердің (осмостың қысымның, қандағы глюкоза деңгейінің) бірқалыпта болуын қамтамасыз етеді. Эндокрин бездерінің құрылымын, қызметтерін, одан бөлініп шығатын секреттерді жəне зат алмасуды гормондардың реттеу механизмін зерттейтін биохимия тарауын эндокринология деп атайды.

Изображение слайда
11

Слайд 11

Гормондар химиялық табиғатына қарай төрт топқа бөлінеді: • Белоктық жəне пептидтік: инсулин, глюкагон, гипофиз, гипоталамус, қалқанша маңындағы без гормондары. • Тироксин, адреналин, норадреналин, т.с.с. амин қышқылдарының туындылары болып табылатын гормондар. • Стероидтық: жыныс бездерінің гормоны, бүйрек безі гормоны, т.б. • Жергілікті əсер ететін гормондар немесе гормон тəрізді заттар: полиқанықпаған май қышқылдарының туысы − простогландиндер. Қалқанша безінің гормондары. Қалқанша без гормондарының зат алмасудың реттеудегі маңызы зор. Қалқанша безі 15−45 г, таға немесе қалқанға ұқсайды, көптеген көпіршік ұлпалардан құралады, фолликулалар секретор эпителиймен қоршалған, ішінде қоймалжын массасы болады. Бұл коллоидты массаның құрамына белок, йодқа бай тиреоглобулин кіреді. Қалқанша бездің негізгі гормондары − тироксин мен трийодтрионин. Тиреоидты гормондар барлық зат алмасу процестеріне қатысады, өсіп даму, организм тканьдерінің ыдырауы тездейді жəне орталық нерв жүйесінің жұмысына əсер етеді.

Изображение слайда
12

Слайд 12

Қалқанша бездің жұмысы бұзылғанда гормондардың бөлініп шығуы бəсеңдейді (гипофункция) немесе көптеп бөлінеді (гиперфункция). Гормон шығуы төмендегенде адамдарда енжарлық, селқостық пайда болады, ұйқы басады, ойлау қабілеті төмендейді, ақылынан алжасады. Бұл жағдай жас кезде болса өсуі тоқтайды, медицинада бұл ″кретинизм″ деп аталады. Гиперфункция жағдайында адамда қорқыныш пайда болады, нерв жүйесі жуқарады, көзі ұясынан шығып базед ауруына шалдығады. Қалқанша маңыңдағы бездердің гормондары. Сүтқоректілерде қалқанша бездің үстінде екі жұптасқан без болады. Олар екі пептидтік гормон − паратгормон ( паратирин ) жəне кальцитонин түзеді

Изображение слайда
13

Слайд 13

Паратгормон ( паратирин ) 83 амин қышқылының қалдықтарынан тұрады, мол. салмағы 9500, ал кальцитонин 32 амин қышқылының қалдығынан құралады, оның мол. салмағы 3600. Екі гормон да кальций мен фосфор алмасуына əсер етеді. Бұл екі гормон қарама − қарсы функция атқарады: паратгормон − қалыпты нормадағы кезде сүйек тканінің еріп, кальций мен фосфор бөлініп шығады. Ал кальцитонин осы процесске кедергі жасайды. Егер паратгормон қажетті мөлшерден артық болса, сүйек бүлініп, бұзыла бастайды, ал аз болса қанда кальций иондарының мөлшері азаяды да, адамның нерв жүйесі қозады, сіңірі тартылады. Ұйқы безінің ( панкреатиттік без ) гормондары. Бұл без қарынның жанында, он екі елі ішектің шажырқайында орналасқан. Оның құрамында ас қорыту ферменттері бар. Сонымен қатар гормондар да бөлінеді. Сол ферменттер ұйқы безінде түзіліп, он екі елі ішектің ішіне түтекше арқылы барады. Ал гормондары қанға сіңеді. Сол гормондардың бірі − инсулин (латын тілінен арал) Лангерганс аралшықтарында түзіледі. Оны 1922 жылы Бантинг пен Бест ұйқы безінен бөліп алды, Ф.Сэнгер 1953 жылы толық құрамын анықтады, 1965 жылы осыгормон химиялық жолмен синтезделді, 1977 жылы инсулиннің гені Е.соli дан клондап талынды, 1978 оны гендік инженерия жолымен ал. уға мүмкіндік туды. Ол гормон содан бері емдік дəрі ретінде қолданылады.

Изображение слайда
14

Слайд 14

Лангенгарс аралшықтарында екі түрлі клетка типі бар, олар α− жəне β−түрінде болады, қарама−қарсы функциялары бар екі гормон түзеді, олар инсулин жəне глюкагон деп аталады. Инсулин − Лангенгарс аралшықтарында β−клеткада проинсулин полипептидтік тізбек (78−86 амин қышқылдарының қалдықтары) түрінде түседі, содан бұл молекуланы протеиназа ферменті бөліп, активтендіреді (мысалы, бұқаның проинсулинінен 30 амин қышқылының қалдығын бөліп алса, 51 қалады).Бұл гормон екі полипептидтік тізбек дисульфидтік байланыс арқылы қосылады. Биологиялық қызметі − көмірсулардың алмасуына қатысады, клетка мембранасы арқылы қанттардың өтуін, ең алдымен глюкозаның фосфорлануын арттырады. Егер инсулин жоқ болса қанда глюкозаның мөлшері көбейеді жəне зəрмен көп мөлшерде шығады. Қант пен бірге көп мөлшерде су бөлінеді, адам ″қант диабеті″ ауруына ұшырайды, сусамырлыққа, ашқарақтыққа ұшырайды.

Изображение слайда
15

Слайд 15

Глюкагон − бір полипептидтік тізбек, α−клеткада түзіледі, 29 амин қышқылдарының қалдығынан құралады, молекулалық салмағы 3600. Глюкагон бауырдағы фосфорилаза ферментін активтендіреді, ал ол гликогенді ыдыратып, глюказа мөлшерін көтереді. Бүйрек үсті безінің гормондары. Бүйректің ең жоғарғы шегінде екі қос без орналасады. Бүйрек үсті безінің гормондарының екі қабаты бар: ми сияқты зат жəне сыртқы қыртыс қабат. Екеүі дара екі без сияқты екі түрлі гормон түзеді. Ми затының гормондары. Бұл жерде екі түрлі гормон шығарылады − адреналин жəне норадреналин (катехоламиндер тобына жатады, нерв жүйесінің медиаторлары).

Изображение слайда
16

Слайд 16

Химиялық табиғаты. Адреналин мен норадреналин таза күйінде де, синтездік жолмен де алынған. Көміртегінің таңбалы атомын (С14) пайдалану арқылы оның клеткада түзілу жолы анықталған. Бұл гормондардың алғы заты фенилаланин мен тирозин сияқты амин қышқылдары. Бұлар тотығу процесі жəне одан кейінгі декарбоксилдену нəтижесінде норадреналин береді. Норадреналиннің метилденуі нəтижесінде адреналин түзіледі Жыныс бездерінің гормондары Жыныс безі (гонадтар) ер адамда ұрық безі (тестикула) түрінде, ал əйелде аналық без түрінде болады. Ол екеуінде жыныс клеткалары (сперматозоидтар мен аналық клеткалар) жəне жыныс гормондары жасалып шығады. Сперматозоидтар мен аналық клеткалар өзара қосылған кезде болашақ жаңа организм ұрықтанған клетка (зигота) түзіледі. Ал жыныс гормондары екінші кезектегі жыныстық белгілердің қалыптасуын реттейді жəне еркек пен əйел организміндегі зат алмасу ерекшелігін анықтайды. 1929 жылы екіқабат əйелдің зəрінен ең алғаш жыныс гормондарының біреуі - эстрон (фолликулин) кристалл түрінде бөліп алынды. Қазіргі кезде барлық жыныс гормондарының құрылымы зерттелді жəне еркек пен əйелдің бірқатар жыныс гормондары синтезделіп алынды.

Изображение слайда
17

Слайд 17

Еркектің жыныс гормондары Омыртқалылар еркегінің негізгі жыныс гормоны тестостерон мен андростерон. Ол екеуі ұрық безінің клеткаларында түзіліп шығады жəне шағын мөлшерде бүйрек үсті безінің қабығында жəне аналық безінде түзіледі. Бұл екеуінің мейлінше белсендісі тестостерон, ал андростеронның белсенділігі одан 10 есе кем. Еркекте тəулігіне 6-10 мг тестостерон синтезделінеді. Əйелде де тестостерон түзіледі, бірақ оның мөлшері мейлінше аз, 0,4 мг шамасындай. Еркектердің жыныс гормоны андроген (аndros - еркек деген грек сөзінен шыққан) деп аталады. Ол гормонды қанда плазма гликопротеині (М 94000) тасымалдайды. Əйелдердің жыныс гормондары Əйелдердің жыныс гормондары эстрогендер (жаңа латынның, еstrus — ағын деген сөзінен алынған) деп аталады. Ол аналық безінің фолликуласында, ұрық жолдасында түзіледі. Шағын мөлшерде бүйрек үсті безінің қабығында жəне ұрық безінде синтезделінеді. Эстрогеннің үш түрі белгілі. Олар: эстрадиол, эстрон жəне эстриол. Эстрогендер көбінесе белокпен байланысқан түрінде қан арқылы таралады. Əйелдің нағыз жыныс гормоны болып табылатын эстрадиол, одан басқа екі эстроген негізінде эстрадиол метаболизмі кезінде түзіледі. Əйелдер жыныс гормондарының тікелей алғы заты еркектің гормоны тестостерон. Əйел организміне енген тестостеронның бір бөлігі эстрадиолға айналады. Əйелдердің жұмыртқалығында бір тəулікте 1 мг эстрадиол түзіледі. Əйелдердің төртінші жыныс гормоны прогестерон, ол желінде кейінірек баяндалады.

Изображение слайда
18

Слайд 18

Гипофиз гормондары Гипофиз (ми қосалқысы) омыртқалы жануарлардағы ішкі секрецияның аса маңызды безі. Гипофиз мидың астында орналасқан. Ол үш бөліктен тұрады: алдыңғы бөлік (аденогипофиз), аралық бөлік жəне артқы бөлік (нейрогипофиз). Гипофиз бөліктері гистологиялық тұрғыдан ажыратылады, олар əр түрлі қызмет атқаратын гормондар жасап шығарады, бұл гормондардың бəрі белоктық зат. Гипофизде гормон түзілуге гипоталамус реттеуші маңызды қызмет атқарады. Гипофиздің тікелей артқы бөлігінде гормон түзілу мəселесі қазірше күмəнді. Гипофиздің алдыңғы бөлігінің (аденогипофиздің) гормондары Өсу гормоны немесе соматотропин (СТГ). Бұл гормон белок, кейбір жануарлардан таза күйінде бөліп алынған жəне СТГ құрамындағы амин қышқылдарының орналасу реті анықталады. Бұл гормон организм денесінің ұлғайып өсуін қолдайды. Жас жануарлардың гипофизін алып тастаса, олардың өсуі қатты төмендейді, тіпті өсуі мүлде тоқтап қалады. Сөйтіп, бойы аласа болады да психикасы қалыпты күйде қалады. Бұл кезде жыныстық дамудың да тежелуі байқалады. Жас организмде гипофиз қызметі күшейсе, аяқ-қолдың сүйектері шамадан тыс ұзарып өседі (гигантизм).

Изображение слайда
19

Слайд 19

2) Адренокортикотропты гормон (АКТГ). Бұл гормон гипофизден таза күйінде бөліп алынған жəне синтездік жолмен де алынған АКТГ бүйрек үсті безінің қабығында кортикостерон мен кортизол екеуінің синтезін қолдап, бөлініп шығуына көмектеседі, сөйтіп көмірсу емес қосылыстардан (глицеролдан, амин қышқылдарына) глюкоза түзілуге жанама əсер тиеді. 3) Тиреотропты гормон (ТТГ). Бұл гормон бұқа гипофизінен бөлініп алынған. ТТГ қалқанша без жұмысын қолдап үдетеді, қалқанша бездің өзіне қаннан йод сіңіруіне жəне дийодтирозиннің тироксинге айналуына көмектеседі. ТТГ осылайша организмдегі бүкіл зат алмасуға үлкен əсер етеді. 4) Гонадотропты (ГТГ) немесе фолликула қолдаушы гормон (ФСГ). ГТГ бірқатар сүткоректі жануарлардың, солардың ішінде адамның да 5) Пролактин немесе лактогенді гормон (ЛГГ). Пролактин - белок, ол кристалды түрде алынған 6) Лютеиндеуші гормон (люттропин, ЛГ). ЛГ- өзінің химиялық табиғаты бойынша гликопротеин

Изображение слайда
20

Последний слайд презентации: Витаминдер және гормондар

Гипофиздің артқы бөлігінің (нейрогипофиздің) гормондары Вазопрессин —9 амин қышқылы қалдығынан құралған қысқа пептид, ол гипофизден бөліп алынған жəне синтездік жол мен де алынған. Вазопрессин қан тамырлары саңылауын тарылтады жəне қан қысымын көбейтеді. Окситоцин. Бұл гормон өзінің химиялық табиғаты жөнінде вазопрессинге ұқсайды. Окситоцин жылтыр бұлшық еттерді қатты жиырылтып қысқартады, əсіресе бұл жағдай малдың тууы кезінде, əйелдің босануы кезінде жатыр бұлшық етінде байқалады. Гипофиздің аралық (ортаңғы) бөлігінің гормоны. Мұнда меланоцит қолдаушы (үдетуші) гормон (МСГ) немесе меланотропин жасалып шығады.

Изображение слайда