Презентация на тему: Вирустар

Вирустар
Вирустар
Вирустарды зерттеу жұмыстары
Вирустар
Вирустар
Вирустардың пішіндері мен өлшемдері
Вирустар
Вирустар
Бактериофагтар
Вирустар
Вирустар
Назарларыңызға рахмет!
1/12
Средняя оценка: 4.5/5 (всего оценок: 6)
Код скопирован в буфер обмена
Скачать (424 Кб)
1

Первый слайд презентации: Вирустар

Орындаған: Игілікова Г. Ж. Қабылдаған: Елупаева Ш. К.

Изображение слайда
2

Слайд 2: Вирустар

1. “ Virus ” латын сөзінен аударғанда “у” деген мағынаны білдіреді. 2. Бұл сөзді алғаш рет темекі теңбілі зиянкесін зерттеген орыс ғалымы Д.И.Ивановский 1892 жылы қолданады. 3. Вирустар тек тірі жасушаларда ғана өніп-өсіп тіршілік етеді. 4. Қазіргі кезде жылы қанды омыртқалыларды уландыратын 500-дей және өсімдіктерді уландыратын 300-ден астам вирустар белгілі.

Изображение слайда
3

Слайд 3: Вирустарды зерттеу жұмыстары

№ Зерттеу жылдары Зерттеген ғалыдар Зерттеу салалары 1. 1892 жыл Д.И.Ивановский (орыс ғалымы) Темекі теңбілі ауруын тудыратын - вирустар 2. 1897 жыл Ф.Леффлер (неміс ғалымы) Ірі қара малда ящур ауруының себепкері вирустар 3. 1898 жыл М.Бейерник (голландия ғалымы) Осы тәжірибелерді қорытындылады “сүзілетін вирустар” 4. 1898 жылы Н.Ф.Гамалея (орыс микробиологы) Топалаңды қоздыратын бактерияларды ерітіп жіберетін бактериофаг 5. 1915 жылы Ф.Туорт (ағылшын) Бактериофагтарды зерттеді 6. 1917 жылы Ф.д Эрелль (канадалық бактериолог) Іш сүзегін ерітіп жіберетін бактериофаг 7. 1935 жылы У.Стенли (американдық ғалымы) Темекі теңбілі вирустары шоғырланған кристалдар

Изображение слайда
4

Слайд 4

Вирус ұғымы 1899 жылы ғылымға алғаш рет голландиялық ғалым  Мартин Бейеринк   енгізді. 1935 жылы америкалық вирусолог  Уэнделл Стэнли  вирусты кристалл күйінде бөліп алды. Осы кристалдарды сау   темекі өсімдігіне енгізгенде, ол теңбіл ауруымен ауыратынын дәлелдеді. 1898 ж. неміс ғалымы  Фридрих Лефлер   сиыр аусылының қоздырғышы аусыл вирусын, ал 1911 жылы америкалық ғалым   Фрэнсис Роус   тауық   саркомасының вирусын тауып зерттеді. Қазіргі кезде жылы қанды жануарларда ауру тудыратын вирустардың бес жүздей, ал өсімдіктерде үш жүздей түрі белгілі. Кейбір қатерлі ісік ауруын тудыратын вирустардың адам мен жануарларда вирустық микрофлорасы қалыптасады. Вирустардың пішіні әр түрлі ( мысалы, таяқша, иілгіш жіпше тәрізді, сфералық, көп қырлы, тағыда басқа ). Вирустың жасушадан тыс ( вириондар ) және жасуша ішінде тіршілік ететін топтары бар.

Изображение слайда
5

Слайд 5

Вирустардың пішіндері әртүрлі болып келеді

Изображение слайда
6

Слайд 6: Вирустардың пішіндері мен өлшемдері

Вирустардың ұзындығы - 20 нм-ден 500 нм - ге дейін барады. (1нм= 10 -9 м) Вирустар бактерилардан кіші болып келеді.

Изображение слайда
7

Слайд 7

Барлық вирустар шартты түрде жай және күрделі болып бөлінеді. Жай вирустар – нуклеин қышқылдары мен ақуызды қабықтан ( капсид ) тұрады ; бұларға таяқша, жіп және сфералық формалары жатады. Күрделі вирустар – нуклеин қышқылы мен капсидтен басқа, липопротеидті мембрана, көмірсу және ферменттерден тұрады. Вириондардың мөлшері 15 – 350 нм ( кейбір жіптәрізді вирустардың ұзындығы 2000 нм-ге жетеді ); негізінен вирустарды тек электрондық микроскоп арқылы көруге болады. Вирус тек бір типті нуклеин қышқылынан (ДНҚ немесе РНҚ) тұрады.   ДНҚ-да вирустардың молекулалық саны 106 – 200Һ106, ал РНҚ-дағы вирустардікі – 106 – 15Һ106 болады. Вирустардың көптеген жылдар бойы тіршілік ортасында әрекетсіз жата беру қабілеті бар. Олар дамуына қолайлы жағдай туғанда бірнеше минуттың ішінде көбейіп, өзіне тән қасиеттерін көрсете алады.

Изображение слайда
8

Слайд 8

Вириондардың құрылымы  А. Липидты қабықшасы жоқ вирус (мысалы, пикорнавирустар). B. Қабыұшасы бар вирусвирус(мысалы, герпесвирустар). Белгілер: (1) капсид, (2) геномнды нуклеин қышқылы, (3) капсомер, (4) нуклеокапсид, (5) вирион, (6) липидты қабықша, (7)  қабықшаның мембраналық ақуыздары.

Изображение слайда
9

Слайд 9: Бактериофагтар

Бактерияларды зақымдап, ерітіп (лизис) жіберетін вирустарды бактериофагтар деп атайды. Бұларды алғаш рет 1915 жылы Ф. Туорт сипаттап жазды. Кейбір бактериофагтың пішіні итшабаққа ұқсайды. Олардың денесі – басы, құйрығы және іші қуыс тармақталған базальді түтікшелерден тұрады. Вирусты сыртынан нәруыз қабаты қаптайды, ішінде ДНҚ немесе РНҚ болады. Басының мөлшері 40 нм, ал «құйрығының» ұзындығы 20 - 22 нм-ге тең. «Құйрығының»ұшы – нәруыз молекуласынан тұратын қуыс түтік.

Изображение слайда
10

Слайд 10

Бактериофагтың құрылысы Басы Құйрығы Ақуыздық жіпшелер Генетикалық материал Базальдық пластинка

Изображение слайда
11

Слайд 11

Бактериофагтарды алғаш рет   1915   жылы ағылшын вирусологі және бактериологі Ф. Туорт сипаттап жазғандығы белгілі. Бірақ бұл тіршілік иесі ерте кезден зерттеле бастаған болатын. Мысалы, топалаңды қоздыратын бактерияларды ерітіп жіберетін бактериофагтарды 1898   жылы орыс микробиологі Н. Ф. Гамалея алғаш рет анықтаған. Іш сүзегі бактериясын ерітіп жіберетін бактериофагтарды   1917   жылы канадалық бактериолог Д’Эрелль (Ф. д’Эрелль ) байқаған. Зерттеушілер осындай көзге көрінбейтін бактериялардың паразитін егжей-тегжей зерттеп жазды да, оларды   бактерия « жеушілер » немесе « жалмаушылар » деп атады. Бұдан кейінгі зерттеушілер басқа бактерияларды ерітіп жіберетін табиғатта көптеген бактериофагтардың бар екендігін анықтаған болатын. Олар ауру қоздырғыш бактерияларды ғана жоймай, пайдалы түрлерін де жояды. Бактериофагтар өндіріске, тамақ өнеркәсібіне және тағыда басқа көп зиян келтіреді. Мысалы, олар пайдалы   сүт қышқылы бактерияларын ерітіп жіберіп, алынған сүт тағамдарының сапасын төмендетеді. Бактерия және оған шабуыл жасап жатқан бактериофаг

Изображение слайда
12

Последний слайд презентации: Вирустар: Назарларыңызға рахмет!

Изображение слайда