Презентация на тему: Уинстон Леонард Спенсер-Черчилль

Уинстон Леонард Спенсер-Черчилль
Адамның жасына қарап емес, мәдениеттілігі мен біліміне қарай бағалауымыз керек.
Өз сана- сезіміңізді өзгерте отырып, Сіз өз Әлеміңізді жасайсыз.
Уинстон Леонард Спенсер-Черчилль
Уинстон Леонард Спенсер-Черчилль
Уинстон Леонард Спенсер-Черчилль
Уинстон Леонард Спенсер-Черчилль
Уинстон Леонард Спенсер-Черчилль
Уинстон Леонард Спенсер-Черчилль
1/9
Средняя оценка: 4.6/5 (всего оценок: 56)
Код скопирован в буфер обмена
Скачать (400 Кб)
1

Первый слайд презентации: Уинстон Леонард Спенсер-Черчилль

Уинстон Леонард Спенсер-Черчилль (1874 ж. қарашаның 30-ы – 1965 ж. қаңтардың 24-і) — көрнекті британиялық саясатшы.. Сонымен бірге көрнекті мемлекет қайраткері, шешен, әскери офицер, тарихшы, Нобель сыйлығына ие болған жазушы және әуесқой суретші ретінде де танымал.

Изображение слайда
Изображение для работы со слайдом
1/2
2

Слайд 2: Адамның жасына қарап емес, мәдениеттілігі мен біліміне қарай бағалауымыз керек

Уинстон Леонард Спенсер-Черчилль ( ағылш. Sir Winston Leonard Spencer-Churchill, (1874 ж. қарашаның 30-ы – 1965 ж. қаңтардың 24-і) — көрнекті британиялық саясаткер. Ол негізінен екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Құрама Патшалыққа жүргізген жетекшілігі арқылы белгілі. 1940-1945 және 1951-1955 жж. Құрама Патшалықтың премьер- министрі қызметін атқарған. Сонымен бірге көрнекті мемлекет қайраткері, шешен, әскери офицер, тарихшы, Нобель сыйлығына ие болған жазушы және әуесқой суретші ретінде де танымал. Әскери қызметін атқару барысында Черчилль Британия Үндістаны, Судан және екінші бур соғыстарында әскери қимылдарға қатысқан. Ол соғыс тілшісі ретінде және сол соғыстар туралы жазған кітаптары туралы кең танымалдылыққа ие болды. Ол қысқа уақыт бірінші дүниежүзілік соғыстың батыс майданында қызмет етіп, корольдық шотланд мылтықшыларының 6-шы батальонын да басқарған. Адамның жасына қарап емес, мәдениеттілігі мен біліміне қарай бағалауымыз керек.

Изображение слайда
1/1
3

Слайд 3: Өз сана- сезіміңізді өзгерте отырып, Сіз өз Әлеміңізді жасайсыз

Уинстон Леонард Спенсер-Черчилль ( ағылш. Sir Winston Leonard Spencer-Churchill, (1874 ж. қарашаның 30-ы – 1965 ж. қаңтардың 24-і) — көрнекті британиялық саясаткер. Ол негізінен екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Құрама Патшалыққа жүргізген жетекшілігі арқылы белгілі. 1940-1945 және 1951-1955 жж. Құрама Патшалықтың премьер- министрі қызметін атқарған. Сонымен бірге көрнекті мемлекет қайраткері, шешен, әскери офицер, тарихшы, Нобель сыйлығына ие болған жазушы және әуесқой суретші ретінде де танымал. Әскери қызметін атқару барысында Черчилль Британия Үндістаны, Судан және екінші бур соғыстарында әскери қимылдарға қатысқан. Ол соғыс тілшісі ретінде және сол соғыстар туралы жазған кітаптары туралы кең танымалдылыққа ие болды. Ол қысқа уақыт бірінші дүниежүзілік соғыстың батыс майданында қызмет етіп, корольдық шотланд мылтықшыларының 6-шы батальонын да басқарған. Өз сана- сезіміңізді өзгерте отырып, Сіз өз Әлеміңізді жасайсыз.

Изображение слайда
1/1
4

Слайд 4

Саясатпен алпыс жыл дерлік айналысқан ол көптеген саяси және үкіметтік лауазымдарға ие болған. Бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін ол 1905-1915 жылдары сауда комитетінің төрағасы, ішкі істер министрі, Адмиралтействоның ( әскери-теңіз министрлігі ) бірінші лорды қызметтерін атқарды. Соғыс кезінде сол бірінші лорд қызметін зор жеңіліс және сәтсіздікпен біткен Галлиполи операциясына дейін атқарды. Үкіметтен сол үшін кетуге мәжбүр болған Черчилль кейінірек қайтып келіп, әскери жабдықтар министрі, әскери министр, әскери әуе күштері министрі қызметтерімен айналысты. Екі дүниежүзілік соғыстың арасында ол консервативті үкіметтің құрамында қазынашылық канцлері болған.

Изображение слайда
Изображение для работы со слайдом
1/2
5

Слайд 5

Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуымен Черчилль қайтадан адмиралтействоның бірінші лорды болып тағайындалды. 1940 жылғы мамырдың 10-ында Невилл Чемберленнің отставкаға кетуімен ол премьер-министр болып тағайындалды. Оның жетекшілігіндегі Ұлыбритания соғыста Германия мен оның одақтастарын жеңе білді. Әрқашан өзінің шешендік өнерімен белгілі болған Черчилль сөйлеген сөздері арқылы британия халқына және одақтастар әскерлеріне зор рух беріп отырды. 1945 жылы болған сайлауда партиясы жеңілген Черчилль оппозиция жетекшісіне айналды.

Изображение слайда
Изображение для работы со слайдом
1/2
6

Слайд 6

Қоғамдық өмір сахнасында ұзақ уақыт бойы орнын сақтай білген саясаткерлер мен мемлекет қайраткерлері жиі кездесе бермейді. Олардың ішінде өз өмірлерін аянбай саясатта табысқа жету жолына арнаған қайраткерлер сирек кездеседі. Черчилльдің саясаттағы жолы үлкен табыстарымен де, маңызды сәтсіздіктерімен де белгілі болды. Ол туралы қоршаған адамдардың пікірі өзінің айналысуына тура келетін көптеген маңызды мәселелер туралы пікіріндей қарама-қайшы болды. Оның мінезіне қарама-қайшылықтан басқа өзі ұшыраған жағдайларға байланысты өзгеріп тұру тән болды. Ал әр түрлі қасиеттерінің көптігі оған белсенді саясаткер, мемлекет азаматы болуға мүмкіндік берді. Бұдан басқа ол офицер, жазушы, тарихшы, стратег, журналист, жоғары класс ораторы және қабілетті суретші болды, ол тас қалаушы және бақша сәулетшісі шеберлігін игерді.

Изображение слайда
Изображение для работы со слайдом
1/2
7

Слайд 7

Өмір бойы Уинстон Черчилль публицистика үшін игілікті объект болып өтті. Істегені мен айтқанының бәрі оның әрекетінің жаңа көрінісі болып отырды. Көптенен замандастарына қарағанда, ол әрдайым бұқаралық ақпараттар құралдарының мәнісін және олардың артында тұрған бұқараны бағалай білді. Оларға өз тарапынан көптеген ықыласы мен ілтипатын білдіріп, бұны өз мақсатары үшін ебін тауып пайдалана білген. 21 жасында Англияның саяси өміріне қадам басып, ол қырық жыл бойы жеке істерінде актердің, жылнамашының, сыншының және соттың ролін ойнап, саясатта қала берді. Тынышсыз өмірдің шытырман оқиғаларын кешіп жүріп, ол өзіне көңіл аударта білетін. Би-би-си хабар тарату компаниясының 2002 жылғы сұрастыруы бойынша, У. Черчилль тарихтағы ең ұлы британец атанды.

Изображение слайда
Изображение для работы со слайдом
1/2
8

Слайд 8

1946 жылы 5 мамырда Фултонда Вестминстерлік колледжде, Миссуриде, АҚШ-та Черчилль атақты Фултон сөзін айтады, бұл сөз қаһарлы соғыстың нақты анықтамасы деп қабылдауға болады. 19 қыркүйекте Цюрих университетінде Черчилль бұрынғы жаулары – Германия, Франция мен Британияны келісімге келуге және « Еуропаның Құрама Штаттарын » құруға шақырды. 1949 жылы Черчилль бірінші микроинсульт алды, ал бес айдан кейін сайлау кампаниясының жұмысы көбейген кезде 1950 жылы « көз алдында тұман » тұрғандай күйде жүргенін айтып жүргенде, оның жеке дәрігері оған «ми тамырларының қысылуы » деген диагноз қойды.

Изображение слайда
1/1
9

Последний слайд презентации: Уинстон Леонард Спенсер-Черчилль

1951 жылы қазанда Уинстон Черчилль жасы 77 келген шағында қайтадан премьер-министр болғанда, оның денсаулығы өз міндеттемелерін орындау қабілетіне күрделі қатер төндірді. Оның жүрегін емдеді, экзема мен кереңдіктен емдеді. 1952 жылы ақпанда ол тағы да бір инсульт алды және бірнеше ай бойы сөйлей алмады. 1953 жылы маусымда ұстамасы қайтадан қайталанды, оның сол жағы бірнеше айға сал болып қалды. Бұған қарамастан Черчилль отставкаға кетуден немесе премьер лауазымын сақтай отырып, Лордтар Палатасына ауысудан мүлдем бас тартты. 1953 жылы 24 сәуірде Королева Черчилге лорд титулын берді. Ол – Таңғыш орденінің кавалері еді, оған енді «Сэр Уинстон» деп құрмет білдіру керек. 1953жылы 10 желтоқсанда әдебиет жөніндегі Нобель сыйлығы берілді. 1953 жылы Нобель комитетінің қарауына екі кандидатура – Уинстон Черчилль және Эрнест Хемингуэй ұсынылды. Британ саясаткеріне басымдылық берілді. Хемингуэйдің әдебиетке қосқан үлесі біраз жылдан кейін бағаланды. 1955 жылы 5 сәуірде Черчилль премьер-министр орнын босатты. 1964 жылы 27 шілдеде қауымдастықтар палатасының отырысына соңғы рет қатысты. Черчилль 1965 жылы 25 қаңтарда қайтыс болды. Королеваның өкімі бойынша оны жерлеу қазасы аса қасиетті Павел Соборында жоғарғы мемлекеттік тұрғыдан жөнелтілді. Саясаткердің тілегі бойынша ол Бленхеймск сарайына жақын Блейдон мазарына жерленді. Жерлеу рәсімі Черчилльдің өзі алдын ала жазып кеткен сценарий бойынша өтті [6, б. 212].

Изображение слайда
1/1