Презентация на тему: ҮДЕТКІШТЕР

ҮДЕТКІШТЕР
Зарядталған бөлшектердің үдеткіштері – электр өрісінде үдету арқылы энергиясы жоғары зарядталған бөлшектерді ( электрондарды, протондарды, атом ядроларын,
ҮДЕТКІШТЕРДІҢ ДАМУ ТАРИХЫ
Бұл – Венгриядағы алғашқы Ван де Граафтың сызықты үдеткішті генераторы. 1952-ші жылы бұл қондырғының көмегімен эннергиясы 1 МэВ-ке дейін үдетілген бөлшектер
Зарядты бөлшек үдеткіштерін әр түрлі белгі бойынша жіктелуі
Циклді үдеткіштер
ЦИКЛОТРОН
БЕТАТРОН
ФАЗАТРОН
СИНХРОФАЗОТРОН
ҮЛКЕН АНДРОНДЫ КОЛЛАЙДЕР
ҮДЕТКІШТЕР
1/12
Средняя оценка: 4.2/5 (всего оценок: 7)
Код скопирован в буфер обмена
Скачать (1520 Кб)
1

Первый слайд презентации: ҮДЕТКІШТЕР

Шерханов Ерлан Уайс Ануар ЯФ-31

Изображение слайда
2

Слайд 2: Зарядталған бөлшектердің үдеткіштері – электр өрісінде үдету арқылы энергиясы жоғары зарядталған бөлшектерді ( электрондарды, протондарды, атом ядроларын, иондарды, т.б.) алуға арналған құрылғы

Изображение слайда
3

Слайд 3: ҮДЕТКІШТЕРДІҢ ДАМУ ТАРИХЫ

Үдеткіштер дамуының бастапқы кезеңі (1919 – 32) жоғары кернеу алу және оны зарядталған бөлшектерді тікелей үдету үшін қолдану жолымен жүрді. 1931 жылы америкалық физик Р.Ван-де-Грааф электрстатикалық генераторды, 1932 жылы ағылшын ғалымдары Дж. Кокрофт пен Э. Уолтон каскадты генераторды құрастырды. Бұл қондырғылар энергиясы 1 МэВ-ке дейін үдетілген бөлшектер ағынын алуға мүмкіндік берді.

Изображение слайда
4

Слайд 4: Бұл – Венгриядағы алғашқы Ван де Граафтың сызықты үдеткішті генераторы. 1952-ші жылы бұл қондырғының көмегімен эннергиясы 1 МэВ-ке дейін үдетілген бөлшектер ағыны алынған

Изображение слайда
5

Слайд 5: Зарядты бөлшек үдеткіштерін әр түрлі белгі бойынша жіктелуі

Үдетілетін бөлшектердің типіне сәйкес электрондық үдеткіштер: - протондық үдеткіштер - иондық үдеткіштер Траекториясының сипатына қарай: - сызықты үдеткіштер   ( траекториясы түзу сызыққа жақын ) - циклді үдеткіштер   ( траекториясы дөңгелекке не спиральға жуық )

Изображение слайда
6

Слайд 6: Циклді үдеткіштер

Циклді үдеткіштерге электрондық үдеткіштер (бетатрон, микротрон, синхротрон), ауыр бөлшектер ( протондар, т.б.) үдеткіштері (циклотрон, фазотрон, синхрофазотрон) жатады. Бетатроннан басқа, барлық циклді үдеткіштер резонансты үдеткіштер болып есептеледі. Сызықты жоғары вольтті үдеткіштердің көмегімен энергиясы 30 МэВ-ке дейінгі қарқынды бөлшектер шоғын алуға болады. Зарядты бөлшек үдеткіштерінің дамуына атом ядросының құрылысын зерттеу мәселесі себеп болды.

Изображение слайда
7

Слайд 7: ЦИКЛОТРОН

Циклотрон (цикл және ( элек ) трон) — иондардың резонанстық циклдік үдеткіші. Оның басқарушы тұрақты магнит өрісі мен үдетуші жоғары жиілікті электр өрісі ( жиілігі тұрақты ) болады. Циклотронды 1930 ж. америка физигі Э.Лоуренс ойлап тапқан.

Изображение слайда
8

Слайд 8: БЕТАТРОН

Бетатрон — циклді электрон үдеткіш. Мұнда электронды үдете қозғалту айнымалы магнит өрісінің әсерінен индукцияланған құйынды электр өрісі арқылы жүзеге асырылады.

Изображение слайда
9

Слайд 9: ФАЗАТРОН

Фазотрон, синхроциклотрон — ауыр зарядталған бөлшектердің ( протондар, иондар ) циклдік резонанстық үдеткіші. Ондағы басқарушы магнит өрісі уақыт бойынша тұрақты болады, ал үдететін жоғары жиілікті электр өрісі өзгермелі. Фазотрондағы бөлшектер тарқатылған шиыршық бойынша қозғалады. Жоғарғы энергиялар физикасында үдеткіш ескірген болып табылады, дегенмен ол әлі медицинада қолданылады.

Изображение слайда
10

Слайд 10: СИНХРОФАЗОТРОН

Синхрофазотрон, протондық синхротрон — уақыт бойынша кернеулігі біртіндеп артып отыратын жетекші магнит өрісінде шеңбер бойымен қозғалатын ауыр бөлшектерді ( протондарды, иондарды ) жиілігі айнымалы кернеумен үдететін циклді резонанстық үдеткіш. Протондарды үдетуге арналған синхрофазотронды көбінесе протондық синхротрон деп атайды.

Изображение слайда
11

Слайд 11: ҮЛКЕН АНДРОНДЫ КОЛЛАЙДЕР

Коллайдер - қарсылас токты зарядталған бөлшектердің үдеткіші. Женеваның  маңында, швейцария-француз шекарасында салынған   коллайдер   протон шоқтарын   қарсы   күшпен   айдайтын   күрделі кешен. 100 метр тереңдікке    салынған 27  шақырымдық   шеңберден   тұратын   құрылыста     протон   шоқтарын   айдау үдерісін  53 жоғары магнит өткізгіші басқарады.  Оның құрылысы мен зерттеуіне 100-ден аса елден 10 000-ға жуық адам қатысқан.

Изображение слайда
12

Последний слайд презентации: ҮДЕТКІШТЕР

Изображение слайда