Презентация на тему: Уақытша еңбекке жарамсыздық

Уақытша еңбекке жарамсыздық.
Уақытша еңбекке жарамсыздық.
Уақытша еңбекке жарамсыздық.
Уақытша еңбекке жарамсыздық.
Уақытша еңбекке жарамсыздық.
Уақытша еңбекке жарамсыздық.
Уақытша еңбекке жарамсыздық.
Уақытша еңбекке жарамсыздық.
Уақытша еңбекке жарамсыздық.
Уақытша еңбекке жарамсыздық.
Уақытша еңбекке жарамсыздық.
Уақытша еңбекке жарамсыздық.
Уақытша еңбекке жарамсыздық.
Уақытша еңбекке жарамсыздық.
Уақытша еңбекке жарамсыздық.
Уақытша еңбекке жарамсыздық.
Балаға күтім жасау бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын беру
Карантин кезінде еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын беру
Ортопедиялық протездеу кезінде еңбекке жарамсыздық парағын және анықтамасын беру
Туберкулезбен ауыратын науқастарға еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын беру
Уақытша еңбекке жарамсыздық.
1/21
Средняя оценка: 4.1/5 (всего оценок: 85)
Код скопирован в буфер обмена
Скачать (427 Кб)
1

Первый слайд презентации: Уақытша еңбекке жарамсыздық

орындаған:Мукашева Г Курс:6 топ:615-1 Тексерген :Сисенгалиев Е

Изображение слайда
2

Слайд 2

« халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы » қазақстан республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 59-бабының 2-тармағына сәйкес бұйырамын : 1. қоса беріліп отырған еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын беру қағидалары бекітілсін. 2. қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті : 1) осы бұйрықтың қазақстан республикасы әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін ; 2) осы бұйрықты қазақстан республикасы әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін оның күнтізбелік он күннің ішінде мерзімдік баспа басылымдарында және « әділет » ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін ; 3) осы бұйрықтың қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет- ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. осы бұйрықтың орындалуын бақылау қазақстан республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице- министрі а.в. цойға жүктелсін. 4. осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күнінен бастан қолданысқа енгізіледі. министр Дүйсенова Т

Изображение слайда
3

Слайд 3

2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады : 1) дәрігерлік-консультациялық комиссия ( бұдан әрі - ДКК) - меншік нысанына және ведомстволық тиістілігіне қарамастан медициналық ұйымда құрылатын комиссия; 2) еңбекке уақытша жарамсыздық - адам организмінің сырқаттанумен немесе жарақаттанумен негізделетін жай-күйі, мұндай кезде функциялардың бұзылуы еңбекке жарамдылығын қалпына келтіру немесе мүгедектікті белгілеу үшін қажетті уақыт бойы кәсіптік еңбекті орындаудың мүмкін болмауымен ілесе жүреді ; 3) еңбекке уақытша жарамсыздық парағы — осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша адамдардың еңбекке уақытша жарамсыздығын куәландыратын, жұмыстан уақытша босатуға және еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша жәрдемақы алуға құқығын растайтын құжат ;

Изображение слайда
4

Слайд 4

4) еңбекке уақытша жарамсыздық анықтамасы - жәрдемақы алмай жұмыстан ( оқудан ) босату үшін негіз болып табылатын, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысандар бойынша еңбекке жарамсыздық фактісін куәландыратын құжат ; 5) еңбекке уақытша жарамсыздық парағының талап етілмейтін бланкісі - Қағидаларға сәйкес ресімделген, бірақ еңбекке уақытша жарамсыздық парағы берілген адам еңбекке уақытша жарамсыздық парағын ұзарту мерзімі аяқталғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде оны ұзарту немесе жаптыру үшін келмеген еңбекке уақытша жарамсыздық парағы ; 6) еңбекке уақытша жарамсыздық сараптамасы - мақсаты жеке адамның еңбекке жарамсыздығын және оның сырқаттану кезеңінде еңбек міндеттерін орындаудан уақытша босатылуын ресми тану болып табылатын денсаулық саласындағы сараптаманың түрі ;

Изображение слайда
5

Слайд 5

медициналық-әлеуметтік сараптама   ( бұдан әрі - МӘС) - оңалтуды қоса алғанда, организм функциясының тұрақты бұзылуынан туындаған тіршілік-тынысының шектелуін бағалау негізінде куәландырылатын адамның әлеуметтік қорғау шараларына қажеттіліктерін айқындау ;        орталықтандырылған дәрігерлік - консультациялық комиссия ( бұдан әрі - ОДКК) - туберкулезге қарсы ұйымда құрылатын комиссия.

Изображение слайда
6

Слайд 6

3. Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы осы Қағидаларға ережеге сәйкес нысан бойынша :       1) жіті немесе созылмалы аурулар асқынған ;       2) еңбекке жарамдылығын уақытша жоғалтуға байланысты жарақаттанған және уланған ;       3) жүктілікті жасанды үзген ;       4) науқас балаға күтім жасаған ;       5) жүкті болған және босанған ;       6) жаңа туған баланы ( балаларды ) асырап алған ;       7) санаторийлік-курорттық ұйымдарда толық емделген ;       8) карантин;       9) ортопедиялық протездеу кезінде беріледі.

Изображение слайда
7

Слайд 7

« Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы » Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен ( Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген ) ( бұдан әрі - № 907 бұйрық ) бекітілген нысан бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық анықтамасы : 1) білім беру ұйымдарында оқитын адамдардың жіті немесе созылмалы аурулары асқынған, жарақаттану және улану; 2) алкогольдік немесе есірткілік мас болу жағдайында алынған жарақаттар, сондай-ақ алкогольдік немесе есірткелік жіті уыттанған ; 3) өзге бұзылулармен және аурулармен асқынбаған созылмалы алкоголизмді, нашақорлықты емдеген ; 4) науқас балаға күтім жасаған ; 5) инвазивтік зерттеп-қарау әдістерін жүргізу кезеңінде консультациялық-диагностикалық ұйымдарда зерттеп-қараудан өткен ;

Изображение слайда
8

Слайд 8

6) жүктілікті жасанды үзген ; 7) жүкті болған және босанған ; 8) жаңа туған баланы ( балаларды ) асырап алған ; 9) санаторийлік-курорттық ұйымдарда толық емделген ; 10) карантин; 11) ортопедиялық протездеу ; 12) ауысымның соңына дейін еңбекке жарамсыздық белгілері болған кезде ( кәсіпорындардың және ұйымдардың медициналық пунктерінің медицина қызметкерлері береді ) беріледі.

Изображение слайда
9

Слайд 9

« Рұқсаттар және хабарламалар туралы » 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес берілген еңбекке уақытша жарамсыздықты сараптау жүргізуді қамтитын медициналық қызметтің түрін жүзеге асыруға лицензиясы болған жағдайда мемлекеттік және жеке меншік нысанындағы медициналық ұйымдардың, сондай-ақ жеке медициналық практикамен айналысатын дәрігерлер ( бұдан әрі - денсаулық сақтау субъектілері ) береді ; 2) мемлекеттік нысандағы медициналық-санитариялық алғашқы көмек ( бұдан әрі - МСАК) ұйымдарының орта медициналық білімі бар медицина қызметкерлері пациенттерді өз бетінше қабылдаған және бастапқы үйге шақыртуда өз бетінше қызмет көрсеткен кезде береді.

Изображение слайда
10

Слайд 10

Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы : 1) әскери басқару органдарының жолдамасы бойынша медициналық куәландырудан, медициналық тексеруден өтетін немесе емделетін ; 2) қамаудағы немесе әкімшілік қамаудағы ; 3) амбулаториялық-емханалық жағдайларда әртүрлі ем- шаралар мен манипуляциялар қабылдайтын, зерттеп-қараудан өтетін, асқынудан ( нашарлаудан ) тыс созылмалы аурулары бар; 4) еңбекке уақытша жарамсыздық белгілері анықталмаған жағдайда медициналық ұйымға медициналық көмек сұрап, өтініш білдірген адамдарға берілмейді.

Изображение слайда
11

Слайд 11

8. Мынадай медициналық ұйымдар : 1) қан қызметі саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар ; 2) сот медицинасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар ; 3) травматологиялық пунктерде және стационарлық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың қабылдау бөлімшелері ; 4) санаторийлік-курорттық ұйымдар ; 5) апаттар медицинасы ұйымдары ; 6) саламатты өмір салтын қалыптастыру және дұрыс тамақтану саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар ; 7) дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерлері ; 8) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар ; 9) жедел медициналық көмек ұйымдары еңбекке уақытша жарамсыздық парағын бермейді.

Изображение слайда
12

Слайд 12

Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы және анықтамасы жеке басын куәландыратын құжатты, ұсынған кезде беріледі. Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын беруді және ұзартуды медицина қызметкері адамды тексеріп-қарағаннан және науқастың амбулаториялық ( стационарлық ) медициналық картасына оны жұмыстан уақытша босату қажеттігін негіздейтін денсаулық жағдайы туралы деректерді жазғаннан кейін жүзеге асырады. Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы мен анықтамасы еңбекке уақытша жарамсыздығы белгіленген күнінен бастап мереке және демалыс күндерін қоса алғанда, еңбекке жарамдылығын қалпына келтірудің бүкіл кезеңі бойына беріледі.

Изображение слайда
13

Слайд 13

Осы Қағидалардың 24-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, адамды медицина қызметкері тексермеген, өтіп кеткен күндер үшін еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын беруге жол берілмейді. Аурулар мен жарақаттар кезінде еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын медицина қызметкері күнтізбелік үш күнге ( халықтың тұмаумен, ЖРВИ-мен қатты сырқаттанушылығы кезеңінде алты күнге дейін медициналық ұйым басшысы бұйрығының негізінде ) және жалпы ұзақтығы күнтізбелік алты күннен аспайтын мерзімге жеке өзі және бір мезгілде береді.

Изображение слайда
14

Слайд 14

Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы мен анықтамасын алты күннен артық ұзарту медициналық ұйымның бөлімше меңгерушісімен бірлесіп, жалпы ұзақтығы күнтізбелік жиырма күннен аспайтын мерзімге жүргізіледі. Еңбекке уақытша жарамсыздық парағынан көрсетілген мерзімнен артық ұзарту ДКК- ның қорытындысы бойынша жүргізіледі. Бір дәрігер жұмыс істейтін медициналық ұйымдарда еңбекке уақытша жарамсыздық парағы және анықтамасы беріледі және дәрігер еңбекке жарамсыздықтың барлық кезеңінде бейінді маманның консультациясымен өз бетінше ұзартады. Жеке медициналық практикамен айналысатын жеке тұлғалар еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын күнтізбелік алты күннен аспайтын мерзімге береді.

Изображение слайда
15

Слайд 15

. МӘС- ға : 1) еңбекке уақытша жарамсыздығы басталған күннен бастап төрт айдан кейін немесе қайталап ауруы ( сол аурумен ) кезінде соңғы он екі айдың ішінде еңбекке уақытша жарамсыздықтың бес айынан кешіктірмей ; 2) жарақаттану кезінде еңбекке уақытша жарамсыздығы басталған күннен бастап төрт айдан кейін, ауру ағымының болашақ болжамы болған кезде ДКК шешімі бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық парағы екі айға ұзартылады ; 3) туберкулезбен аурудың салдарынан еңбекке уақытша жарамсыздық басталған күннен бастап сегіз айдан кейін ұзақ ауыратын, жұмыс істейтін еңбекке уақытша жарамсыздық парақтары бар адамдар жіберіледі.

Изображение слайда
16

Слайд 16

Жүктілік пен босану бойынша уақытша еңбекке жарамсыздық парағын және анықтамасын беру Жүктілік пен босану бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын беру мынадай тәртіппен жүзеге асырылады : 1) жүктілік пен босану бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын медицина қызметкері (акушер-гинеколог дәрігер ), ал ол болмаған жағдайда - жүктіліктің отызыншы аптасынан бастап ұзақтығы күнтізбелік жүз жиырма алты күнге ( босанғанға дейін күнтізбелік жетпіс күн және босанғаннан кейін күнтізбелік елу алты күн ) ДКК қорытындысынан кейін бөлімше меңгерушісімен бірлесіп, дәрігер береді.

Изображение слайда
17

Слайд 17: Балаға күтім жасау бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын беру

1) үш жасқа дейін баланың стационарда болған бүкіл кезеңінде ; 2) үш жастан жоғары ауыр науқас балалардың бала осындай күтімді қажет ететін мерзімге ; 3) мүгедек-баланың ДКК қорытындысы бойынша стационарда болған бүкіл кещеңіне ; 4) медициналық ұйымның жолдамасымен олардың тұрақты мекенжайынан тыс, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерге, барып-қайту жолақысын қоса алғанда, стационарда болған бүкіл кезеңіне беріледі Балаға күтім жасау бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын беру

Изображение слайда
18

Слайд 18: Карантин кезінде еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын беру

Инфекциялық аурумен ауырған науқастармен қарым-қатынаста болған немесе бактерия тасушылық салдарынан уақытша жұмыстан шеттетілген адамдарға еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органының эпидемиолог дәрігерінің ұсынысы бойынша медициналық ұйымның медицина қызметкері (инфекционист дәрігер ) береді. Бұл жағдайларда инфекциялық ауруды бастан өткерген және олармен қарым-қатынаста болған адамдарды жұмыстан шеттету ұзақтығы адамдарды оқшаулау мерзімімен анықталады. Карантин кезінде мектепке дейінгі білім мекемесіне баратын жеті жасқа дейінгі балаға күтімі жасау бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын аумақтық санитариялық эпидемиологиялық қадағалау органының эпидемиолог дәрігері ұсынымының негізінде карантиннің бүкіл кезеңінде жұмыс істейтін немесе оқитын отбасы мүшесінің біреуіне беріледі. Қоғамдық тамақтану, сумен қамтамасыз ету ұйымдарында, медициналық ұйымдарда, балалар мекемелерінде жұмыс істейтін адамдарға оларда гельминтоз болған жағдайда еңбекке уақытша жарамсыздық парағы дегельминтизациялаудың бүкіл кезеңіне беріледі. Карантин кезінде еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын беру

Изображение слайда
19

Слайд 19: Ортопедиялық протездеу кезінде еңбекке жарамсыздық парағын және анықтамасын беру

Ортопедиялық протездеу кезінде еңбекке жарамсыздық парағы және анықтамасы адамды тек протездік-ортопедтік орталықтың стационарына емдеуге жатқызу кезінде, науқасты стационардан шығару кезінде стационарда болған бүкіл уақыты мен емделу орнына келу және қайту уақытына, бірақ күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімге ғана стационардың медицина қызметкері медициналық басшысымен бірлесе отырып, береді. Амбулаториялық-емханалық жағдайларда протезделуші адамдарға еңбекке уақытша жарамсыздық парағы және анықтамасы берілмейді. Ортопедиялық протездеу кезінде еңбекке жарамсыздық парағын және анықтамасын беру

Изображение слайда
20

Слайд 20: Туберкулезбен ауыратын науқастарға еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын беру

Туберкулезбен ауыратын науқастар жалпы бейіндегі медициналық ұйымға қаралған жағдайда еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын беру осы Қағидалардың 19-тармағында көрсетілген тәртіппен жүргізіледі. - Мүгедек деп танылған адамға еңбекке уақытша жарамсыздық парағы және анықтамасы мүгедектік тобы белгіленген күнінен бастап жабылады. -. Еңбекке уақытша жарамсыздық кезінде адамның біліктілігі мен еңбек ақысы жоғалмайтын емделу курсы аяқтағаннан кейін оның жұмыс ( оқу ) орны сақталады. - Бактерия шығармайтын және қақырық жақпасының тұрақты конверсиясына қол жеткізген туберкулезбен ауыратын науқастардың еңбекке уақытша жарамсыздық парағы және анықтамасы еңбекке жарамсыздық қалпына келген кезде ОДКК шешімі бойынша жабылуы мүмкін. Туберкулезбен ауыратын науқастарға еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын беру

Изображение слайда
21

Последний слайд презентации: Уақытша еңбекке жарамсыздық

76. Алғаш анықталған туберкулез үдерісі, сондай-ақ қайталануы бар адам : 1) туберкулездің сезімтал түрі бар адам 10 ай бойы ; 2) көптеген дәрілерге көнбейтін түрі бар адам 12 ай бойы ; 3) ауқымды дәрілерге көнбейтін түрі бар адам 15 ай бойы еңбекке уақытша жарамсыз деп саналады. Емнің оң әсері болмаған кезде ( өкпе туберкулезімен ауыратын науқастарда бактерия шығарудың және өкпеден тыс туберкулезбен ауыратын науқастарда мүгедектік белгілерінің сақталуы ) мүгедектік тобын анықтау үшін МӘС- ке жіберіледі

Изображение слайда