Презентация на тему: Уақыт құндылығы

Уақыт құндылығы
Уақыт құндылығы
«Уақыттың бар болуы – барлық оқиғаның бір кезде болмайтындығымен тікелей байланысты»  деп Альберт Эйнштейн айтып кеткен. Психолог мамандардың айтуынша, уақытты
Оның зерттеуі бойынша, уақытқа жаныңдағы адамдардың да әсері бар. Жақсы әрі көңілді адамдармен сөйлесіп отырсаңыз уақыт тез өтіп, мылжың, бос сөзді көп айтатын
Уақыт құндылығы
Уақыт құндылығы
Уақыт құндылығы
Уақыт құндылығы
Назар аударғандарыңызға рахмет
1/9
Средняя оценка: 4.4/5 (всего оценок: 56)
Код скопирован в буфер обмена
Скачать (429 Кб)
1

Первый слайд презентации: Уақыт құндылығы

Изображение слайда
2

Слайд 2

Жаратушының адам баласына берген баға жетпес, қайтып оралмас құндылықтарының бірі – уақыт. Әркім дәм-тұзы таусылғанша өмір сүреді. Адам өлгенде «уақыты бітті» дейді. Пенде баласы үшін бұ дүниеде уақыттан қымбат еш нәрсе жоқ. Өйткені, бұл дүние, о дүниенің азығы. Уақыт – опасыз нәрсе. Жатсаң да, тұрсаң да бір тоқтамайды, өте береді. Және де о дүниеде адам баласынан ең бір қатты сұралатын дүние осы уақыт.

Изображение слайда
3

Слайд 3: Уақыттың бар болуы – барлық оқиғаның бір кезде болмайтындығымен тікелей байланысты»  деп Альберт Эйнштейн айтып кеткен. Психолог мамандардың айтуынша, уақытты әр адам денсаулығына, жасына, көңіл-күйіне байланысты әр түрлі қабылдайды

Бұрыннан байқағанымыз – адамның жасы ұлғайған сайын уақыт зымырап бара жатқандай көрінеді. Бұл пікірімізбен ВВС қызметшісі журналист Клаудиа Хэммонд та келісіп отыр. Мұнымен қатар, адам жайбарақат күйде болғанда уақыт зымырап бара жатқандай көрінсе, бір нәрседен қорыққан кезде керісінше уақыт тоқтап қалады.

Изображение слайда
4

Слайд 4: Оның зерттеуі бойынша, уақытқа жаныңдағы адамдардың да әсері бар. Жақсы әрі көңілді адамдармен сөйлесіп отырсаңыз уақыт тез өтіп, мылжың, бос сөзді көп айтатын немесе пессимист адамдармен бірге болсаңыз уақыт жүрмей қояды. Осы секілді ВВС журналисті Алан Газ секторында тұтқында болған кезінде уақыт тіпті өтпей қойғандығын айтады

Осы күнге дейін ғылымның өзі уақытқа нақты анықтама берген жоқ. Біреулер уақыт бір орында тұрады, тек біз оны баспалдақ сияқты аттап өтудеміз десе, енді біреулері ол өз жолымен жүруде, біз ілесуші ғанамыз деп жауап беруде. Зерттеулер көрсеткендей адам миында немесе ағзасында нақты уақытты есептеп отыратын бөлшек жоқ.

Изображение слайда
5

Слайд 5

Француз зерттеушісі  Мишель Сифр  1960 жылы тәжірибие жасап көрді. Ол күн көзі көрінбейтін, жарығы мен сағаты жоқ үңгірге кіріп екі ай өмір сүріп көрген. Нәтижесінде, 4-5 сағат болмаса, әдеттегі 24 сағаттан жаңылмаған. Яғни, уақыттың ақырын немесе жылдам өтуі тек өзіңізге байланысты. Әрдайым жаныңызға жақсы адамдарды жинап, уақытты тиімді пайдалана біліңіз.

Изображение слайда
6

Слайд 6

Бір жылдың құндылығын білгіңіз келсе...cоңғы емтиханнан құлаған студенттен сұраңыз. Бір айдың құндылығын білгіңіз келсе....мезгілінен бұрын босанған анадан сұраңыз. Бір аптаның құндылығын білгіңіз келсе....апталық газеттің редакторынан сұраңыз. Бір күннің құндылығын білгіңіз келсе....алты баласын бір айлықпен асырап отқан адамнан сұраңыз. Бір сағаттың құндылығын білгіңіз келсе....кездесуді тағатсыз күткен ғашықтан сұраңыз. Бір минуттың құндылығын білгіңіз келсе....пойызға кешіккен адамнан сұраңыз. Бір секундтың құндылығын білгіңіз келсе....жол апатына ұшыраған адамнан сұраңыз. Бір миллисекундтың құндылығын білгіңіз келсе....күміс медаль ұтып алған спортшыдан сұраңыз-деген екен.

Изображение слайда
7

Слайд 7

Бүгінгі таңдағы философияда «кеңістік және уақыт» категориясын зерттеу – негізгі проблематикалардың бірі болып табылады. Бұл тақырыпқа көптеген диссертациялар қорғалған, мыңдаған кітаптар жазылған, тонналаған  мақалалар жарияланған, бірақ сонда да бұл тақырып өзінің өзектілігін жоғалтпай келеді. Бұл феноменнің шешімі қарапайым: бұл категория аса ұлық. Уақыт – бұл бір зат емес, жолда келе жатып түсіріп алсаң, қайта барып алып кетіп әрі қарай жүріп кете алмайсың.

Изображение слайда
8

Слайд 8

Өмірімізде отіп жатқан әрбір сәттің құндылығын  сезініп,қадірлей біліңіздер,себебі бізде қайта осы сәттер оралмайды,қайта бастан кешуге мүмкіндік болмайды.Өмірде қымбат нәрселердің бірі уақыт.Сол себептенде уа қытымызды тиімді пайдаланайық.

Изображение слайда
9

Последний слайд презентации: Уақыт құндылығы: Назар аударғандарыңызға рахмет

Изображение слайда