Презентация на тему: Тұндырғыш

Тұндырғыш
Тұндырғыш
Тұндырғыш
Тұндырғыш
Тұндырғыш
Центрифугалау
Тұндырғыш
Тұндырғыш
Тұндырғыш
Тұндырғыш
Тұндырғыш
Тұндырғыш
Тұндырғыш
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!
1/14
Средняя оценка: 4.4/5 (всего оценок: 79)
Код скопирован в буфер обмена
Скачать (311 Кб)
1

Первый слайд презентации: Тұндырғыш

Орындаған:Садығұл Н Көшербай Қ

Изображение слайда
2

Слайд 2: Тұндырғыш

Тұндырғыш  – ақаба сулардан түпке тунатын не қалқыма салынды және майлы заттектерді гравитациялық жіктеп белуге арналған имарат. Тұндырғыш ақаба суды кейін биологиялық тазарту керек болатын жағдайда алдын ала тазарту үшін немесе ақаба судан механикалық қоспаларды ғана ажыратып алу санитариялық тұрғыдан жеткілікті болғанда дербес имарат ретінде қолданылады. Арналу мақсатына қарай тұндырғыштар бірінші реттік және екінші реттік болып бөлінеді. Бірінші реттік тұндырғыштар ақаба суларды биологиялық тазарту имараттарына дейін, екінші реттіктері одан кейін орнатылады. Құрылымына байланысты тұндырғыштар горизонтальдық, вертикальдық, радиальдық және диагональдық болып сараланады. Вертикальдық және диагональдық тұндырғыштар тәулікте өнімділігі 1015 мың текше метрге дейінгі, ал горизонтальдық тұндырғыштар 10—15 мың текше метр, радиальдық тұндырғыштар тәуліктік өнімділігі 20 мың текше метрден астам тазарту станцияларында қолданылады.

Изображение слайда
3

Слайд 3

Табиғи және ағынды суды тазалау технологиясын жетілдірудің тиімді әдістерінің бірі флокулянттарды қолдану болып табылады.Табиғи және ағызынды суды тазалаудың физика-химиялық әдістерін коагулянттар мен флокулянттар қолдана отырып жетілдіргенде ғана су құрамындағы коллоидты және жоғарыдисперсті қоспаларды басқаша айтқанда мұнайөнімдері, майлар, бояғыштар, беттік – активті заттарды 97-98 % дейін тазалауға болады. Полимерлі флокулянттар су тазалау процесінде ертеден қолданылып келеді, алайда оларды қолданудың масштабы оның технологиялық артықшылықтарына сәйкес келмейді. Олардың бейорганикалық флокулянттарға қарағанда маңызды технологиялық артықшылықтары бар: тиімділігі жоғары, шығыны аз, коррозиялық қасиеттері және суды екіншілік ластауы болмайды, түзілетін тұнбаның көлемі аз. Органикалық флокулянтарды кеңінен пайдалану бейорганикалық коагулянттарды пайдалануды азайтуға мүмкіндік береді, тазалау қондырғыларының өнімділігін арттырады, түзілген тұнбаны сусыздандыру мен утилизация жасауға кететін шығындарды азайтуға жағдай жасайды. Флокуляция

Изображение слайда
4

Слайд 4

Суды химиялық өңдеуді 2 сатыға бөледі. Бірінші стадия коллоидтардың дестабилизациясы және ұлпа түзілуі, ал екіншісі – қатты фаза мен сұйық фазаны бөлу. Қолданылатын технологияға реагенттердің қарқынды араласуын яғни коагулянт немесе флокулянттардың суспензиядағы коллоидты бөлшектермен араласуын енгізудің маңызы зор. Алайда араласу өте қарқынды болмауы қажет, себебі түзілген ұлпалар қайтадан бұзылуы мүмкін. Араластыру коагуляция үшін жылдам, флокуляция үшін баяу болуы керек. Флокуляция салыстырмалы түрде өте жылдам процесс, ал алынған нәтижелер зертханада алынған нәтижелерге мүлдем сәйкес келмейді. Тазаланбаған судың уақытқа тәуелді өзгергіштігінен көретініміз, процесс айтарлықтай ұзақ болуы керек, тазартудың күрделі кезеңінде қажетті тиімділікті қамтамасыз етуі тиіс.

Изображение слайда
5

Слайд 5

1. Тазаланбаған судың жіберілуі. 2. Ферма 3. Флокуляция аймағы. 4. Тазаланған су. 5. Тұнбаны жою.

Изображение слайда
6

Слайд 6: Центрифугалау

Центрифугалардың негізгі бөлігі - тік немесе горизонталь білікте үлкен жылдамдықпен айналатын барабан болады. Центрифугалар тұндырғыш және сүзгіш болып бөлінеді. Тұндырғыш центрифугалардың барабанының қабарығасы тұтас болады. Суспензия немесе эмульция барабанның төменгі жағына беріледі де, қатты бөлшектер немесе үлкен тығыздықты сұйық фаза ортадан тепкіш күш әсерінен барабан қабырғасына қарай ығысады, ал тығыздығы төмен сұйық фаза аппараттын өсіне жақын орналасады. Барабанның қабғасында тұнба қабырғасына қарай ығысады, ал тығыздығы төмен сұйық фаза аппапараттың өсіне жақын орналасады. Барабанның қабырғасында тұнба қабаты пайда болып, ал ажыратылатын сұйық фаза немесе фугат барабанның үстіңгі жағынан шығарылады.

Изображение слайда
7

Слайд 7

Жұмыс істеу принциптеріне байланысты центрифугалар төмендегі түрлерге бөлінеді: 1) мерзімді әрекетті 2) жартылай үздіксіз әрекетті 3) үздіксіз әрекетті. Ажырату факторына байланысты: 1) егер Ка < 3500 болса қалыпты центрифуга; 2) егер Ка > 3500 аса жоғары центрифуга. Барабанның орналасуына байланысты: 1) горизонталды 2) көлбеулі 3) тік

Изображение слайда
8

Слайд 8

Изображение слайда
9

Слайд 9

Радиалды тұндырғыш көбінесе өндірісті сумен жабдықтау жүйелерінде өнімділігі 50-мың м 3 /тәул-тен астам станцияларда қолданады. Бұл тұндырғыштарда су орталық аймаққа жіберіледі, содан кейін радиалдық бағытпен қозғалып шегіндегі науаға құйылады да, одан құбырмен әкетіледі. Радиалды тұндырғыштың диаметрі 50-60 м шамасында болады, тереңдігі ортасында 3-5 м, ал шетінде 1,5 - 2,5 м-ге тең. Бұл тұндырғыштың түбіне шөккен тұнбаны қырғыштармен жабдықталған айналмалы фермамен жинап канализацияға ағызады Pадиальный отстойник:  1 - корпус отстойника; 2 - илоотводная труба; 3 - приямок для сбораосадка; 4 - вращающаяся ферма co скребками; 5 - труба для подачи очищаемой воды; 6 - мостик; 7 - водораспределительный стакан; 8 - гофрированный шланг; 9 - поплавок c дырчатой трубой; 10 - труба  дляотвода  осветлённой воды.

Изображение слайда
10

Слайд 10

Көлденең тұндырғыштарды өнімділігі 30 мың м 3 /тәулігінен артық станцияларда қолданады. Көлденең тұндырғыштың түрі бірнеше секцияға бөлінген тікбұрышты резервуар сияқты. Бұл тұндырғышта жапалақ пайда болатын камерадан келген су дөңбектен бастап резервуардың ұзына бойы қозғалу кезінде қалқыма заттар төмен қарай шөгеді. Тұндырғыштың түбіне жиылған тұнбаны әкету үшін белгілі еңістікпен жасалған каналдар немесе құбырларды қолданады. Мөлдірленген суды тесігі бар құбырмен жинап әрі қарай сүзгіге әкетеді.

Изображение слайда
11

Слайд 11

Көлденең су тұндырғы  — құрылымына қарай: тік бұрышты болып келетін темірбетоннан жасалған су тұндырғыш камералы астау. Олар камера санына сәйкес: бір камералы және көпкамералы болып бөлінеді, Тұндырғы түрін таңдауда оның экономикалық тиімділігі мен тұнбаны жуып-шаю кезіндегі суды үнемдеу мүмкіндігі ескеріледі Горизонтальный отстойник c камерой хлопьеобразования:  1 - водосборные желоба; 2 - камерахлопьеобразования вихревого типа; 3 - дырчатая перегородка; 4 - илоотводная труба; 5 - сборный канал; 6- лотки для сбора осветлённой воды.

Изображение слайда
12

Слайд 12

Тік тұндырғыштарды өнімділігі 5 мың м3/тәулік дейінгі ; станцияларда қолданады. Тік тұндырғыш конус немесе пирамида сияқты түбі бар квадрат не дөңгелек тәрізді резервуарға ұқсайды. Бұл тұндырғышта су тұну үшін судың жоғары өрлеу жылдамдығы қалқыма заттардың тұну жылдамдығынан кемірек болу керек, сонда бұл заттар түбіне шөгеді Судың жоғары көтерілу жылдамдығы 0,5...0,75 мм/с-ке тең болу керек. Тұндырғыштың диаметрі 10 м-ге дейін, ал биіктігі мен диаметрінің өзара қатынасы Н/Д 1,5...2-нің аралығында.

Изображение слайда
13

Слайд 13

Bертикальный отстойник c камерой хлопьеобразования:  1 - переливной трубопровод; 2 - отводящий трубопровод; 3 - подводящий тангенциальный трубопровод; 4 - камера хлопьеобразования; 5 - горизонтальные перегородки; 6 - вертикальные перегородки; 7 - зона осветления; 8 - зона накопленияосадка; 9 - илоотводная труба. Тік тұндырғыш

Изображение слайда
14

Последний слайд презентации: Тұндырғыш: НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!

Изображение слайда