Слайд 2: ЖОСПАР
Тұлға туралы жалпы ұғым Тұлғаның құрылымы Іс-әрекет туралы жалпы ұғым Іс-әрекеттің құрылымы
Слайд 3
Адам - биологиялық тіршілік иесі, “Homo sapiens”. Индивид -анатомиялық ерекшелігі бар адам. Тұлға – қоғамда алатын орны, атқаратын қызметі, сол қызметіне сай ойнайтын рөлі бар адам. Даралық –өзіндік, дербес ерекшеліктері бар тұлға.
Слайд 4
Тұлғаның психологиялық құрылымы: Бағыттылығы: құштарлық (влечение), құмарлық (желание), ұмтылу (стремление), түрткі (мотив), қажеттіліктер, қызығушылықтар, көзқарастар, сенімдер; Мүмкіншіліктер және қабілет; Темперамент және мінез ; “Мен ” - басқару жүйесі - өзін-өзі реттеуді жүзеге асырады: іс-әрекетті күшейту, әлсірету, өзін-өзі бақылау, әрекеттер мен қимылды түзету, жоспарлау.
Слайд 5
Іс - әрекет – белсенді, мақсатты, жоспарлы, жүйелі түрде жүзеге асырылатын қимыл-қозғалыстар. Іс – әрекет - адамның қоршаған ортаны, өзін- өзі танып білуге және шығармашылықпен өзгертуге бағытталған арнайы белсенділігі.
Слайд 6
Іс - әрекеттің құрылымы: Әрекет Амалдар (операция) Іс - әрекеттің түрлері: Ойын Оқу Еңбек Қарым – қатынас
Слайд 7
Қарым – қатынас - екі немесе одан көп адамның ақпарат, сезімдерімен алмасу мақсатымен өзара әрекеттесуі. Ол – күрделі процесс және тұйықталған цикл. Қарым – қатынаста адамдардың әлеуметтік мәні іске асады. Қарым – қатынасқа коммуникатор мен реципиент қатысады.
Слайд 8
Қарым – қатынас түрлері: 1.Тікелей 2. Жанама Қарым – қатынас құралдары: Сөздік Сөздік емес
Слайд 9
Қарым – қатынастың жақтары: Коммуникативтік –ақпарат, мәлімет алмасу процесі; Перцептивтік - бірін – бірі қарым-қатынас бойынша серік (партнер) деп қабылдау ; Интерактивтік - коммуникатордан алынған мәліметке деген қатынас
Слайд 10
Коммуникацияның мақсаты- басқа адамға ақпарат арқылы әсер ету. Үш нәрсенің көмегімен коммуникацияға түсеміз: дененің қалпы, ым-ишара; дауыстың тоны; сөздер, олардың мағынасы.
Слайд 11
Перцепцияның мақсаты – коммуникаторды барынша дұрыс түсіну. Науқастың шағымын неғұрлым дұрыс түсінуден диагнозды дұрыс қою, одан емдеудің тиімділігі туындайды. Тиімді перцепция үшін маңызды дағды- келесі адамды есту.
Слайд 12
Интеракцияның мақсаты - өзара әрекеттесуді аяқтау үшін қабылданған мәліметке деген өз қатынасын көрсету. Интеракция дегеніміз – бұл кері байланыс.