Презентация на тему: Туберкулездің жіктелуі. Туберкулез емінің әдістері

Туберкулездің жіктелуі. Туберкулез емінің әдістері
Жоспары
кіріспе
Классификациясы
Емі
Туберкулездің жіктелуі. Туберкулез емінің әдістері
Туберкулездің жіктелуі. Туберкулез емінің әдістері
Туберкулездің жіктелуі. Туберкулез емінің әдістері
Туберкулездің жіктелуі. Туберкулез емінің әдістері
Туберкулездің жіктелуі. Туберкулез емінің әдістері
Туберкулездің жіктелуі. Туберкулез емінің әдістері
Туберкулездің жіктелуі. Туберкулез емінің әдістері
Хирургиялық ем
Туберкулездің жіктелуі. Туберкулез емінің әдістері
қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
1/16
Средняя оценка: 4.9/5 (всего оценок: 4)
Код скопирован в буфер обмена
Скачать (120 Кб)
1

Первый слайд презентации: Туберкулездің жіктелуі. Туберкулез емінің әдістері

Дайындаған: Әлімқұл А.Т. Тексерген:Жандаркулов А.А. Нұр-Сұлтан 2019 «Астана Медициналық Университеті »КЕАҚ “Фтизиатрия” кафедрасы

Изображение слайда
2

Слайд 2: Жоспары

Кіріспе Негізгі бөлім Классификациясы Емінің әдістері Қорытынды Қолданылған әдебиеттер

Изображение слайда
3

Слайд 3: кіріспе

Біріншілік туберкулез ағзаның қорғаныс серпілісі әлсіреген адамдарда вирулентті ТМБ массивті жұғуында дамиды.Эпидемиялық жағдайдың шарттарына қарай біріншілік ТМБ жұқтырушылық көбінесе балалық шақта жүреді,сондықтан туберкулездің біріншілік формасын балалар мен жасөспірімдерде анықтайды.

Изображение слайда
4

Слайд 4: Классификациясы

Изображение слайда
5

Слайд 5: Емі

Туберкулез науқасын емдеудің басты мақсаты - науқасты туберкулезден жазып шығару, яғни аурудың клиникалық белгілерін толық жойып, бактерия бөлуді тұрақты тоқтатып және зақымдалған ағзада туберкулез өзгерістерін тұрақты орнына келтіріп, науқас организмінің бұзылған қызметін барынша орнына келтіру; туберкулезден болатын өлімді және басқа жағымсыз болжамның алдын алу; рецидивті болдырмау және инфекцияның бір адамнан екіншісіне жұғуын азайту мүмкін болса тоқтату болып табылады.

Изображение слайда
6

Слайд 6

Туберкулез ауруының емі ұзақ уақыт жүргізілуі тиісті, себебі осы күнге дейін туберкулезді қысқа мерзімде жазып шығатын әдіс табылмаған. Туберкулезге қарсы жүргізілетін емнің мерзімі оның анықталу кезеңімен тікелей байланысты. Туберкулезбен ауыратын науқасты емдеудің нәтижелігі емнің ұзақтығына байланысты. Емді ерте, мезгілінен бұрын тоқтату туберкулездің өршуіне, ауру процесінің қайталануына әкеліп соғады. Емдеу уақытының қолайлы ұзақтығы туберкулездің түріне, емнің нәтижелігіне байланысты, ол 6-18 айға ( орташа 1 жыл ) созылады.

Изображение слайда
7

Слайд 7

Туберкулез ауруының емі кешеңді болу керек және туберкулезге қарсы қолданылатын дәрілер, патогенетикалық, және симптоматикалық дәрілер, керек жағдайларда коллапсотерапия мен хирургиялық емдеу әдістері репаративті процесстерді жылдамдатуға науқас ағзасының бұзылған қызметтерін қалпына келтіруге бағытталған болуы қажет.

Изображение слайда
8

Слайд 8

Туберкулез ауруының ұзақ мерзімді емі стационарда басталып, санаторий емімен жалғасып, амбулаториялық емханада аяқталуы тиіс. Ем осы көрсетілген кезеңдерде бір жоспармен жүргізіліп, алдыңғы кезеңде басталған ем соңғы кезеңдерде жалғасады.

Изображение слайда
9

Слайд 9

Қазіргі кезде туберкулезге қарсы дәрілерді негізгі және резервті топтарға бөледі. Негізгі топ дәрілері: Изониазид, Рифампицин, Пиразинамид, Этамбутол, Стрептомицин. Резервті топтағы дәрілер: Этионамид, Протионамид, Циклосерин, Канамицин, ПАСҚ, Амикацин, Капреомицин, Фторхинолондар. Әсеріне қарай туберкулезге қарсы дәрілер - бактерицидті, тазалаушы (стерилизациялаушы), дәріге төзімділікті болдырмаушы болып бөлінеді. Бактерицидті әсер жасайтын дәрілер: Изониазид, Рифампицин, Пиразинамид, Стрептомицин. Тазалаушы әсер жасайтын дәрі: Рифампицин. Дәріге төзімділікті болдырмаушы дәрілер: Изониазид, Рифампицин, Этамбутол, Стрептомицин.

Изображение слайда
10

Слайд 10

Химиотерапияны жекелеген және стандартты режимдерде жүргізеді. Қазақстанда химиотерапия D ОТ S стратегиясына сәйкес стандартты қысқа мерзімді режимде жүргізіледі. Стандартты ем дегеніміз - дәрілердің ең нәтижелі комбинациясын таңдау, емнің қарқынды және жалғастыру кезеңдерінде ғылыми дәлелді түрде ең нәтижелі дәрілерді таңдау, дәрілердің оптимальды мөлшерін таңдау, жағымсыз әсерлердің аз кездесуі.

Изображение слайда
11

Слайд 11

DOTS стратегиясы бойынша туберкулездің кез келген түрімен ауыратын науқастарды емдеудің негізгі әдісі үш принципке негізделген. химиотерапиялық ем қатаң бақылаумен жүргізілуі керек. Ауруханада, санатори й ларда науқастар туберкулезге қарсы қолданылатын дәрілерді медицина қызметкерлерінің бақылауымен қабылдауы тиіс, ал емханалық жағдайда дәрі қабылдауды медицина қызметкерлері, химизаторлар, супервайзерлер немесе науқастың туыстары бақылайды. Науқастардың ем категориясына сәйкес, барлық дәрілерді және толық мөлшерде қабылдауды қатаң сақтау. Ем схемасының ұзақтығын сақтау.

Изображение слайда
12

Слайд 12

Туберкулезбен ауыратын науқастарға химиотерапия жүргізу барысында бактерия популяцияларының әркелкі жағдайларда болуына байланысты туберкулезге қарсы дәрілермен емдеуді DOTS стратегиясы бойынша екі кезеңге бөледі. Екінші кезең - жалғастыру, қарқындылығы аз химиотерапия. Екінші кезең - қалған микобактерияларға, көбінесе баяу көбейетін және персистелген бактериялық популяцияларды жойып, репликация процессінің қайта пайда болуын және олардың көбеюін жаңадан болдырмау. Екінші кезең амбулатория лық жағдайда жүргізіліп, 4-7 айға созылады, бұл кезде емнің қарқындылығы аз болады да 2-3 дәрі қолданылады. Бірінші кезең - қарқынды кезең. Микобактериялардың көбеюін басып, санын азайту мақсатында стационарда қарқынды толық химиотерапия жүргізу. Емханалық ем жасауға да болады, жеке қаралады. Бірінші кезең 2-5 айға созылып 4 немесе 5 дәрімен қарқынды ем қолданылады. Бацилла бөлетін науқастардың көпшілігінде қарқынды кезең барысында микобактерия бөлу тоқтайды.

Изображение слайда
13

Слайд 13: Хирургиялық ем

1. Хирургиялық әрекеттердің өмірлік көрсеткіштері: өкпеден қан кету немесе ауыр қан түкіру ді, басқа емдеу әдістерімен тоқтату мүмкін болмаған жағдайда, тензионды спонтанды пневмотракс 2. Хирургиялық әрекеттердің абсолютті көрсеткіштері: өршімелі казеозды пневмония; туберкулома (> 2см); этиологиясы белгісіз дөңгелек құрылымдар (өкпе туберкулезі немесе рагы ); каверналы туберкулез; шектелген фиброзды-каверналы туберкулез; туберкулезді цирроз ( бұзылған өкпе ); созылмалы туберкулезді плевра эмпиемасы. 3. Хирургиялық әрекеттердің салыстырмалы көрсеткіштері: ірі қалдықты посттуберкулезді каверналар ; Хирургиялық әрекеттердің басқа көрсеткіштері: кеуде ішілік лимфа бездерінің казеомасы ; алдыңғы хирургиялық әрекеттің асқынуын жою.

Изображение слайда
14

Слайд 14

Тыныс мүшелерінің туберкулезімен ауыратын науқастарды хирургқа кеңес жіберу мерзімдері. Өкпе туберкуломасы бар кісілер ауру анықтала салысымен хирургқа консультацияға жіберіледі, егер айқын перифокалды қабынуы болса 2-4 ай қарқынды емнен кейін қайта косультацияға жіберіледі. Каверналы туберкулез - 3 ай қарқынды емнен кейін бактерия бөлу сақталып, рентгенологиялық динамика болмаған жағдайда хирургқа консультацияға жіберіледі. Фиброзды-каверналы туберкулез - хирургиялық ем 5-6 ай қарқынды емнен кейін инфильтратты өзгерістер мен шашыранды ошақтар таралып жазылғаннан кейін жасалады. Ошақты, иинфильтратты туберкулез ыдырау кезеңінде - 3-4 ай қарқынды емнен кейін рентгенологиялық динамика болмай, ыдырау қуысы сақталған жағдайда хирургқа консультацияға жіберіледі. Казеозды пневмония - соңғы уақыттырдағы көзқарастарға сәйкес терапия казеозды пневмония терапиялық аурудан гөрі, хирургиялық ауру болып саналғандықтан, науқас ауруханаға түскеннен кейін тезірек хирургқа консультацияға жіберу қажет. Егер процесс емнің нәтижесінде ары қарай өрши түссе онда өмірлік көрсеткішпен опреация жасалуы керек. Асқынған созылмалы біріншілік туберкулез перифокалды инфильтрациясы тарағаннан кейін хирургқа консультацияға жіберіледі. Созылмалы плеврит және плевра эмпиемасы - 5-6 ай ем нәтижесіз болған жағдайда хирургқа консультацияға жіберіледі. Өкпе туберкулезінің асқынған түрлері (өкпеден қан кету, спонтанды пневмоторакс және т.б.) жедел хирургқа консультацияға жіберіледі. Өкпедегі айқын метатуберкулезді өзгерістер қайта-қайта өршуге бейім болған жағдайда хирургқа консультацияға жіберіледі.

Изображение слайда
15

Слайд 15: қорытынды

Біріншілік туберкулез ағзаның қорғаныс серпілісі әлсіреген адамдарда вирулентті ТМБ массивті жұғуында дамиды. Эпидемиялық жағдайдың шарттарына қарай біріншілік ТМБ жұқтырушылық көбінесе балалық шақта жүреді, сондықтан туберкулездің біріншілік формасын балалар мен жасөспірімдерде анықтайды. Алғаш анықталған туберкулезбен ауыратын науқастардың 0,8-1 % біріншілік туберкулез құрайды.

Изображение слайда
16

Последний слайд презентации: Туберкулездің жіктелуі. Туберкулез емінің әдістері: Қолданылған әдебиеттер

①« Жұқпалы аурулардың стандартты анықтамалары және іс-шаралар алгоритмдері»  С. Ә м і реев, Т. Ә. М о м ы нов, Б.Л. Черкасский, К.С. Оспанов6 Алматы 200 9 ②Программа ВОЗ по туберкулезу. Структура для эффективной борьбы с туберкулезом.-ВОЗ, Женева.-1994.-15 с. ③ Ақпарат көзі:   http://kazmedic.kz/archives/1890 ④ http://sc0005.shortandy.akmoedu.kz/documents/view/7DE6F0E192E2647E.html ⑤https://www.google.com/search

Изображение слайда