Презентация на тему: Туберкулез және жүктілік

Туберкулез және жүктілік
Жоспар
Өзектілігі
Туберкулез және жүктілік
Туберкулез және жүктілік
Туберкулез және жүктілік
Туберкулез және жүктілік
Туберкулез және жүктілік
Туберкулез және жүктілік
Туберкулез және жүктілік
Туберкулез және жүктілік
Туберкулез және жүктілік
Туберкулез және жүктілік
Туберкулез және жүктілік
Туберкулез және жүктілік
Туберкулез және жүктілік
Туберкулез және жүктілік
Туберкулез және жүктілік
Туберкулез және жүктілік
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Назар аударғандарыңызға рахмет!
1/21
Средняя оценка: 4.5/5 (всего оценок: 81)
Код скопирован в буфер обмена
Скачать (122 Кб)
1

Первый слайд презентации: Туберкулез және жүктілік

Орындаған: Райымбекова М Қабылдаған: Құлжабаева Ж.М Тобы:ЖТД-729

Изображение слайда
2

Слайд 2: Жоспар

Кіріспе Туберкулез және жүктілік Негізгі бөлім Туберкулез клиникасы Туберкулез диагностикасы Туберкулез кезінде жүргізу тактикасы Қорытынды

Изображение слайда
3

Слайд 3: Өзектілігі

Жүктілік пен бала босану, эндокриндік жүйенің, иммунитет ағзаларының, зат алмасудың қайта құрылуымен бірге жүретін туберкулезбен науқастану тұрғысында қауіп факторларына айналады. Жүктілік пен бала босанудан кейінгі кезеңде туындаған туберкулез әдетте аса ауыр өтеді.

Изображение слайда
4

Слайд 4

Әйелдерде туберкулездің түрлі формалары анықталады, көбіне шектелген түрі, сирек жағдайда фиброзды-кавернозды туберкулез табылады. Жүктіліктің алғашқы триместрінде пайда болған туберкулезге тән ерекшеліктік клиникалық сурет болмайды

Изображение слайда
5

Слайд 5

Туберкулездік уыттану (интоксикация), әлсіздік, дімкәстану, тәбеттің төмендеуі, жүдеу сияқты белгілер екі қабат әйелдің токсикозымен түсіндірілуі мүмкін, бұл туберкулезді дер кезінде диагостикалауды қиындатады

Изображение слайда
6

Слайд 6

Жүктіліктің екінші жартысындағы әйелдегі туберкулез науқастың жағдайының елеулі өзгеруінсіз өтеді. Олардан кесел тыныс алу ағзаларына шағым болғандағы тексерілуде анықталады

Изображение слайда
7

Слайд 7

Мұндай шағымдар пайда болғанда акушер-гинеколог екі қабат әйелді туберкулезге қарсы диспансерге жолдайды. Сол жерде оған өкпенің рентгенографиялық зерттеуі, қақырықты туберкулез микобактериясына (ТМБ) тексеру, қан, зәр талдаулары жасалады.

Изображение слайда
8

Слайд 8

Бала босанғаннан кейін әйел анаға ( алғашқы жылы 2-4 зерттеу ) және баланың айналасындағы адамдарға флюорографиялық зерттеулер атқарылады. Жүкті әйелдегі, бала емізетін аналардағы туберкулезді емдеу туберкулездік ауруханада немесе санаторийде жүргізіледі. Жүкті әйел мен ұрық үшін қауіпсіз препарат изониазид болып табылады. Лактация кезінде химиотерапия жүргізілмейді

Изображение слайда
9

Слайд 9

Туберкулезден айқын уланған әйел организмі ұрықтың дамуына кері әсер етіп, өздігінен түсік тастауға алып келеді. Егерде жүктілік туберкулезбен ауырып жүрген кезде анықталса, онда аурудың асқынуы жүктіліктің алғашқы айларында байкалуы мүмкін

Изображение слайда
10

Слайд 10

Бұл әйел адамның жалпы күйінің нашарлауымен, әлсіздігімен, жөтелдің пайда болуымен, салмағының азаюымен, дене қызуының тұрақты көтерілуімен байқалады. Аталған белгілер жүктіліктің төртінші айының соңында саябырсиды.

Изображение слайда
11

Слайд 11

Кейбір науқастарда аскынулар жүктіліктің 5-7 немесе 9 айында қайталануы мүмкін. Туберкулездің жиі кездесетін түрлеріне ыдырау кезеңіндегі инфильтратты түрі, шашыранды ( дисеминирлі ) түрі, экссудативті өкпе қабынуы жатады

Изображение слайда
12

Слайд 12

Босану айтарлықтай қауіпті кезең, себебі туберкулезге шалдыққан жүкті әйелдерде туберкулездің асқынуы және кей жағдайларда туберкулезді менингиттің даму қаупі бар. Дене қызуы жоғарылап, жөтел мен әлсіздік, тәбеттің төмендеуі байқалып, қақырықта туберкулез микобактериялары да пайда болуы мүмкін

Изображение слайда
13

Слайд 13

Уақытында нақтама жасамай, ем жүргізбеу салдарынан босанғаннан кейінгі кезеңдегі ( босанғаннан кейін бір жыл ішінде ) туберкулезден қайтыс болу жағдайлары 20% кұрайды. Өкпе туберкулезі, әсіресе жүктілік барысында немесе босанғаннан кейін алғашқы кезеңдерде ауырған әйел адамдарда ауыр өтеді

Изображение слайда
14

Слайд 14

Жүктілік барысында 2-3 апта бойы қақырықты жөтел, дене қызуының жоғарылауы, кеуде қуысының ауырсынуы, шамадан тыс тершеңдік, әлсіздік байқалған болса, онда дереу әйелдер кеңесінің акушер-гинеколог дәрігеріне жүгінуі керек. Ол өз кезегінде туберкулездің бар-жоқтығын тексеру мақсатында қақырыққа зерттеу мен рентгенологиялық тексеріс жүргізіп болғаннан кейін, қажет деп тапқан жағдайда науқасты туберкулезге қарсы диспансерге жібереді.

Изображение слайда
15

Слайд 15

Жүктілік кезінде рентгенологиялык зерттеу ұрықты жауып тұру аркылы жүргізіледі. Туберкулез анықталған әйел адамдардың жүктілікті жалғастыруы немесе үзуі жайлы мәселені дәрігер шешеді. Бірақ көп жағдайларда емді туберкулезге қарсы препараттармен жалғастыру арқылы жүктілікті аяғына дейін көтеруге рұқсат беріледі. Туберкулезге қарсы ем көп жағдайларда жүктілікті ана мен бала үшін ешбір зақымсыз сақтауға мүмкіндік береді

Изображение слайда
16

Слайд 16

Туберкулезге шалдыққан әйелдерді жүктілік барысында емдеу үдерістің саябырлауына және босанғаннан кейінгі асқынудың алдын алуға көмектеседі. Туберкулезді емдеуді босанғаннан кейінгі уақытқа қалдыру дұрыс емес

Изображение слайда
17

Слайд 17

Дәрігер дұрыс тағайындаған ем ( туберкулезге қарсы препараттармен ) ұрықтың дұрыс өніп-өсуіне кедергі келтірмеуі тиіс. Туберкулезге шалдыққан ананың денсаулығы ұрыктың ағзасына әсер етпеуі керек. Тек ауру әбден асқынған жағдайда ғана салмағы аз және әлсіз сәби туады.

Изображение слайда
18

Слайд 18

Анасы қарсылық танытпаған жағдайда жаңа туған нәрестелерге перзентханада алғашқы 0-4 күн ішінде БЦЖ вакцинасы жасалады. Жаңа босанған ана туберкулездің белсенді түрімен ауыратын болса және оны оқшаулау мүмкін болмаса, сәбиді 3 айдан кем емес мерзімге оқшаулау керек

Изображение слайда
19

Слайд 19

3 айдан кейін сәбиге Манту сынамасының нәтижесін есепке ала отырып, БЦЖ вакцинасы егіліп, иммунитетін жоғарылату мақсатында анасынан тағы 2 айға оқшаулау керек. Туберкулез сырқаты нақтамаланған жүкті әйелдер есепке алынып, учаскелік фтизиатрдың және акушер- гинекологтың бақылауында болады.

Изображение слайда
20

Слайд 20: Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Туберкулез және жүктілік протокол М.М.Шетхман Экстрагенитальная патология 2010г

Изображение слайда
21

Последний слайд презентации: Туберкулез және жүктілік: Назар аударғандарыңызға рахмет!

Изображение слайда