Презентация на тему: Топтық жұмыс

Топтық жұмыс
Тақырыбы : Топтық жұмыс
Топтық жұмыс
Топтық жұмыс
топтардағы бірлескен жұмыс төмендегі мақсаттарда жүзеге асырылады:
Топтық жұмыс
Топтық жұмыс барысындағы дамитын дағдылар
Топтық жұмыс
Топ құру кезеңдері
Топтың көлемі
Топтық жұмыс
Топтық жұмыс
Дағдыларды дамыту үдерісі
Топтық жұмыс
Топтық жұмыс
Топтық жұмыс
Топтық жұмыс
1/17
Средняя оценка: 4.0/5 (всего оценок: 13)
Код скопирован в буфер обмена
Скачать (850 Кб)
1

Первый слайд презентации: Топтық жұмыс

Орындаған: Шамұратова А. Тобы: 102-13

Изображение слайда
2

Слайд 2: Тақырыбы : Топтық жұмыс

Жоспары: Топтық жұмыс Топта жұмыс істеу ережелері

Изображение слайда
3

Слайд 3: Топтық жұмыс

Топтық жұмыс – білім алушыларды оқу тапсырмасын бірлесіп орындау үшін бірнеше жұмыс топтарын (5-6 адамнан артық емес ) құру арқылы ұйымдастыру нысаны. Бұл бірін де сырт қалдырмай барлық оқушыларға жұмысқа қатысып, ынтымақтастық, басқа адаммен қарым-қатынас жасау дағдыларын қолдануға мүмкіндік береді.

Изображение слайда
4

Слайд 4

Ынтымақтастық оқу – оқыту мен оқуға білім беру тәсілі, бұл проблемаларды шешу, тапсырмаларды орындау немесе әлдебір өнім жасау үшін бірлесіп жұмыс істейтін оқушылар тобы дегенді білдіреді. Ынтымақтастық оқу оқуды табиғи әлеуметтік әрекет ретінде қабылдауға негізделген, оған қатысушылар бір-бірімен әңгімелеседі, және осы әңгімелесу арқылы оқуды жүзеге асырады. Педагогикада ынтымақтастық оқу тәсілдерінің саны жеткілікті, бірақ та бірлескен оқу үдерісінің негізгі сипаттамалары мынадай: - Оқу оқушылар ақпаратты игеретін және өздері игерген мәліметті бұған дейін меңгерген білімдерімен байланыстыратын белсенді үдеріс болып табылады. - Оқу тапсырмаларды орындау үшін механикалық есте сақтау мен қайталау емес, құрдастардың белсенді қатысып, ақпараттарды өңдеуі және қорытуын талап етеді. - Қатысушылар әр адамдардың көзқарасымен танысудан пайда алады. - Оқу оқушылардың әңгімелесу кезіндегі әлеуметтік ортасы жағдайында жетіледі. Осы зияткерлік гимнастика кезінде оқушылар ой-пайымдарының негізін құрып, мәнін ұғады.

Изображение слайда
5

Слайд 5: топтардағы бірлескен жұмыс төмендегі мақсаттарда жүзеге асырылады:

Изображение слайда
6

Слайд 6

Изображение слайда
7

Слайд 7: Топтық жұмыс барысындағы дамитын дағдылар

Изображение слайда
8

Слайд 8

ТОПТА ЖҰМЫС ІСТЕУ ЕРЕЖЕЛЕРІ Топтық жұмыс жеке шешуге болатын тапсырмаларды емес, анағұрлым күрделі тапсырмаларды шешуді көздейді. Кез келген команда барлық мүшелері білетін және түсінетін жалпы ережелерді басшылыққа алуы қажет. Ол топтың әрбір мүшесінің одан не күтілетіндігін, жұмыс қалай бөлінетіндігін және қолдау көрсетілетіндігін, сондай-ақ нәтижелерге қалай қол жеткізілетіндігін білулері үшін қажет.

Изображение слайда
9

Слайд 9: Топ құру кезеңдері

Изображение слайда
10

Слайд 10: Топтың көлемі

Изображение слайда
11

Слайд 11

Мұғалімдердің рөлі Топтық жұмысты мұғалімдер ұйымдастырады, әрі олар қолдау көрсетіп отыруға тиіс, сондай-ақ тапсырманы орындағаннан кейін оны талқылауға уақыт беру қажет. Мұғалімдер топтың тиімді жұмысына қолдау көрсетіп, оңтайлы нәтижелерге қол жеткізуге ықпал етулері керек. Сонымен қатар, сыныппен жүргізілетін жұмыс неге қол жеткізілетіндігін, нені білу жоспарланғандығын және топтық жұмысқа арналған тапсырмалар барлық сыныпты оқытумен қалай байланысты екендігін талқылауды қамтуы тиіс. Талқылау барысында оқушыларға олар қолдана алатын дағдылар, стратегиялар мен ережелер туралы ескерту қажет. Оқушылардың жұмысына мұғалім сыпайы түрде араласып, оқушыларға ұсынылатын әдістерді моделдеуі тиіс. Топтың бірлескен жұмысын қамтамасыз ету үшін, бастапқы кезеңдерде барынша көп қолдау көрсету талап етілуі мүмкін. Сабақ аяқталған соң оқушылар топтағы жұмыс үдерісін және оның нәтижелері туралы ойлану үшін түрткі жасау керек.

Изображение слайда
12

Слайд 12

ТОПТАҒЫ БІРЛЕСКЕН ЖҰМЫСТЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ Жақсы ұйымдастырылған топтық жұмыс оқушылар арасында әлеуметтік өзара қарым-қатынасты, тиімді араласу және проблемаларды шешу дағдыларын дамытуға ықпал етеді. Бұл, өз кезегінде оқушыларды өздерінің оқуларына белсенді қатысуға итермелейді. Оқушыларды алынған ақпаратты ойластыруға және талқылауға, өзгелердің пікірлерін түсінуге немесе теріске шығаруға ынталандырған жағдайда Топтық жұмыс тиімді болады.

Изображение слайда
13

Слайд 13: Дағдыларды дамыту үдерісі

Изображение слайда
14

Слайд 14

Әлеуметтік өзара әрекет Төменгі және жоғарғы сынып оқушылары топқа мүше болудың мәні туралы ойды қалыптастыру мүмкіндігіне ие болып, басқа адамдардың пікірлері мен идеяларына төзімді бола білуге үйренуі тиіс, соның нәтижесінде олар басқа адамдарға қатысты өзара сыйластыққа және түсіністікке келеді. Тапсырмаларды орындау барысындағы бірлескен жұмыс оқушыларға жағдайды басқа адамдардың пікірлерін ескере отырып, қарауға мүмкіндік береді.

Изображение слайда
15

Слайд 15

Проблемаларды шешу стратегиялары Орын алған проблеманы шешу мақсатындағы топтық жұмыс – оқытудың өте ықпалды тәсілдерінің бірі. Оқушылар ересек адамдарға тәуелді болмау үшін тапсырмаларды жоспарлайды және оларды орындауды ұйымдастырады. Бұл тәсіл оқушыларға : • уақытты ұтымды жоспарлауға ; • инновациялық көзқарастар мен идеяларды ұжыммен талқылауға ; • топтағы жұмысқа дейін қандай да бір жеке -дара қызмет немесе ойластыру қажет пе екендігін анықтауға ; • топ ішінде рөлдерді анықтауға ( басшы, хатшы, тілші, бақылаушы және т.б.) немесе топ мүшелеріне тапсырмаларды бөліп тапсыруға ; • тапсырмаларды орындау барысында келісімге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Изображение слайда
16

Слайд 16

Тиімді топтық қарым-қатынас О қушылар білуге тиісті бірнеше негізгі ережелер : • кезекпен сөйлеу • белсенді тыңдау • сұрақ қою және сұрақ бар ма екенін сұрау • ұсыныс енгізу және басқаларда ұсыныс бар ма екенін сұрау • өз ойларын және пікірлерін ортаға салу және басқалардың идеялары мен пікірлерін білу • ұсыныстарды, идеяларды және пікірлерді ұжыммен талқылау • көмектесу және көмек сұрау • түсініктеме беру және түсініктеме беруді өтіну • идеяларға түсініктеме беру және оны бағалау • топтық шешім қабылдау және бір тоқтамға келу • талқылаудың қорытындысын шығару • дәйекті айғақтар келтіру.

Изображение слайда
17

Последний слайд презентации: Топтық жұмыс

Әдебиеттер: 1. Педагогикалық шеберлік орталығы. Кембридж университетінің білім беру факультетімен бірлесіп әзірленген Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының деңгейлі бағдарламасына арналған оқу-әдістемелік құрал. Қазақстан-Астана.

Изображение слайда