Презентация на тему: Топтағы, ұжымдағы Тұлғааралық қарым қатынас

Топтағы, ұжымдағы Тұлғааралық қарым қатынас
Тұлғааралық   қатынаc
Топтағы, ұжымдағы Тұлғааралық қарым қатынас
Топтағы, ұжымдағы Тұлғааралық қарым қатынас
Топтағы, ұжымдағы Тұлғааралық қарым қатынас
Топтағы, ұжымдағы Тұлғааралық қарым қатынас
Топтағы, ұжымдағы Тұлғааралық қарым қатынас
Тұлғааралық қатынасты субъективті қалаулар негізінде диагностикалау.
Тұлғааралық қарым-қатынаста жүргізілген зерттеулер.
Топтағы, ұжымдағы Тұлғааралық қарым қатынас
1/10
Средняя оценка: 4.3/5 (всего оценок: 65)
Код скопирован в буфер обмена
Скачать (11163 Кб)
1

Первый слайд презентации: Топтағы, ұжымдағы Тұлғааралық қарым қатынас

Изображение слайда
2

Слайд 2: Тұлғааралық   қатынаc

Тұлғаның қалыптасуындағы маңызды факторлардың бірі – қарым-қатынас мәселесі болып табылады. « Қарым-қатынас » түсінігі мен тұлғаның қалыптасуындағы қарым-қатынастың алатын рөлі туралы идея кеңестік психологтар А.Н.Леонтьев, А.Б.Добрович,   И.А.Зимняя, Г.В.Казнова, М.И.Лисина, А.В.Мудрик, Л.А.Поварницынаның және т.б. ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған. Тұлғааралық қарым-қатынастың бірлігі мен қызметтік пайымы біркелкі түсінікті бермей, қарым-қатынастың қызмет түрі ретінде де қарастырылады. Себебі қарым-қатынас, біріншіден, бұл - қызметтің ерекше бір түрі ( коммуникативтік қызмет ), екіншіден, кез келген қызметті жүзеге асырудың шарты, үшіншіден, арнайы қойылған қызметтің нәтижесі болып табылады. Өзінің еңбектерінде М.Н.Ночевник « Адамның дамуын, жеке адамның тұлға болып қалыптасуын, оның қоғаммен байланысын басқа адамдармен қарым-қатынасынан тыс елестету мүмкін емес » деп атап көрсетсе, М.Жұмабаев «Педагогика» атты еңбегінде бұл мәселе жөнінде «Жеке адамның шын мәніндегі рухани байлығы оның іс жүзіндегі қарым-қатынастарының байлығына байланысты » деп жазған.

Изображение слайда
3

Слайд 3

Тұлғааралық қарым-қатынас   адамдар   болмысының қажетті   шарты   болып   табылады. Қарым-қатынассыз адамның   жекелеген   психикалық қызметтерінің, үдерістер мен ерекшеліктерінің, жеке тұлғаның және тұтас қоғамның толыққанды қалыптасуы мүмкін емес. Кейде « қарым-қатынас », « әлеуметтік қарым-қатынас », « тұлғааралық қарым-қатынас », « іскерлік қарым-қатынас » және « мәдени қарым-қатынас »   түсініктері өзара байланысты болғанымен, бір-біріне тең келмейді, себебі олардың өзіндік өзгешеліктері болады.

Изображение слайда
4

Слайд 4

Адамдар арасындағы қатынастардың   қаншалықты айқын   байқалуына байланысты қарым-қатынастар бірнеше   түрге   бөліп   қарастыруға   болады : Қоғамдық   қатынастар анағұрлым айқын көрінетін әлеуметтік бағдарлы қарым-қатынастар ( дәріс оқу, баяндама және т.б.); Бірлескен іс-әрекеттерге   байланысты қарым-қатынастар айқын   байқалатын пәндік бағдарлы топтық қарым-қатынастар ( бұған еңбек ету, оқу барысында қалыптасатын қарым-қатынастар жатады );

Изображение слайда
5

Слайд 5

Тұлғааралық қарым-қатынастар, яғни бір адамның екінші адаммен қарым-қатынасы. Тұлғааралық қарым-қатынасқа адамзат аралық ақпарат алмасу жатады, бұл қарым-қатынастың бірінші коммуникативтік жағы ретінде сипатталады. Тұлғааралық қарым-қатынастың екінші жағы – қарым-қатынас жасаушылардың өзара әрекеттестігі – тек сөйлесу үдерісі арқылы ғана емес, істері мен әрекеттері арқылы да қарым-қатынас жасау. Қарым-қатынастың үшінші жағы қатынас жасаушылардың бірін-бірі қабылдауы болып табылады. Ал оқыту үдерісіндегі тұлғааралық қарым-қатынас дегеніміз  –   оқытушының ықпалымен студенттердің топтық іс-әрекетін реттеуші, вербалды, бейвербалды қарым-қатынасқа түсу ерекшелігі, оқыту үдерісіндегі шиеленістерді шешудің, мінез-құлықтың топтық нормаларын қалыптастырудың құралы және болашақ маман тұлғасының қалыптасуының бір факторы болып табылады.

Изображение слайда
6

Слайд 6

Оқыту үдерісінде тұлғааралық   қарым-қатынас   мәдениетінің болмауы   немесе төмен   деңгейде болуы   көп   жағдайда келіспеушілік   пен  келеңсіз оқиғаларға себеп   болуы   мүмкін. Мұндай келеңсіз жағдайды табысты әрі шебер түрде реттей білу қарым-қатынас мәдениетіне тікелей байланысты.

Изображение слайда
7

Слайд 7

Оқытушы мен студент  арасындағы тұлғааралық   қарым-қатынастың негізгі   моральдық   нормалары  бар, олар –  өзінің тыңдаушыларының   әрқайсысының қадір-қасиетін құрметтеу, ішкі дүниесіне ықыласпен және сеніммен қарым-қатынас жасау, қайырымдылық пен мейірбандық таныту. Кәсіби   маманның коммуникативтік   құзіреттілігі   сөйлеу қызметі   арқылы қалыптасады. Коммуникативтік   құзіреттілік - іс-әрекет барысында   түрлі   коммуникативтік міндеттерді шешу жағдайында сөйлеу әрекетін тиімді жүзеге асыруға даярлығы мен қабілетін көрсететін тұлғаның сипаттамасы. Оның негізін қарым-қатынас құралдары мен тәсілдері, іс-әрекет нормалары мен ережелері, әдептің ерекшеліктері, тұлғааралық байланыстарды орнату заңдары және коммуникативтік іскерліктер құрайды. Мұндай комуникативтік құзіреттілікке педагогтарды ғана емес, студенттерді де дайындау қажет. Студент оқытушыны қызығушылық танытқан сұхбаттас және әріптес ретінде қабылдауы қажет, бұл оқытушының сөйлеу әдебін қаншалықты жетік меңгергеніне тікелей байланысты болады. Оқытушының коммуникативтік іс-әрекетін сипаттауда оның сөйлеу сазы, студенттермен қарым-қатынас жасауы, жауап беру мәнері, бағалаушы пікір айтуды орынды қолдануы, сөйлеуде қолданылатын ілеспелі мимикалар мен ым-ишараттардың сипаты аса маңызды болып табылады.

Изображение слайда
8

Слайд 8: Тұлғааралық қатынасты субъективті қалаулар негізінде диагностикалау

Мұнда мысал ретінде бәріне танымал социометриялық тестті ( Moreno J, 1934) және оның модификациясын айтуға болады. Мұнда топтың тікелей бағалау әдісінде кіргізуге болады. ( Дорцов А. И., 1984) Бұл әдістемелер тобының кемшіліктеріне әлеуметтік бекітілім әсерінен болатын саналы бағалау, зерттеу процесіне деген қатынас немесе психологиялық қорғаныштың әсерінің салдары түбегейлі өзгеруі жатады ( бастысы рационализация және реактивті құрылулар ). Мұнда адам санасындағы эмоционалды қатынастың бейнелену мәселесі де жатады.

Изображение слайда
9

Слайд 9: Тұлғааралық қарым-қатынаста жүргізілген зерттеулер

Зерттеушілердің көпшілігі сөйлеу саласы ақпаратты жеткізу үшін қолданылса, бейвербалды сала тұлғааралық қарым-қатынастарды талқылау үшін, сезім күйлерін білдіру үшін, ал кейбір жағдайларда сөз арқылы хабар жеткізудің орнына да қолданылатыны туралы пікірді жақтайды. В.А.Лабунская өзінің еңбегінде бейвербалды қарым-қатынастың атқаратын қызметі туралы мәселені жан-жақты қарастырып, вербалды қарым-қатынас түрінің тұлғааралық қатынастар тұрғысынан көп функционалды екенін және оның бірқатар маңызды қызметтерін де атап көрсетеді. Оқытушылар үшін бейвербалды қарым-қатынастардың оқыту үдерісінде алатын орны ерекше. Назар аударатын бір мәселе, әдетте, педагогтың мән бермеуіне қарамастан, бейвербалды қарым-қатынас тәсілдері әрдайым оқу-тәрбие үдерісінде тиісті деңгейде қамтылып отырады. Қазiргi таңдағы қазақ педагогикасының мiндетi – адам бойындағы жақсы қасиеттердi жас ұрпаққа үйрету, ұлтжанды, отансүйгiш, әдептi, ар- намысы биiк студенттерді тәрбиелеу. Ал дәстүрлі педагогикада жоғары оқу орындарында оқыту үдерісінде оқытушы студентті объекті ретінде қабылдап келсе, қазіргі таңда тек субъекті ретінде мән беруді басшылыққа алуда.

Изображение слайда
10

Последний слайд презентации: Топтағы, ұжымдағы Тұлғааралық қарым қатынас

Студент субъекті болу үшін өзін-өзі тану, өзін-өзі көрсету, өзіне-өзі сену, өзін-өзі анықтау, өзін-өзі іске асыру, өзін-өзі реттеу және т.с.с. үдерістердің мәні мен маңызын ұғына білсе, оқыту үдерісіндегі тұлғааралық қарым-қатынастың қалыптасуына жағдай туындайды.. Студенттің қатынас жасау типтерін зерттеген еңбектерді қарастыра отырып, студенттердің қарым-қатынас жасау қабілетін үш түрге бөліп қарастыруға болатындығын Л.А.Перовская, Ю.М.Лотман, М.И.Рыданов және Б.Ф.Ломовтардың еңбектерінен көреміз : 1) Жалғыздыққа   бейім   өзімен-өзі   жүретін  студент. Оны  айналасындағы   құрдастарымен   қарым-қатынас   жалықтырады.  Ол   өзімен-өзі   жалғыз   қалғанда   немесе   өзі   ұнататын   ісімен   айналысқанда   ғана   өзін   жайлы   сезінеді. 2) Жұптасқан   қарым-қатынас   түріне   бейім  студент.  Оның   жанында   сенімді   досы   немесе   құрбысы   болуы   қажет.  Ол   доссыз   немесе   құрбысыз   толыққанды   өмірді   сезіне   алмайды. 3) Топтық, ұжымдасқан   қарым-қатынас   түріне   бейім   студенттер. Мұндай   ұжымдасқан   немесе   бейімділіктеріне   қарай   топтасқан   студенттерден   дұрыс   бағыттағы   салауатты   қарым-қатынастағы   ұжымдар  да, сондай-ақ, қоғамдағы   жағымсыз   әрекеттерге   баратын   топтар  да  қалыптасуы   мүмкін.

Изображение слайда