Презентация на тему: Тәрбие сағаты

Тәрбие сағаты
Оңтүстік Қазақстан облысында ғы киелі жерлер ік Қасиетті Арыстан баб, Қожа Ахмет Ясауи, Ибрагим ата, Қарашаш ана кесенесі осы аймақта орналасқан. Мәселен,
Тәрбие сағаты
Тәрбие сағаты
Тәрбие сағаты
Тәрбие сағаты
Тәрбие сағаты
Тәрбие сағаты
Тәрбие сағаты
Тәрбие сағаты
1/10
Средняя оценка: 4.0/5 (всего оценок: 57)
Код скопирован в буфер обмена
Скачать (2189 Кб)
1

Первый слайд презентации: Тәрбие сағаты

Тпқырыбы : Оңтүстік Қазақстандағы киелі жерлер

Изображение слайда
2

Слайд 2: Оңтүстік Қазақстан облысында ғы киелі жерлер ік Қасиетті Арыстан баб, Қожа Ахмет Ясауи, Ибрагим ата, Қарашаш ана кесенесі осы аймақта орналасқан. Мәселен, Арыстан баб кесенесі жанында емдік қасиеттері бар өте тұзды сулы құдық бар десе, түркі халықтары Түркістан қаласын екінші Мекке ретінде санайды. Ал, Сайрам ауылындағы ХІХ ғасыр сәулетінің тарихи ескерткіші Қарашаш ана кесенесі Қожа Ахмет Ясауидің анасына арнап салынған. Сондай-ақ, осы ауданда Ибраһим ата кесенесі бар. XI ғасырда Сайрам ислам дінін тарату ошағы болды. Мұнда көптеген діни ұстаздар мен ғалымдар тұрды. Ал Түркістан қаласындағы 1396-1399 жылдары Әмір Темірдің бұйрығымен салынған Қожа Ахмет Ясауи кесенесі XIX ғасырдың соңына қарай тарихи-мәдени мұра ретінде ғылыми тұрғыдан зерттеле бастағаны мәлім. Өңірдің әр ауданында аңыз болып тараған әулие-әмбиелер жатқан жерлер мен ескерткіш, кесенелер де жетерлік. Өңірде сонымен қатар табиғаты тамаша көрікті жерлер мен аңыз ретінде танылған киелі орындар да бар. Солардың арасында көпшілік біле бермейтін жерлерді таныстыруды жөн көрдік

Изображение слайда
3

Слайд 3

« Ақ мешіт әулие » үңгірі - Бәйдібек ауданы, Көктерек ауылының жанындағы Қаратау сілемінің бөктерінде, 250 м биіктікте орналасқан. Ұрпақтан ұрпаққа жеткен аңыз бойынша бұл жерде бағзы дәуірде жерасты мешіті болған деседі. Ортадағы алаңнан бірнеше қамалдарға жолдар жалғапты. Кейін сол жолдар бітеліп, мешітке адам кіре алмай қалған. ХХ ғасырда күмбездің бір бөлігі опырылып, содан үңгірге кіретін саңылау пайда болыпты. Қасиетті жерге жол тапқан адамдар бұл орынды әулиелі жерге айналдырады. Келесі бір аңызда осы үңгірде жоңғар шапқыншылығынан бас сауғалау үшін балалар мен қазақ әйелдері мекен етіпті.

Изображение слайда
4

Слайд 4

Ахмет Ясауи кесенесі  —  Түркңстан қаласында   XIV ғасырдың соңында тұрғызылған архитектуралық   ғимарат.  Қожа Ахмет Яссауи   дүние салғаннан кейін халықтың көп жиылуымен өзіне арнап соғылған кішкене   мазарға   жерленеді. Кейін бұл кесене мұсылмандардың жаппай тәуеп ету орнына айналды. Түркістан қаласындағы Ахмет Ясауи ғимараты – орта ғасырлық сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші. Ол XII ғасырда өмір сүрген бүкіл Шығысқа аты әйгілі көне түркі ақыны, софизмді уағыздаушы Ахмет Ясауидің (Яссы-дан шыққан деген мағынада ) бейітінің басына орнатылған

Изображение слайда
5

Слайд 5

Үкаша ата кесенесі. Халық арасында айтылатын аңызда « Үкаша ата сахаба Мұхаммед ( с.ғ.с ) пайғамбардың замандасы, сенімді серігі әрі күзетшісі, Ислам дінін таратушы болған. Жергілікті тұрғындар « Пайғамбарымыздың ( с.ғ.с ) жауырынының астындағы мөрді сүйгеннен кейін Үкаша сахабаның денесіне атса оқ, шапса қылыш өтпеген ». Осы әңгіме ел арасында кеңінен тараған. « Әзірет Сұлтан » мемлекеттік қорық-мұражайы ғылыми зерттеу бөлімінің мәліметінше, Үкаша сахаба біздің даламызға Ислам дінін алғаш алып келген тарихи тұлға. Ол Түркі тайпаларының бірінен шыққан. Қазақ шежіресінің бастауында тұратын Әнес сахабалармен бір қатарда тұрады дейді.  Тағы бір аңызда Үкаша атаны жау жеңе алмаған. Ол тек таң намазын оқыған кезде қорғансыз болады екен.

Изображение слайда
6

Слайд 6

Домалақ   ана кесенесі  – Али Сыланқызы Нуриланың мазарының үстіне салынған. Қаратау бөктерінде Балабөген өзенінің бойында орналасқан. Домалақ ана Байдібек атаның кенже әйелі болған. XI-XV ғасырлары бірнеше рет жөнделіп, 1966 жылы ақ тастардан қайта қаланған.

Изображение слайда
7

Слайд 7

Ибрагим ата кесенесі –  Сайрамның солтүстік-шығысында орын тепкен. Ибрагим  –  Ахмет Яссауидің әкесі. Алғашқы құрылысы XII- XIV ғасырларға жатады. Дегенмен, кесене көпке шыдамай   құлап қалған, қазіргі үлгісі XIX ғасырға жатады.

Изображение слайда
8

Слайд 8

Қарашаш ана кесенесі - алғашқы нұсқасы XIII ғасырға жатады. Ал қазіргі кесене XIX ғасырда бой көтерген. Қарашаш ананың шын есімі – Айша-бибі, ол Мұсаның қызы болған. Түріктер арасында кең таралған Қарашаш анаға сыйынып келушілер аз емес. Сайрам ауданында орналасқан.

Изображение слайда
9

Слайд 9

Созақ ауданы, Созақ ауылында   Қарабура әулие кесенесі  бар. Бұл ескерткіш ХІ V ғасырда тұрғызылып, ХХ ғасырдың соңында толық жөндеуден өткен. Кесене ақ кірпіштен қаланған, әрқайсысы сегіз қырлы қос бөлмеден тұрады. Төбесі күмбезді болып келеді, бірінші бөлмесі 100 шаршы метр, ал екінші бөлмеде ескі кесене бар. Қарабура әулиенің зираты ескі кесенеде жатыр.

Изображение слайда
10

Последний слайд презентации: Тәрбие сағаты

Баба түкті Шашты Әзіз кесенесі  – Созақ ауданы,  Құмкент   ауылы маңында орналасқан. Кесене мазар үстіне күйдірілген   кірпіштен   қаланған. Қасбеттік композицияға құрылған бір үйлі болып келеді. Баба түкті Шашты Әзіз – мұсылмандар арасында әулие атанған.

Изображение слайда