Презентация на тему: Тақырып 9. Ұлттық экономиканың индустриалды инновация-лық дамуын мемлекеттік

Реклама. Продолжение ниже
Тақырып 9. Ұлттық экономиканың индустриалды инновация-лық дамуын мемлекеттік
Тақырып 9. Ұлттық экономиканың индустриалды инновация-лық дамуын мемлекеттік
Тақырып 9. Ұлттық экономиканың индустриалды инновация-лық дамуын мемлекеттік
Тақырып 9. Ұлттық экономиканың индустриалды инновация-лық дамуын мемлекеттік
Тақырып 9. Ұлттық экономиканың индустриалды инновация-лық дамуын мемлекеттік
Тақырып 9. Ұлттық экономиканың индустриалды инновация-лық дамуын мемлекеттік
Тақырып 9. Ұлттық экономиканың индустриалды инновация-лық дамуын мемлекеттік
Тақырып 9. Ұлттық экономиканың индустриалды инновация-лық дамуын мемлекеттік
Тақырып 9. Ұлттық экономиканың индустриалды инновация-лық дамуын мемлекеттік
Тақырып 9. Ұлттық экономиканың индустриалды инновация-лық дамуын мемлекеттік
Тақырып 9. Ұлттық экономиканың индустриалды инновация-лық дамуын мемлекеттік
Тақырып 9. Ұлттық экономиканың индустриалды инновация-лық дамуын мемлекеттік
Тақырып 9. Ұлттық экономиканың индустриалды инновация-лық дамуын мемлекеттік
Тақырып 9. Ұлттық экономиканың индустриалды инновация-лық дамуын мемлекеттік
Тақырып 9. Ұлттық экономиканың индустриалды инновация-лық дамуын мемлекеттік
Тақырып 9. Ұлттық экономиканың индустриалды инновация-лық дамуын мемлекеттік
Тақырып 9. Ұлттық экономиканың индустриалды инновация-лық дамуын мемлекеттік
Тақырып 9. Ұлттық экономиканың индустриалды инновация-лық дамуын мемлекеттік
Тақырып 9. Ұлттық экономиканың индустриалды инновация-лық дамуын мемлекеттік
1/19
Средняя оценка: 4.0/5 (всего оценок: 55)
Код скопирован в буфер обмена
Скачать (82 Кб)
Реклама. Продолжение ниже
1

Первый слайд презентации

Тақырып 9. Ұлттық экономиканың индустриалды инновация-лық дамуын мемлекеттік реттеу 1. Мемлекеттің ғылыми-техникалык және инновациялык саясатының қалыптасу негіздері 2. Ғылыми-техникалық инновациялық саясатты мемлекеттік реттеу механизмдері мен тетіктері 3. Мемлекеттің ұлттық экономикада индустрияның дамуын реттеу 4. Инновациялық үдерісті жеделдету мен ҒТП тиімділігін арттыру жөніндегі мемлекеттік шаралар жүйесі

Изображение слайда
1/1
2

Слайд 2

1. Мемлекеттің ғылыми-техникалык және инновациялык саясатының қалыптасу негіздері Мемлекеттік ғылыми-техникалық саясатты эзірлеу мен іске асыру заманауи экономикалық ойдың бірқатар теорияларымен негізделген заңдардың және заңдылықтардың әсерін есепке алуды талап етеді. Олардың арасында ; - қоғамдық қайта өндіру; - шаруашылық жүйелері; - даму циклдығы ; - аралас экономика; - технологиялық ғұрыптар; - дамудың инновациялық типі ; - экономикалық орнықтылық; - экономикалық қауіпсіздік; - ғылыми-техникалық әлеует және т.б. теориялары бар. Экономикалық прогрестің жаңа типінің қалыптасуы қоғамдық өндірістегі қайта жаңғыру сатысының айқындаушы дамуына, ғылым салаларының жэне өндіріс пен нарықтың арасындағы интеграциялық үдерістердің күшеюіне байланысты. Мемлекеттік ғылыми-техникалық саясат негізгі экономикалық функцияларға сәйкес шаруашылық жүргізу жүйелерінің құрылымдарын және олардың қызмет етуі, дамуының институционалды жағдайлар жасау жөнінде қамқор болуға тиіс :

Изображение слайда
1/1
3

Слайд 3

мемлекеттің құрылымдық, өнеркәсіптік, инновациялық, инвестициялық саясатымен тығыз байланысты болады. Мемлекеттік ғылыми-техникалық саясаттың көптеген компоненттері : - міндеттері ; - бағыттары; - формалары ; - тәсілдері.

Изображение слайда
1/1
4

Слайд 4

2. Ғылыми-техникалық инновациялық саясатты мемлекеттік реттеу механизмдері мен тетіктері Әлеуметтік-экономикалық көзқарас тұрғысынан мемлекеттік-техникалық саясат - ол мемлекеттің ғылыми, ғылыми-техникалык салаға жэне шығармашы-лық еңбектің спецификасы мен оның моти - вациясын ескере отырып, қызметтің тиісті түрлеріне қатысты өзінің негізгі фунцияларын едәуір толық орындауы деген сөз. Мемлекеттік ғылыми-техникалық саясат адамдар өмір-тірші- лігінің барлық салаларын жаңарту үшін инновацияларды жасау, қайтатүлету жэне пайдалану жөніндегі мемлекет пен қалған ғылыми- техникалық субъектілері арасындағы қоғамдық-экономикалык қатынастар жиынтығы болып табылады. Мемлекеттің ғылыми-техникалық саясаты - ҒТП стратегиялық мақсаттарын қалыптастыру іргетасына қаланатын шаралар жүйесі. Ғылыми-техникалық саясатты іске асыру кезіндегі мемлекет фунциясының жиынынан келесілерді : 1 ) жоспарлық-болжамдық ; 2 ) үйлестіруші ; 3 ) реттегіш ; 4 ) ақпараттық ; 5 ) зерттеушілік ; 6 ) нормативтік-құқықтық ;

Изображение слайда
1/1
5

Слайд 5

7) сыртқы экономикалық ; 8) ұйымдық ; 9) басқару ; 10) бақылау функциясын бөліп көрсету керек. ҒТП реттегенде мемлекет келесі негізгі принциптерді : - қызметтің нэтижесі үшін қызметкердің жэне ұжымның жауапкершілігімен үйлескен ғылыми және техникалық шығар- машылық еркіндігін ; - саясатты эзірлегенде жэне іске асырғанда жариялылық пен ғылыми жэне саяси қауымдастықты кеңінен тартуды ; - ғылыми-техникалық қызметті дамытудың жекелеген ба- ғыттарына басымдық беруді жэне оларды ресурстық және қүкыктық қамтамасыз етуді ; - ғылыми және ғылыми-техникалық ақпаратқа қол жеткізу еркіндігін ; - интеллектуалды меншіктің құқытық қорғалуына кепілдік берілуін ; - мемлекеттік реттеудің және шығармашылық ұжымдардың үйлесімін; - ғылыми-техникалық қызметтегі меншік формасының көп түрлілігін; - ғылыми-техникалық қызметтегі бэсекелестік пен іскерлікті ; - ғылыми-техникалық қызметтің, өндірістің, инновациялық белсенділіктің жэне нарықтың интеграциялануын ; - ғылыми жэне инновациялық белсенділікті мемлекеттік реттеуді ; - ғылыми-техникалық саясатты әзірлеу мен іске асырудың көп субъектілігін ; - мемлекеттің ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретіндегі белсенді рөлін ;

Изображение слайда
1/1
6

Слайд 6

- халықаралық ғылыми-техникалық ынтымақтастықтың дамуын ; - ғылыми-техникалық элеуеттерді дамытуға жүйелі қырынан келуді ; - ғылыми, ғылыми-техникалық жэне инновациялық қызметтің басқа да түрлерін белсенді мемлекеттік көтермелеуді ; - жаңа техника мен жаңа технологияны әзірлеу кезінде эко- логиялық, экономикалық, әлеуметтік қауіпсіздіктің сақталуын; - иновациялық белсенділікті оперативті мониторингтеуді бас- шылыққа алуға міндетті. Мемлекет өзінің ғылыми-техникалық жэне инновациялық экономикалық саясатын келесі тәсілдердің: а) ғылыми зерттеулерді мемлекеттің қаржылай, материалдық, кадрлық тұрғыда қолдаудың ; б) кәсіпкерлік құрылымдарды венчурлі ( тэуекелді ) бизнесті да- мытуды көтермелеудің; в) ғылыми жэне ғылыми-техникалық өнім ( тауарлар мен қызмет көрсетулер ) нарығы қызметінің қызмет етуін институционалды қамтамасыз етудің көмегімен іске асырады. Аталған тәсілдерге мемлекет осылардың көмегімен елдің ғылыми-техникалық бағытын реттейтін тетіктердің едэуір көп түрі тән. Оларға базалық қаржыланды-ру, бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру, фундаменталды және қолданбалы зерттеулерді мемлекеттік қолдау қоры мен ғылыми-зерттеулер жөніндегі әзір-

Изображение слайда
1/1
7

Слайд 7

лемелерді жэне тағы басқаларын іске асыру жатады. Қазіргі замануи экономикалық әдебиетте қарқынды экономикалық өсу үшін ғылыми-техникалық прогрестің нәтижелерін енгізуді инновациялық үдеріс деп атайды. Ғылыми-зерттеулерді мемлекеттік қаржыландыру, венчурлі (тәуекелді ) бизнесті дамытуды мемлекеттік қолдау, кэсіпкерлік қүрылымдарда ғылыми өнім нарығын қүру инновациялық экономикалық саясатты іске асыру механизмі болып табылады.

Изображение слайда
1/1
Реклама. Продолжение ниже
8

Слайд 8

3. Мемлекеттің ұлттық экономикада индустрияның дамуын реттеу Индустриялық саясат дегеніміз - қолда бар жағдайларды есепке ала отырып, ұлттық экономиканың деңгейін арттыру мақсатында елдің құрылымдық жэне ғылыми-техникалық элеуетін қоса өнеркәсіп кешеніне ықпал ету шараларының жүйесі. Мыналар : а ) тауарлар мен қызмет көрсетулердің орнықты ішкі нарығына жүмыс істейтін өзара байланысқан өнеркәсіп кэсіпорындарының бэсекеге қабілетті жүйесін құру мен жұмыс істету ; б ) қазіргі заманауи отандық және шетелдік техника мен технологияға негізделген өнеркэсіпті құрылымдык тұрғыда қайта жаңғырту ; в ) өнеркәсіптік өндірістің экологиялығын кұкықтык, үйымдық тұрғыда қамтамасыз ету ; г ) мемлекеттік кэсіпорындарда өндірілетін тауарлар мен қызмет көрсетулердің отандық қүрамын арттыру индустрияны дамытудағы мемлекеттік реттеудің негізгі міндеттері болып табылады. Мемлекет индустриялық саясатты эзірлей отырып келесілерді : 1. индустрияны дамытудың басым бағыттарын анықтау; 2. қолда бар индустриялық әлеуетке сүйену ; 3. үлттық экономикада сапалы өзгерістерді көздеу ;

Изображение слайда
1/1
9

Слайд 9

4. индустриялық саясатты іске асыру жөніндегі функцияларды билік салалары, ведомстволар мен кәсіпорындар арасында айқын бөлу ; 5. индустриялық, соның ішінде сыртқы экономикалық саясаттың барлық құрамдастарын өзара байланыстыру ; 6. өндірістің әлемдік өлшемдеріне бағдар алу пиринциптерін басшылыққа алуға міндетті. Қазақстан ұзақ мерзімді бағдарламаларды әзірледі, олар іске асырылуына қарай нақтыланады және түзетіліп отырады. Елді қарқынды индустриялы-инновациялы дамытудың « Өндіруші-2020 » мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Бағдарла-ма бизнес пен мемлекеттің күшін тоғыстыруға, пәрменді институттар мен өзара әрекеттестік механизмдерін қүруға, қолайлы макроорта мен инвестициялық климатты жасауға есептелген. Индустриалды саясатта жалпы ( жүйелі ) және мақсатты ( селективті ) көтер-мелеу шараларын бөліп көрсетеді. Жалпылама шаралар барлық өнеркәсіп кәсіпорындарына қатысты болса, ал мақсатты шаралар жекелей белгілі бір бөлек тауарларды, тауар топтарын өнді-рушілерге қатысты қолданылады. ҚР МК ИИДҚ-да индустриялдыдан кейінгі экономика негіздерін қалыптастыру мақсатында экономикалық саясаттың макро және секторлық деңгейдегі жүйелі шаралары, селективті шаралар арқылы инновациялық инфракүрылымды қалып-тастыру мен ғылыми-техникалық бастамаларды қолдау жалғасады.

Изображение слайда
1/1
10

Слайд 10

Экономикалық саясаттың жүйелі шаралары қолайлы макроорта мен инвести-циялық климатты қалыптастыруға, еңбек өнімділігін және экономиканың бәсеке-ге қабілеттілігін арттыруға бағытталған. Селективті шаралар басымдығы бар са-лалар мен жобаларды қаржылай жэне қаржылай емес қолдаудың қосынды шаралары негізінде іске асырылады. Индустриялаудан кейінгі экономиканың негіздерін қалыптастыру мақсатында ҚР билік органдарының күш-қуаты қоғамдың өндірістің дәстүрлі салаларын : - мұнай-газ, тау-кен металлургия, атом жэне химия өнеркәсібін дамытуға жұмылдырылган ; - компаниялар мен мемлекеттің сұранысына негізделген машина жасауды, күрылыс индустриясын, фармацевтиканы дамытуға бағытталған ; - жоғарыда аталған міндеттерді іске асырудағы мемлекеттің назар аударатын объектісі негізінен экспортқа бағытталатын агроөнеркэсіп кешені, жеңіл өнер-кәсіп, туризм болып табылады ; - «болашақтағы экономиканың» секторы ( ақпараттық және коммуникациялық технологиялар, биотехнологиялар, баламалы энергетика, ғарыш саласы ). Бағдарламалар басымдықты салалардағы бәсекеге қабілетті жэне жоғары тех-нологиялы өндірістік жобаларды жеңілдікпен қаржыландыруды, қажетті инфра-кұрылымды қамтамасыз етуді, кедендік жэне салықтық көтермелеуді, секторал-дық бөгеттерді алып тастауды, экспортты жылжытуға көмектесуді, ұзақ мерзім-дік кезеңге кепілді тапсырыстар беруді жэне т.б. қарастырады.

Изображение слайда
1/1
11

Слайд 11

ИИДҚ бағдарламасы Индустри - ализациялау картасы мен Өндіріс қуаттарын рационалды орнала - стыру сызбасын қамтиды. Сызба салалардың теңестірілген дамуы туралы ақпаратты, инфрақұрылымды және ресурстық базаны қамтиды. Карта жаңа салынып немесе жоспарланып жатқан өндіріс қуаттарының тізбесін, оларды мониторингтеу мен мемлекеттік қолдаудың нүктелік шаралары арқылы басқару тетіктерін көрсетеді. Мемлекеттің қоғамдық өндірістің индустриялды дамуын реттеу : - ғылыми-техникалық әзірлемелерді енгізу мен жоғары технологиялы өндірісті қалыптастыру негізінде ел экономикасының дамуына жағдай жасау ; - ұйымдық жэне экономикалық жағдай жасау жолымен инновациялық қызметті көтермелеу; - қолайлы инвестициялық климатты жасау жолымен мемлекеттік инновация-лық саясатты іске асыру үшін инвестициялар тарту арқылы іске асырылады. Елдің индустриялды дамуын мемлекеттік реттеу механиизмі экономикалық ( инвестициялық, қаржылық, бағаны реттеу жэне т.б.), құқықттық, ұйымдық-тех-никалық (инновациялық саясат, жеделдетілген амортизация, тауарлар мен қызмет көрсетулер сапасын сараптау ) рычагтары көмегімен басқарылады. Ұлттық экономиканы индустриялды дамытудағы мемлекеттің реттегіш рөлінің көп түрлілігі жөнінде бекітілген «ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі туралы ереже » арқылы пайымдауға болады, мұнда министрліктің алдына 200-ге жуық міндет қойылған.

Изображение слайда
1/1
12

Слайд 12

4. Инновациялық үдерісті жеделдету мен ҒТП тиімділігін арттыру жөніндегі мемлекеттік шаралар жүйесі Мемлекеттің ғылыми-техникалық саясаты - ол ҒТП стратегиялық мақсаттарын қарқынды жүргізу негізінде қалайтын шаралар жүйесі болып табылады. Шаралар жүйесі елдің ғылыми-техникалық әлеуетін рационалды орналастыру мен пайдалануға, ғылыми және техникалық проблемаларға көзқарас жиынтықтылы-ғына, жобалар ауқымдылығына негізделеді. Ғылыми-техникалық даму мен инновацияларды енгізуді мемлекеттік реттеу : 1 ) ел экономикасының жай-күйі мен дамыған елдер жетістігін талдау негізінде ғылым мен техниканы дамытудың стратегиялық бағыттарын анықтауды ; 2 ) ел экономикасының қажеттілігі тұрғысынан жүргізіліп жатқан ғылыми және техникалық зерттеулер инновациялығын анықтауды ; 3 ) экономиканың мемлекеттік және жекеменшік секторлары қаржылай салымдарды үйлестіруді ; 4 ) экономикаға инновацияны енгізуді көтермелеуді қамтиды. Ғылыми зерттеулерді, жаңа техника мен жоғары технологияларды өндіріске енгізуді мемлекеттік көтермелеудің механизмі : 1 ) жекеменшік сектор тауарлары мен қызмет көрсетулеріне мемлекеттік тапсырыстар жүйесін жетілдіруді ; 2 ) жұмыскерлердің инновациялық фирмаларға ауысуына жағдай жасауды ;

Изображение слайда
1/1
13

Слайд 13

3 ) тауарлар мен қызмет көрсетулердің сапалық стандартын арт - тыруды ; 4 ) жекеменшік кэсіпорындар мен мекемелердің ғылыми зертте - улер мен ғылыми әзірлемелерді өндіріске енгізуді қаржыландыруды көтермелеуді ; 5 ) өндірістегі кооперацияның кеңеюін жэне инновациялық тауарлар мен қызмет көрсетулерді ішкі және сыртқы нарықта халықаралық еңбек бөлінісі негізінде іске асыруды қамтиды. 1997 ж. АҚШ Конгресі қабылдаған « Ғылыми және технологиялық саясат, ұйымдастырылуы мен басымдықтары туралы » АҚШ заңы ғылыми-техникалық прогрестің мүмкіндіктерін : - әлемдегі АҚШ-тың көшбасшылық жағдайын қамтамасыз ету үшін; - материалдар мен өнімдердің тиімділігін арттыру үшін ; - елді азық-түлікпен, шикізатпен, материалдармен жеткілікті қамтамасыз ету үшін; - денсаулық сақтау сапасын арттыру мен салауатты және эстетикалық тұрғыда жетілген табиғи ортаны жасау мәселелерін шешу үшін ; - теңіздердің, мұхиттардың, жағалау аймақтардың, сондай - ақ полярлық облыстардың сақталуын және олардың ресурстарын тиімді пайдалануды қамтамасыз ету үшін; - экономиканы нығайту жэне толықтай жұмыспен қамтылуды қамтамасыз ету үшін; - білім беру мен халық ағарту сапасын арттыру үшін ;

Изображение слайда
1/1
14

Слайд 14

- елдің табиғи және адам ресурстарының сақталуы мен тиімді пайдаланылуына көмектесу үшін ; тұрғын үй қорын, көлік пен байланыс жүйелерін дамыту, тиімді қоғамдық қызмет көрсетулерді қамтамасыз ету үшін ; - aya мен судың денсаулық үшін зиянды ластануын немесе тиімсіз дэрілік препараттар мен басқа да тамақ өнімдерін жою үшін ; - космосты зерттеуге жэне бейбітшілік мақсатында қолдануға жэрдемдесу үшін пайдалануды қарастырады. АҚШ тәжірибесі бүл міндеттер күнделікті экономикалық практикада елдің әлемдік ғылым мен техникадағы көшбасшылық жағдайының қамтамасыз етілуі, әлемдік технологиялық нарықта арта түскен бэсекелестікті жеңуі, бэсеке қабілет-тілікті сақтау мен арттыруы, технологиялық базаның көмегімен елдің ұлттық қауіпсіздігінің жасалуы, сыртқы нарық үшін күресте еңбек өнімділігінің және өнеркәсіп тиімділігінің арттырылуы, сыртқы экономикалық мақсаттарды іске асыруға жәрдемдесуі, жалпы өмір сапасының жақсаруы арқылы нақты сипат алатынын көрсетеді. АҚШ-та инновацияларды реттеу мемлекет : - мемлекеттік ресурстарды ғылыми-зерттеудің эртүрлі бағыт- тары арасында бөлуді іске асыратын жэне мемлекеттік зерттеулер құрылымын анықтайтын ; - ғылыми-зерттеулерді жэне оларды экономиканың жеке меншік секторында іске асыруды ақшалай қаражатпен көтермелейтін ;

Изображение слайда
1/1
Реклама. Продолжение ниже
15

Слайд 15

- экономикадағы инновациялық климатты қалыптастыратын; - зерттеулер мен әзірлемелерді қамтамасыз ету үшін инфракұрылым қалыптас-тыратын, статистика, стандарттау, ғылыми- техникалық ақпарат, халықаралық ынтымақтастық қызметі сияқты жэне т.б. қызметтерді қүратын. - қоғамдық өндірістің энергетика, экология жэне т.б. сияқты жекелеген салаларындағы зерттеулер үшін тікелей жауапкершілікте болатын. - кадрларды даярлау және қайта даярлау бағыттар бойынша жүргізіледі. Көріп отырғанымыздай Қазақстанның мемлекеттік билік органдарына басқа елдер тәжірибесінен оқып үйренетін және қабылдайтын нәрселер бар. Мыналар : 1 ) өтпелі кезеңде ғылыми әлеуеттен ішінара айырылу ( ғылыми қызметкерлер-дің эмиграциясы, жобалау-конструкторлық институттардың ыдырауы және т.б.); 2 ) гылыми-зерттеу жұмыстарын, өндіріс пен қызмет көрсетулер саласын аспаптармен жэне басқа да зерттеу күралдарымен қам- тамасыз етудегі техникалық жэне технологиялық артта қалушылық ; 3 ) қоғамдық өндірістің ресурс сыйымдылығының жоғарылығы мен осының салдары ретінде тауарлар мен қызмет көрсулердің бәсеке қабілеттілігінің төмендігі ; 4 ) қолда бар ғылыми әзірлемелерді өндірістің әлсіз қажетсінуі ( шетелдік фир-малар басшылырының менсінбей қарауы, отандық фирмалар басшыларының және кәсіпкерлердің жаңа әзірлемелермен жүмыс істеуге күлықсыздығы мен

Изображение слайда
1/1
16

Слайд 16

қырсыздығы ) Қазақстанның гылыми-техникалық жэне инновациялық дамуының ерекшелігі болып табылады. Жоғары дамыған инновациялық саланы құру үшін республикада алты еркін экономикалық аймақ қызмет етеді олар шартты түрде үш топқа бөлінген. Бұл топтың бірін техникалық енгізілу аймағы - «Ақпараттық технологиялар паркі » қүрайды, оның құрамына Астанадағы технопарктер, Шығыс Қазақстандағы «Алтай» жэне Алматы облысындағы «Алатау» технопарктері кіреді. Оларға қосымша 2011 жылдың аяғында нақты салалық бағыттағы үш ар- найы экономикалық аймақ: Қарағанды облысындағы «Сарыарқа» АЭА- метталлургия мен металл өңдеуді дамыту, Алматы облы - сында « Қорғас-Шығыс қақпа » АЭА - көлік-логистикалық элеуетті дамыту ; Павлодар облысындағы - өнеркәсіптің химия жэне мүнай химия салаларын дамыту аймақтары күрылды.

Изображение слайда
1/1
17

Слайд 17

Қысқаша қорытындылар: 1. Қазақстанда индустриялаудан кейінгі, «ақылды» экономиканы немесе білім экономикасын қалыптастыру ғылым салалары, өндіріс пен нарық арасындағы интеграциялық үдерістерді күшейтуді талап етеді, бұл мемлекет тарапынан елеулі институционалды ықпалды объективті түрде қажетсінеді. 2. Қазіргі замануи ғылыми идеялар, жаңа өндірісті құру үлкен ұжымның жұмы-сын, ғылыми, ақшалай және материалдық шығындарды талап етеді, бұл әсіресе дамушы немесе өндірісі мен халқы шағын елдер үшін мемлекеттің ғана шамасы жететін іс. Мүндай жағдайларда мемлекеттік билік органдарына ресурстардың барлық түрлерін ақылға қонымды бөлу, бизнесті дамыту механизмдерін тетікте-рін кінаратсыз пайдалану, кәсіпкерлік салада ғылыми өнім нарығын күру прин-циптерін ұстану қажет. 3. Елдің шаруашылық қызметіне техникалық прогресс пен инновацияларды енгізу үдерісін реттеу елдегі инвестициялық, инновациялық климатпен, зерттеу құрылымдарын енгізу қызметіне, өнер тапқыштықты шаруашылық тәжірибесін-де іске қосудан пэрменді нәтиже алуға ұмтылысты көтермелеумен тығыз байланысты. 4. Қазақстанда ғылыми-техникалық жаңалықты әзірлеу мен ел экономикасына енгізу жүйесі жеткілікті іске қосылмаған. Басқа елдер тәжірибесін, қазіргі заманауи ғылыми-техникалық прогрестің және инновациялық даму ерекшелікте-рін зерттеу негізіндегі осындай жүмыстың өз жүйесі жүмыс істемей тұр.

Изображение слайда
1/1
18

Слайд 18

5. Бұрынғы ғылыми мектептер көптеген жағдайда нарықтық жағдайда жүмыс істеуді үйренбегендіктен, ал жаңалары қалып- таспағандықтан, олардың қызме-тін қаржыландырудың артуы ар- қасында енді-енді қалыптаса бастағандықтан, біздің елімізде элі де болса жеткілікті дәрежеде ғылыми-техникалық саясаттың басымдықтары жеткілікті дәрежеде эзірленбеген. Негізгі терминдер мен ұғымдар : • ғылыми-техникалық үдеріс • дамудың инновациялық типі • ғылыми-технологиялық әлеует • білім трансформациясы • тактикалық әлеует • стратегиялық элеует • ғылыми-техникалық ақпарат • интеллектуальдық меншік • инновациялық белсенділік • қазақстандық үлестік құрам

Изображение слайда
1/1
19

Последний слайд презентации: Тақырып 9. Ұлттық экономиканың индустриалды инновация-лық дамуын мемлекеттік

Сұрақтар : 1. Мемлекеттік ғылыми-техникалық саясаттың міндеттерін, бағыттарын, фор-малары мен тәсілдерін оқып үйреніңіздер жэне алған білімдеріңіздің толықтығын бір-біріңізге көрсетіңіздер. 2. Ғылыми-зерттеулерді қаржыландырудың олардың нэтижелерімен өзара байланысы немен айқындалады? 3. Тактикалық жэне стратегиялық әлеуеттің арасында айырмашылық бар ма ? 4. Мемлекет қазақстандық үлестік құрамның қандай реттегіш тетіктері пайда-ланады ? 5. Фирмалардың экономикалық белсенділігі ИИДҚ МК сәйкес мемлекеттік рет-теудің қандай тетіктерімен көтермеленетін болады ? 6. Егер қажетті институттар жаңадан құрылып, қаржыландыруды арттыру мен жаңа буын кадрларын дайындауды енді бастаса, Қазақстанның ғылыми-техникалық саясатының бағыты инно - вациялық бағыт болады деп дұрыс айтылып жүр ме ? 7. Біздің үлттық инновациялық жүйе үшін дамыған елдердің тәжірибесі қонымды ма ? Егер - иә болса, неліктен ? Егер олай бол- маса - онда неліктен ? Өз көзқарастыңызды негіздеңіз.

Изображение слайда
1/1
Реклама. Продолжение ниже