Презентация на тему: Тақырып : Терінің қызметі

Тақырып : Терінің қызметі
Жоспары
Тақырып : Терінің қызметі
Тақырып : Терінің қызметі
Терінің құрылысы
Тақырып : Терінің қызметі
Тақырып : Терінің қызметі
Тақырып : Терінің қызметі
Тақырып : Терінің қызметі
Тақырып : Терінің қызметі
Терінің қызметі
Тақырып : Терінің қызметі
Терінің қорганыштық қызметі
Терінің қалыңдығы
« Безеу »
Ақ безеулер
«Қышыма қотыр»
1/17
Средняя оценка: 4.7/5 (всего оценок: 44)
Код скопирован в буфер обмена
Скачать (104 Кб)
1

Первый слайд презентации: Тақырып : Терінің қызметі

Орындаған : Сыздықов Е

Изображение слайда
2

Слайд 2: Жоспары

1Терінің құрылысы 2Терінің қызметі 3Терінің қорганыштық қызметі 4Терінің қалыңдығы 5 Тері аурулары 6 Дереккөздер Жоспары

Изображение слайда
3

Слайд 3

Тері  - адам денесінің сыртқы жабыны. Тері ағзада әр түрлі қызмет атқарады. Ішкі мүшелерді сыртқы ортаның механикалық әсерінен (соғылудан, жарақаттанудан ) қорғайды. Тері микробтарды, еріген улы және зиянды заттарды өткізбей қорғаныштық қызмет атқарады. Тері ағзадағы  зат алмасу үдерісіне қатысады. Негізінен   су  мен  жылу   алмасуда маңызы бар. Сыртқы ортаның температурасы қаншалықты ауытқығанымен, адамның дене температурасы үнемі тұрақты болады. Дене температурасының үнемі тұрақты деңгейде болуын қамтамасыз ететін физиологиялық үдерістерді  жылу реттелу дейді.

Изображение слайда
4

Слайд 4

Тері арқылы сумен бірге түрлі   тұздар   ( хлорлы ),   сүт қышқылы,   азоттық алмасу өнімдері сыртқа шығарылады. Тері қанайналым үдерісінде   қан   сақталу қоймасының да қызметін атқарады. Ересек адам терісінің қылтамырларында 1 литрдей   қан   болады. Теріде көптеген   жүйке талшықтары, сезгіш жасушалар шоғырланған. Сондықтан тері сезім мүшесінің қызметін де атқарады. Адам тері арқылы бір заттың жанасқандығын, температураны, ауырғанды сезеді. Терінің витаминдер алмасуына да қатысы бар. Теріде болатын ерекше заттардан күннің   ультракүлгін   сәулелерінің әсерінен Д витамині түзіледі. Теріде аздаған мөлшерде   газ   алмасу үдерісі жүреді, яғни   оттекті   сіңіріп,   көмірқышқыл газын бөледі. Адам терісіндегі   тер,   май   және   сүт бездері   арқылы ыдырау өнімдері бөлінеді. Теріде ағзадағы артық май   қор ретінде жиналады.

Изображение слайда
5

Слайд 5: Терінің құрылысы

Қолдағы тырнақ Аяқтағы тырнақ

Изображение слайда
6

Слайд 6

Адам терісі негізінен үш қабаттан тұрады. Терінің сыртқы қабаты -  эпидермис ( лат.   ері  - сырты, үсті,  derma  - тері ), ортаңғы қабаты -  нағыз тері  ( дерма ), ішкі қабаты -  шелді қабаты   деп аталады. Соңғы кезде шелді қабатпен нағыз тері қабатын біріктіріп, бір қабат деп санауда. Терінің эпидермис қабаты - көп қабатты жалпақ   эпителий  ( жабын ) ұлпасынан тұрады. Оның қалыңдығы атқаратын қызметіне сәйкес түрліше болады. Үнемі механикалық күш  түсетін жерлерде (алақанда, табанда )  эпидермис   едәуір қалың (0,5-2,3 мм). Көкіректе, құрсақта, санда, білекте, мойында   эпидермис қабатының қалыңдығы 0,02—0,05 мм-ден аспайды

Изображение слайда
7

Слайд 7

Эпидермистің өзі екі қабаттан тұрады. Оның сыртқы қабаты  мүйізді қабат  деп аталады. Бұл қабаттағы тіршілігін жойған жасушалар   қайызғақ  түрінде үнемі түлеп түсіп отырады.  Қайызғақ  көбіне шаштың арасынан айқын көрінеді. Эпидермистің мүйізді қабаты теріні сыртқы ортаның зиянды әсерлерінен қорғайды, ауру қоздырушы ағзаларды өткізбейді. Мүйізді қабаттан шаш, түктер, тырнақтар пайда болған. Эпидермистің ішкі қабатын -  өсуші қабат  дейді. Бұл қабатта бірқатар тірі жасушалар орналасқан. Ондағы жасушалардың үнемі бөлінуі арқылы тері қалпына келіп отырады. Өсуші қабаттағы жасушалардың бөлініп көбеюі тырнақтардың да, түктердің де өсуіне септігін тигізеді. Терінің екінші қабаты -  нағыз тері қабаты   (дерма).  Дерма   « тері »   деген ұғымды білдіреді. Сондықтан да тері ауруларын емдейтін дәрігерді   дерматолог   деп атайды.

Изображение слайда
8

Слайд 8

Терінің  дерма   қабаты   дәнекер   ұлпадан түзілген. Оның қалыңдығы 1-2,5 мм. Дерманың эпидермиске жанаса орналасқан сыртқы қабатын -  емізікшелі  (сосочковый), ішкі жағын -  торлы  (сетчатый) қабат дейді. Дерманың емізікшелі қабаты тығыз талшықты  дәнекер  ұлпадан тұрады. Бұл қабатта қантамырлары,  лимфа тамырлары,  жүйке талшықтары   өте жиі орналасқан. Эпидермисті қажетті қоректік заттармен осы қабат қамтамасыз етіп тұрады. Емізікшелі қабаттағы  тарақ, емізік тәрізді өскіндерге байланысты әр адам терісінің сыртқы бедері түрліше болады. Қылмысты істерді анықтауда саусақ ұшындағы  тері бедері   көп пайдасын тигізеді. Дерманың торлы қабаты, тірек қызметін атқарады. Бұл қабатта түктің түбірі, тер және май бездері орналасады. Теріде сүт бездері болады. Тер бездері де сыртқы секреция бездеріне жатады.

Изображение слайда
9

Слайд 9

Тер бездерінің пішіні түтікке ұқсас, оның өзегі терінің сыртына кішкене тесікшелер -  шұрықтар   түрінде ашылады.  Тер бездері   алақанда, табанда, қолтықта, тақымда көп шоғырланған.  Тер бездері   арқылы термен бірге ыдырау өнімдері бөлінеді. Тер бездерінен бөлінген тер дене температурасының тұрақтылығын сақтайды. Балаларда тер бездері нашар дамыған.

Изображение слайда
10

Слайд 10

Тері шелмайы қабаты ( гиподерма ) да  дәнекер   ұлпадан тұрады, онда майлы қосылыстар көп болады. Мұнда жиналған майлы заттарды ағза қажет кезінде пайдаланады. Терінің бұл қабаты ағзаны суықтан және сыртқы ортаның механикалық әсерлерінен қорғайды.   Шаш, түктер, тырнақ   - эпидермистің қосалқы мүйізді түзілістері. Алақанда, табанда, ерінде түктер болмайды. Бас терісінде қалың өскен түктер -  шаш   деп аталады. Шаштың теріден сыртқа шығып тұрған бөлігі - сояуы (қылшығы ), терінің астында түбірі мен жуашығы орналасқан. Түктің жуашығы мен түбірінің сыртын түк қалтасы қоршап тұрады. Түк жуашығымен  қантамырлар, жүйкелер және түкті тікірейтетін бұлшықеттер байланысқан. Түк қалтасына майлы бездердің өзегі ашылып, шашты (түктерді ), теріні майлап тұрады. Тырнақ   — саусақ ұштарының сыртында орналаскан жалпақ мүйізді түзіліс. Тырнақ та шашқа ұқсас үнемі өсіп отырады.

Изображение слайда
11

Слайд 11: Терінің қызметі

Тері  - ағза мен қоршаған ортаны байланыстырушы мүше. Терінің қызметі денеміздегі барлық мүшелер жүйесінің қызметімен тығыз байланысты. Мүшелердің, мүшелер жүйесінің қызметінің бұзылуы теріден айқын байқалады. Мысалы, терінің қызаруы, қышуы, бөртуі, т. б. Терінің қызметі

Изображение слайда
12

Слайд 12

Ыдырау өнімдерін шығару қызметі –   зат алмасумен тікелей байланысты. Тер арқылы су, аммиак, несепнәр, минералды тұздер және т.б. заттар бөлінеді. Тердің тәуліктік бөліну мөлшері сыртқы ортаның температурасына атқаратын жұмысына байланысты. Сезгіштік қызметі –   теріде болатын сезгіш жасушалар мен жүйке талшықтарына байланысты. Солар арқылы температураны, ауырғанды және т.б. сезеді. Жылуды реттеу қызметі –   дене температурасының бір қалыпты деңгейде сақталуымен байланысты.

Изображение слайда
13

Слайд 13: Терінің қорганыштық қызметі

Сыртқы ортаның механикалық әсерлерінен қорғайды. Суықтан, ыстықтан, ауру қоздырушы микробтардан, зиянды заттардан да қорғайды. Терінің қорганыштық қызметі

Изображение слайда
14

Слайд 14: Терінің қалыңдығы

0,5 мм-ден 5мм-ге дейін болады. Ең жұқа тері көздің айналасында және дененің өзге сезімтал жерлеріде орналасқан. Ең қалың тері табанда болады. Оның қалыңдығы 5 мм-ден асуы мүмкін. Әсіресе жалаң аяқ жүретіндердің табан терісі қалыңырақ болады. Ол табанды зақымданудан сақтау үшін қалыңдайды.   [2] Терінің қалыңдығы

Изображение слайда
15

Слайд 15: Безеу »

14-15 жаста көп оқушыда безеу пайда болады. Бұл – жыныстық жетілудің уақытша қосымша әсері. Май бездерінің шығаратын өзегі бітеледі де, оған ауру тудыратын микробтар түсіп, қабынады. Айналасындағы тері тығыздалып қыздырады да кішкентай түйін пайда болады, ол жиі іріңдейді. Кейде оның көлемі ұлғаяды, ал оны сығып тастаған жағдайда,   орнында шешек ізіндей дақ қалады. Безеу бетті, кеудені, арқаның жоғары бөлігін зақымдайды. Олар уақытша пайда болып, бірақ терінің көп бөлігіне жайылып ауыруы да мумкін. Безеудің алдын алу үшін теріні таза ұстап, май бездерінің өзегі бітеліп қалмауы үшін бетті үнемі сабынмен жуу керек. Ыстық және суық сумен алма - кезек жуыну жақсы көмектеседі Өте ащы, дәмдеуіштер (бұрыш, қалампыр, т.б.) қосылған тамақты жеуден, кофе, какао, қою шай ішуден бас тартыңдар.  Ең бастысы – бір қалыпты ұйықтау, серуендеу, спортпен шұғылдану, дене шынықтыру. Осылардың бәрі мүмкіндігінше асқазан жұмысын жақсартып, безеулердің алдын алады.  Таңертең аш қарынға бір стақан су ішкен дұрыс.  Безеуді өзіңіз шұқылап, түртіп жүрмеңіз: инфекция енгізіп алуыңыз мүмкін. Асқынған жағдайда дерматолог дәрігерге көріну қажет « Безеу »

Изображение слайда
16

Слайд 16: Ақ безеулер

Бетте ақ безеу көбіне көз қабақтарында, самай аймағында жиі кездеседі. Бұндай безеулер арқада да болады. Ақ безеулер көбінесе түйрегіштің ұшындай, ал кейде тарының дәніндей. Олар бір-бірлеп немесе топтасып орналасуы мүмкін. Ақ безеулер көбіне майлы теріде болады.  Безеулер белгілі бір уақыттан кейін жазылады, бірақ олардан қалған тыртықтар өздігінен еш уақытта кетпейді. Сондықтан безеулерді уақытында емдеткеніңіз абзал. Ақ безеулер

Изображение слайда
17

Последний слайд презентации: Тақырып : Терінің қызметі: Қышыма қотыр»

Қотыр кене ұзындығы 3 мм, жылтыр болғандықтан жай көзге көрінбейді. Ол дененің жұмсақ бөліктерін, яғни саусақ аралықтарын, кеуде бөлігін, ішті оның төменгі жағын тесіп өзіне жол салады. Осы қышымамен ауырған адамның денесі қатты қышиды, әсіресе түнге қарай қышығаны қатты үдейді. Біздің иммундық  жүйеміз онымен күреседі. Аналық кене арнайы фермент бөліп, сол арқылы теріні тесіп, тері астына енеді. Аналық кене тері астында тіршілік ете отырып жұмыртқасын салып, көбейіп, тіршілігін жалғастыра береді. «Қышыма қотыр»

Изображение слайда