Презентация на тему: Тақырыбы: ЖҮРЕК ҚАН ТАМЫР ЖҮЙЕСІНІҢ ТУА БІТКЕН АҚАУЛАР

Тақырыбы: ЖҮРЕК ҚАН ТАМЫР ЖҮЙЕСІНІҢ ТУА БІТКЕН АҚАУЛАР
жоСпары:
Тақырыбы: ЖҮРЕК ҚАН ТАМЫР ЖҮЙЕСІНІҢ ТУА БІТКЕН АҚАУЛАР
Тақырыбы: ЖҮРЕК ҚАН ТАМЫР ЖҮЙЕСІНІҢ ТУА БІТКЕН АҚАУЛАР
Тумастан бұрын біткен жүрек ақаулары.
Тумастан бұрын біткен жүрек ақауларының себептері :
Тақырыбы: ЖҮРЕК ҚАН ТАМЫР ЖҮЙЕСІНІҢ ТУА БІТКЕН АҚАУЛАР
Тақырыбы: ЖҮРЕК ҚАН ТАМЫР ЖҮЙЕСІНІҢ ТУА БІТКЕН АҚАУЛАР
Тақырыбы: ЖҮРЕК ҚАН ТАМЫР ЖҮЙЕСІНІҢ ТУА БІТКЕН АҚАУЛАР
Тақырыбы: ЖҮРЕК ҚАН ТАМЫР ЖҮЙЕСІНІҢ ТУА БІТКЕН АҚАУЛАР
Тақырыбы: ЖҮРЕК ҚАН ТАМЫР ЖҮЙЕСІНІҢ ТУА БІТКЕН АҚАУЛАР
Тақырыбы: ЖҮРЕК ҚАН ТАМЫР ЖҮЙЕСІНІҢ ТУА БІТКЕН АҚАУЛАР
Пайдаланылған әдебиеттер:
Тақырыбы: ЖҮРЕК ҚАН ТАМЫР ЖҮЙЕСІНІҢ ТУА БІТКЕН АҚАУЛАР
1/14
Средняя оценка: 4.2/5 (всего оценок: 99)
Код скопирован в буфер обмена
Скачать (709 Кб)
1

Первый слайд презентации: Тақырыбы: ЖҮРЕК ҚАН ТАМЫР ЖҮЙЕСІНІҢ ТУА БІТКЕН АҚАУЛАР

Орындаған: Дулатбек Б.А. Қабылдаған:Кыдырбаева А.Қ. Факультеті: ЖМ Тобы: 009-1 С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА МОЛЕКУЛАЛЫҚ БИОЛОГИЯ ЖӘНЕ ГЕНЕТИКА КАФЕДРАСЫ СӨЖ

Изображение слайда
2

Слайд 2: жоСпары:

Кіріспе Туа біткен  ж үрек ақауы Негізгі бөлім Қарынша аралық қалқаның ақауы. Тумастан бұрын біткен жүрек ақаулары Диагностика, емдеу және күтімі Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер

Изображение слайда
3

Слайд 3

Жүрек ақауының бірнеше түрі бар. Ол көбіне туабітті пайда болады. Елімізде жылына 3000-нан аса сәби жүрек ақауымен дүниеге келсе, соның 10-15 пайызы ғана 1 жасқа дейін өмір сүреді екен.  Туа біткен жүрек ақауы (врожденный порок сердца) –жүрек  клапандарының, тесіктері мен қатпарларының туа біткен ауытқуы. Мұндай  ауытқулар  жүрек  механизмінің  түбегейлі  бұзылуына  әкеліп  соқтырады.  Туа  біткен  жүрек ақауы нәрестенің ана құрсағында даму кезеңнің бірінші жартысында пайда болады.  Яғни жүкті әйел аяғы ауыр кезде қан аздық, тұмау, түрлі жұқпалы аурулармен, сонымен қатар бүгінгі таңда  жыныстық қатынастар арқылы жұғатын аурулар- цитомегаловирус, герпес, хламидиоз  салдарынан құрсақтағы баланың жүрек қалқанша­лары мен қақпақшалары толық дамымайды. Бұл жүректің және одан тарайтын қан тамырларының қалыптасуының   бұзылуы салдарынан шығады, яғни  жүрекше мен қарынша арасындағы қақпашалардың  дұрыс  жұмыс  істемеуінен қан іркіліп, жүректе шу пайда болады. Сондықтан жүкті әйел дәрі­гердің қадағалауында болып, өз денсаулығына мұқият қарауы тиіс.

Изображение слайда
4

Слайд 4

Қарынша аралық қалқаның ақауы.  Туа біткен жүрек ақауының мұндай түрі кезінде  қарынша аралық қалқада тесіктің болуы салдарынан оң жақ және сол жақ қарыншалардың  арасы  қосылып кетеді. Қарынша аралық қалқаның ақауы –  туа біткен  жүрек ақауының  кең тараған түрі. Жүрек ақауы ауыр болса, сәби бір жасқа толмай  анықталады. Ондай  сәбилердің  дамуы  тежеледі. Олар жай қозғалады, түрі бозғылт тартады. Өкпеде су жиналғандықтан, демікпе пайда болады, ауыртпалық түскен жағдайда көгеру байқалады, бүкірлік қалыптаса бастайды. Баланың сол жақ төсінде 3-ші 4-ші  қабырғалар арасынан шу мен діріл сезіліп тұрады. Өкпенің үстіңгі жағынан жүрек  соғуының күшеюі  байқалады. Жүрек ақауы, сондай-ақ, жүре пайда болады.

Изображение слайда
5

Слайд 5: Тумастан бұрын біткен жүрек ақаулары

Жүректің қан жолы тетіктерінің зақымдануын жүректің ақауы дейді. Бұл зақымданудың нәтижесінде жүректің негізгі қанды айдау қызметі бұзылады. Жүректің ақауы тумастан бұрын және кейіннен пайда болуы мүмкін. Мысалы, ревматизм атакаларынан кейін. Жылына біздің елімізде 40 000-ға жуық нәресте жүрек ақауымен дүниеге келеді.

Изображение слайда
6

Слайд 6: Тумастан бұрын біткен жүрек ақауларының себептері :

1.Аяғы ауыр әйелдің жүктіліктің бірінші 3 айында жұқпалы вирустық аурулармен ауыруы ( тұмау, қызылша, қызамық т.б.) 2.  Жүктіліктің бірінші жартысының токсикозы. 3.   Маскүнемдікке салыну, темекі шегу. 4.  Тұқым қуалаушылық. 5.  Жиі түсіктер мен аборттар.

Изображение слайда
7

Слайд 7

Аурудың айқындалуы : Ақауы бар жүректің өз қызметін орындауына байланысты. Компенсацияланған Декомпенсацияланған Компенсацияланған ақауларда -ақау кішкене. Сондықтан жүрек өз қызметін толық орындайды, сырттан қарағанда бұл балаларда қан айналымының бұзылуы көрінбейді, тек тыңдағанда жүректе шу айқындалады.

Изображение слайда
8

Слайд 8

Декомпенсацияланған  ақауларда-жүректегі ақау үлкен немесе ақау бірнеше, сондықтан жүрек өз функциясын толық орындай алмайды, қан айналымы бұзылады, балада декомпенсация симптомдары пайда болады : Терінің көкшілдігі (цианоз). Ентікпе. Тахикардия. Тыңдағанда – жүректе дөрекі шу естіледі, бұл шу жауырын, қолтық астында да естіледі. Баланың кеудесінде көгеріп вена тамырлары шығып, жүрек тұсында дөңес пайда болады. Тырнақтары «сағат әйнегі», саусақтары «барабан таяқшалары » тәріздес. Бала өсу жағынан өз құрдастарынан артта қалады ( бойы, салмағы ). Организ төзімділігі төмендеп, бала жиі ауырады-өкпе қабынуымен, әртүрлі жұқпалы аурулармен. Тумастан жүрек ақауы бар балалар отырып, жатып ойнағанды қалайды, кей кезде мәжбүрлі қалып қабылдайды : екі тізесін қолдарымен құшақтап алдына қарай еңкейіп жүресінен отырады.

Изображение слайда
9

Слайд 9

Жүректің зақымдану дәрежесіне байланысты тумастан болған жүрек ақаулары жәй (моноақаулар )  және құрастырылған (күрделі ) ақаулар болып бөлінеді.

Изображение слайда
10

Слайд 10

Диагностика және емдеу: 1.        Аурудың клиникалық белгілері : цианоз, демікпе, тахикардия, «жүрек дөңесі», баланың мәжбүрлі қалпы. 2.       Рентген тексеру. 3.       ЭКГ, ФКГ. 4.        Жүрек қуыстарын зондпен тексеру, ангиокардиография.

Изображение слайда
11

Слайд 11

Күтімі: Бала жатқан палатаның ауасы үнемі таза, жылы болуы керек, 20-22 0  С. Бала төсекте өзіне ыңғайлы жағдайда жатуы керек, бас жағы жоғары, кішкене балаларды бос жөргектеу керек. Баланың терісін, шырышты қабықтарын таза ұстау керек. Жеке бас гигиенасын сақтау. Терінің ойылуының және өкпе қабынуының алдын-алу үшін төсектегі жағдайын алмастырып, қолға алып, терісін майлап тұру керек. Жұқпалы аурулардан сақтандыру. Тамақтың көлемін азайтып, жиі беріп тұру. Баланың денесі құрысып-тырысқанда жедел көмек көрсету керек : басын, аяқ-қолын ұрып алмау үшін астына жұмсақ төсек немесе жөргек төселеді; тілі тыныс жолдарын жауып қалмас үшін тілұстағышпен ұстап немесе дәке оралған шпательмен басып тұру керек. Тумастан бұрын пайда болған жүрек ақауы бар балалар педиатр мен врач-кардиологтың диспансерлік есебінде болып, уақтылы лабораторлы және клиникалық байқаудан өтіп тұрады.

Изображение слайда
12

Слайд 12

Қазіргі таңда Қазақстанда жүрек-қан тамырлары ауруын емдейтін кардиологиялық орталықтар, осы салада түбегейлі ғылыми-зерттеу жүргізетін институттар саусақпен санарлық. Денсаулық сақтау сапасын нығайту үшін еліміздегі   дәрілік  көмектің  қауіпсіздігі,  тиімділігі   мен  сапасына аса мән беру керек.

Изображение слайда
13

Слайд 13: Пайдаланылған әдебиеттер:

«Жүрек аурулары туралы не білесіз ?», « Серпін » газеті, 09.2013ж www.google.kz Қазақ энциклопедиясы Биология:Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. Алматы : Атамұра, 2008

Изображение слайда
14

Последний слайд презентации: Тақырыбы: ЖҮРЕК ҚАН ТАМЫР ЖҮЙЕСІНІҢ ТУА БІТКЕН АҚАУЛАР

Назарларыңызға рахмет!!!

Изображение слайда