Презентация на тему: Тақырыбы: «Қоршаған орта, табиғаттың адам өміріндегі маңызы»

Тақырыбы: «Қоршаған орта, табиғаттың адам өміріндегі маңызы»
Тақырыбы: «Қоршаған орта, табиғаттың адам өміріндегі маңызы»
Тақырыбы: «Қоршаған орта, табиғаттың адам өміріндегі маңызы»
Тақырыбы: «Қоршаған орта, табиғаттың адам өміріндегі маңызы»
Тақырыбы: «Қоршаған орта, табиғаттың адам өміріндегі маңызы»
Тақырыбы: «Қоршаған орта, табиғаттың адам өміріндегі маңызы»
Тақырыбы: «Қоршаған орта, табиғаттың адам өміріндегі маңызы»
Тақырыбы: «Қоршаған орта, табиғаттың адам өміріндегі маңызы»
Тақырыбы: «Қоршаған орта, табиғаттың адам өміріндегі маңызы»
Тақырыбы: «Қоршаған орта, табиғаттың адам өміріндегі маңызы»
Тақырыбы: «Қоршаған орта, табиғаттың адам өміріндегі маңызы»
Тақырыбы: «Қоршаған орта, табиғаттың адам өміріндегі маңызы»
Тақырыбы: «Қоршаған орта, табиғаттың адам өміріндегі маңызы»
Тақырыбы: «Қоршаған орта, табиғаттың адам өміріндегі маңызы»
Тақырыбы: «Қоршаған орта, табиғаттың адам өміріндегі маңызы»
Тақырыбы: «Қоршаған орта, табиғаттың адам өміріндегі маңызы»
Тақырыбы: «Қоршаған орта, табиғаттың адам өміріндегі маңызы»
1/17
Средняя оценка: 4.5/5 (всего оценок: 98)
Код скопирован в буфер обмена
Скачать (328 Кб)
1

Первый слайд презентации

Тақырыбы: «Қоршаған орта, табиғаттың адам өміріндегі маңызы»

Изображение слайда
2

Слайд 2

Кіріспе Балалар әрқашан да және барлық жерде табиғатпен қандай да болсын белгілі бір қарым-қатынаста болады. Жасыл ормандар мен жайылымдар, әдемі гүлдер, көбелектер, қоңыздар, құстар, аңдар, көшпелі бұлттар, жапалақтап жауған қар, бұлақтар, тіпті жазғы жаңбырдан кейінгі шалшықтар – соның бәрі балалардың көңілін аударады, қуантады, олардың жетілуіне мол азық береді. Гүлдер мен жемістердің түрі, пішіні, иісі, құстардың сайрауы, бұлақтардың сылдыры, шөптің сыбдыры, құрғақ жапырақтардың судырлауы, қардың аяқ басқан сайын сықырлауы – осының бәрі балалардың табиғатты сезінуіне мүмкіндік береді және олардың эстетикалық сезімін, сенсорлық тәрбиесін дамытудағы бай материал қызметін атқарады.

Изображение слайда
3

Слайд 3

Курстық жұмыстың өзектілігі: Мектеп жасына дейінгі балаларға қоршаған ортаны күтуге оларға қамқорлық көрсетуге, ерекшеліктерін ажыратуға үйрету. Оларды зерттей отырып адам өміріне тиімді пайдалану. Курстық жұмыстың мақсаты: Қоршаған ортаны аялап, оны қамқорлыққа алып күту, табиғат жөнінде қарапайым білім бере отырып, тірі және өлі табиғаттағы құбылыстар жөнінде қарапайым ұғымдар қалыптастыру. Курстық жұмыстың міндеті: Мектеп жасына дейінгі балаларды қоршаған ортаны қорғауды түсіндіру; Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатты аялау мен қорғауға тәрбиелеу; Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру.

Изображение слайда
4

Слайд 4

І-тарау. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ АДАМ ӨМІРІНДЕГІ МАҢЫЗЫ Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатты аялау мен қорғауға тәрбиелеу Экологиялық білімнің тиімділігін арттыру үшін түрлі әдістер мен өнегелер: экологиядан сабақтар, экскурсиялар, зерттеулер, әңгімелер, мейірімділік сабақтарын, экологиялық байқаулар, экологиялық мерекелер, ойындар, экологиялық ертегілер және т. б. қолданамыз. Қай тәрбиені алсақ та, экологиялық, адамгершілік не болмаса эстетикалық тәрбиені, ол ойлау және әрекетті тудыратын, жүректен шығатын жүрек тәрбиесі болуы қажет. «Балалық шақ жылдары – бұл бірінші кезекте жүректі тәрбиелеу» - деп жазған В. Сухомлинский. Табиғатқа деген сезім жоқ болса, мектепке дейінгілерді экологиялық тәрбиелеу мүмкін емес.

Изображение слайда
5

Слайд 5

1.2. Экологиялық факторлар «Балалар бақшасындағы тәрбие бағдарламасына» сәйкес балаларды табиғатпен таныстыру процесінде өзара тығыз байланысты білімдік және тәрбиелік міндеттер жүзеге асырылады. Ақыл-ой тәрбиесінің негізгі міндеті – балаларға өлі табиғат туралы, өсімдіктер, жануарлар және балалардың сезіммен қабылдай алатын обьектілері мен құбылыстарының арасындағы қарапайым байланыстар жөнінде білім беру. Атеистік тәрбиенің, мектепте биологияны оқытудың негізінде және балаларда диалектикалық-материалистік дүниетанымды қалыптастырудың негізінде дұрыс түсінік пен ұғым жатуға тиіс. Балалардың білімді меңгеруі – олардың танымдық қабілеттіліктерінің, сенсорлық аппаратының, логикалық ойлауының, зейінінің, тілінің, байқағыштығының, білімге құмарлығының дамуымен тығыз байланысты болуы тиіс.

Изображение слайда
6

Слайд 6

1.3. Ұлағатты тәлімгерлердің табиғат туралы пікірлері. Табиғатты аялау мен қорғауда, тәрбие берудегі ұлы ағартушылардың қосқан үлесі Республика көлемінде мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту мәселелерімен шұғылданушы педагог – ғалым Бәшен Баймұратованың еңбектерінде табиғат тәбие құралы ретінде орын алады. Тәлімгердің «балабақшадағы тәрбие бағдарламасына» сай қазақ балалар әдебиетінің озық туындылары «Біздің кітап» (1 – 11) деген атпен хрестоматиялық құрал болып, біріншісі 1974 жылы, екіншісі 1976 жылы, кейін өңделіп 1984жылы жарыққа шықты. «Біздің кітапқа» еңген көркем шығармалардың көлемі шағын, тілі жеңіл, сәбидің түсінігіне лайық. «Біздің кітапқа», «Күз», «Жаңбыр жауғанда», «Көктемгі түн», «Жыздың күні» т.б. балалардың жыл мезгілі жайында алған білімдерін бекіту мақсатында қолдану тиімді, қазақ жазушыларының бір топ өлең – тақпақтары еңген.

Изображение слайда
7

Слайд 7

1.4. Екінші кіші топ балаларын табиғатпен таныстыру Екінші кіші тобының балалары тәрбиешінің жәрдемімен құстар мен балықтарға жем беруі, пияз отырғызуы, бөлме өсімдіктеріне су құйып, олардың жапырақтарын сүртуі тиіс. Ауа райын бақылау. Күнделікті серуен кезінде балалар ауа райын бақылауды (күн шығып тұр, қар жауып тұр, күн жылы, суық) одан әрі жалғастырады, олардың киімдері мен ойындары ауа райына тәуелді екеніне назар аударады. Екінші кіші тобының балалары әдетте тәрбиешінің ұсынысын қызу қабылдайды. «Қар қандай көп түсті», «Орындықта да қар бар», «Жерге аппақ қар түсуде», «Маған қар түсті» секілді сөздерді көп естуге болады. Серуен кезінде құстарды бақылау. Учаскеде кездесетін құстарға назар аударып, оларға жем беру ісін ұйымдастыру керек. Торғайлар ең көп тараған құстар. Қорек іздеу әрекетімен олар адамдардың мекеніне жақындай келетін қара күз бен қыста оларды бұл жерге күн сайын ұшып келуге және адамдардан қорықпауға оңай үйретуге болады.

Изображение слайда
8

Слайд 8

1.5. Ортаңғы топ балаларын табиғатпен таныстыру Балаларды ауа райының мынадай сипатты белгілерімен таныстыру: қар жаууы, аяз, қар (үлпілдек, оны біріктіруге болады) мен мұздың (қатты, жылтыр) қасиеттері; су аязда мұзға, ал мұз бен қар жылы кезде суға айналады. Балаларды жапырақты және қылқанды ағаштарды айыра білуге үйрету. Балалардың қысқы пейзаждың әдемілігін сүйсіне білу қабілетін дамыту; өлкеде қыстап қалатын неғұрлым көп таралған құстарды біліп, оларды атау. Балаларды ауа райы мен адамдардың еңбегі арасындағы байланысты анықтауға бағыттау. Пияз өсіру, табиғат мүйісіндегі өсімдіктер мен жануарларды күту жөніндегі еңбек дағдыларын қалыптастыруды жалғастыра білу керек. Өлі табиғат құбылыстарымен таныстыру. Күнделікті серуен кезінде балалар ауа райына жүргізетін бақылауларын жалғастыра береді, ауа райы мен адамдардың киімі арасындағы байланысты анықтайды.

Изображение слайда
9

Слайд 9

1.6. Ересек топ балаларын табиғатпен таныстыру Өлі және тірі табиғаттағы көктемгі құыбылыстарға жүйелі бақылау жүргізу. Табиғат күнтізбесінде кейбір құбылыстарды белгілеу. Балаларды табиғатта өзгерістердің болуы мен олардың өзара байланыстылығындағы реттілікті анықтауға бағыттау. Жинақталған түсініктерді қорытындылау. Балаларды адамдардың егістіктерде, бақтарда, парктерде өсімдіктер өсіру және оларды күту жөніндегі егіске даярлауын, тұқым себуге әзірлеуін ұйымдастырады. Тірі табиғаттағы құбылыстармен таныстыру Тәрбиеші көктемнің басында балалармен бірге қараторғай үйшігін іліп, тілек білдірушілерге онда қандай құстар, қашан қоныстанатынан қадағалауды ұсынады. Құстардың ұядан ұшып шығуын және қайтап оралуын бақылау керек. Кейбір балаларға жәндіктердің пайда болуын, ағаштардың, шөптесін өсімдіктердің, мысалы бақбақты бақылауды тапсырады.

Изображение слайда
10

Слайд 10

ІІ тарау. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ ҚОРШАҒАН ОРТАМЕН ТАНЫСТЫРУ, ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ 2.1. Табиғат туралы түсінік Табиғат – адам баласының еңбек етіп, өмір сүріп отыратын ортасы. Табиғатты қорғау – мемлекеттік маңызды мәселе, бүкіл халықтық іс. Балаларды ең сәби кезінен бастап ұяларды бұзбауға, бау-бақшадан немесе орманнан тауып алған балапан ұяларына тимеуге, үйге әкелмеуге тәрбиелеу қажет. Балаларды қоршаған ортамен таныстыру – оларды дамытудың басты құралдарының бірі. Оның барысында балалардың қоршаған ортадағы байқағыштығы молаяды, танымдық қабілеті қалыптасады, табиғатпен тиісті қарым-қатынас жасауға тәрбиеленеді. Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстыру – оларға заттар, өлі және тірі табиғат құбылыстары, балалардың оларға деген ықыласы мен сүйіспеншілігін тәрбиелеу жөнінде белгілі ьір көлемде білім беруді алдын ала көздейді.

Изображение слайда
11

Слайд 11

2.2. Мектеп жасына дейінгі балаларының табиғатқа деген сүйіспеншіліктерінің қалыптасуы Табиғат халық қазынасы дей келе, оның байлықтарын пайдалана отырып, қорғау бәрімізге қажет екенін мектеп жасына дейінгі балалар бойына сіңіре білейік. Бәріміздің міндетіміз – түсінікті қалыптастырып, мектеп жасына дейінгі балалардың табиғатты қорғау жұмыстарына белсенді салауаттылық пен араластыруға баулу. Табиғат ананы қорғау, аялау барша жұрт үшін тіршілік қамы, табиғи қажеттілікке жататындықтан, оқырмандарды табиғатты қорғауға тәрбиелеу баршамыздың борышымыз екенін ұмытпайық. Қазір елімізде халық шаруашылығының әр салаларының тез дамуы нәтижесінде табиғатқа орны толмас зиян келіп отырғанда, балаларды тәрбиелеудің зор маңызы бар. Себебі, табиғатты ластаудың шегі бар деп айтуға болмайды. Ауа да, су да мол мөлшерде ластануда. Ал олар бұдан былай да осы дәрежеде ластана беретін болса, болашақ ұрпақтардың өмір сүруіне үлкен нұқсан келенін сөзсіз. Сондықтан да, табиғатты қорғау оқушылардың тек міндеті ғана емес, абыройлы борышы.

Изображение слайда
12

Слайд 12

2.3. Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатты аялау мен қорғауға тәрбиелеу жолдары Балалар тәрбие арқылы, ересектердің өнегесі арқылы дүниені таниды, көруді, сезінуді, тыңдауды үйренеді. Тәрбиелеуші жақсы өнегені беруге неғұрлым қабілетті болса бала да соғұрлым көбірек үйренеді. К. Д. Ушинский «баланы табиғатпен жастай таныстыра дамыту, оның өзіндік логикалық ойын, сөз қорының, санасының жетілуіне әсері мол екенін атап көрсеткен. Логикалық ойдың, пікірдің дамуы баланың келешекте рухының жоғары болуына, батыл пікір, нақты шешім айтуына және оны дәлелдеп беруге жетелейді»

Изображение слайда
13

Слайд 13

Экологиялық тәрбие жұмысына орай көрнекіліктерді қолдана отырып, табиғат бұрышының жабдықталуына байланысты конкурстар ұйымдастырылып экология проблемалары туралы, жағымды-жағымсыз әрекеттер бейнеленген картиналар пайдаланылғаны, ата-аналар мен тәрбиешілердің бірлескен жұмысының нәтижесінде табиғат туралы шағын кітапхананы өлі және тірі табиғатпен жабдықтау арқылы көрме ұйымдастырылғаны дұрыс. Адамгершілік тәрбиесінің мәнісі баланың адамдарға, айналадағы ортаға, туған өлкенің табиғатына деген сүйіспеншілігін, қамқорлығын арттыруды көздейді. Эстетикалық тәрбие нысанасы – баланың бойындағы әдемілік, әсемдікке інкәрлігін оятып, табиғат сұлулығын сезіне білу, сүйіне білу қабілетін ұстарту, көзін ашқан бұлақтай талғам қиялын ұштау. Еңбек тәрбиесінің балабақшадағы басты нысанасы – баланы сәбилік шағынан қарапайым еңбек дағдыларына балу, еңбек туралы дұрыс көзқарас қалыптастыру.

Изображение слайда
14

Слайд 14

III. Қорытынды Қорыта айта келе, табиғат – адам тәрбиешісі. Қоршаған ортаны аялап, оны қамқорлыққа алып күту, табиғат жөнінде қарапайым білім бере отыра, тірі және өлі табиғаттағы құбылыстар жөнінде қарапайым ұғымдарды қалыптастырады. Адам – адам болып туып адам болып қалуы үшін табиғаттың атқарар рөлі зор. Табиғат бөлшектері: жан – жануарлар дүниесі, өсімдіктер әлемі, өзен – сай, биік таулар, сағым тербеген сағым дала, бәрі - бәрі адамдардың ойына – сана, денесіне – қуат, бойына – күш, өнеріне шабыт, көңіліне қанат береді. Сондықтан, мектеп жасына дейінгі балаларға қоршаған ортаны қорғауды түсіндіріп, сүйіспеншілігін арттырып, маңызын түсіндіру қажет.

Изображение слайда
15

Слайд 15

IV. Пайдаланылған әдебиеттер 1. Балаларды табиғатпен және экология негіздерімен таныстыру, Оқу-әдістемелік құралы. Б.Ф. Ильяшова, М. А. Жамангарина, Қарағанды Болашақ-Баспа 2016 2 Қазақстан Республикасының2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы. Астана, 26 желтоқсан. 2003. 3. Назарбаев Н. Ә. 2007 жылғы «Президенттің Қазақстан халқына жолдауы», Алматы, 2007ж. Білім баспасы. 4. Оқу – тәрбие үрдісіне инноватциялық әдіс – тәсілдерді пайдалану – заман талабы. Республикалық ғылыми конференция материялдары Қаз Ұ.У. 2004 5. Сәрсенбаев Т. Ұлттық сана – сезім мен ұлттық қадір – қасиет. Алматы, 1990ж. 6. Савин Н.В. Педагогика., Москва, 1990. 7. М.Жұмабаев Педагогика. «Рауан» баспасы 1993ж. 8. Мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі. Алматы. 1999ж.

Изображение слайда
16

Слайд 16

9. Қазақстан Республикасының мемілекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Астана 2002ж. 10. Эстетикалық мәдениет «Қазақстан мектебі» журналы 10, 2002ж. 11. Ұзақбаева С. Тамыры терең рәрбие. Алматы. Білім. 1995ж. 12. Сухомилинский В.А. «Балаға жүрек жылуы». Алматы 1976ж. 1 3. Ө. Танабаев. Эстерикалық тәрбиемен ұштастыру. Алматы 1999. 14. Н.Нұрмұханбетова. Эстетикалық тәрбие берудегі табиғаттың маңызы «Бастауыш мектеп» журналы №11 2004ж. 15. Н.С. Тілеуханов. Эстетикалық тәрбие қалыптастыру. «Бастауыш мектеп» журналы, 1997ж. 7. 16. Ү.Мелдебекова, Т.Әлсатов. Оқушылырға эстетикалық тәрбие берудегі музыканың рөлі. Шымкент 2001ж. 17. Қ. Жарықбаев. Эстетикалық тәрбие туралы. Алматы 2002ж. 18. Педагогикалық ізденіс. Алматы, «Рауан» баспасы. 1990ж.

Изображение слайда
17

Последний слайд презентации: Тақырыбы: «Қоршаған орта, табиғаттың адам өміріндегі маңызы»

Назарларыңызға рахмет !

Изображение слайда