Презентация на тему: Тақырыбы: Нозокомиалды туберкулез сипаты және алдын алуы

Тақырыбы: Нозокомиалды туберкулез сипаты және алдын алуы.
Жоспары:
Кіріспе :
Туберкулез
Тақырыбы: Нозокомиалды туберкулез сипаты және алдын алуы.
Тақырыбы: Нозокомиалды туберкулез сипаты және алдын алуы.
Тақырыбы: Нозокомиалды туберкулез сипаты және алдын алуы.
Тақырыбы: Нозокомиалды туберкулез сипаты және алдын алуы.
Туберкулез түрлері.
Тақырыбы: Нозокомиалды туберкулез сипаты және алдын алуы.
Ауруды анықтау түрі
Тақырыбы: Нозокомиалды туберкулез сипаты және алдын алуы.
Емі :
Тақырыбы: Нозокомиалды туберкулез сипаты және алдын алуы.
Алдын алу шаралары:
Қорытынды:
Пайдаланылған әдебиеттер
1/17
Средняя оценка: 4.3/5 (всего оценок: 55)
Код скопирован в буфер обмена
Скачать (778 Кб)
1

Первый слайд презентации: Тақырыбы: Нозокомиалды туберкулез сипаты және алдын алуы

Орындаған: Пәрімбек А. А. Факултет: МПД Курс: 4 Тобы: 11-002-02 Тексерген: Алекешова. Л. Ж. ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ МИНИСТЕРСТВО ЗДРАВООХРАНЕНИЯ РК КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

Изображение слайда
2

Слайд 2: Жоспары:

І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім Туберкулез туралы Туберкулез түрлері. Ауруды анықтау түрі 4. Алдын алу шаралары ІІІ. Қорытынды

Изображение слайда
3

Слайд 3: Кіріспе :

Туберкулез — жұқпалы ауру. Ол көбіне ауа-тамшы жолымен беріледі, сондықтан оны кез келген жерде жұқтыру мүмкін. Инфекция, көбінесе, тыныс алу жолдары арқылы енеді, мұнда науқастың өкпесінен тыныс алғанда, сөйлегенде, әсіресе, жөтелгенде, түшкіргенде шыққан бациллалар сілекей тамшыларымен көп мөлшерде енеді. Туберкулезге шалдығу қаупі жоғары тұлғаларға, балалар мен жасөспірімдер, сондай-ақ туберкулезбен ауыратын науқастармен тікелей байланыста болатын адамдар жатады.

Изображение слайда
4

Слайд 4: Туберкулез

Туберкулез   (лат.   tuberculum  – төмпешік ), ескіше : құрт ауру, көксау – адам мен жануарларда болатын созылмалы жұқпалы ауру. Туберкулездің қоздырғышы –  микробактерияны   ( “ Кох таяқшасын ” ) неміс микробиологы Р.Кох (1843 – 1910) ашты (1882). Туберкулез микобактериялары жіңішке, түзу не сәл иіліп келген таяқшалар, ұзындығы 1 – 10, ені 0,2 – 0,6 мкм.

Изображение слайда
5

Слайд 5

Изображение слайда
6

Слайд 6

Туберкулез ауруы көне заманнан белгілі. Туберкулездің клиникасы туралы алғашқы деректер 2 ғасырда өмір сүрген каппадокиялық дәрігер   Аретейдің  ( Aretaіos ) еңбектерінде кездеседі. Одан кейін   Гиппократ,  Гален, т.б. ғалымдардың еңбектерінде де Туберкулез ауруы еске алынады. Бірақ олар Туберкулезді жұқпалы ауру қатарына жатқызбаған. Ал  Әбу Әли ибн Сина   өзінің “ Дәрігерлік ғылымның каноны” деген еңбегінде Туберкулезді тұқым қуалайтын аурулар қатарына жатқызған. Туберкулездің жұқпалы ауру екенін бірінші рет италиялық ғалым Дж.Фракасторо (1478 – 1553) дәлелдеді.

Изображение слайда
7

Слайд 7

Жұқпалы аурудың тарайтын негізгі көзі – науқас адамнан түскен микробтары бар қақырық. Сау адамға ол негізінен Туберкулезбен ауырған адам түкірген қақырықтың ұсақ сұйық тамшылары арқылы не кепкен түйіршіктерін ауамен бірге жұтқанда ; сирек жағдайда – Туберкулезбен ауырған үй жануарларының сүтін шикілей ішкенде, етін шала пісіріп жегенде жұғады. Организмге Туберкулез таяқшасының енуі ауруға себепші болғанымен, оның толық дамуы үшін жеткіліксіз. Адамдар Туберкулезбен бұрын науқастанып, организмнің иммунитеті   төмендегенде, дұрыс қоректенбегенде (әсіресе мал өнімдерінің белоктары, витаминдер тапшы болғанда ), санитарлық-гигиеналық жағдайлар дұрыс сақталмағанда, сондай-ақ аурумен ұзақ уақыт бойы араласқанда ауырады.

Изображение слайда
8

Слайд 8

Туберкулез ауруын жұқтыруға қабілетті адамдар категориясы бар ; - Балалар ; - Қарттар ; - Қант диабетімен ауыратын кісілер ; - Стериодты қабылдайтын адамдар ; - Иммундық жүйені әлсіздендіретін дәрі-дәрмектерді қолданатын адамдар ; - Иммунодефицит вирусын таситын адамдар ; - Жағымсыз жағдайларда (адамдардың пәтерде көп жиналуы, үйде гигиеналық нормалардың сақталмауы ) тұратын адамдар ; - Алкогол және нашақорлыққа салынған адамдар ; - Денсаулығы әлсіз адамдар.

Изображение слайда
9

Слайд 9: Туберкулез түрлері

Туберкулездің ашық және жабық түрлері болады. Ашық түрінде қақырықта Туберкулез таяқшалары болады, сондықтан Туберкулездің мұндай түрімен ауыратын адамдар өте қауіпті деп есептелінеді. Ал жабық түрінде қақырықта Туберкулез таяқшалары болмайды, бірақ дерт асқынатын болса, Туберкулездің мұндай түрімен ауыратын науқастар да ауру жұқтырады. Туберкулез таяқшалары әр түрлі органдарды, көбінесе өкпені зақымдайды. Аурудың біліну сипаты Туберкулездің түріне, науқастың жасына, организмнің жалпы жағдайына байланысты. Аурудың ортақ белгілері : дене қызуының көтерілуі, түнге қарай көп терлеушілік, ұйқының қашуы және тәбеттің нашарлауы. Науқас жүдеп, ашуланшақ келеді, жұмысқа қабілеті төмендейді.

Изображение слайда
10

Слайд 10

Туберкулез таяқшалары түскен жердің тінінде кішкентай төмпешіктер пайда болады. Адам организмі сауыға бастаса мұндай төмпешіктер жойылып кетеді. Кейде бұл төмпешіктердің сырты қатты затпен қоршалып, беріштенеді. Мұны  некроз ошағы   деп атайды. Адам организмі әлсіреп, некроз ошағына қолайлы жағдай туса, сол жерде каберна ( қуыс ) пайда болады. Осы қуыста Туберкулез таяқшалары дамып, кеңірдек арқылы өкпенің басқа бөліктерін зақымдайды. Мұндай науқастардың қақырығында микобактериялар мол болып, қақырыққа қан араласуы, тіпті қан кетуі де мүмкін.

Изображение слайда
11

Слайд 11: Ауруды анықтау түрі

Ауруды әр түрлі әдіспен анықтайды. Туберкулезді ертерек анықтау мақсатымен балаларға тері астына дәрі жіберіп, жаппай тексеру жүргізіледі (Манту реакциясы ). Халықты жаппай флюорографиялық (рентгенологиялық жолмен ) тексерудің маңызы зор.

Изображение слайда
12

Слайд 12

Нозокоминалды тасымалдау дегеніміз - туберкулез таяқшаларының ауру адамнан басқа науқасқа немесе медицина қызметкерлеріне жұғуы.

Изображение слайда
13

Слайд 13: Емі :

Туберкулезге қарсы арнайы егу (БЦЖ) жүргізіледі, ол сәби дүниеге келгеннен 3 – 5 күннен кейін іске асырылады. Ауруды емдеудің терапиялық, хирургиялық, т.б. әдістері табылып, күнделікті дәрігерлік жұмыста қолданылатын болды. Санаторийлерде емделу өте пайдалы. Қазақстанда Туберкулезге қарсы жұмысты Туберкулез мәселері ұлттық орталығы үйлестіріп отырады. Әрбір облыс орталығынданда арнаулы диспансер, жергілікті жерлерде олардың бөлімшелері жұмыс істейді. Республика Туберкулезге қарсы қажетті дәрі-дәрмекпен, емдеу орындары төсек-орынмен жеткілікті қамтамасыз етілген.

Изображение слайда
14

Слайд 14

Т уберкулездің алдын алу шаралары спецификалық (БЦЖ екпе ) және спецификалық емес ( иммунитетті нығайту, жеке бас тазалығын сақтау ); ағзаның қарсы тұру қабілетін төмендететін зиянды әдеттерден бас тарту ; орын-жай ішінде және одан тыс жерде тәртіп және тазалық сақтау ; шаң-тозаң және күл-қоқыстың жиналуына жол бермеу ; күн сайын пәтерді жинау, жиһазды ылғал шүберекпен сүрту ; мүмкіндігінше жиірек орын-жайды желдетіп отыру ; бөлмеде киім және аяқкиімді тазартпау ; әрдайым тамақ ішер алдында қолды жуу ; тамақтану тәртібін ұстану ; күмәнді жерлерден ет, сүт сатып алмау ; сүтті тек қайнаған күйінде тұтыну ; еңбек пен демалыс тәртібін сақтау ; өз ағзасын шынықтыру ; дене шынықтыру және спортпен айналысу ; таза ауада жиі болу; күйзеліспен күресу.

Изображение слайда
15

Слайд 15: Алдын алу шаралары:

Изображение слайда
16

Слайд 16: Қорытынды:

Туберкулез көбінесе 3 жасқа дейінгі балаларда пайда болады, өйткені оларда ауруға қарсы иммунитет әлі де нашар дамыған, сондай-ақ жасөспірімдерде жыныстық жетілу кезеңінде пайда болады. Туберкулез негізінен тұқым қуаламайды. Туберкулезбен ауыратын адамдардың, әдетте, балалары ауру болып тумайды. Бірақ Туберкулезбен ауыратын ата-ана дер кезінде емделмесе, аурудан сақтану ережелерін дұрыс сақтамаса, дертті баласына жұқтырып, баланың Туберкулезбен ауруы мүмкін. Алдын алу үшін вакцинаалып,тазалыкты сақтау керек.

Изображение слайда
17

Последний слайд презентации: Тақырыбы: Нозокомиалды туберкулез сипаты және алдын алуы: Пайдаланылған әдебиеттер

Эпидемиология С.Ә.Әміреев, Т.Ж.Темірбеков Жұқпалы аурулардың стандарттары Әміреев С.Ә., Т.Ә.Момынов, Б.Л.Черкасский Алматы 2009

Изображение слайда