Презентация на тему: Тақырыбы : Даму барысындағы ақаулар. Түсініктемесі. Бас, мойын, кеуде қуысының,

Тақырыбы : Даму барысындағы ақаулар. Түсініктемесі. Бас, мойын, кеуде қуысының,
1/19
Средняя оценка: 4.9/5 (всего оценок: 2)
Скачать (261 Кб)
Код скопирован в буфер обмена
1

Первый слайд презентации

Тақырыбы : Даму барысындағы ақаулар. Түсініктемесі. Бас, мойын, кеуде қуысының, іш, аяқ – қолдары даму барысындағы ақаулары. Даму барысындағы ақаулардың хирургиялық емдеуінің принциптері. СӨЖ А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ – түрік Университеті Медицина факультеті «Жалпы хирургия» кафедрасы Қабылдаған: м.ғ.к доцент, Төлежанов Н Орындаған:студент Құрбантай Қ. Тобы: ЖМ - 304 Түркістан – 201 6 жыл

2

Слайд 2: Жоспары:

І.Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім 1.Омыртқа мен жұлынның даму ақаулары 2. Мойынның даму ақаулары 3. Кеуде торының даму ақаулары 4. Аяқ-қолдың даму ақаулары ІІІ. Қорытынды ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер.

3

Слайд 3: ОМЫРТҚА МЕН ЖҰЛЫННЫҢ ДАМУ АҚАУЛАРЫ

Spina bifida деп - омыртқа өзегінің толық жабылмай қалуын айтады. Жүлын және оның қабықтары мен түбіршіктері кеміс жерден шығып, жұлындық жарық пайда болады. Ақаудың айқындалу дәрежесіне байланысты мынадай анатомиялық түрлерін ажыратады: менингоцеле - омыртқа доғаларының бітіспеуі, кеміс жерден тек жұлын қабықтары ғана шығады; миеломенингоцеле - жұлын қабықтары мен тіндердің бір бөлігі ғана шығады ; миелоңистоцеле - жұлын қабықтары мен жұлынның өзі шығады ;

4

Слайд 4

Клиникалық белгілері. Қарап тексергенде домалақ пішінді, эластикалық консистенциялы ісік байқалады. Әдетте, бел аймағында орналасады. Оның үстіндегі тері жамылғысы жұқарған болады, флюктуация белгісі жиі анықталады. Егер жарықтың ішіне жұлын немесе оның нервтерінің түбіршіктері шықса, кіші жамбас астауының ағзалары мен аяқтардың қызметі бүзылады. Омыртқаның бітіспеген доғаларының аймағында әртүрлі патологиялық түзілістер дамуы мүмкін - қатты фиброзды жіпшелер, липомалар, фибромалар, гипертрихоз, терінің гиперпигментациясы, дермоидтар. Диагностикасында рентгенографиялық зерттерулер жүргізіледі. Емі. Диагноз қойылғаннан кейін, бірден хирургиялық операция орындалады - жарық қапшығын кесіп алу, омыртқа доғасының ақауын шандыр-бұлшықет қиындысымен пластика жасау.

5

Слайд 5: МОЙЫННЫҢ ДАМУ АҚАУЛАРЫ

Қисық мойын - бастың қиғаш орналасуымен сипатталатын мойынның деформациясы болып табылады: бас жарақаттанған жаққа иіледі, иегі сау жаққа бүрылады. Оның себебіне төс-бүғана-емізік бүлшықетінің қысқаруы немесе мойын омыртқаларының ауытқулары жатады.

6

Слайд 6: Емі

Консервативті емі - нәрестені жөргекке ораған сайын денесін шымықтыру, мойынға массаж жасау және ортопедиялық бандаж (жаға) кигізу керек, физиоем тағайындалады. Хиругиялық ем - бір жастан асқаннан кейін, консервативт І ем нәтиже бермеген жағдайда жүргізіледі. Төс-буғана-емізік бұлшықетін кеседі немесе оның сіңірін ұзартады жэне кеңірдектің алдында орналасқан шандырды тіледі. Операциядан кейінгі кезеңде қатты бандажбен мойынды бекітіп, массаж бен емдік дене шынықтыру тағайындалады.

7

Слайд 7

8

Слайд 8

Мойынның орталық кисталарымен жыланкөздері қалқанша-тіл өзегінің қалдығы болып табылады. Олар тіл асты сүйегі мен қалқанша шеміршегінің жоғарғы қырының арасында дененің ортаңғы сызығының бойымен орналасады. Клиникалық белгілері. Киста домалақ пішінді, жұмсақ эластикалық консистенциялы, терімен жабысқан және жұтынғанда тіл асты сүйегімен бірге қозғалатын ісік ретінде байқалады. Киста қабынғанда шекарасы жоқ, ауырсынатын инфильтрат пайда болады. Ол іріңдеп, жыланкөздің дамуының себепшісі болуы мүмкін. Жыланкөздің жолын анықтау үшін, фистулография жүргізіледі. Емі — хирургиялық операция: киста мен жыланкөзді кесіп алып тастайды.

9

Слайд 9

Мойынның бүйірлі кисталары мен жыланкөздері қалқанша-жүтқыншақ өзегінің, желбезек доғалары мен саңылауының, жүтқыншақ қалтасының қалдығы болып табылады. Олар көмекей мен төс-бүғана-емізік бұлшықетінің арасында мойынның жоғарғы бөлігінде орналасады. Клиникасы мен диагностикасы мойынның орталық кисталары мен жыланкөздеріндегідей болады. Емі — киста мен жыланкөзді кесіп алып тастау.

10

Слайд 10

Мойынның қосымша қабырғалары. Мойын омыртқаларының даму ақауы болып табылады. Клиникалық көрінісі мойынның қысқаруымен, оның деформациясымен тамырлар мен нервтердің қысылуымен сипатталады. Диагностикасында рентгенологиялық зерттеу эдістері жүргізіледі. Емі - хирургиялық: қосымша қабырғаларды кесіп алып тастайды.

11

Слайд 11: КЕУДЕ ТОРЫНЫҢ ДАМУ АҚАУЛАРЫ

Шанаңша (воронка) тәрізді кеуде торы Бұл ақауда төс сүйегі қабырғаның шеміршекті бөлігімен бірге ішке кіріп, кеуде торының алдыңғы бетінде шынақша пайдаболады. Балаларда кеудеторыныңдеформациясы мен «парадоксальдітыныс алу» белгілері байқалады -тынысалғандатөс пен қабырғалар ішке кіреді. Балалар тыныс алу жолдарының қабыну ауруларымен жиі сырқаттанады. Шоқы (қыр) тәрізді кеуде торы - төс сүйегі мен қабырғалар шоқы тэрізді сыртқа шығып тұрады. Бұл ақауда косметикалық кемістіктермен қатар, көкірекаралық ағзалардың орналасу өзгерістері және олардың қызметінің бұзылыстары байқалады. Диагнозды нақтылау үшін, рентгенологиялық зерттеу эдістері жүргІзіледі.

12

Слайд 12

Емі. Кішігірім өзгерістерде консервативті ем қолданылады: емдік дене шынықтыру, массаж. Ауыр жағдайларда - хирургиялық жолмен түзетіледі. Төс сүйегі мен қабырғалар кесіледі, содан кейін оларды қалыпты жағдайда орналастырып, тігіс салады және корсет кигізіп бекітеді.

13

Слайд 13

Бүкірлік (кифоз) - омыртқалардың деформациясы болып табылады. Клиникалық белгілері. Косметикалық кемістіктен басқа, тыныс алу және жүрек-қан тамыр жүйелерінің бұзылыстары дамиды. Емі. Омыртқаның аздаган өзгерістерінде консервативті ем қолданылады: массаж, емдік дене шынықтыру, физиотерапия. Қызметтік бұзылыстармен сипатталатын айқын деформацияда, омыртқа бағанасына пластикалық түзету операциясы жүргізіледі.

14

Слайд 14: АЯҚ - ҚОЛДЫҢ ДАМУ АҚАУЛАРЫ

Макрамелия - аяқ-қолдың көлсмінің үлғаюы. Макродактилия - жеке саусактардың үлғаюы. Бұл ақаулар, әдетте артериовенозды жыланкоадердің дамуымен сипатталады. Эктрачелия - аяқ-қолдың толық болмауы. Гемимеяия - аяқ-қолдың дистальді бөліктерінің (қол ұшының, білектің, аяқ үшының немесе сирақтың) болмауы. Фокамелия -аяқ-қолдың проксимальді бөліктерінің (иықтың немесе санның) болмауы, бірақ дистальдІ бөліктер қалыпты дамып жетіледі. Айтылып кеткен ақаулардың емі - протез жасау.

15

Слайд 15: Ортан жіліктің туа біткен шығуы

Бүл ақау ортан жілік басының орналасу бұзылыстарымен сипатталады - ал өзінің орнынан ауытқиды және ұршық ойығынан тыс орналасады. Клиникалық белгілері. Ерекшеліктері жасына сай болады. Нәрестелерде ұршық буынында енжар қозғалыстар бұзылады, екі санындағы тері қатпарлары біртекті болмайды, зақымдалған аяғы аздап қысқарады. 1 жастан асқан балаларда «үйрек» жүрісі (екі жағы шыққанда) пайда болады, ал бір жақты шығуда - ақсаңдаушылық, аяқтың аздап қысқаруы, жамбастың деформациясы, зақымдалған санды сыртқа әкетудің шектелуі және ұршық буынының қозғалғыш болуы (салбырап қалуы) байқалады.

16

Слайд 16

Диагностикасы. Диагноз клиникалық белгілерге және рентгенологиялық зерттеу әдістерінің қорытындысына сүйеніп қойылады. Емі. Ортан жіліктің басын орнына салып, аяққа иммобилизация жасайды - жасына және ақаудың айқындылық дәрежесіне байланысты жөргектеу, гипсті лонгеталар немесе ортопедиялық қүралдар пайдаланылады. Хирургиялықоперация 2 жастан асқаннан кейін орындалады, орнына түспейтін шығуларда - 1 жасқа толғанда жасау керек. Операцияның 3 түрі бар: буынішілік, буынсыртылық жэне біріктірілген операциялар.

17

Слайд 17: Туа біткен аяқ ұшының маймақтығы

Б ұл ақау аяқ ұшының тұрақты әкелу- бүгу контрактурасы болып табылады, ол аяқ ұ шының жетілмеуінің салдарынан, ішкі және артқы бұлшықет топтары мен байламдардың қысқарып дамуының нәтижесінде пайда болады. Клиникалық белгілері. Аяқ ұшының мынадай деформациялары байқалады: эквинус (аяқ үшының табандық бүгілуі), супинация (аяқ ұшының ішкі бөлігінің көтеріңкі орналасуы, ал сыртқысының-төмен түсуі), аддукция (алдыңғы бөлігінің әкеліп орналасуы), тегістелген аяқ ұшы (табан күмбезінің тегістелуі), қуысты аяқ ұшы (табан күмбезінің ұлғайып, көтеріңкі тұруы). Бүл ақауда сирақтың бүлшықеттерінің семуге ұшырауы және сирақ-асық буынындағы қозғалыс- қимылдардың көлемінің шектелуі байқалады.

18

Слайд 18

Емі. Аяқ үшын қолмен түзетіп, дэке орағышымен немесе гипспен бекітіп қояды, емдік дене шынықтыру, массаж тагайындалады. Егер осы шаралар тиімсіз болса, онда хирургиялық операция орындалады - байламдарды тілу, сіңірлерді ауыстырып орныктыру немесе аяқ үшы сүйектерінің сына тэрізді резекциясын жасау. Содан кейін, аяқүшын қалыпты жағдайда орналастырып, гипс таңғышымен бекітеді. Қосымша саусақтарды хирургиялық жолмен алып тастайды.

19

Последний слайд презентации: Тақырыбы : Даму барысындағы ақаулар. Түсініктемесі. Бас, мойын, кеуде қуысының,: Пайдаланылған әдебиеттер

Дұрманов К.Д. Жалпы хирургия, Алматы 2006 Медициналық сайттар: meduniver.com ; surgery.com Қасенов Т.С Жалпы хирургия және анестезиология Алматы 1992 Интернет материалдары

Похожие презентации

Ничего не найдено