Презентация на тему: Тану, өзін-өзі тану, өзін-өзі өзгерту, өзін-өзі дамыту философиясы адам

Реклама. Продолжение ниже
Тану, өзін-өзі тану, өзін-өзі өзгерту, өзін-өзі дамыту философиясы адам бейнесін түсіндіру ретінде, тәрбиенің маңыздылығы.
Тану, өзін-өзі тану, өзін-өзі өзгерту, өзін-өзі дамыту философиясы адам
Тану, өзін-өзі тану, өзін-өзі өзгерту, өзін-өзі дамыту философиясы адам
Тану, өзін-өзі тану, өзін-өзі өзгерту, өзін-өзі дамыту философиясы адам
Тану, өзін-өзі тану, өзін-өзі өзгерту, өзін-өзі дамыту философиясы адам
Тану, өзін-өзі тану, өзін-өзі өзгерту, өзін-өзі дамыту философиясы адам
Тану, өзін-өзі тану, өзін-өзі өзгерту, өзін-өзі дамыту философиясы адам
Тану, өзін-өзі тану, өзін-өзі өзгерту, өзін-өзі дамыту философиясы адам
Тану, өзін-өзі тану, өзін-өзі өзгерту, өзін-өзі дамыту философиясы адам
Тану, өзін-өзі тану, өзін-өзі өзгерту, өзін-өзі дамыту философиясы адам
Тану, өзін-өзі тану, өзін-өзі өзгерту, өзін-өзі дамыту философиясы адам
1/11
Средняя оценка: 4.7/5 (всего оценок: 81)
Код скопирован в буфер обмена
Скачать (87 Кб)
Реклама. Продолжение ниже
1

Первый слайд презентации: Тану, өзін-өзі тану, өзін-өзі өзгерту, өзін-өзі дамыту философиясы адам бейнесін түсіндіру ретінде, тәрбиенің маңыздылығы

Изображение слайда
1/1
2

Слайд 2

Өзін-өзі тәрбиелеу тұлғаның өзін тану және дамытуының аса маңызды құралы ретінде тұлғаның өзі қол жеткізуге ниет еткен нәтижелер туралы түсініктерінің әсерімен мақсатты бағытталғандыққа және жете түсінушілікке ие болып келеді. Өзін-өзі тәрбиелеу – тұлғалық қасиеттерді, ептіліктерді, қоршаған әлеммен өзара әрекеттесу және жүріс-тұрыс амал-тәсілдерін табу, бекіту және жетілдіру жөніндегі саналы және мақсатқа бағытталған іс-әрекет. Кез келген іс-әрекет секілді, өзін-өзі тәрбиелеу қажеттілік мотивациялық негізбен, мақсаттармен, амал-тәсілдермен және нәтижелермен сипатталады.

Изображение слайда
1/1
3

Слайд 3

Өзін-өзі тәрбиелеудің мотивтері кең де алуан түрлі және ең әртүрлі қажеттіліктердің : өзін тану және дамытуға : өзін-өзі бекітуге, өзін-өзі жетілдіруге, өзін-өзі танытуға деген ; өзіне, өзінің қазіргі орнына көңілі көңілі толмаушылықпен байланысты ; «Не, мен басқалардан кеммін бе ?», «Мен басқалардың өзімнің алдыма түсуіне мүмкіндік бермеймін, мен неге қабілетті екендігімді әлі көрсетемін !» дегендей тұлғалық-мәртебелік сипаттағы ; басқаларды өзіне бағынышты етуге, оларды пайдалануға деген ұмтылыс себепкер болған қажеттіліктердің негізінде пайда болады.

Изображение слайда
1/1
4

Слайд 4

Кез-келген жағдайда өзін-өзі тәрбиелеуге деген қажеттілік және өзін-өзі тәрбиелеу мотивтері екінші реттік сипатқа ие. Тіптен өзін тану және дамытудың : өзін-өзі бекітудің, өзін-өзі жетілдірудің, өзін-өзі танытудың мықты жағымды мотивтерінің болуы өзін-өзі тәрбиелеу мотивтерінің автоматты түрде пайда болуына кепілдік бермейді. Дамыған мотивациясы бар талай адам өзін-өзі жетілдіруді ниет етеді. Көбінесе бұл процесс стихиялы, бағытталмаған сипатқа ие болады, өзіңнің дамуыңда тым болмағанда бір адм алға жылжу үшін өмірдің өзі алға тартатын кездейсоқ жағдайлар мен мүмкіндіктер пайдаланылады. Өзін-өзі тәрбиелеу мотивтерінің пайда болуының қажетті шарты өзін-өзі тәрбиелеуді дербес іс-әрекетке бөлу болып табылады. бұл тек қана саналы түрде алға қойылған мақсаттар, белгілі бір ерік-жігер күш салуларының шығындалуын жоспарлау бар болғанда мүмкін болады. Сондықтан өзін-өзі тәрбиелеу – тұлғадан ерлікті, табандылықты, мақсатқа ұмтылғыштықты талап ететін ерік-жігер процесі. Адамда өзін-өзі тәрбиелеумен айналысу әдеті қалыптасқанда, онда ерік-жігер деңгейі төмендейді, осыны қанағаттандыру жеке-тұлғалық мәнге ие бола бастайтын, өзін-өзі тәрбиелеуге деген шынайы қажеттілік қалыптасады.

Изображение слайда
1/1
5

Слайд 5

Сондықтан өзіңді тәрбиелеуді ұйымдастыруда дәл алғашқы сәттер әрқашан да ең күрделі болып шығады. Өзін-өзі тәрбиелеудің анық білінген мотивтерінің болуы өзін-өзі тәрбиелеудің нақтылы мақсаттарын қоюдың ерекшелігін, яғни өзіндік келбетін анықтайды. Мақсаттап, өз кезегінде, әртүрлі болуы мүмкін. Кей кездері адам өзінің тұлғасының мықты жақтарын табу үшін талай уақыт шығындайды. Аталған жағдайда өзін-өзі тәрбиелеудің мақсаты өзін-өзі танудың мақсатымен сайма-сай келеді. Оның ерекшелігі мықты жақтарын іздестіруді адамның өзін-өзі тану емес, өзін-өзі тәрбиелеу факторы ретінде бағалайтындығынан тұрады. Мақсаттар ретінде кей кездері өзін-өзі бекіту және өзін-өзі жетілдіру көрініс табады. Мақсаттар өзін-өзі бекіту және өзін-өзі жетілдіру нысаны бойынша ерекшеленуі мүмкін, мысалға: өзінің бойында белгілі бір тұлғалық қасиеттерді; психикалық үрдістерді ( жады, ойлау, елестету ); қабілеттерді; адамдармен қатынас жасай білуді ; қандай да болсын іс-әрекетті жүзеге асыру үшін қажетті нақтылы дағдыларды дамыту. Мақсаттар басқаларға билік етуге, оларға бағынуға немесе ынтымақтасуға ұмтылудан туындылар ретінде қойылуы мүмкін. Өзін-өзі тәрбиелеудің «Барлығы да өзін-өзі жетілдірумен айналысады, мен жұрттан неммен кеммін » дегендей пікірлерді « жұқтырып », сәннің әсерімен де өзекті бола бастауы қызықты жәйт.

Изображение слайда
1/1
6

Слайд 6

Әрбір нақтылы тұлғаның мақсаттары мен оларды қою жағдайларының тізімін айтарлықтай кеңейтуге болады. Істің мәнісі, алайда, мұнда емес. Ең бастысы – жағымды мотивацияның әсерімен адам өзін-өзі тәрбиелеудің нақтылы мақсаттарын қоюға дайын және қояды да, мақсаттар қою құндылығы осы үрдістің құндылық нормативтерімен сәйкес келуі үшін, бұған белгілі бір ерік-жігер күшін салады. Бұл кезде негізгі шарт сақталуға тиіс : өзін-өзі тәрбиелеудің мақсаттарын қою өзін-өзі теріске шығарумен, өзімен, өзінің кемістіктерімен күресумен ілесе жүрмеуге тиіс. Өзін-өзі тәрбиелеу міндеттерін, ал осы арқылы даму міндеттерін де шешу тұлғаның өзін толық және сөзсіз қабылдауына байланысты болып келеді, олай болмаған жағдайда өзін-өзі тәрбиелеу өзімен күресу сипатын ала бастайды, ал өзін тану және дамыту өз өзімен ( жарияланған немесе жарияланбаған ) соғысқа келіп тіреледі. Бұл тұлғаны құру емес, оны жою жолы. Қандай да бір жаңаны алу, игеру - өзін-өзі тәрбиелеудің және жағымды нәтижеге қол жеткізудің лайықты жолы. Қарастырып отырған мәселенің контекстінде ерекше назарға өзін-өзі қабылдау тәсілдері мен құралдары лайық. Оларды талдау өзін-өзі тәрбиелеу жолында әр адам үшін өзекті сұраққа жауап беруге мүмкіндік береді : менің өзін тану және дамытуыма қатысы бар мәселелерді мен қалайша шеше аламын ? Қазіргі ғылым мен практикада мұндай тәсілдер аз емес. Солардың тек бірнешеуіне ғана тоқтала кетейік.

Изображение слайда
1/1
7

Слайд 7

Өзін-өзі ынталандыру – бұл осының нәтижесінде тұлға өзін-өзі тәрбиелеумен айналысу үшін өзіне мотивтерді өз бетінше анықтайтын, қол жеткізілген нәтижелердің барлық оң және теріс жақтарын, өзін-өзі тәрбиелеу барысында өзі алған басымдықтарды таразы басына тартатын процесс. Өзін-өзі ынталандырудың тиімді түрі өзін-өзі нандыру болып табылады, бұл кезде, қисынды дәлелдерді пайдалана отырып, адам өзін-өзі өзгерту қажеттігіне нандырады, өзінде қажетті мақсатты жасап шығарады. Бірқатар жағдайларда, тіптен өзін «жаңа өмірді бастау » қажеттігіне нандырып-ап, солай болғанда да тұлғада ойға алғанды жүзеге асырумен қиындықтар туындайды, бұл жерде өзінің инерттілігі, жалқаулығы және т.с. түріндегі кедергілерді жеңіп шығудың тиімді амал-тәсілі ретінде өзіне өзі бұйрық беру көмекке келеді. Бұл кезде, егер адамның бойынан жалқаулық табылса, ол жоққа шығарылмайды, бірақ оған бұл қасиет толық шамада көрініс таба алатын арнайы уақыт бөлінеді (мысалға, сенбі күні 17 сағаттан 20 сағатқа дейін ).

Изображение слайда
1/1
Реклама. Продолжение ниже
8

Слайд 8

Өзін-өзі ынталандыру әдістері екінші кезеңде өзін-өзі бағдарламалау әдістеріне табиғи түрде ұласады. Өзін-өзі тәрбиелеуде нәтижеге қол жеткізу үшін, әрекеттер бағдарламасы қажет, мысалға: басқалармен кикілжіңге түсуімді қою үшін мен не жасаймын ? Өзімнің елестетуімді дамыту үшін не жасау керек ? Өз бағдарламасын (оны ойда ұстауға болса да, бағдарлама жазылған болса құба құп болады ) жасаудың негізінде : нәтижелерге жету үшін не істеу керек, қандай дәйектілікпен және қанша уақыт ішінде істеу керек деген, жоспарлау актісі жүзеге асырылады. Оған алдағы нақтылы іс-әрекетке қатысты өзіне- өзі нұсқау беру тәсілі жатады.

Изображение слайда
1/1
9

Слайд 9

Мысалға, адам өзінің алдына мынандай мақсат қойды – жұрт көзінше сөз сөйлеуде сенімділікке жету. Баяндаманың алдында ол өзіне өзін қалай ұстау керектігі жайында нұсқау бере алады : 1) сөйленетін сөздің мәтінін ойша жаңғырту ; 2) өзін мәтіннің нашар еместігіне және басқалардың бұл мәтінмен таныс еместігіне нандыру ; 3) сөз сөйлеу фактісінің өзін ойша ойнап шығу ; 4) үрейді сейілтетін қажетті жаттығулар жасау ; 5) тіптен бұлар сәтсіз болса да, сөз сөйлеудің нәтижелерін болжап білу (бұдан қорқатын дәнеме де жоқ, өмір жалғасады және бір ғана сәтсіздік өмірді өзгертпейді ).

Изображение слайда
1/1
10

Слайд 10

Мұндай нұсқау өз өзінен-ақ сенімділік пен күш береді, ал оның үстіне сөз сөйлеу шындығында да жақсы өтсе, ол бекітіліп қалады және оны тұлға оңды бастан кешіреді. Келесі тәсілдер де осындай деуге болады : өзін тану және дамыту және ойға алғанды жүзеге асыру барысына өз өзін жолшыбай бақылау ; өздерінің жиынтығында іс-әрекеттің өзінің жүрісіне де, одан арғы өзін тану және дамыту бағдарламасына да қажетті түзетулер енгізуге мүмкіндік беретін өзін-өзі талдау мен өзін-өзі бақылау. Ақырында, күн ішінде, апта ішінде, жыл ішінде, ұзағырақ уақыт аралығында қол жеткізгенді талдаудың зор маңызы бар. Қол жеткізгенді констатациялаудың және өз бағдарламасын жүзеге асырудың одан арғы келешегін анықтаудың тиімді түрлері болып өз өзіне есеп беру және істелген нәрсені, ие болынған жүріс-тұрыс ерекшеліктері мен қасиеттерін өз бетінше бағалау табылады. Бұл жерде, біз бірнеше мәрте атап өткендей, тұлғаның дамуын одан әрі өз бетінше болжаумен байланысты рефлексивтік механизмдер бар. Жүргізілген өзін-өзі бақылаудың негізінде мақсаттарды және нәтижеге қол жеткізу тәсілдерін түзету жүзеге асырылады. Өзін - өзі тәрбиелеу тәсілі ретінде өзін тану қолданылады

Изображение слайда
1/1
11

Последний слайд презентации: Тану, өзін-өзі тану, өзін-өзі өзгерту, өзін-өзі дамыту философиясы адам

Өзін тану – осының негізінде өзін тану және дамыту жөніндегі іс-әрекет өрбитін дербес іс-әрекет екені біздің есімізде, бірақ бұл тұлға өзі туралы білімдердің жетіспейтіндігін анықтаған кезде өзекті бола бастайтын өзін-өзі тәрбиелеу құралы да; қол жеткізілгенді бағалауға және өзін тану және дамытуға мүмкіндік беретін, өз іс-әрекетін талдау ; осында табыстар мен сәтсіздіктер тіркелетін, басқалар тарапынан қойылатын талаптар айқындалатын, нәтижесінде тағы да өзін-өзі бекіту мен өзін танытудың одан арғы мақсаттары дәлдеп тексерілетін, әлеуметтік қоршаған ортамен өзара әрекеттесудің ерекшеліктерін талдау ; өзіңнің қоршаған әлем туралы дүниетанымыңды кеңейтуге, ондағы өз орныңды тануға, өз тұлғаңды одан әрі құру үшін негіз ретінде қажетті эрудиция алуға мүмкіндік беретін, өз өзіңе білім беру. Нәтижелерге келер болсақ, оларға қол жеткізу деңгейін әр тұлға жеке бағалайды. Өзін-өзі тәрбиелеудің нәтижесі қомақты болып, бірақ адам оларға қанағаттанбаған және өзінің алдына жаңа мақсаттар қоятын жағдайлар болып тұрады. Нәтиже қарапайым болып, бірақ өзін-өзі жетілдіру жолында тіптен осындай кішігірім алға жылжуды өзінен күтпегендіктен, индивид оған да балаша қуанатын жағдайлар да некен-саяқ емес. Әлеуметтік қоршаған ортаға, жалпы алғанда қоғамға келер болсақ, олардың талаптары объективті және оның әрбір мүшесінің уайымдаулары мен комплекстеріне байланысты емес, нәтижелердің талаптарға сәйкестігінен көрініс табады : сен басқалар, қоғам үшін не бердің ? Сенің қоғамдық дамуға жеке үлесің қандай? Мұндай бағалауды ешкім де тура тұжырымдамайды, бірақ саналы түрде немесе интуиция дәрежесінде өзін-өзі тәрбиелеу мен өзін тану және дамыту жолына тұрған әркім ойда ұстайды. Бұл ақыр нәтижесінде қол жеткізілгенге қанағаттанғандық деңгейін: дананың қанағаттанбауын және қарапайым тұлғаның өз өзіне мақсаттануын тудырады.

Изображение слайда
1/1
Реклама. Продолжение ниже