Презентация на тему: Тәй – тәй» технологиясының жалпы ережелері: Материалдар мен құрал – жабдықтар

Реклама. Продолжение ниже
«Тәй – тәй» технологиясының жалпы ережелері: Материалдар мен құрал – жабдықтар
«Тәй – тәй» технологиясының жалпы ережелері: Материалдар мен құрал – жабдықтар
«Тәй – тәй» технологиясының жалпы ережелері: Материалдар мен құрал – жабдықтар
«Тәй – тәй» технологиясының жалпы ережелері: Материалдар мен құрал – жабдықтар
«Тәй – тәй» технологиясының жалпы ережелері: Материалдар мен құрал – жабдықтар
«Тәй – тәй» технологиясының жалпы ережелері: Материалдар мен құрал – жабдықтар
«Тәй – тәй» технологиясының жалпы ережелері: Материалдар мен құрал – жабдықтар
«Тәй – тәй» технологиясының жалпы ережелері: Материалдар мен құрал – жабдықтар
«Тәй – тәй» технологиясының жалпы ережелері: Материалдар мен құрал – жабдықтар
«Тәй – тәй» технологиясының жалпы ережелері: Материалдар мен құрал – жабдықтар
«Тәй – тәй» технологиясының жалпы ережелері: Материалдар мен құрал – жабдықтар
«Тәй – тәй» технологиясының жалпы ережелері: Материалдар мен құрал – жабдықтар
1/12
Средняя оценка: 4.7/5 (всего оценок: 61)
Код скопирован в буфер обмена
Скачать (99 Кб)
Реклама. Продолжение ниже
1

Первый слайд презентации

«Тәй – тәй» технологиясының жалпы ережелері: Материалдар мен құрал – жабдықтар балаларды ойынға және сабақтарға қызықтырып тартып, бірнеше арнайы ұйымдастырылған жерлерде орналастырылады. Бұл аймақтар белсенділік орталықтары деп аталады. көркем әдебиет орталығы тіл дамыту орталығы сауат ашу орталығы есеп орталығы өнер орталығы ғылым орталығы желілі – рөлді ойындар орталығы аспаздық орталығы құрастыру орталығы

Изображение слайда
1/1
2

Слайд 2

Белсенділік орталықтары мынадай шектеулер (критерийлер) бойынша құрылады: әр орталықтың өзінің нақты шекарасы болуы керек. Ол үшін әртүрлі сөрелер, шкафтар, тумбалар, шымылдықтар мен оқу материалдары салынған кәрзеңкелерді қолдануға болады, бірақ олардың барлығы-ның баланың бойынан биік болмауын есте ұстаған жөн. орталықтар балалардың жұптасып немесе топпен жұмыс жасауына қолайлы болуы қажет. Былайша айтқанда, орталық 5 – 6 немесе 7 – 8 бала сиятындай орын алуы керек. орталықтар балалар және үлкендер еркін қозғала алатындай ыңғайлы орналасуы тиіс. әр орталықтың өз белгісі мен ережесі болуы қажет. топта балалардың жиналатын орны болуы міндетті және ол жер жайлы, төсеніші болуы қажет. «шулы» орталықтардың «тыныш» орталықтардан аулағырақ орна-ласқаны жөн. өнер және аспаздық орталықтары сияқты белсенділік орталықтары суға жақынырақ орналасқаны жөн. топта бала санына байланысты орындықтар саны жеткілікті болуы қажет.

Изображение слайда
1/1
3

Слайд 3

Сауат ашу орталығының мақсаты: Балалардың фонетикалық есту қабілетін дамыту, дыбыстарды ажырата білуге, сөйлеу тілінің дыбыстық ерекшеліктерін меңгеруге, яғни сөздегі дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету. Әріптердің баспа түрін таңбалап жазуға, әріптерді тануға, буын, сөз, сөйлемдерді оқуға үйрету, сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру, байланыстырып сөйлеу тілін дамыту. Есеп орталығының мақсаты: Балалардың дидактикалық жаттығулар, ойындар, логикалық тапсырмалар арқылы шығармашылықпен ойлауға (талдау, жинақтау, салыстыру, жалпылау, жіктеу), кеңістікте, қағаз бетінде бағдарлай алуға, салыстыруға, көлемдерді анықтай алуға, геометриялық пішіндер туралы түсініктерін қалыптастыру. Есептік, реттік санауды, кері санауды меңгеру, қарапайым математикалық есептерді шығаруды, өз беттерінше құрастыруды, өз беттерінше шешім қабылдауға, өз пікірін айтуға және оны дәлелдей алуға, қорытынды жасауға үйрету. Балалардың сабаққа деген танымдық қызығушылықтарын прттыру, қиял, елестету және шығармашылық ойларын дамыту, алған білімдерін күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету, қойылға мақсатқа жету үшін ерік – жігерлерін шыңдау. Өнер орталығының мақсаты: Балаларды дайын үлгілер берілмеген, біріңғай дұрыс шешімдері жоқ, бірақ қызықты мүмкіндіктер мен шешімдерге толы шығармашылық тапсырмаларды шешуге үйрету арқылы танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Баланың ішкі жан дүниесін байыту, әсемдікті қабылдаудағы эстетикалық сезімін, елес – қиялын дамыту. Әр бағыттағы (мүсіндеу, сурет, жапсыру) өнерді қабылдауын дамыту, саусақтарының икемділіктерін арттыру, сезім мен өнерді түсіне білуге, өнермен шұғылдануға қажетті құралдарға жауапкершілікпен қарауға үйрету, ақыл – ой және сөйлеу қабілеттерін дамыту, айналадағы әсерлері жайында баяндауға үйрету арқылы шығармашылық қастиеттерін дамыту.

Изображение слайда
1/1
4

Слайд 4

Ғылым орталығының мақсаты: Балаларды табиғаттағы заттармен, құбылыстармен таныстыра отырып, байқау және ажырату қабілеттерін дамыту, байқаған құбылыстарына түсініктер, тұжырымдар іздестіруге үйрету, әр түрлі эксперименттер жасау және зертеу жұмыстары арқылы айналаны қоршаған ортаға деген түсініктерін қалыптастыру, өсімдіктер мен жан – жануарларға деген сүйіспеншіліктерін, оны күту, бағу дағдыларын бойларына сіңіру. Желілі-рөлді ойындар орталығының мақсаты: Балалардың ойын барысында әлем туралы, өзін қоршаған ортадағы өмірді және өзі туралы білімдерін кеңейту, өз ара қарым – қатынасты дамыту, өзін қоршаған ортаны жақсы түсінуге және баға бере білу қабілеттерін дамыту. Күнделікті өмірден көргендерін өз өмірлерінде қолдануға, үлкендердің еңбектеріне көңіл аударып, күнделікті ойын барысында қолдануға, рөлдерге бөлініп ойнай білуге дағдыландыру. Аспаздық орталығының мақсаты: Балалардың бойына ата – анасына, тәрбиешісіне, бір – біріне көмектесу дағдыларын қалыптастыру, шығармашылық қиялдарын дамыту, тағам түрлерін, олардың дастарқан басына қалай келетінін, әр түрлі тәсілдермен тағам түрлерін жасауға, бөлшектерді біріктіруге, сөзуға, әр түрлі фигуралар жасауға үйрету. Үлкендердің еңбегін бағалауға үйрету. Құрастыру орталығының мақсаты: Балаларға құрастыру туралы түсінік беру, құрастырудың түрлерімен таныстыру, пайдалануға жарамсыз материалдармен жұмыс істеуге үйрету және олармен жасаған жұмыстарын өз шығармашылықтарымен толықтыруға дағдыландыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, саусақтарының икемділіктерін арттыру, еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Изображение слайда
1/1
5

Слайд 5

Белсенділік орталықтарындағы көрнекілік құрал – жабдықтар: Көркем әдебиет орталығы: Ұлттық бұрыш (киіз үй, оның жабдықтары, ыдыс – аяқтар т.б.). Ұлттық альбомдар (ұлттық киімдер, ыдыс – аяқтар, киіз үй жиһаздары, ән – күй аспаптары т.б.). Қазақстан елі туралы альбомдар, суреттер, т.б. Астана қаласы туралы альбомдар, суреттер т.б. Ұлттық ойындар. Дидактикалық ойындар. Көрнекілік құрал – жабдықтары альбомдары. Балаларға арналған кітаптар, ертегілер. Журналдар, газеттер. Сюжетті суреттер. Жер шары макеті, карта. Ойыншықтар. Балалар кітапшалары. Теледидар, үнтаспа, олардың касеталары Тіл дамыту орталығы: Сюжетті суреттер. Ұлттық ойындар. Дидактикалық ойындар. Балаларға арналған кітапхана. Ойыншықтар. Үстел үсті дамыту ойындары. Тіл дамыту сабағына арналған балалар дәптерлері.

Изображение слайда
1/1
6

Слайд 6

Сауат ашу орталығы: Әріптер мен дыбыстар кассасы. Әріптер мен дыбыстар белгілері. Сюжетті суреттер. Дидактикалық, үлестірмелі ойындар. Үлестірмелі материалдар. Текшелер. Сауат ашу сабағына арналған балалар дәптерлері. Балаларға арналған кітаптар. Ойыншықтар. Есеп орталығы: Көрнекілік сандар кассасы. Геометриялық пішіндер жиыны. Текшелер. Тақта, фланелограф, магнитті тақта, мольберт. Календарлар, сағаттар, құм сағаты, секумдомер. Таразы, өлшеуіш стақандар. Компьютер. Есеп сабағына арналған балалар дәптерлері. Есеп сбағына арналған кітаптар. Қарандаштар, борлар. Шахмат, шашкі, тоғызқұмалақ ойындары. Дидактикалық ойындар. Логикалық ойындар. Үлестірмелі материалдар. Ойыншықтар.

Изображение слайда
1/1
7

Слайд 7

Өнер орталығы: Сюжетті суреттер. Дидактикалық ойындар. Альбомдар (суретшілер еңбектері, шығармалары, т.б.). Бояулар, қылқаламдар, қаламдар, қарындаштар. Түрлі – түсті картондар, қағаздар. Ермексаздар, оларды кесетін арнайы пышақтар, таяқшалар, балшықтар, борлар, құмдар. Суреттер көрмесі. Желімдер, қайшылар, сызғыштар, өшіргіштер т.б. Табиғи заттар. Гүлдер әлемі. Қол сүртетін, қылқалам сүртетін шүберектер т.б. Ойыншықтар. Құрастыру орталығы: Сюжетті суреттер. Дидактикалық ойындар. Ұсақ үстел үсті, ірі құрылыс материалдары, лего, конструкторлар. Әр түрлі конструкторлар, кубиктер (ағаштан, пластмассадан, темірден). Ойыншықтар (көліктер, қуыршақтар т.б.). Қораптар. Мозайкалар, танограммалар, кесілген суреттер, лото т.б. Табиғи заттар. Сантехникалық заттар.

Изображение слайда
1/1
Реклама. Продолжение ниже
8

Слайд 8

Желілі – рөлді ойындар орталығы: Желілі – рөлді ойындар: отбасы, дәрігер, шаштараз, аспазшы, құрылысшы, кітапханашы, тігінші т.б. Дидактикалық ойындар, лото, домино, шашка, шахмат т.б. Спорттық ойындар. Қимылды ойындар. Ойындар кейіпкерлері. Дыбыс шығаратын ойыншықтар. Қуыршақтар, шымылдық, маскалар, тігінші материалдары, жіптер, қайшы, метрлер т.б. Ойыншықтар (телефон, коляска, доптар т.б.). Диапроекторлар мен слайдтар. Теледидар касеталарымен, үнтаспа т.б. Киімдер қоймасы, айна, тарақ т.б. Жекешелену бұрышы. Топ театры. Аспаздық орталығы: Сюжетті суреттер. Бас киімдер, алжапқыштар. Оқтаулар, тақтайлар. Пышақтар. Ыдыс – аяқтар. Жеміс – жидектер муляждары. Көкөністер муляждары. Таяқшалар. Ойыншықтар.

Изображение слайда
1/1
9

Слайд 9

Ғылым орталығындағы іс – тәжірибе жасауға арналған материалдар: 1. Көрінетін және көрінбейтін әртүрлі пішіндегі, әртүрлі көлемдегі ыдыстар (пластикалық шынылар, стақандар, қалақтар, табақтар т.б. 2. Өлшеуіш қасықтары (жас балалардың тамағының ішіндегі). 3. Тесіктері бар елеуіш және ыдысқа сұйық затты құятын өткізгіштер. 4. Әр көлемдегі резеңкелік ыдыстар. 5. Сабын кесінділері, әр көлемдегі мұзды қатыратын пластикалық кәмпит қоспасының қораптары, жұмыртқа салғыш, жем салғыш ыдыстар, астау. 6. Резеңкелі қолғаптар, ыстық затты ұстауға арналған қолғаптар, көбелек аулайтын торлар. 7. Инесіз шприцтер, ұшы домалақ тамызғыштар. 8. Жіңішке, майысқақ түтікшелер. 9. Гигиеналық таза қауіпсіз қосылғыштар (инвайт, кремдер), көпіргіш заттар (балалар шампуні, ваннаға арналған көбіктер), ерігіш заттар (тұз, қант, кофе, шай, май). 10 Шаңұрғыш, ағаш қасық, шпательдер, балмұздақ таяқшалары.

Изображение слайда
1/1
10

Слайд 10

11. Табиғи материалдар: құс, мал жүндері, жаңғақ бүршігі, жаңғақ қабығы, ұрықтар, дәнді дақылдар: бидай, сұлы, арпа, тары, қарақұмық, жасмық, бұршақ, жүгері т.б., ұлу ұясы, пакеттегі немесе арнайы ыдыстағы тастар, құм, топырақ, көмір, жапырақтар, таяқшалар, терілер, мақта, паралондар, сымдар, тығыншалар, әртүрлі қораптар, түрлі түсті, пішіндері әртүрлі қағаздар, қаламдар, фломастерлер, көзілдіріктер, магнит. 12. Техникалық материалдар: болттар, винттер, гайкалар. 13. Үлкейтіп көрсететін айналар, микроскоп, түтікшелер. 14. Су құятын және құм салатын ыдыстар. 15. Өлшеуіш заттары: сызғыш, метр, үшбұрыштар. 16. Майшамдар, құм сағаты, секундомерлер, су термометрі. 17. Әр түрлі календарлар, жер шары макеті, карта. 18. Тазалауға арналған заттар: алжапқыштар, щеткалар, күрекшелер. 19. Балалар денесіне жағатын майлар, опалар. 20. Үй гүлдері. 21. Аквариум. 22. Тірі жәндіктер, тасбақа, ақ тышқан. 23. Құстар.

Изображение слайда
1/1
11

Слайд 11

Таңғы жиын: Еліміздегі жалпы білім беру ісіне жаңа көзқарас үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы сатысы мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту мақсатын жаңаша пайымдауды талап етеді. Сонымен, балабақшадағы таңғы жиын да осы сәлемдесуден, бір-біріне жақсы тілектер тілеуден тұрады.

Изображение слайда
1/1
12

Последний слайд презентации: Тәй – тәй» технологиясының жалпы ережелері: Материалдар мен құрал – жабдықтар

Өзін-өзі бағалау: Балалардың өз бетімен әрекет етуі, ересектің бала әрекетіне бақылау жасауы арқылы ақпаратты баланың өзінің жинауына мүмкіндік беру. Ересек пен баланың бақылау, талдау және тәжірибе жасау барысында проблеманы шешу әрекетінің субъектілері ретіндегі құқылы ізденісін жүзеге асыру. Өзін-өзі бағалау баланың өзіндік «Менін» анықтауға көмектеседі. Өзін-өзі бағалау кезінде бір-бірінің жауабын тыңдап, бір-біріне баға беріп, өзінің іс-қимылына баға беріп, өзінің шығармашылық қабілетін арттырады.

Изображение слайда
1/1
Реклама. Продолжение ниже