Презентация на тему: Та қырыбы: Дені сау бала кабинеті жұмысын ұйымдастыру. Денсаулық сақтау саясаты

Та қырыбы: Дені сау бала кабинеті жұмысын ұйымдастыру. Денсаулық сақтау саясаты
Жоспар :
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 164 Бұйрығы.
Дені сау бала кабинетінің мақсаты:
Дені сау бала кабинетінің негізгі міндеттері :
Та қырыбы: Дені сау бала кабинеті жұмысын ұйымдастыру. Денсаулық сақтау саясаты
Та қырыбы: Дені сау бала кабинеті жұмысын ұйымдастыру. Денсаулық сақтау саясаты
Та қырыбы: Дені сау бала кабинеті жұмысын ұйымдастыру. Денсаулық сақтау саясаты
Та қырыбы: Дені сау бала кабинеті жұмысын ұйымдастыру. Денсаулық сақтау саясаты
Та қырыбы: Дені сау бала кабинеті жұмысын ұйымдастыру. Денсаулық сақтау саясаты
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1/11
Средняя оценка: 4.0/5 (всего оценок: 51)
Код скопирован в буфер обмена
Скачать (3459 Кб)
1

Первый слайд презентации

Та қырыбы: Дені сау бала кабинеті жұмысын ұйымдастыру. Денсаулық сақтау саясаты және басқару кафедрасы Орындаған: Өтемұрат А.Ж. Курс: 5 Тобы: ЖМ 003-1К Тексерген :Мендалиев Н.А.

Изображение слайда
2

Слайд 2: Жоспар :

Кіріспе. Негізгі бөлім. Дені сау бала кабинетінің негізгі міндеттері ; Дені сау бала кабинетінің ұйымдастырылуы. Қорытынды. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Изображение слайда
3

Слайд 3: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 164 Бұйрығы

Дені сау балалар кабинеті – балалар емханасының құрылымдық бөлімшелері, әдістемелік орталық. Дені сау бала кабинеті балаға бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының құрылымдық бөлімшесі ретінде ұйымдастырылады. ДСБК штаты медициналық ұйымның жалақы қоры мен штаттық кестесі шегінде белгіленеді. ДСБК- ның негізгі штат бірлігі орта медициналық білімі бар қызметкер болып табылады - 10 000 балаға 1 лауазым. Бала саны 10 000-ға жетпейтін жағдайда ДСБК қызметі БМСК ұйымының орта медициналық білімді қызметкерінің біріне жүктеледі.

Изображение слайда
4

Слайд 4: Дені сау бала кабинетінің мақсаты:

Е рте жастағы бала денсаулығын сақтау, профилактикалық іс-шараларды уақтылы өткізу мәселелері жөнінде медицина қызметкерлерінің білімі мен дағдыларын үздіксіз жетілдіруді жаңарту арқылы консультациялық және оқу жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ баланы тікелей күтіп-бағумен айналысатын ата-аналар мен өзге адамдарды үйрету арқылы ұйымдастыру-әдістемелік және үйлестіруші орталықтың рөлін атқарады. ДСБК қызметіне БМСК педиатрия бөлімшесінің бастығы немесе аға дәрігері басшылық етеді. Саламатты өмір салтын қалыптастыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын аумақтық денсаулық сақтау ұйымдары ДСБК- ге ақпараттық-әдістемелік көмек көрсетеді.

Изображение слайда
5

Слайд 5: Дені сау бала кабинетінің негізгі міндеттері :

1) БМСК ұйымдарының медицина қызметкерлерін 3 жасқа дейінгі бала ауруларын профилактикалық жұмыстарының мәселелері бойынша білімі мен дағдыларын арттыратын іс-шараларды өткізу ; 2) медицина қызметкерлерін жүкті әйелдерге бала туғанға дейін патронаж өткізу, сондай-ақ ерте жастағы балаға патронаж өткізу ережесі мен әдістемесін үйрету ; 3) әйелдер консультациясының және жүкті әйелдерді бақылаудағы сабақтастықтың тұрақты байланысын жүзеге асыру ; 4) Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынымдарына сәйкес дені сау және ауру балаға, мүмкіндігі шектеулі баланың тамақтануы, физикалық және психологиялық-әлеуметтік дамуы күтім жасау мәселелері жөнінде тақырыптық сабақтар өткізу ; 5) медицина қызметкерлерін жүкті, бала емізетін әйелдер мен ерте жастағы баланы құнарлы тамақтандыруды, сонымен қатар емшекпен қоректендірудің негіздері мен тәжірибесін, уақытылы қосымша тамақтандыруды енгізу, дайындау мәселелері жөнінде үйрету ; 6) медицина қызметкерлерін ерте жастағы баланы психофизикалық дамыту скринингін өткізуге үйрету ;

Изображение слайда
6

Слайд 6

7) медицина қызметкерлерін мынадай мәселелер бойынша үйрету : - балада болатын микронутриентті жетіспеушілік пен мешел ауруларының алдын алу ; - « қауіпті белгілер » анықталған жағдайда ата-аналар немесе балаға тікелей күтім жасайтын басқа адамдарға ауру баланы күтіп-бағу ережесін, тамақтандыру мен сұйық ішкізу режимін үйрету ; - ерте жастағы баланың психологиялық-әлеуметтік дамуын кейіннен консультация бере отырып бағалау ; - отбасында баланы жек көрушілікті анықтау және оған зорлық-зомбылық көрсетудің алдын алу ; - баланы мектепке дейінгі балаға ұжымдарына баруына дайындау ; - әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын аналардан баланы бөліп алу ; 8) медицина қызметкерлерін ерте жастағы балаға массаж және оларға жаттығу жасау тәсілдерін өткізуді үйрету ; 9) жүкті және бала емізетін әйелдерді құнарлы тамақтану практикасына үйрету және оларға консультация беру;

Изображение слайда
7

Слайд 7

10) ерте жастағы баланы күтіп-бағатын адамдарға мына мәселелер бойынша консультациялар беру және оларды үйрету : - дұрыс тамақтану ( емшек емізудің өзектілігі, тамақты уақтылы беру); - ерте жастағы баланы массаж және жаттығу жұмыстарын жасату ; - ерте жастағы баланы психологиялық-әлеуметтік дамыту ; - қауіпті белгілер анықталған жағдайдағы әрекеті, бала ауырған кездегі тамақ беру және ішкізу режімі ; - микрорнутриентті жетіспеушілік пен мешел ауруының уақтылы алдын алу ; - балаға отбасында зорлық-зомбылық көрсету мен оны жек көрудің алдын алу ; 11) медицина қызметкерлері мен халықты дені сау бала тәрбиелеу мәселелері бойынша ақпараттық-әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету.

Изображение слайда
8

Слайд 8

7. ДСБК медицина қызметкері өз жұмысын жеке және ұжымдық әңгімелесу, сондай-ақ практикалық сабақ және тренинг ретінде ұйымдастырады. 8. ДСБК баланы дамыту мен тәрбиелеу бойынша қажетті медициналық жұмыс құжаттамасын және нұсқамалық-әдістемелік материалдардың есебін жүргізеді. 9. ДСБК-да үш жасқа дейінгі баланы психологиялық-әлеуметтік тұрғыдан ынталандыру үшін ойыншықтар жиынтығы, практикалық сабақтар өткізуге арналған жиынтық (зонд, кесе, шай қасық ), компьютер, теледидар, бейне немесе DVD- ойнатқыш, жүкті және бала емізетін аналармен практикалық сабақтар өткізуге арналған қуыршақтар ( манекендер ) (2 дана), медициналық таразылар, бой өлшегіш құрал болуы тиіс.

Изображение слайда
9

Слайд 9

10. ДСБК- нің оқу материалдары, көрнекі құралдары және ұйымдастыру техникасы : 1) ерте жастағы балаға патронажды бақылау және бала туғанға дейінгі патронаж өткізу ережесі ; 2) ( дені сау және науқас баланы ) тамақтандыру және дамыту мақсатында күтім жасау бойынша – « Анаға жаднама » әдістемелік ұсынымы ; 3) « Ерте жастағы баланы тамақтандыру » әдістемелік ұсынымы ; 4) Қазақстан Республикасының ұлттық профилактикалық екпесінің күнтізбесі ; 5) тамақ өнімдердің пирамидасы ; 6) дені сау баланы тамақтандыру мен ауырған кезде де оған күтім жасау туралы ұсынымдар ; 7) ерте жастағы балаға арналған массаж және жаттығулар кешені ; 8) бала ауырған кезде « қауіпті » және баланың дамуындағы қолайсыздық белгілері ; 9) физикалық даму картасы ; 10) бейнематериалдар ( емшек емізу, дамыту мақсатындағы күтім, аурудың қауіпті белгілері және отбасындағы науқас балаға жасалатын күтім ); 11) бала жастағы ауруларды ықпалдастыра қарау модулінен фотоальбом.

Изображение слайда
10

Слайд 10

11. БМСК-да емшек емізу, тамақ беру, аурудың « қауіпті » белгілері, ауру баланы тамақтандыру және сұйықтық ішкізу режимі бойынша ата-аналар мен бала күтімімен тікелей айналысатын адамдардың білімін бағалау арқылы ерте жастағы баланың денсаулығын сақтау және профилактикалық іс-шараларын өткізуіне ДСБК ішкі бақылауды ( ішінара сауалнама жүргізу арқылы ) жүзеге асырады.

Изображение слайда
11

Последний слайд презентации: Та қырыбы: Дені сау бала кабинеті жұмысын ұйымдастыру. Денсаулық сақтау саясаты: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

http:// adilet.zan.kz/kaz/docs/V1100006897 Ана мен бала денсаулығын сақтау саласында медициналық көмекті жетілдіру бойынша шаралар туралы. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 164 Бұйрығы.

Изображение слайда