Презентация на тему: С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ КАЗАХСКИЙ

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ КАЗАХСКИЙ
С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ КАЗАХСКИЙ
С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ КАЗАХСКИЙ
С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ КАЗАХСКИЙ
Ассамблеяның мақсаты
Қазақ халқы ассамблеяның қызметі
Ассамблея туралы Заң
Ассамблеяның негізгі міндеттері
Ассамблея құрылымы
Ассамблеяның парламенттік өкілдігі
Қазақ жеріндегі өзбек халқы
Қазақ жеріндегі ұйғыр халқы
С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ КАЗАХСКИЙ
Ұйғыр халқының ұлттық мәдениеті
Қарақалпақтар
Татар халқының мәдениеті
Татар халқының мерекелері
Павлодар татар-башқұрт қоғамдық-мәдени орталығы
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ КАЗАХСКИЙ
1/21
Средняя оценка: 4.6/5 (всего оценок: 47)
Код скопирован в буфер обмена
Скачать (3348 Кб)
1

Первый слайд презентации

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА Тақырыбы:Қазақ халқы ассамблеясы Орындаған: Ержан Біржан Факультет: Жалпы медицина Топ: 15-027-2 Курс: 2 Тексерген:Несіпкалиев Даурен Алматы,2016 СӨЖ ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ ПӘНДЕР КАФЕДРАСЫ

Изображение слайда
2

Слайд 2

Жоспар: Кіріспе Негізгі бөлім 1. Ассамблеяның мақсаты 2. Қазақ халқы ассамблеяның қызметі 3. Ассамблея туралы Заң 4. Ассамблеяның негізгі міндеттері 5. Ассамблея құрылымы 6. Ассамблеяның парламенттік өкілдігі 7. T үрлі ұлт өкілдері III. Қорытынды Пайдаланған әдебиеттер

Изображение слайда
3

Слайд 3

Қазақстан халқы Ассамблеясы  — 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен құрылған Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган. Ел Президенті  Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет  1992 жылы  Тәуелсіздіктің бірінші жылына арналған Қазақстан халқының бірінші форумында жариялады. Мұндай институтты құру қажеттілігі саяси тұрғыдан, сондай-ақ жаңадан құрылған, тәуелсіз, полиэтносты, поликонфессиялық мемлекеттің тұрақты дамуы тұрғысынан туындаған еді. Аталған бастама мәдениет аралық диалогты нығайтудың жаңа кезеңінің негізін қалап, этносаралық қатынастарды дамыту мәселелерін жоғары деңгейде шешуге мүмкіндік жасайтын әлемдік тәжірибедегі тың бағыт болып табылды. Жиырма жылдық тарихында Ассамблея қарқынды дамып, елеулі өзгерістерді бастан кешірді.

Изображение слайда
4

Слайд 4

Қазақ халқының ассамблеясы

Изображение слайда
5

Слайд 5: Ассамблеяның мақсаты

Ассамблеяның мақсаты қазақ халқының топтастырушы рөлін арқау ете отырып, қазақстандық патриотизм, Қазақстан халқының азаматтық және рухани-мәдени ортақтығы негізінде « Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясымен біріктірілген қазақстандық азаматтық біртектілікті және бәсекеге қабілетті ұлтты қалыптастыру процесінде Қазақстан Республикасында этносаралық келісімді қамтамасыз ету болып табылады.

Изображение слайда
6

Слайд 6: Қазақ халқы ассамблеяның қызметі

Бұл бірегей институт еліміздегі барлық этнос өкілдерін ортақ мақсатқа ұйыстыра отырып, республикадағы тұрақтылықты сақтау мен ел дамуының мақсатына айтулы үлес қосып келеді. Ассамблея қызметінің арқасында Қазақстанда этностық немесе діни ерекшелігіне қарамастан әрбір азаматтың Конституциямен кепілдік берілген азаматтық құқықтары мен еркіндігі толығымен қолданылатын этносаралық және конфессияаралық келісімнің айрықша үлгісі қалыптасты. Қазақстанның көпэтностық бай кеңістігінде сенім, келісім мен өзара түсіністік үлгісі орнады.

Изображение слайда
7

Слайд 7: Ассамблея туралы Заң

2008 жылғы 20 қазанда Қазақстан Республикасының «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заңына қол қойылды. Осы заң этносаралық қатынастар саласындағы негізгі принциптерді айқындай отырып, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен оның құрылымдарының мәртебесін заң деңгейінде бекітті. Этносаралық қатынастар субъектілерінің жұмысының елімізде жүргізіліп келе жатқан саяси бағытпен үндес жаңа жүйесін қалыптастырды. Заң Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ұлттық саясатты іске асыруға, қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге, мемлекеттік және қоғамның азаматтық институттарының этносаралық қатынастар саласындағы өзара іс-қимылының тиімділігін арттыруға бағытталған Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысын ұйымдастыру тәртібін айқындайды.

Изображение слайда
8

Слайд 8: Ассамблеяның негізгі міндеттері

этносаралық қатынастар саласында мемлекеттік органдармен және азаматтық қоғам институттарымен тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ету, қоғамда этносаралық келісімді және толеранттықты одан әрі нығайту үшін қолайлы жағдайлар жасау ; халық бірлігін нығайту, қазақстандық қоғамның негіз қалаушы құндылықтары бойынша қоғамдық келісімді қолдау және дамыту ; қоғамдағы экстремизмнің және радикализмнің көріністері мен адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына қысым жасауға бағытталған әрекеттерге қарсы тұруда мемлекеттік органдарға жәрдемдесу ; азаматтардың демократиялық нормаларға сүйенетін саяси-құқықтық мәдениетін қалыптастыру ; Ассамблеяның мақсаты мен міндеттеріне қол жеткізу үшін этномәдени және өзге де қоғамдық бірлестіктердің күш-жігерін біріктіруді қамтамасыз ету ; Қазақстан халқының ұлттық мәдениетін, тілдері мен дәстүрлерін өркендету, сақтау және дамыту болып табылады.

Изображение слайда
9

Слайд 9: Ассамблея құрылымы

Қазақстан Республикасының Президенті Ассамблеяны құрады және қайта ұйымдастырады, Ассамблея қызметінің бағыттарын айқындайды, Ассамблея басшылығының лауазымды адамдарын қызметке тағайындайды. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне — Елбасына Қазақстан халқы Ассамблеясын өмір бойы басқару құқығы тиесілі. Ассамблеяның құрылымын Ассамблея Сессиясы, Ассамблея Кеңесі, Ассамблея Хатшылығы, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ассамблеялары құрайды.

Изображение слайда
10

Слайд 10: Ассамблеяның парламенттік өкілдігі

Ассамблеяның басты ерекшеліктерінің бірі этностық топ өкілдері мүдделерін жоғары заң шығару органында – ел Парламентінде білдіру болып табылады. Конституцияға 2007 жылы енгізілген өзгерістерге сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің 9 депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды. Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлаған Парламент Мәжілісінің 9 депутаты, елдегі барлық этностардың мүддесін білдіреді. Ассамблеядан сайланған депутаттар заң шығарушылық процесіне белсенді қатысып, заң шығарушылық бастамашылық құқығын жиі пайдаланады. Этносаралық қатынастарға қатысты қабылданатын барлық заң жобалары депутаттардың тиісті сараптауынан өтеді.

Изображение слайда
11

Слайд 11: Қазақ жеріндегі өзбек халқы

Оңтүстік Қазақстан облысының аума­ғында 2010 жылдың есебімен алғанда 425110 өзбек тұрады. Басқа этнос өкілдерімен салыстырғанда, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша өзбектер екінші орында тұр. Халықтың тілі мен мәдениетінің дамуына үлес қосып келе жатқан жазушылар мен ақындардың үлкен бір шоғыры бар. Эрназар Розметов, Бахадир Сабитов, Хавазмат Кочка­ров, Закиржан Моминжанов, Абдрурахим Пратов, Ибрахим Хухкиев, Икрам Хашим­жанов, Мұраджан Абубакиров сияқты қалам­герлер Қазақстан Жазушылар және Журна­листер одағының мүшелері болғанды-ғын ардақ тұтады. Қаламымен ел арасын бөл­шек­теу үшін емес, іргесін бүтіндеуге, достықтың берік болуына қызмет етіп келе жатқан шы­ғармашылық иелері Өзбекстан Жазушылар және Журналистер одағымен тығыз-қарым қатынас жасап, ондағы ақын-жазушылардың Қазақстанда кездесулер ұйымдастыруына ұйытқы болып келеді.

Изображение слайда
12

Слайд 12: Қазақ жеріндегі ұйғыр халқы

Ұйғырлар - тарихы бай ежелгі этностардың бірі. Ерте кездерден Шығыс Түркістан жерін ( қазіргі Қытай халық республикасының Синьцзян - Ұйғыр автономиялық ауданы ) мекендейді. Көне замандарда бұл жерден Аспанастын Батыспен, Орта Азиямен, Үндімен және Иранмен жалғастырған Ұлы Жібек жолы керуені өткен. Ұйғырлардың негізгі бөлігі - 12 миллион адам тарихи отаны Шығыс Түркістанда тұрады. Ұйғыр тілі түркі тілдерінің ішінде қарлық тобына жатады. Алматы облысын 148 мыңнан астам ұйғыр мекендейді. Ұйғырлар XIX ғасырдың аяғында қазіргі Алматы облысы төңірегіне қоныс аудара бастады. Қазіргі уақытта қазақстандық ұйғырлардың негізгі бөлігі Алматы облысының аумағында тұрады. Олар негізінен дәстүрлі суармалы жерлерді өңдеу кәсібімен, егін шаруашылығымен қатар мал шарушылығымен де айналысады. Қазақстан ұйғырлардың екінші отанына айналғалы да ғасырдан астам уақыт өтті. Олар жергілікті халықпен тығыз араласып, ағайын-туыстық қарым-қатынаста өмір сүруде. Тәуелсіз Қазақстанның барлық ұлыстары сияқты, олардың да өзіндік ерекшеліктерін, мәдениетін, әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерін сақтауына зор мүмкіндіктер жасалып отыр. Металлдарды көркемдеп өңдеу : ұсталық кәсіп, ыдыс-аяқ, зергерлік бұйымдар жасау ұйғырлардың ежелден дамыған қолданбалы өнерінің түрлеріне жатады. Ұйғыр әдебиетінің ертеректегі шығармалары ретінде « Хустанифт », « Алтунг яругті » атауға болады. Жиырмасыншы ғасырдағы ұйғыр әдебиетінде Х. Закирий, А. Қожамбердиев, А. Мухаммади, Н. Семятов, Ү. Мухаммади, Н. Исраилов, И. Сатаров, К. Хасанов, Ж. Босақов, Х. Абдуллин, И. Бахтия, Х. Искандаров, Х. Хамраев, З.Сәмәди сияқты ақын-жазушылар өз қолтаңбаларын қалдырды.

Изображение слайда
13

Слайд 13

Абай атындағы Қазақ педагогикалық университетінің филология факультеті жанынан ұйғыр бөлімінің ашылуы жоғары білім алуда үлкен маңызға ие болды.  Ал 1949 жылы ҚазССР Єылым Академиясының жанынан ұйғыр-дұнған мәдениетінің секторы құрылған болатын. Сол кезден бастап Қазақстанда ұйғыртану дами бастады. Біраздан кейін сектор ұйғыртану бөлімі болып қайта құрылып, 1986 жылы ұйғыртану институты ашылды. « Мектеп » баспасы ұйғыр тілінде оқулықтар шығарады. Ұйғыр мәдениетінде музыка мен би аса үлкен орын алады, оны танып-білу қызығушылық тудыратыны анық. Музыкалық өнері ғасырлар бойы қалыптасқан. Оның куәсі ретінде «12 мақамды » алуға болады. Қазіргі уақытта халықтық өнердің үздік туындысы - «12 мақамның » жекелеген бөлімдерін орындау кең таралған. Әндер мен мақамдар халық аспаптарының сүйемелденуімен орындалады. Кезінде Қазақстан үкіметінің бастамасымен ұйғыр кәсіби театры құрылды, кәсіби сазгерлер, дирижерлер, музыканттарды жетілдіруге, көркемөнерпаздардың музыкалық-бишілер ұжымдарын ұйымдастыруға барынша жағдай жасалды. Ұйғырлардың дәстүрлі тағамдары әр түрлілігімен ерекшеленеді және ас талғампаздарын таңдандыра алады. Салқын тағамдарының өзі әртүрлі көкөністерден жасалған салқын тағамдар және қуырылған көкөністер мен қайнатылған көкөністерден жасалған салқын тағамдар болып екі түрге бөлінеді. Салқын тағамдардың ішінен ерешеленетіні гүл тавақ – гүлді табақ, әртүрлі көкөністерден, еттер мен дәмдеуіштерден араластырылып жасалған тағам.

Изображение слайда
14

Слайд 14: Ұйғыр халқының ұлттық мәдениеті

Изображение слайда
15

Слайд 15: Қарақалпақтар

Қарақалпақтар – туыстығы жағынан қа­зақ­тарға ең жақын халықтардың бірі. Тілі мен салт-дәстүрі, діні мен дү­ние­танымы, Жиен жыраудан (XVIII ғасыр ) бастау алатын ауыз әдебиеті мен ондағы кейіп­керлерге дейін қазақтардікімен бір­дей немесе өте ұқсас келеді. Белгілі қоғам қайраткері, ақын Кәкімбек Салықов « Қарақалпақтар – қа­ра­пайым, қанағатшыл, төзімді халық. Кең­пейілді, дарқан, дәл менің қазағым се­кілді » деп жазады. XVI-XVIII ғасырларға дейін қарақал­пақ­тарды жеке ұлт ретінде көрсеткен бірде-бір жазба дерек кездеспейді. Есе­сіне, батыс, орыс немесе араб тарих­шы­ларының жазбаларында олардың қазақ халқының құрамындағы белді бір тайпа екендігі айтылған. 1924 жылы Қазақстанның құра­мын­да Қарақалпақ автономиялы облысы құ­рылып, 1932 жылы оған автономиялы Республика мәртебесі беріледі. Алайда 1936 жылы Қарақалпақ автономиясы Өзбекстан Республикасының құрамына өтіп кеткен !

Изображение слайда
16

Слайд 16: Татар халқының мәдениеті

Қазақ даласында татарлар өзінің тағдырын қазақтың мәдениетімен, тұрмысымен және шаруашылығымен өзара тығыз байланыстырды. Қазақстандағы татар медресе ұстаздары оқу – ағарту жұмыстарына көп үлес қосты. Мысалы, Қарқаралыдағы Ш. Кафафутдин 80-ге тарта поэтикалық шығармаларды татар және қазақ тілдерінде жазды. Татар мен Татар – Башқұр орталығының Алматыда « Фикер » ақпараттық бюллетені ұйымдастырылып, шығарылады.  Онда танымал қазақстандықтармен – татар, башқұр халықтарының өкілдері туралы материалдар, мәдени орталық жұмыстары жарияланып тұрды. Тарихи отанынан алыс тұратын оқырмандарға қажетті әдебиеттер шығарылды. Соңғы жылдары «Татар тарихы », «Татар халқының дәстүрлі мәдениеті », « Башқұрт халқының тарихы мен мәдениеті очерктері » сияқты кітаптар шығарылды. Татарлар мен башқұрлардың ең жақсы көретін мейрамы – көктемгі егіс жұмыстарынан кейін, маусымның алғашқы жартысында пішен шабуға дейін өтетін сабантой болып табылады. Мерекеде ұлттық ойындардың бір қатары   – куряш бәйге, би ойындары.  Ол уақытта дәмді тағамдар – чак – чак, кабартма, түрлі пирогтар, дәрә көжесі дайындалады. Сабантойда әрқашанда көп әндер айтылып, билер биленеді. Ептілік пен шапшаңдықты қажет ететін әзіл өлеңдер сайысы өтеді.

Изображение слайда
17

Слайд 17: Татар халқының мерекелері

Татар мәдениетінің күндері, ұлттық мейрам « Сабантой », « Наурыз », « Нардуған », « Құрбан – айты » сияқты мерекелер дәстүрлі мерекелерге арналды. « Туған тел» облыстық татар мәдени орталығы ұйымдастырған Алматы облыстық Қазақстан халқының Ассамблеясы хатшылығының белсенді қатысуымен Үтенай кентінде табиғаттың оянуы мен жаңаруына арналған « Сабантой – 2006» мейрамы өтті. Мейрамға әр түрлі жастағы адамдар қатыстырылды. Қайың мен қайың қабығынан жасалған әдемі декоративті – қолданбалы өнер туындылары көрсетілді. Қонақтар сәнді ұлттық киімдерді тамашалап, дәмді татар тағамдарынан ауыз тиіп, « Туған тел» халық ансамблінің әртістері ұйымдастырған билер мен концерттік бағдарламаны   тамашалады.  Ансамбль жергілікті тұрғындар арасында кең танымал. Қатысушылары - әр түрлі жаста. « Туған тел» бағдарламасына кішкентайлардың балет спектаклі, “ Әпипә ” татар балалар биі, ересек әртістер орындайтын « Қыздар » лирикалық биі кіреді.

Изображение слайда
18

Слайд 18: Павлодар татар-башқұрт қоғамдық-мәдени орталығы

Статистикалық мәліметтер бөйынша бүгінгі күні облыста 17 мыңға жуық татар және 1700 башқұрт тұрып жатыр. 1988 жылды татар және башқұрт ұлттық мәдениетінің жылы деп санауға болады, себебі осы жылы Павлодар қаласында алғаш татар мәдениетінің күндері аталып өтті. Сол күндері қаланың белсенді азаматтарының ұсынысымен татар ұлтының ежелгі мейрамы «Сабантуй» ұйымдастырылды. «Сабантуй» мейрамымен бірге «Чишмя» («Родник») ансамблі дүниеге келді, көп жылдан бері оның көркемдік жетекшісі Гуляра Шамильевна Чистякова болып келеді. 1990 жылғы 3 қарашада татар-башқұрт қоғамдық-мәдени орталық (ТБҚМО) құру жайында құрылтайшы конференциясы өтті, осы күн орталықтың туған күні деп саналады. Конференцияда орталықтың басқармасы сайланып, ақсақалдар кеңесі тағайындалды.

Изображение слайда
19

Слайд 19: Қорытынды

Сонымен кең байтақ жерімізд е мекен етіп жатқан түрлі ұлт өкілдерінің өзара татулығы мен бірлігі баршамыз үшін зор мақтаныш деп біліп. Ұлтаралық қарым-қатынасты нығайтып, ынтымағымызды дәріптеуді барша қазақстан-дықтардың  ортақ мақсат-міндеті деп білуіміз керек.

Изображение слайда
20

Слайд 20: Пайдаланған әдебиеттер

kk.wikipedia.org/wiki/ www.google.kz ikaz.kz adilet.zan.kz assembly.kz

Изображение слайда
21

Последний слайд презентации: С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ КАЗАХСКИЙ

Назар қойып тындағандарынызға рахмет!!!! )

Изображение слайда