Презентация на тему: С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ КАЗАХСКИЙ

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ КАЗАХСКИЙ
С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ КАЗАХСКИЙ
С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ КАЗАХСКИЙ
С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ КАЗАХСКИЙ
С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ КАЗАХСКИЙ
С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ КАЗАХСКИЙ
С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ КАЗАХСКИЙ
С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ КАЗАХСКИЙ
С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ КАЗАХСКИЙ
С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ КАЗАХСКИЙ
С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ КАЗАХСКИЙ
С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ КАЗАХСКИЙ
С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ КАЗАХСКИЙ
С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ КАЗАХСКИЙ
С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ КАЗАХСКИЙ
С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ КАЗАХСКИЙ
С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ КАЗАХСКИЙ
С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ КАЗАХСКИЙ
1/18
Средняя оценка: 4.6/5 (всего оценок: 66)
Код скопирован в буфер обмена
Скачать (106 Кб)
1

Первый слайд презентации

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА ЭПИДЕМИОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ Жұқпалы ауруларды эпидемиологиялық қадағалау «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы 3 курс Дайында ған: Даниярова А.Б.

Изображение слайда
2

Слайд 2

Жоспар: 1. Эпидемиол огиялық қадағалау 2. Эпидемиологиялық қадағалауды ң түрлері 3. Эпидемиологиялық қадағалау сапасыбағалау критерилері

Изображение слайда
3

Слайд 3

«Эпидемиологиялық қадағалау» түсінігінің анықтамасы «Эпидемиологиялық қадағалау (ЭҚ) – дұрыс жоспарлау, мүлтіксіз іске асыру, профилактикалық бағдарламалардың тиімділігін бағалау үшін және мүдделі тұлғалардың қазіргі кезгі талдау нәтижелері мен денсаулығының жағдайы туралы мәліметтерді тұрақты жинау және өне бойы жүргізу жүйесі». Бұл анықтама әмбебап болып табылады және жұқпалы да, жұқпалы емес те ауруларды қамтиды.

Изображение слайда
4

Слайд 4

Б.Л.Черкасский жұқпалы ауруларға қатысты мынадай анықтама берді: « ЭҚ – эпидемияға қарсы және оның алдын алу шараларының тиімділігін арттыру және ұтымды ету (рационализациялау) мақсатында нақты жұқпалы (паразитті) аурудың эпидемиялық процесін немесе нақты мерзімде бүтіндей белгілі аумақтағы эпидемиялық процесті даму барысында және көп жақты бақылап отыру жүйесі ».

Изображение слайда
5

Слайд 5

Эпидемиологиялық қадағалау мәліметтері аса маңызды ақпараттық жүйе, ол эпидемияға қарсы және алдын алу шараларын жоспарлаудың және іске асырудың, олардың, тиімділігін бақылаудың басым жақтарын (приоритеттерін) жасау мақсатында қоғамдық денсаулық сақтау саласында іс-әрекет етудің негізі болып табылады. Эпидемиологиялық қадағалау барысында алынған мәліметтер, Orenstein W.D., Bornir R.N. айтқандай, «әрекет ету үшін қажет ақпарат» болып табылады.

Изображение слайда
6

Слайд 6

Жинақталған ақпараттың мақсатына, міндетіне, сипатына және әртүрлі инфекция топтарының эпидемиялық процесінің ерекшеліктеріне қарай эпидемиологиялық қадағалаудың бірнеше түрлері қолданылады. Оларға төмендегілер жатады: Енжар (пассивті) – қажетті ақпаратты денсаулық сақтау қызметкерлері қолданыстағы нормативтік құжаттарды (Денсаулық сақтау Министрлігімен регламенттелген бұйрықтар, нұсқаулар, СанЕжН) орындау үшін береді.

Изображение слайда
7

Слайд 7

Белсенді (активті) – ақпарат арнайы сұраныс (ауызша немесе жазбаша) негізінде беріледі. Популяциялық – ақпарат елдің барлық аумағынан мүдделі медициналық қызметкерлердің бәрі арқылы беріледі.

Изображение слайда
8

Слайд 8

Шолуғыншы – ақпарат таңдамалы түрде тиісті аурулар туралы (мысалы, АИВ-инфекциясы, парентеральді жолмен берілетін вирусты гепатиттер, жыныстық жолмен берілетін инфекциялар – ЖЖБИ-ИППП) және белгілі қауіпті топтардан; немесе жекеленген ЕПМ-ден (мысалы, хирургиялық, урологиялық, әйелдер босанатын стационарлардан) және/немесе жекеленген медициналық қызметкерлерден (хирургтар, бактериологиялық зертхана қызметкерлерінен және т.б.) немесе белгілі аумақтардан жинап алынады.

Изображение слайда
9

Слайд 9

Вертикальді – жинақталатын ақпарат бір инфекцияға бағытталған (мысалы, туберкулез, ЖЖБИ, АИВ-инфекция) және/немесе жинақталған мәліметтер таңдап алынған арнайы профилактикалық бір бағдарлама үшін пайдаланылады. Интреграцияланған – қоздырғыштың бір жүйелі берілу механизмі, бірнеше инфекцияларға бірдей және жалпы атқарылатын шаралар схемасы да ортақ болатын аурулар үшін қолданылады (мысалы, АИВ, вирусты В, С гепатиттері, ЖЖБИ; қызылша, қызамық және т.б.).

Изображение слайда
10

Слайд 10

Клиникалық – симптоматикалық диагноз қою тәсілдері ортақ аурулар кезінде емдеу және науқасты күту үшін пайдаланылады. Этиологиялық – диагноз қою зертханалық зертеулер нәтижелеріне негізделген жағдайда (жұқпалы аурулар, мысалы, вирусты гепатиттер, кезінде ЭҚ-дың бұл түрі мүлтіксіз орындалатын және ең бастысы болып табылатын), аурулардың алдын алу үшін және антибиотиктермен емдеу жүргізу кезінде пайдаланылады. ЭҚ-дың бұл түрінің әсіресе ауруханаішілік инфекцияларды тексерген кезде маңызы зор.

Изображение слайда
11

Слайд 11

Қоғамдық денсаулық сақтау қызметінің іс-әрекет стратегиясы. Эпидқадағалау: Қандай мәселе ? Талдау және интерпретация: Мәселе неде ? Жоспарлау: Не істеу керек ? Арықтау: Қалай ? Жауап түрінде берілетін шаралар: Қандай шаралар ? Болжам: Нені күтуге болады?

Изображение слайда
12

Слайд 12

ЭҚ жүзеге асыру кезегі – жұмысты бастауға арналған ақпарат Оқиға Мәліметтер Ақпарат Іс әрекет Шаралар, стратегия Оқу және нақтылау Анықтау және хабарлау Кері ақпарат және бақылау Шешім Талдау

Изображение слайда
13

Слайд 13

Шешім ЭН (бруцеллез) Бруцеллезбен Науқастанушылық тың өсуі Алдын алу шараларының жоспары Себептері (мысал ретінде): Үй жануарларын күту кезінде жұқтыру. Базардан немесе жеке адамдардан сатып алынған, жеткіліксіз қайнатылып өңдел-ген сүт және ет тағамдарын пайдалану. Өңдейтін өндірісте мал шикізаттарымен ж.б. өнімдермен тікелей жанасу. Көрсеткіштер, тенденциясы, Қауіп қатер факторы Ветеринариялық қадағалауды күшейту. Тұрғын-дар арасында са-нитарлық ағарту жұмысын жүр-гізу. Диспансер-лік бақылау. Арнайы зерттеулер Шешім Мәліметтерді талдау Шұғыл хабарлама

Изображение слайда
14

Слайд 14

Ақпарат жинаудың, эпидемиологиялық диагноз қоюдың, эпидемиологиялық қадағалау мен бақылау жүйесінің құрамдас бөліктері (элементтері) 1 блок 2 блок 3 блок 3 блок 1 – қажетті ақпаратты жинау; 2 – жиналған мәліметтерді эпидемиологиялық диагноз түрінде қорыту; 3 – эпидемиологиялық қадағалау; 4 – эпидемиологиялық бақылау жүйесі (эпидемияға қарсы және алдын алу шаралары).

Изображение слайда
15

Слайд 15

Эпидемиологиялық қадағалау сапасын бағалау критерийлері ● Қарапайымдылығы. Оған кіреді: жұмыстың жеңілділігі, анықталатын ауыру оқиғасының стандарттылығы, жинақталған ақпараттың қажетті минимумының қол жетімділігі болуы. Қадағалау жүйесі мүмкіндігінше қарапайым болуы керек, сонымен қатар, алға қойылған міндетті шешу үшін жарамды болуы керек, өйткені қадағалаудың қарапайым жүйесі кезінде ақпарат жылдамырақ және аз шығынмен түседі. Мысалы, жинақталатын ақпарат қарапайымдылығының дәрежесіне ауру көрінісінің барлық спектрін немесе кейде БМСК, аудандық СЭҚ, денсаулық сақтаудың аудандық звеносының клиникалық, бактериологиялық зертханалары жағдайында орындауға болмайтын зертханалық зерттеулер нәтижелерін жинау қажеттігі, қажет еместігі, соған байланысты болады.

Изображение слайда
16

Слайд 16

● Икемділігі. Бұл бағдарламаның өзгеріп тұратын эпидемиологиялық жағдайға жылдам бейімделу мүмкіндігі. Ол ақпараттық қажеттілікті таңдау кезінде аз шығын шығару үшін керек. Икемділік, әсіресе оқиғаның стандартты анықтамасы өзгерген кезде, жаңа, бірақ қарапайым және де сол жерде сол кезде қолжетерлік, диагностикалық зертханалық тестілерді қолданғанда және де қолданыстағы нұсқаулар, нұсқамалар, әдістемелік құралдар және т.б. нормативтік құжаттар өзгерген кезде керек.

Изображение слайда
17

Слайд 17

● Жарамдылығы. Нақты бір бағдарламаның жалпы қоғамға және жеке тұлғаларға қажеттігі мен пайдалылығын жергілікті биліктің, медициналық қоғамның және азаматтардың түсінуіне, сондай-ақ оның қолданыстағы заңдар мен ережелерге (мысалы, Иммундаудың Ұлттық Кампаниясының нәтижелілігін бағалау немесе малдың залалдану мониторингісін ветеринариялық мекемелермен бірігіп жасау және эпизоотияға қарсы шаралар өткізуде оның тиімділігін бағалау мүмкіндігі) сәйкестік дәрежесіне байланысты.

Изображение слайда
18

Последний слайд презентации: С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ КАЗАХСКИЙ

● Сезімталдығы. Ол тиісті ауруларды анықтау қабілеттілігі. Бұл критерий бағдарламаның шынайы эпидемиологиялық жағдайды айқындау, спорадикалық науқастанушылықтың эпидемияға ауысуын уақтылы табу қабілеттілігін анықтайды. Бұл кезде алынған нәтижелерді өлшемдеуге болады (мысалы, бұрынғыға қарағанда осы айға менингококты менингитпен науқастанушылықтың қанша есе өскенін).

Изображение слайда