Презентация на тему: С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медициналық Университеті Кафедра:

С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медициналық Университеті Кафедра:
С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медициналық Университеті Кафедра:
С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медициналық Университеті Кафедра:
С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медициналық Университеті Кафедра:
С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медициналық Университеті Кафедра:
С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медициналық Университеті Кафедра:
С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медициналық Университеті Кафедра:
С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медициналық Университеті Кафедра:
С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медициналық Университеті Кафедра:
С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медициналық Университеті Кафедра:
С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медициналық Университеті Кафедра:
С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медициналық Университеті Кафедра:
С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медициналық Университеті Кафедра:
С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медициналық Университеті Кафедра:
С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медициналық Университеті Кафедра:
С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медициналық Университеті Кафедра:
С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медициналық Университеті Кафедра:
С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медициналық Университеті Кафедра:
С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медициналық Университеті Кафедра:
1/19
Средняя оценка: 4.4/5 (всего оценок: 68)
Код скопирован в буфер обмена
Скачать (758 Кб)
1

Первый слайд презентации

С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медициналық Университеті Кафедра: Валеология кафедрасы СӨЖ Тақырыбы: Дене шынықтыру күйзеліс пен қажуға қарсы Тексерген: Исмагулова Т. Орындаған: Нұрмұхамет А.М.. Факультет: Жалпы медицина Курс: 1 Топ: 21-01 Алматы 2015 ж.

Изображение слайда
2

Слайд 2

Жоспар: 1.Кіріспе 2.Негізгі бөлім а) Дене шынықтыру б)Күйзелістің денсаулыққа әсері 3.Денені шынықтырудың тәсілдері 4.Күйзелісті әуенмен емдеу денсаулыққа пайдалы 5.Қорытынды

Изображение слайда
3

Слайд 3

Кіріспе «Дені сау адам-табиғаттың ең қымбат жемісі» деп тегін айтылмаса керек. Бірінші байлық- денсаулық дейміз. Бірақ осы сөздің салмағын шынайы сезініп, түсінбейтін секілдіміз. Бүгінгі таңда өз тәуелсіздігін алған егеменді еліміз оcы бағытта Қазақстан мектептеріне жан- жақты дамыған, денсаулығы мықты, салауатты өмір салтын мұрат еткен дара тұлғаларды тәрбиелеуді басты талап етіп қойған.

Изображение слайда
4

Слайд 4

Салауатты өмір салты дегеніміз- денсаулықты нығайту мен сақтау, ағзаның дұрыс дамуын қамтамасыз ететін гигиеналық ережелерді орындау. Ол үшін денсаулықа жағымсыз әрекеттерден (нашақорлық, шылым шегу, ішімдік ішу, улы заттарға әуес болу) аулақ болу. Салауатты өмір салтын сақтау сонысымен бағалы. Көне замандардағы ғұламалардың бірі Аристотель: «Жанды дене қозғалмаса өледі» - деген екен. Міне, сол тұжырымдама біз үшін салауатты өмір сүрудің негізгі ілімі болуға тиіс. Салауатты өмір салтын ұстануда спорттың рөлі зор. Денсаулыққа тек дене шынықтыру арқылы қол жеткізілуге болады. Дене қозғалысы адам ағзасын дамытып, жұмыс істеу қабілетін арттырады, ауруды алыстатып, өмірді ұзартады. Денсаулық – адамға табиғаттың берген ең ұлы құндылығы.

Изображение слайда
5

Слайд 5

Дене шынықтыру - эстетикалық тәрбиемен тығыз байланысты. Дене шынықтыру арқылы қимыл – қозғалыс үйлесімділігі, дене тұлғасының сұлулығы, әсемдігі, мәнерлігі, киімі айнала қоршаған ортаның әдемілігін қабылдау, сезіну, түсіну, дұрыс бағалау қаблеті дамиды. Дене жаттығулары әсерінен адамның денесі қалыпты дамып, қимылы үйлесімді, жеңіл, әрі сенімді болады. Дене тәрбиесі - денсаулықты нығайтуға, тіршілік үшін маңызды дағдылар мен ептіліктерді игеруге, жоғарғы жұмыс қабілетіне жетуге бағытталған. Оның еңбекке даярлауда зор маңызы бар. Мұнда адамның жылдамдық, күш, ептілік, төзімділік секілді дене қасиеттерінен басқа: табандылық, ерік, мақсаттылық, шешімділік, өзін-өзі ұстай білу секілді бағалы психологиялық қасиеттері де дамиды

Изображение слайда
6

Слайд 6

Дене тәрбиесі ағзаға дамытушы, жетілдіруші және оңдаушы түрінде әсер етеді. Ол омыртқа жотасының қисаюы, бүкірлік секілді мүсін кемшіліктерін жоюға мүмкіндік береді, дене шынықтыру жаттығуларының жәрдемімен көкірек қабысыңқылығы, иық қушықтығын, бұлшық ет әлсіздігін оңдауға болады. Сонымен қатар, дене шынықтыру жаттығулары адамның психикалық күйін, сыртқы көрінісі мен көңіл-күйін жақсартып, жалпы тіршілік әрекетін арттырады. «Денсаулық белгісі – толық болу» деп білетін адамдар «бала көп қозғалып, арықтап кетеді» деп қарсы болады

Изображение слайда
7

Слайд 7

Дененің жетіліп, мүсіннің дұрыс қалыптасуы үшін күнделікті жаттығуларды неден бастап, қалай аяқтау керек екендігін білгені абзал. Ұйқыдан оянғаннан кейін, тіршіліктің бастамасы – таңертеңгі бой жазу жаттығуларын орындау. Ертемен алғашқы рет бой жазғанда : демді ішке алу, демді сыртқа шығару кезінде-ақ өкпе кеңейіп, оттегімен толады да, көмір қышқылы сыртқа шығарылады. Е ртеңгі дене шынықтыру жаттығуларынан кейін, бүкіл дене икемді, қозғалғыш келеді. Ертеңгі дене шынықтыру - міндетті түрде салқын суға жуынумен аяқталуы керек.

Изображение слайда
8

Слайд 8

Күйзеліс – бұл ағзаның шамадан тыс зорлануына, үрейленуіне, күнделікті әбігерленуіне қатысты реакциясы. Жүктелім шектен тыс артық болып кеткен кезде көңіл-күй нашарлайды, басқа да белгілер пайда болады Адам өмірінде   күйзелістер кездеспей тұрмайды, біздің бүкіл өміріміз – бұл бізге әсер ететін орасан зор факторлар кешені. Әрі осы факторлардың көбісінің мәнісі күйзелтуші болып табылады. Күйзеліс факторларына ықпал ету қиын, тіпті мүмкін емес, б і рақ негізінен өзіңе ықпал етуге болады, өз реакцияларыңды дұрыс бағыттай білу, дене шынықтырумен айналысу және оларды бақылай алудың өзі күйзеліске төзімділіктің басты құпиясы болып табылады.

Изображение слайда
9

Слайд 9

Күйзеліс жағдайымен күресудің бірнеше тәсілдері болады – салауатты өмір салты, (жоғары калориялы тағамдарсыз) теңдесімді тамақтану; желдетілген бөлмеде жақсы ұйқы; жұмыстан кейін дем алу (табиғат аясында, жарығы бәс е ңдетілген пәтерде, әртүрлі шараларға бару); денешынықтыру жаттығулары. Өмірдегі күйзелістен теріс жағдайда жақсы және пайдалы нәрсені таба білуге үйрену әрқайсымызға маңызды. Себебі өмір қарама-қайшылықтардың бірлігі мен күресінен құралған.

Изображение слайда
10

Слайд 10

Денені шынықтырудың тәсілдері

Изображение слайда
11

Слайд 11

ӘУЕНМЕН ЕМДЕУ – ДЕНСАУЛЫҚҚА ПАЙДАЛЫ КҮЙЗЕЛІСТІ ӘУЕНМЕН ЕМДЕУ – ДЕНСАУЛЫҚҚА ПАЙДАЛЫ Адам денсаулығының сырқатын емдеудің әдіс-тәсілдері әртүрлі болады. Соның бірегейі    әуен терапиясының жаңа технологиясы. Бұл емдеу әдісі жан мен тәнді дәрі-дәрмексіз емдеуде    емшілікте басты бағытқа айналуда, бұл бағыт адамға дәстүрлі халық медицинасының ең озық үлгілерін үгіттеуге мүмкіндік бере алады. Жан және тән үндестігі тек сирек жағдайда ғана берілетін табиғаттың жомарт сыйы. Бірақ әуенмен емдеу құпияларын ашу - әркім үшін мықты денсаулыққа және өмір жасының ұзақтығына апаратын шынайы жол. Адам неғұрлым жас кезінде өзін-өзі, өз ағзасын танып-білсе, өзінің психикасының ерекшеліктерін соғұрлым ерте түсіне бастайды да, оның кейінгі өмірі салауатты және бақытты болады. Әуенмен емдеу жолы адамдарды жылдар бойы азаптап келе жатқан созылмалы аурулардан арылтады, жедел өтетін ауруларды, жүйке күйзелістері мен невроз сияқты ауруларды емдеп-жазуға көмектесе алады.

Изображение слайда
12

Слайд 12

Әуенмен емдеу кезінде жазылатын аурулар : • ұзаққа созылған күйзеліс жағдайына негізделген иммундық жүйе жұмысының бұзылуы; • терінің аллергиялық аурулары (қышитын бөртпелер, безеулер, экзема, нейродермиттер мен токсикодермиттер ); • тыныс алу жолдарының аллергиялық реакциялары (кеңірдектің тарылуы, мұрыннан су ағу ); • буындардағы аллергиялық аурулар ; • жүрек қызметі мен қан айналу жүйесінің бұзылуы (гипертензия, яғни артериялық қан қысымының тұрақты жоғарылауы, жүрек неврозы, есту қабілетінің күрт төмендеуі және қан айналысының бұзылуына негізделген қозғалыстың бұзылуы, бас сақинасы ); • асқазанның, ұлтабардың жара аурулары, гастрит; • жеңе алмайтын құмарлық ( енді басталған алкогольге тәуелділік, балалар наркоманиясы мен токсикоманиясы, темекі шегу, қантты қабылдауға тәуелділік және асқа тәуелділіктің түрлері және т.б.

Изображение слайда
13

Слайд 13

Көзді жұмыңдар, өздеріңді орманда жүрмін деп ойлаңдар. Жапырақ иісін иіскеп, құстар әнін тыңдап, орманда қыдырыңдар. Қыдырып жүріп, үңгірге жақында. Қабырғасын қолмен ұстап, тастың қаттылығын сезіңдер. Үңгірдің қасында сарқырап су ағып жатыр. Соны тап. Судың аққанын естіп және орман тыныштығын құстардың әнін тыңда. Осының барлығына: салқынға, тыныштықка, дыбысқа жаныңды аш, өзіңе ыңғайлы орынға отыр, осылармен ыңғайға кел. Бүкіл айнала сіздің денеңізді, бастан аяқ толтырсын. "Иә" деген сөз барлық әсерге енсін, осы сөз бен сіздің жаман көңіл-күйіңіз кетсін. Иә, бұл мен (атыңызды атаңыз). Иә, менің тамаша бүгінім мен ертеңім. Ішіңізден күлкі сезіңіз. Өз өткеніңіз, бүгін, ертеңізге күлімдеңіз. Бұл күлкі өте майда, жұқа, жаңа ашылған раушан гүл сияқты, ол сіздің ішіңізде ашылады, сөйтіп бүкіл денеңізге хош иісі таралады. Өзіңізге айтыңыз "Мен бақытты, салмақты болғым келеді әрі мен сондай боламын". Әуенмен емдеу " ЙА " әдісі

Изображение слайда
14

Слайд 14

Ойынның шарты: Ойыншылар ілініп тұрған шарды дәлдеп жарып,ондағы сұрақтарға жауап береді.Әр сұрақ баллмен өлшенеді. ” НЫСАНА”-ны дәлдеу ойыны

Изображение слайда
15

Слайд 15

Сұрақтар: 1."Степ – аэробика" ағылшын тілінен аударғанда қандай мағынаны білдіреді? Жауабы: қадам 2.Өкпенің тіршілік сыйымдылығы ненің көмегімен анықталады? Жауабы:құрғақ спирометр 3.Дене жаттығуы кезінде жүрек жиырылысы 1 минутта 140-170ке дейін соқса, ол қандай режим? Жауабы:аралас аэробты – анаэробты 4.Дене жаттығуы кезінде жүрек жиырылысының жиілігі 1 минутта 170-тен асса бұл қандай режим? Жауабы:анаэробты 5.Ми дамуы үрдісінде бұлшықет қозғалысының маңызын атап өткен кім? Жауабы: Сеченов 6.Денсаулықты нығайту бітімін бірізді тартымды ету үшін таңдалған тұтас жүйе? Жауабы: Шейпинг 7. Жүріспен алмастырылып тұратын жүгіріс жаттығу тәсілін қай қалада, қай жылы орталық стадион қызметкерлері ұсынды? Жауабы: 1988ж Лужникидегі 8.1965 жылы "Өмір үшін жүгіру" деген шағын кітап қай қалада шықты? Жауабы: Жаңа Зеландияның Оклонд қаласында

Изображение слайда
16

Слайд 16

” Шынықсаң шымыр боларсың”

Изображение слайда
17

Слайд 17

Уа, халқым назар аудар денсаулыққа ! Өмірде бақыттысың денің сауда. Денсаулық терең бақыт деген сөзді, Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да.

Изображение слайда
18

Слайд 18

Қорыта айтқанда, өмір өлшемі — салауаттық, салауаттық - өмірзаңы. Салауатты өмір сүрмей тұрып, өміріңе қажетті нәрсені ала алмайсың. Адам баласының жарасымды тұрмыс құрып, үйлесімді дамуы үшін біздің елде барлық жағдай жасалған. Өнердің, спорттың сан – салалы түрімен айналысуға болады. Олардың қайсысынан болса да жан дүниең ләззат тауып, сезіміңе әдемі түйсік ала сың. Одан өмірің мәнді, мазмұнды бола түседі. Олай болса, арақсыз, есірткісіз, темекісіз әрі мазмұнды, әрі сәнді өмір сүруге болады. Алдамшы құмарлықтан бас тартып, өзін – өзі биллей білу — адам бойындағы ізгі қасиет, үлкен парасаттылық. Біздің Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев салауатты өмір сүрудің арқасында жас жігітше таудың шыңына шығып, шаңғы теуіп, теннис ойнап, суға шомылып, атпен серуендеп, ауырмай өмір сүрудің үлгісін көрсетуде. Ендеше, Абай атамыз айтпақшы, « Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық, аздырар адамбаласын » дегендей, еңбексіз, белсенді дене қозғалысынсыз мықты денсаулық, бақытты өмір жоқ.Сондықтан әрдайым дене шынықтырумен айналыса білу керек.

Изображение слайда
19

Последний слайд презентации: С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медициналық Университеті Кафедра:

Назарларыңызға рахмет! Пайдаланылған әдебиеттер: 1. Дүйісова Ə., «XXI ғасырсалауаттықоғамғасыры » « Биологияж ə несалауаттылық негіздері», (2003), 2 б. 2. Валеология. Оқу әдістемелік құрал. Алматы: Ғылым, 1999ж 3. Уаңбаев Е., Дене тəрбиесінің негіздері, (2000), Алматы: «Санат», 72 б. 4. www.google.kz

Изображение слайда