Презентация на тему: С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті

С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті
Жоспар:
Кіріспе
С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті
Синус т үйінінің автоматтығы бұзылуынан болатын аритмия - синустық аритмиялар
Синустық аритмия
а — ЖСЖ минутына — 75; б — синустық тахикардия (ЖСЖ минутына— 150 ); в — синустық брадикардия (ЖСЖ минутына — 50); г — синус тық ( тыныстық ) аритмия.
Эктопиялық аритмия
Экстрасистолалық аритмия
Экстрасистолияның жіктелуі:
Экстрасистолия салдарынан туындайтын гемодинамикалық бұзылыстар
Клиникалық көрінісі
ЭКГ - де көрсетілетін барлық экстрасистолаларға тән белгілер:
Жүрекшелік экстрасистолия
Жүрекшелік экстрасистолияның ЭКГ - і:
Атриовентрикулярлық экстрасистолия
Атриовентрикулярлық экстрасистолия. ЭКГ белгілері:
Қарыншалық экстрасистолияның әртүрлі формасының ЭКГ - і:
АВ экстрасистолияның ЭКГ - і:
Пароксизмальдық тахикардия
С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті
Гемодинамика бұзылыстары
Клиникалық көріністері
ЭКГ көріністері:
С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті
Балалардағы ерекшеліктері
С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті
С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті
С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер:
1/31
Средняя оценка: 4.5/5 (всего оценок: 85)
Код скопирован в буфер обмена
Скачать (2274 Кб)
1

Первый слайд презентации: С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті

Кафедра: Ішкі аурулар пропедевтикасы Тақырып: Жүрек ырғағының бұзылыстары. Экстрасистолия. Пароксизмальдық тахикардия Орындаған: ЖМ Қабылдаған:. Алматы 2010 ж

Изображение слайда
2

Слайд 2: Жоспар:

Кіріспе Негізгі бөлім: Аритмияның этиологиясы Синустық аритмия Эктопиялық аритмия Экстрасистолиялық аритмия, жіктелуі Гемодинамика бұзылыстары мен клиникалық көріністері Жүрекшелік экстрасистолия және оның ЭКГ - ы АВ экстрасистолия, ЭКГ белгілері Пароксизмальдық тахикардия Гемодинамика бұзылыстары, клиникалық көріністері Пароксизмальды тахикардияның ЭКГ Балалардағы ерекшеліктері Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер

Изображение слайда
3

Слайд 3: Кіріспе

Жүрек ырғағының бұзылысы немесе аритмия деп жүректің қалыпты ырғағының бұзылыстарын айтамыз. Ол жүрек соғуының реттілігінің, жүректің жиырылу күшінің, жүрекше мен қарыншаның қозуы мен жиырылу үрдістерінің бұзылысынан дамиды. Көптеген жүрек-қан тамырлар аурулары жүректің қалыпты ырғағының бұзылыстарымен қабаттасады.

Изображение слайда
4

Слайд 4

Жүрек ырғағы бұзылыстарының пайда болу себептері:

Изображение слайда
5

Слайд 5: Синус т үйінінің автоматтығы бұзылуынан болатын аритмия - синустық аритмиялар

Синустық аритмия - ол синустық түйінде серпіндердің түзілу жиілігінің үнемі өзгеруі, серпіндердің ретсіз шығуы, әсіресе тыныс фазасымен байланысты болады. Демді ішке тартқанда жүрек ырғағы жиілейді, ал дем шығарғанда сирейді.

Изображение слайда
6

Слайд 6: Синустық аритмия

Синустық тахикардия Синустық брадикардия СА түйіннің автоматтық қасиетінің жоғарылауынан болады, жүректің соғуы минутына 100- ден асады, ырғағы дұрыс. Даму механизмі - трансмембраналық потенциалдың 4 фазасының тезделуі. Сипатикалық жүйенің белсенділігі СА түйіннің автоматтық қасиетінің төмендеуінен болады, жүрек ырғағы минутына 60- тан кем. Даму механизмі - трансмембраналық потенциалдың 4 фазасының баяулауы. Парасимпатикалық жүйенің белсенділігі

Изображение слайда
7

Слайд 7: а — ЖСЖ минутына — 75; б — синустық тахикардия (ЖСЖ минутына— 150 ); в — синустық брадикардия (ЖСЖ минутына — 50); г — синус тық ( тыныстық ) аритмия

Изображение слайда
8

Слайд 8: Эктопиялық аритмия

Миокардтың кейбір аймағында өткізгіш жүйесінде қосымша қозғыш ошақ пайда болады ошақтан шыққан серпіндер жүректі диастола аралығына дейін, уақытынан бұрын жиырады мұны ЭКСТРАСИСТОЛИЯ деп атайды. Жүрек ырғағы бұзылуын ЭКСТРАСИСТОЛИЯЛЫҚ АРИТМИЯ деп атайды. Эктопиялық ошақтың белсенділігі жоғары кезінде жүрекке баратын барлық серпіндер осы ошақтан шығады пароксизмальды тахикардия пайда болады.

Изображение слайда
9

Слайд 9: Экстрасистолалық аритмия

Экстрасистолия ең көп таралған аритмия. Ол синус түйінінен берілетін қосымша жүрек соғуында сезіледі. Эктопиялық қозудың ошақтары өткізгіш жүйесінің қайсыбір аймақтарында пайда болуы мүмкін. Экстраситола ауру және сау адамдарда кездеседі. Е ң жиі себебі стресс, шаршағыштық, кофе, темекі, алкаголь. Тәулігіне 200 қарыншалық және 200қарынша үстілік экстрасистолия сау адамға қалыпты болып есептеледі. Кейбір сау адамдарда экстрасистолия саны тәулігіне бірнеше мыңға дейін жетеді. Экстрасистолия жеке өзі қауіпсіз, мұны “ косметикалық аритмия ” деп атайды, бірақ жүрегінде ақауы бар адамдарға жағымсыз фактор болып табылады.

Изображение слайда
10

Слайд 10: Экстрасистолияның жіктелуі:

Таралуына қарай – синустық, жүрекшелік, қарыншалық, АВ түйіндік ;. Диастолада көріну уақытына қарай – ерте, орташа, кеш ; Жиілігі бойынша – сирек (1 минутта 5 тен аз), орташа ( минутына 6 мен 15 аралығында ) және жиі ( минутына 15 жуық ); Тығыздығы бойынша - жалғыз және жұп; Кезеңіне қарай – спорадикалық және аллоритмирленген ( бигеминия, тригеминия және т.б.).

Изображение слайда
11

Слайд 11: Экстрасистолия салдарынан туындайтын гемодинамикалық бұзылыстар

Изображение слайда
12

Слайд 12: Клиникалық көрінісі

Экстрасистоланың сезілуі - нерв жүйесінің сезімталдығына тәуелді. Функциялық экстрасистола сезіледі, органикалық сезілмейді. Экстрасистоладан кейінгі үзіліс жүрек тоқтап қалғандай, ал одан кейінгі бірінші соғуы жүрек түртіп қалғандай сезіледі. Жүрекше мен қарыншаның аса толу кезінде жүрек шаншып кеткендей болады. Бигемения болса - жүрек соғуы, қысылуы тәрізді сезінулер байқалады. Тексеруде табылатын белгілер: экстрасистоладан кейін мойын веналарының бүлк ете түсуі, пульс дефициті, жүректі тыңдағанда - ырғақ бұзылысы болуы, экстрасистолалық тонның әлсіздігі, ал одан кейінгі соғудың І тонның ерекше қаттылығы.

Изображение слайда
13

Слайд 13: ЭКГ - де көрсетілетін барлық экстрасистолаларға тән белгілер:

Жүректік комплекстің мезгілінен ерте пайда болуы; Экстрасистола мен келесі қалыпты жиырылулардың арасындағы үзілістің ұзындығы - компенсаторлық пауза деп аталады. Пайда болған жеріне байланысты экстрасистолалар жүрекшелік және атриовентрикулярлы болып бөлінеді. Екеуі бірге супроатриовентрикулярлы деп аталады.

Изображение слайда
14

Слайд 14: Жүрекшелік экстрасистолия

Қарынша қозғыштығы қалыпты, тек жүрекшенің қозуы бұзылады. ЭКГ - да жүрекшелі экстрасистолияға тән белгілер пайда болады: Р сермесі мен QRST комплексінің кезектен тыс пайда болуы; Синустың P сермесінен салыстырғанда экстрасистолалық P сермесінің пішіні өзгерген; Қарынша комплексі QRS қалыпты, суправентрикулярлық пішінді; Экстрасистолалық жиырылудан кейінгі компенсаторлық үзіліс толық емес, үзіліс ұзақтығы 2 R-R интервалынан кем болады.

Изображение слайда
15

Слайд 15: Жүрекшелік экстрасистолияның ЭКГ - і:

а — типтік жүрекшелік экстрасистолия, қарыншалық комплекстің формасы негізгі синустық ритмнің комплексіндей, экстрасистолияның ерте пайда болуынан Р тісшесі алдыңғы комплекстің Т тісшесімен бірігеді, R3—R5 интервалы R1—R3 интервалынан кіші;); б —қарыншалардан абберантты түрде өткен жүрекшелік экстрасистолия, қарыншалық экстрасистолиядан Р тісшесінің көрінуімен ерекшеленеді; в — бөгелмелі жүрекшелік экстрасистолия, қалыпты қарыншалық комплекстен кейін Р тісше уақытынан бұрын көрінеді.

Изображение слайда
16

Слайд 16: Атриовентрикулярлық экстрасистолия

Қозу үрдісі көп өзгереді. Қарыншалардың қозғыштығы жүрекшелердегідей болады. Серпілістер жүрекшелерге кері, яғни төменнен жоғарыға таралады. АВ экстрасистолия: а) жүрекше мен қарыншаның бір уақытта қозуы б) қарыншалардың ерте қозуы

Изображение слайда
17

Слайд 17: Атриовентрикулярлық экстрасистолия. ЭКГ белгілері:

Жүректік QRS комплексі ерте пайда болып, синустық комплекске ұқас болады. Қозғыштықтың таралуы, толқындардың таралу жылдамдығына тәуелді Жүрекшелердің қозғыштығы қарыншалардан ерте басталса, теріс Р сермесі QRS комплексінің алдында тіркеледі; Қарыншалар ерте қозса, теріс P сермесі QRS комплексінің соңында орналасады; Жүрекше мен қарынша бір уақытта қозса, P сермесі QRS - пен қосылып, оның пішінін өзгертуі мүмкін; Экстрасистоладан кейінгі компенсаторлық пауза толық емес( 2 R-R ).

Изображение слайда
18

Слайд 18: Қарыншалық экстрасистолияның әртүрлі формасының ЭКГ - і:

а — монотопты қарыншалық экстрасистолия, негізгі синустық ритмнің қарыншалық комплексінен ерекшелененіп, уақытынан бұрын көрінеді. Интервалдары бірдей ( R 3— R 4 и R 6— R 7); б —политопты қарыншалық экстрасистолия, тек негізгі ритмнің қарыншалық экстрасистолиясынан ғана емес, өзара да ерекшеленеді (R3—R4 және R8—R9 интервалдары бірдей, бірақ R5—R6 интервалынан жоғары); в — бигеминия типті қарыншалық экстрасистолия; r — жұп қарыншалық экстрасистолия

Изображение слайда
19

Слайд 19: АВ экстрасистолияның ЭКГ - і:

а — АВ түйіннің жоғары жағынан экстрасистол ия. Қалыпты жиырылудан кейін уақытынан бұрын көрінген инвертирленген тісше Р (-Р1),өзгермеген қарыншалық комплекс, Р— Q интервалы қысқарған (0,12 с); б — АВ түйіннің төменгі жағынан экстрасистолия, Ртісшесі көрінбей, уақытынан брын туындайтын экстрасистолияның қарыншалық комплексімен бірігеді(P + R4); в — АВ түйіннің төменгі жағынан экстрасистолия, өзгермеген қарыншалық комплекстің уақытынан бұрын пайда болып (R4), содан кейін инвертирленген тісше көрінеді Р (-Р), экстрасистолия толық емес компенсаторлық паузамен жүреді ( R3—R5интервалы R1—R3 интервалынан кіші);

Изображение слайда
20

Слайд 20: Пароксизмальдық тахикардия

Кенет басталып, кенет аяқталатын, минутына 140-250- ге жиілікпен жүретін, дамуы эктопия ошағынан импульстердің автомат оғын жаудырғандай бірінен соң бірі жиі шығуынан болатын ұстамалы тахикардия. Этиологиясы: күшті эмоция, никотин, алкоголь, кофе, гипокалиемия, жүрек аурулары, улану, т.б. Патогенезі келесідей механизмдерден болады: Қозу толқынының оралып кіруі, шыр айналуы; Төменгі жетекші орталықтарының автоматизмдік қасиетінің күшеюі.

Изображение слайда
21

Слайд 21

Изображение слайда
22

Слайд 22: Гемодинамика бұзылыстары

Изображение слайда
23

Слайд 23: Клиникалық көріністері

Жүректің қатты соғуы; Жүрек тұсында салмақ сезіну; Кеуденің қысылуы; Мойын мен бастың солқылдау сезімдері; Әлсіздік, Бас айналу; Көз алдының қарауытуы, талу; Ентікпе, жөтел. Ұстама кезінде науқастың тері жамылғысы қуқылданады; ЖСС 160-220 шамасында, мойын веналары ісініп, ырғақ маятник тәрізді немесе эмбриокардияға ұқсас болады. Тахикардия ұзаққа созылса, жүрек шамасыздығының белгілері тереңдейді.

Изображение слайда
24

Слайд 24: ЭКГ көріністері:

Пароксизмальдық тахикардия түрлерінің әрқайсысының өзіне сәйкес экстрасистолиялық комплекстің көрінісімен бірдей. Жүрекшелік және жүрекше - қарыншалық пароксизмальдық тахикардияны бір - бірінен Р тісше арқылы айырады, егер Т тісше мен Р тісше қабаттасса, оларды айыру қиын. Сондықтан оларды біріктіріп қарыншаүстілік тахикардия немесе QRS комплексі жіңішке тахикардия деп атайды.

Изображение слайда
25

Слайд 25

Изображение слайда
26

Слайд 26: Балалардағы ерекшеліктері

Жүрек ырғағының бұзылыстары барлық жастағы, соның ішінде туа сала, балаларда кездеседі. Балаларда және жас өспірімдерде, миокардта және жүректің өткізгіш жүйесінде айтарлықтай құрылымдық өзгеріс болмай-ақ, функциялық өзгерістермен байланысты жүрек ырғағының бұзылыстары жиі байқалады. Мұндай аритмиялар функциялық деп аталады. Және олардың даму жолдарында синустық тораптың автоматизмі, миокардтың қозымдылығы мен өткізгіштігі өзгерістеріне әкелетін жүрек әректтерінің нервтік-гуморалдық реттелулердің бұзылыстары маңызды орын алады. Аритмиялар іштен біткен, жүре пайда болған,функционалдық және органикалық деп бөледі.

Изображение слайда
27

Слайд 27

Синустық тахикардия – балаларда синустық ырғақтың қалыптыдан минутына 30-дан астам артық жиілеуі. Ол физикалық ауыртпалықтар, қуаныш, қорқыныш кездерінде симпатикалық нерв жүйесінің жүрекке әсері артып кеткенде дені сау балаларда да байқалады. Жіті және созылмалы жұқпалар, гипертиреоз, анемия т.с.с. әр түрлі аурулар кездерінде де синустық тахикардия дамиды. Синустық тахикардияның сирек кездесетін түрі болып, конституциялық тахикардия есептеледі. Бұл кезде ерте жастан бастап жүрек соғуы минутына 100-ден астам болады және ол ересек жаста да сақталады. Мұндай тахикардияның дамуында синустық тораптың туа біткен ерекшеліктері маңызды орын алады. Мұндай тораптың симпатикалық әсерлерге сезімталдығы көтеріңкі болады.

Изображение слайда
28

Слайд 28

Синустық брадикардия - балаларда синустық ырғақтың қалыпты мүмкін болатын жиілігінен минутына 30-дан астам сиреуі. Физиологиялық брадикардия ұйықтап жатқанда, физикалық шыныққан балаларда байқалады. Синустық ырғақ тыныс алуды тоқтатқанда сирейді. Кезбе нервтің тонусын көтеретін дерттік жағдайлар кездерінде синустық брадикардия дамиды. Бас сүйек ішінде қысым көтерілгенде ( ми өспесі, миға қан құйылу, туберкулездік менингит т.б.), кейбір жұқпалар ( вирустық гепатит, іш сүзегі, тұмау ), гипотиреоз кездерінде жүрек соғу сирейді. Синустық брадикардия дамуы кейбір дәрі-дәрмектер ( резерпин, бета-адренотежегіштер, хинидин, т.б.) қабылдағанда байқалады. Синустық аритмия – жүрек ырғағының жиілеу кезеңдері оның сиреу кезеңдерімен алмасып тұруымен көрінеді. Ол тыныс алумен байланысты болады немесе онымен байланыспай дамиды. Біріншісін- тыныстық аритмия дейді. Балаларда тыныстық аритмия барлық балалық шақта, әсіресе мектепке дейінгі және бастауыш мектеп жастарында, қалыпты құбылыс болып есептеледі. Тыныс алумен байланыспай дамитын синустық аритмия жақсы шыныққан спортшыларда болатын брадикардия кезінде байқалады.Балалық шақта синустық аритмия жиі синустық тахикардиямен алмасып тұрады.

Изображение слайда
29

Слайд 29

Пароксизмальдық тахикардия – жүрек соғуының кенеттен ұстамалы түрде, балаларда минутына 240-260-қа дейін жиілеп кетуі. Ұстама аяқ астынан күтпеген жерден басталып, күтпеген жерден тоқталады. Жүрек соғуының ырғағы дұрыс болады. Ұстаманың ұзақтығы бірнеше күнге дейін болуы мүмкін. Ұстамалар невроздардың немесе рефлекстік ықпалдардың сау жүрекке әсерлерінен дамитын функциялық түрде дамуы ықтимал. Экстрасистолия – балаларда ең жиі кездесетін аритмияның түрі және ол балалық жастың барлық кезеңдерінде байқалады. Функциялық экстрасистолалар жиі вегетативтік реттелудің өзгерістерінен, нервтік рефлекстік әсерлерден, қантамырларының вегетативтік дистониясы сияқты жүректен тыс бұзылыстардың нәтижесінде дамиды

Изображение слайда
30

Слайд 30: Қорытынды

Қорыта келгенде, жүрек ырғағының өзіне тән ерекшеліктерімен қатар, ол ақаулар болып саналады. Сонымен қатар бүл жүрек бұзылыстары балаларда өте ауыр өтеді де өлім қауіпіне алып келеді. Демек, оны болдырмас үшін ұрықтық даму кезеңінен ана мен бала организмін қадағалау керек. Қазіргі таңда жүрек ақаулары ең алдындағы ақаулар қатарына жатқызылуда, сол себепті де салауатты өмір салтын қалыптастыру әр адамның өз қолында.

Изображение слайда
31

Последний слайд презентации: С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті: Пайдаланылған әдебиеттер:

Б.Н.Айтбембет Ішкі ағза ауруларының пропедевтикасы А, 2007 ж. Б.Қалимұрзина Ішкі аурулар 1 том А.Л.Гребенев Пропедевтика внутренных болезней Б.Х.Хабижанова,С.Х.Хамзин \Педиатрия\ “ Қазығұрт ” баспасы, Алматы 2005жыл Интернет желісі www.nigma.ru www.yandex.com www.aport.ru www.meddd.ru

Изображение слайда