Презентация на тему: Сулейман Демирел Университеті

Сулейман Демирел Университеті
Дәрістің жоспары: 1. Электр тоғымен зақымдану 2. Ағзаға әр түрлі шамадағы тоқтардың әсері 3. Электр қондырғылары 4. Адамды электр тогы соққанда көрсетілетін
Сулейман Демирел Университеті
Сулейман Демирел Университеті
Сулейман Демирел Университеті
Сулейман Демирел Университеті
Сулейман Демирел Университеті
Сулейман Демирел Университеті
Сулейман Демирел Университеті
Сулейман Демирел Университеті
Сулейман Демирел Университеті
Сулейман Демирел Университеті
Сулейман Демирел Университеті
Сулейман Демирел Университеті
Сулейман Демирел Университеті
Сулейман Демирел Университеті
Сулейман Демирел Университеті
Сулейман Демирел Университеті
Сулейман Демирел Университеті
Сулейман Демирел Университеті
Сулейман Демирел Университеті
Сулейман Демирел Университеті
1/22
Средняя оценка: 4.6/5 (всего оценок: 35)
Код скопирован в буфер обмена
Скачать (1353 Кб)
1

Первый слайд презентации: Сулейман Демирел Университеті

АДАМ АҒЗАСЫНА ЭЛЕКТР ТОҒЫНЫҢ ЖӘНЕ СТАТИКАЛЫҚ ЭЛЕКТР ТОҒЫНЫҢ ӘСЕРІ Қаскелен 2013 SDU

Изображение слайда
2

Слайд 2: Дәрістің жоспары: 1. Электр тоғымен зақымдану 2. Ағзаға әр түрлі шамадағы тоқтардың әсері 3. Электр қондырғылары 4. Адамды электр тогы соққанда көрсетілетін алғашқы көмек 5.  Статикалық электр тоғы

Изображение слайда
3

Слайд 3

Электр қауіпсіздігі – электр тоғының, электр доғасының, электр магнитті алаңның және тұрақты электрліктің қауіпті және зиянды әсерінен адамдарды қорғауды қамтамасыз ететін, құралдар мен техникалық және ұйымдық шаралар жүйесі.

Изображение слайда
4

Слайд 4

1. Электр тоғымен зақымдану Электр тоғымен зақымдану қауіптілігі көбінесе айналадағы ортаның жағдайымен байланысты болады. Бұл жағдайлар: ылғалдық, тоқ өткізгіш еден мен тозаңның барлығы, жермен қосылған металл заттардың көптілігі, бөлменің ыстықтығы, ауада электр изоляциясын бүлдіретін агрессивті заттар болуы т.б. Электр тоғының адам денесінен өткен кезде оған тигізетін әсері әр түрлі болады: термиялық (қыздыру), электролиздік, биологиялық, механикалық әсері. Бұл жағдайларда адам денесінің басты мүшелері (ми, жүрек, өкпе т.б.) жұмыс істеу әрекеті бұзылуы мүмкін. Термиялық әсер – денеден өткен тоқтың әсерінен жүйке жүйесі, қан тамырлары, бұлшық еттер, сүйектер тағы басқа органдардың қызуынан және дененің кей жерлерінің күюінен тұрады. Электролиз әсері – электр тоғының қанды, тұз ерітінділерін және басқа органикалық сұйық заттарды ірітіп, бұзуымен байланысты болады. Биологиялық әсер – дегеніміз электр тоғының жүйке жүйесіне әсерін тигізіп, дененің жанды ткандарын қоздырып, бұлшық еттерінің еріксіз дірілдеп, тартылуы болады. Бұл жағдайда жүрек пен өкпе еттері де тартылып, олардың жұмыс істеу әрекеті тоқталады.

Изображение слайда
5

Слайд 5

Механикалық әсер – бұл бұлшық еттер үзіліп, жыртылып, сүйектер сынып тағы басқадай жараланудан болады. Сонымен адам денесінен өткен электр тоғының әсерінен ағзада әр түрлі ауыр бұзылыстар болып, адам қатты зақымданып, өлім қауіпі тууы мүмкін. Бұл көрсетілген электр тоғының ағзаға тигізетін әр түрлі әсерін біріктіріп негізгі екі топқа бөлуге болады: электр зақымдары (жарақаттары) және электр соққысы. Электр зақымдары дегеніміз дененің әр жерінде анық білінген жарақаттар, оларға жатады электр күйіктері, терінің металлдануы, электр офтальмиясы, механикалық зақымдар. Күйіктер денеден үлкен тоқ өткен жағдайда немесе тоқ өткізгішке тиіскенде электр дугасының әсерінен пайда болады. Терінің металлдануы электр дугасының әсерінен металл балқып, оның бөлшектері мен буы терінің астына кіруі мүмкін. Бұл жағдай пісіру жұмысы, рубильникті щиттан ажырату, тоқтың қысқа тұйықталу кезінде пайда болады.

Изображение слайда
6

Слайд 6

Электр офтальмиясы деп электр дугасының ультракүлгін сәулелерінің әсерінен көздің сыртқы шырышты қабығының қабынуын (ісінуін) айтады. Электр соққысы деп тоқтың әсерінен дене еттерінің қозып, дірілдеп, еріксіз тартылуын айтады. Бұл жағдайда анық көрінетін жарақттар болмайды, тек барлық ағза біртұтас зақымданады, оның жұмыс істеу әрекеті бұзылып, қан айналысу және дем алу процестері тоқталуы мүмкін. Электр соққысының төрт дәрежесі болады: I дәрежесі – Адам естен танбайды, бұлшық еттер еріксіз дірілдеп, құрысып, тартылады. II дәрежесі – Адам естен танады, бұлшық еттер дірілдеп тартылады, бірақ жүрек пен өкпе жұмыс істейді. III дәрежесі – Адам есінен танып, жүрек пен өкпенің жұмыс істеу әрекеті бұзылады. IV дәрежесі – Клиникалық өлім (4-8 мин), қан айналысы және дем алу процесі тоқталады.

Изображение слайда
7

Слайд 7

Электр тоғынан болған өлімнің себептері: дем алу және жүрек соғуының тоқтауы, жүрек фибрилляциясы, электр шогі. Фибрилляция дегеніміз жүректің ырғақсыз (ритмсіз), ретсіз соғуы болады. Бұл жағдайда жүрек қанды айдамай, қан айналысы тоқтап, асфикция болады. Электр шогі деп денеден өткен тоқтың әсіріне жауап ретінде ағзаның ауыр жүйке рефлекторлық реакциясын айтады. Бұл реакция қан айналысын, тыныс алысын, заттар алмасуын тағы басқа қауіпті зиянды өзгерістер туғызады. Басқа қауіпті құралдарға қарағанда электр тоғынан зақымдану қауіптілігін арнайы құралдарсыз кернеуді ажырата алмайды. Адам денесі арқылы электр тоғының жүруі органның кейбір мүшелерін немесе ағзаны толығымен зақымдауы мүмкін. Электр тоғымен зақымдалудың көптеген маңызды факторлары: адам денесі арқылы өтетін тоқ күші; тоқтың әсер ету ұзақтылығы; тоқ жиілігі; тоқ жолы мен адам ағзасының жеке қасиеттері болып табылады.

Изображение слайда
8

Слайд 8

Адам ағзасына тоқтың физиологиялық әсер етуі бойынша тоқтың шектік, өзгермелі, тартушы түрлерін бөледі. Шектік тоқтар шамасы күш жұмсалған қуат шамасына, адамның қарсылық күшіне, токқа жеке сезімділігіне, тоқ күшінің өту жолына байланысты және 0,6-дан 5 мА-ге дейінгі шекте болады. Өзгермелі тоқ деп, адам денесінен тоқ өткен кезде электр тізбесін өз бетімен тоқтата алатын тоқты атайды. Жиілігі 50 Гц өзгермелі ауыспалы тоқтың шамасы 10 мА-ді құрайды. Ал, тұрақты тоқ үшін 70 мА болады. 100 мА және одан жоғары тартушы тоқ жүрек параличіне әкеледі, ал, тоқ денесінде ұзақ (8 секундтан артық) бөгелген жағдайда адам өліп те кетеді.

Изображение слайда
9

Слайд 9

2. Ағзаға әр түрлі шамадағы тоқтардың әсері Электр тоғымен зақымдану қауіптілігінің дәрежесі көбінесе адам денесінің тоқ өткізгіштерге қалай тиіскендігі арқылы анықталады. Бұл тиісу әр жағдайларда электр желісі схемасымен, оның нейтраль (нөлдік өткізгіш) режимімен адамның тоқ өткізгішке тиіскен кезінде қандай кейіпте (тұрыста) болғандығымен байланысты болады. Электр желісінің тоқ өткізгіштеріне адамның тиісу формасы екі түрлі болады: екі фазалық тиісу және бір фазалық тиісу. Екі фазалық тиісу адам денесінің екі мүшесімен (мысалы, екі қолымен, бір қолы және аяғымен т.с.с.) электр тоғы бар екі фазалық өткізгіштерге тиіскен жағдайда болады. Бұл жағдайда адам ағзасына электр тоғының толық жұмыс кернеуі әсерін тигізеді.

Изображение слайда
10

Слайд 10

Бір фазалық тиісу адам бір мүшесімен (мысалы, бір қолымен) бір фазалық тоқ өткізгішке тиіскенде болады. Бұл жағдайда адам ағзасына электр тоғының фазалық кернеуі әсер етеді. Мұнда адам денесіне өтетін тоқтың күші фазалық кернеу және дене кедергісі арқылы анықталады. Сонымен, фазалық кернеу толық кернеуден кіші болғандықтан 1,73 есе бір фазалық тиісудің екі фазалық тиісуден анағұрлым қауіптілігі төмен болады.

Изображение слайда
11

Слайд 11

Электр жарақаты пайда болғандағы біршама қауіптісі өндірістік жиілігі 50 Гц-тағы ауыспалы тоқ болып табылады. Ауыспалы тоқтар жүйке жүйесіне, ал тұрақты тоқтар ағзаға термиялық және электрлік әсер етеді. Ағза жағдайы тоқпен зақымдануда маңызы зор. Электр тоғымен зақымданудың көп бөлігі жұмыс күнінің соңында болады. Анықталған дәлелдерге қарағанда адам ағзасындағы әр түрлі сырқат аурулар тоқ соғу қауіптілігін ұлғайтады. Сонымен қатар адамның қажығандығы, шаршағандығы, көңіл жабырқануы, мас болған күйі тағы басқа жағдайлар тоқ соғу мүмкіншілігін жоғарлатады. Өйткені бұл жағдайларда адам денесінің электр кедергісі азайып, өтетін тоқтың күші соншама көбейіп, тоқпен зақымданудың ауырлығы ұлғаяды. Тоқпен жарақаттану кезінде ағзаның жағдайы өте маңызды болып табылады. Электр тоғымен жарақаттанудың көпшілігі жұмыс күнінің аяғына қарай болатыны белгіленген. Жұмыс жасаушының ауыру жағдайы, әсіресе, жүрек қызметінің нашарлауы, сонымен қатар алкогольмен масаю кезінде адамның токқа қарсыласу күшін азайтады, зақымдану мүмкіншілігін арттырады және оның ауыртпалығын күшейтеді.

Изображение слайда
12

Слайд 12

Электр тоғымен зақымдану қауіптілігін төмендету үшін әр түрлі қорғану шаралары қолданылады: тоқтың аз шамалы кернеуі, тоқ өткізгіштердің жақсы электр изоляциясы болу, қоршаулар қою, блокировка орнату, сигнал беру жабдығы, тоқ өткізбейтін еденжасау, электр қондырғыларының корпусын тоқ өтпейтін қылу, тоқ өтетін бөлшектерді адам тиісе алмайтындай өтіп орнату, электр машиналарын аулақтан басқару, сақтық құралдарын орнату, ескерту плакаттарды пайдалану, қызметшінің мамандық дәрежесі істейтін жұмысына сай болу, қолданылатын электр қондырғыларының түрін дұрыс белгілеп алу, қорғаныш жержалғанысын орнату, қорғаныш нөлденуін орындау, қорғаныш ағытылу аспаптарын пайдалану, қорғану құралдарын қолдану тағы басқа шаралар.

Изображение слайда
13

Слайд 13

3. Электр қондырғылары Электр қондырғылары деп электр тоғын өндіретін, түрлендіретін, тарататын және пайдаланатын қондырғыны айтады. Әр түрлі электр қондырғыларында электр тоғымен зақымдану қауіптілігі әр түрлі, яғни электр қондырғыларының орнатылуы электр тоғының көрсеткіштеріне, электр қондырғыларын пайдалану жағдайларына және бөлме ортасының сипатына байланысты болады. Аз шамалы кернеу деп 42 В дейін тоқ кернеуін айтады. Мұндай кернеу көбінесе қол электр саймандарында, жергілікті жарық жасауға, тасымал шырақтарда тағы басқа қажеттерге қолданылады. Қауіптілігі жоғары және өте үлкен бөлмелерде немесе далада болса бұлар үшін кернеу 12 в аспау керек. Жұмыскерлер қол электр саймандарымен жиі және ұзақ уақыт қатыста болғандықтан, олар үшін аз кернеуді қолдану тоқпен зақымдану қауіптілігін едәуір төмендетеді.

Изображение слайда
14

Слайд 14

2. Электр изоляциясы адам тоқ өткізгіштерге тиіскен жағдайда оны зақымданудан сақтау үшін керек. Электр изоляциясының төрт түрі болады: жұмыс изоляциясы, еселенген (екі) изоляция, күшейтілген изоляция. Өткізгіштердің жұмыс изоляциясы электр қондырғылардың әдеттегі жұмысын және электр қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналады. Қосымша изоляция жұмыс изоляциясы бүлінген жағдайда оған үстеме ретінде қолданылады. Еселенген изоляция жұмыс және қосымша изоляциясының бірлескен түрі болады. Күшейтілген изоляция деп еселеген изоляция сияқты сондай қорғау дәрежесін қамтамасыз ететін изоляцияны айтады. 3. Қоршаулар изоляциясы тоқ өткізгіштерге және жоғары кернеулі өткізгіштерге адамның абайсыз тиісуінен сақтау үшін қолданылады. Қоршау ретінде темір шарбақ, қалқан, жәшік, шкаф, камера, бөлме тағы басқа құрылғыларды пайдаланады.

Изображение слайда
15

Слайд 15

4. Блокировка арнайы құралдардың көмегімен адамның қызмет барысында қате әрекеттерін болғызбау үшін қолданылады. Ол қауіпті жағдайларды туғызбау мақсатпен жұмыскерлерді іс әрекеттерін белгіленген ретпен орындауға мәжбүр етеді. 5. Ескерту сигналы электр қондырғыларында электр тоғы (кернеу) пайда болғанын білдіреді. Сигнал дыбыс немесе жарық түрінде болады. 6. Еден тоқ өткізгіш материалдан жасалған жағдайда (металл, цемент, су ағаш т.б.) адамдар үшін тоқ соғу қауіптілігі жоғары болады, ал материал тоқ өткізбейтін болса (резеңке, асфальт, құрғақ ағаш т.б.) қауіптілік азайады. 7. Электр қондырғыларының корпусы эмаль, лак, сыр тағы басқа бояулармен боялған немесе полимер заттардан жасалған болса, тоқпен зақымдану қауіптілігі біршама азайады. 8. Тоқ өткізгіштерді оларға тиісе алмайтын жерлерге орналастыру (биікте, еден астында, қабырға сылақ балшығының ішінде, түтіктерден өткізу т.т.с.) электр зақымдар тууын азайтады.

Изображение слайда
16

Слайд 16

9. Электр қондырғылардыаулақтан (қашықтан) басқару олармен қызметшілердің тікелей қатысуын болдырмай, тоқ соғу мүмкіндігін кемітеді. 10. Электр желісінде тоқтың күші шамадан үлкейген жағдайда (тоқтың қысқа тұйықталуы, желіге көп тоқ тұтынушылардың қосылуы, электр двигателінің белдігінде механикалық жүктеменің ұлғаюы т.б.) электр қондырғыларды бүлінуден қорғау үшін арнайы сақтандырғыштарды пайдаланады. Олар балқу сақтандырғышы және автоматтық ажыратқыш түрлерінде болады. Ең қарапайым және көп тарағаны балқу сақтандырғышы болады. Электр желісінде тоқтың күші үлкейген кезде оның жіңішке қыл сымы жанып кетеді де, электр қондырғысы желіден ағытылып, бүлінуден аман қалады. 11. Ескерту плакаттары жұмыскерлерді тоқпен зақымдану қауіптілігі туралы ескертіп отыру үшін қолданылады. Олардың бірнеше түрлері болады: тыйым салатын, ескертетін, еске түсіретін, рұқсат ететін.

Изображение слайда
17

Слайд 17

12. Электр жабдықтарына қатысы бар адамдардың мамандық дәрежесі олардың атқаратын қызметіне сәйкес болу керек. Сондықтан электр қондырғыларында жұмыс істеу үшін әр адамның теориялық және тәжірибелік білімін (дайындығын) тексеріп, оған мамандық категория және куәлік беріледі. 13. Орындалған конструкциясына байланысты электр қондырғылары ашық, қоршалған және жабық болып келеді. Ашық қондырғылардың тоқ өткізгіш және қозғалғыш бөлшектері ашық болғандықтан оларды қауіптілігі төмен бөлмелерде ғана пайдалануға болады. Ашық бөлшектерге абайсыз тиісу мүмкіндігі болмау үшін керекті қауіпсіздік шараларды қолдану керек. Қоршалған қондырғыларда тоқ өткізгіш және қозғалғыш бөлшектерге тиісу қауіпін болдырмау үшін олар қоршаумен қоршалған болу керек. Жабық түрлі қондырғылардың ішкі құрлысы сыртқы ортадан түгелдей саңлаусыз (герметикалы) оқшауланған болу керек. Электр қондырғыларының жарылудан және ылғалдан қорғалған түрлері болады.

Изображение слайда
18

Слайд 18

4. Адамды электр тогы соққанда көрсетілетін алғашқы көмек Адамды электр тоғы соққанда тоқ көзін бірден өшіруге, босатуға болмайды. Ең алдымен көмектесуші адамның қолы құрғақ болу керек. Егер кернеулігі 1000 В болса, е ң алдымен, зиян кешкенді тоқ көзінен босатып алыңыз – зиян кешкеннен құрғақ ағаш (тұтқа, швабра, оқтау), резеңке кілемше немесе басқа да изолирлеуші материал көмегімен электр сымын итеріп жіберіңіз. Өз қауіпсіздігіңіздің шаралары туралы ойлаңыз! Қолды изоляциялау үшін диэлектрлік не бризент қолғап немесе қолды жай шүберекпен орап алу қажет. Өзінді жерден изоляциялау үшін резеңке, галош сияқты аяқкиімдер көмек болады.

Изображение слайда
19

Слайд 19

Егер жүрек қағысы сақталса ал тыныс алу болмаса - өкпенің жасанды вентиляциясын бастаңыз (ауыздан ауызға немесе ауыздан мұрынға). Жүрек қағысы болмаса - өкпенің жасанды вентиляциясымен үйлесе жүрекке тура емес массажды бастаңыз (2 дем беру 15 кеудені басу).

Изображение слайда
20

Слайд 20

Ережедегідей, кеуденің орта кезіне қатты басу және жүректің сыртқы массажын жасауды жалғастыра жүрек жұмысын жалғастыруға болады Жүрекке дұрыс массаж жасаудың көрсеткіші ұйқы артериясындағы тамыр соғулары, қарашықтың кішіреюі және өздігінен дем ала бастауы болып табылады. Жүрек қағысы мен дем алысы басталғаннан кейін науқасты ауруханаға жеткізу керек. Күйген жағдайда: ● Ауырғанда сездірмейтін дәрілер беру; ● Күйген жерге арнайы май жағу ; ● Зақымданған жерге суық су құю; ● Алдын-ала жараланған жерді, микроптар түспес үшін мөлдір жұқа қағазбен (целлофанмен) орау. Есінен танып қалған жағдайда: ● Зақымданушы жауырынымен тегіс жерге жатқызып, басын бір жағына қаратып, екпетімен орналатыру керек; ● Нашатыр спиртін иіскету керек.

Изображение слайда
21

Слайд 21

4.  Статикалық электр тоғы Электростатикалық зарядтар отынмен операциялар жасау кезінде, станоктар және белдеулік берілісті машиналар жұмыс жасауда, диэлектрлі материалдарды өңдеу кездерінде және басқа да көптеген жағдайларда пайда болады. Статикалық электр жарылыстар мен өрттердің жиі себебі болады. Жану орталарының статикалық электр зарядтарының жалындау кезінде адамдардың ауыр жарақат алуы немесе өлім жағдайына әкелуі көп кездеседі. Автомобиль отындарын шағын диэлектрикалық ыдыстарға немесе шыны бөтелкелерге құю кезінде жанулар кесірінен болған оқиғалар да кездеседі. Окалин бөліктерінің электрленуі нәтижесінде жанғыш газдар балонының атылуынан болған оқиғалар байқалған. Кейде адам тарапынан жалын разряды ұшқындауы кесірінен жану ортасы тұтанған. Статикалық электр тоғы технологиялық процестің қалыпты жүрісіне кедергі жасайды, түрлі электр аспаптарының жұмысына бөгеттер туындатады. Статикалық электр разрядтарының пайда болу қаупінен тиімді қолдану құралдарының үлкен арсеналы бар. Олар ұжымдық және жеке болып бөлінеді.

Изображение слайда
22

Последний слайд презентации: Сулейман Демирел Университеті

Ұжымдық қорғаныс құралдарына жерге тартылатын құрылғылар, бейтараптан-дырушылар (индукциялық, жоғару кернеулік, сәулелік, аэродинамикалық), ылғалдылық құрылғылары (буланатын, шаңданатын), антиэлетросттикалық заттар (көлемге енгізілетін, бетіне жабылатындар) және экрандаушы құралдарға (күн қағарлар мен қалқандар). Жеке қорғау құралдары есебіне арнайы электростатикалық киім мен аяқ киім, антиэлектростатикалық қорғаушы құралдар (сақиналар, білезіктер) және қолды қорғау құралдары жатады. Статикалық электрден қорғау құралдарының жалпы техникалық талаптары «Статикалық электрден қорғау құралдары ССБТ. Жалпы техникалық талаптар» МЕСТ124124-93 – пен белгіленген. Егер жермен жанасқан ішкі және сыртқы нүктелерінің беті ауа ылғалдылығының 60%-дан артық болған жағдайда 10 Ом-нан артық болмаса, металл емес құрылғылар электростатикалық жерге тартылған болып есептеледі. Статикалық электр тоғынан қорғану құралын таңдауда қоршаған ортаның төменгі тұтану энергиясының 40%-нан аспайтын энергиядан жалын разрядтарының пайда болуын жоятын болуы тиіс екендігін ескеру қажет.

Изображение слайда