Презентация на тему: стресс физ-гия

стресс физ-гия
Стресс туралы Г.Сельенің ілімі. Эмоциялық стресс
Жоспары:
стресс физ-гия
Бұл қолайсыз ықпалдарға жатады:
стресс физ-гия
стресс физ-гия
стресс физ-гия
стресс физ-гия
стресс физ-гия
стресс физ-гия
стресс физ-гия
стресс физ-гия
Қорытынды:
стресс физ-гия
1/15
Средняя оценка: 4.6/5 (всего оценок: 38)
Код скопирован в буфер обмена
Скачать (455 Кб)
1

Первый слайд презентации

Изображение слайда
2

Слайд 2: Стресс туралы Г.Сельенің ілімі. Эмоциялық стресс

Орындаған: Башарова Г. Факультет: Жалпы медицина. Топ: 2025 Тексерген: Махамбетова М. Б.

Изображение слайда
3

Слайд 3: Жоспары:

Стресс туралы түсінік. Стресстің организм тіршілігіндегі маңызы. Г.Сельенің стресс туралы пікірі. Жалпы адаптациялық синдромның сатылары. Стресті дамытатын жүйелер.

Изображение слайда
4

Слайд 4

" Стресс " (ағылш. stress- ауыртпалық,күш түсу)-деп қоршаған ортаның кез келген қолайсыз әсерлеріне организмнің арнайыланбаған бірбеткей серпелістермен жауап қайтаруымен көрінетін,оның қорғану-бейімделу мүмкіншіліктерінің жаңа деңгейде қалыптасуын айтады.

Изображение слайда
5

Слайд 5: Бұл қолайсыз ықпалдарға жатады:

Физикалық әсерлер Химиялық әсерлер. Биологиялық әсерлер. Психогендік. Әлеуметтік жағдайлар.

Изображение слайда
6

Слайд 6

" Стресс " атауын медицинаға Канада ғалымы Ганс Селье алғаш XX ғ.60-шы жылдары енгізді.Бұл ғалымның байқауы бойынша әсер еткен қолайсыз ықпалдардың түріне қарамай оларға организм әрқашан бірбеткей жауап қайтарады.Бұл кезде: Айырша без бен лимфалық түйіндердің кері дамуы. Бүйрек үсті бездерінің гипертрофиясы. Асқазан мен ұлтабардың шырышты қабықтарында ойық жаралар дамуы. Қанда нейтрофильдер көбейіп,эозинофильдер мен лимфоциттердің азаюы. Тіндерге зат алмасуларының өзгерістері байқалады.

Изображение слайда
7

Слайд 7

Стресстің организм тіршілінде маңызы өте зор.Оның әсерінен организмнің тіршілігіне қажетті барлық мүмкіншіліктерінің жұмылдыруға болады.Осыдан ұдайы өзгеріп тұратын қоршаған ортаның жағдайларына организмнің икемделіп,бейімделу мүмкіншіліктері артады.

Изображение слайда
8

Слайд 8

Г.Сельенің пікірі бойынша кез келген стрессор алдыңғы гипофизге әсер етіп,онда кортикотропин түзіліп шығуын күшейтеді.Ол өз алдына бүйрек үсті бездерінің сыртқы қабатына әсер етіп,глюкокортикоидтық гормондардың өндірілуін арттырады.Осыдан қолайсыз ықпалдардың әсерлеріне организмнің төзімділігі көтеріледі.Мәселен,жануарлардың алдыңғы гипофизін немесе бүйрек үсті бездерін сылып тастағанда,кез келген ықпалдарңа олардың төзімділігі қатты азайып,бұл жануарлар тез өліп қалады.Ал,жануарларға алдын ала кортикотропин немесе глюкокортикоидтық гормон (гидрокортизон,кортизон,преднизолон т.с.с)енгізіп,содан кейін оларға химиялық улы зат енгізсе немесе оларды жарақаттаса,онда бұл көрсетілген ықпалдарға деген жануарлардың төзімділігі артады.Сол себептен кортикотропин мен глюкокортикоидтық гормондарды а даптациялық гормондар деп атайды.

Изображение слайда
9

Слайд 9

Осыған байланысты стресті Г.Селье жалпы адаптациялық синдром деп жариялады.Бұл синдром 3 сатыда өтеді: 1-үрей (дабыл) сатысы. 2-төзімділік сатысы. 3-қалжырау сатысы.

Изображение слайда
10

Слайд 10

Үрей сатысында жағымсыз ықпалдарға организмнің қорғаныстық икемделу мүмкіншіліктері тез іске қосылады.Бұл саты соққы және соққыға қарсы фазаларынан тұрады. - соққы фазасында бұлшықеттердің әлсіздігі,артериялық қысымның төмендеуі,гипертермия,гипогликемия,эозинопения,қылтамырлардың қабырғаларының өткізгіштігі көтерілуі т.б.құбылыстар байқалады.Бұл кезде лимфоидтық түйіндердің кері дамуы,теріс азоттық баланс,асқазанның ойық жарасы дамиды.Бұлар организмде ыдырау үрдістерінің күшейгенін көрсетеді. - соққыға қарсы фазасфнда көрсетілген бұзылыстар кері бағытта өзгеоеді.Артериялық қысым және бұлшықеттердің күш-қуаты көтеріледі,қанда глюкоза көбейеді.Гипофиз бен бүйрек үсті бездерінде кортикотропин мен глюкокортикоидтық гормондардың өндірілуі тұрақты түрде жоғарылайды,осыдан адаптациялық синдромның екінші төзімділік сатысы дамиды.

Изображение слайда
11

Слайд 11

Төзімділік сатысында бүйрек үсті бездерінің гипертрофиясы байқалады,кортикостероидтардың түзілуі артады,глюконеогенез күшейеді.Бұл кезде өзгерген сыртқы ортаның жағдайларына организмнің бейімделу мүмкіншілігі ең жоғарғы деңгейге көтеріледі.Егер қолайсыз ықпал ұзақ мерзімде әсер етсе,онда организмнің көрсетілген қабілеті бұзылады,жалпы адаптациялық синдромның үшінші қалжырау сатысы дамиды. Қалжырау сатысында организмнің тіршілік мүмкіншіліктері таусылады,бүйрек үсті бездерінің сыртқы қабаты азаяды,артериялық қысым төмендейді,нәруыздардың ыдырауы артады,дене қызымы төмендейді,гипогликемия байқалады.

Изображение слайда
12

Слайд 12

Қазіргі көзқарастар бойынша стресс жүйке жүйесі мен эндокриндік бездердің қатысуымен дамитын организмнің күрделі жүйкелік –сұйықтық серпілісі.Бұл серпіліс дамуында орталық жүйке жүйесі,мидың сыртқы қыртысы,гиппокамп,лимбикалық жүйе,мидың торлы құрылымы,гипоталамус т.б. Мидың құрылымдары,шеткері жүйкелер мен дербес (вегетативтік) жүйке жүйелері қатысады.көптеген қолайсыз ықпалдардың организмге әсері жүйкелік –рефлекстік жолдамен болады. Сыртқы және ішкі қабылдағыштардан (рецепторлардан) жүйкелік серпіндер орталық жүйке жүйесіне түсіп, ми қызметтерінің өзгерістеріне әкеледі.

Изображение слайда
13

Слайд 13

Стре сс дамуы бір жағынан сыртқы ортаның ықпалдарына организмнің бейімделу қабілетін көтеріп,адаптация дпмуына әкелсе,екінші жағынан көптеген дерттердің пайда болуына әкеледі. Организмнің ішкі тұрақтылығы стресті дамытатын және оны шектейтін жүйелердің өзара тепе-теңдігімен қамтамасыз етіледі. Стресті-дамытатын жүйеге: Симпатикалық-адренергиялық жүйе; Гипоталамус; Алдыңғы гипофиз; Бүйрек үсті бездерінің сыртқы қабаты т.б.жатады.Қолайсыз әсерлерден осы жүйенің белсенділігі көтеріледі.Осыған жпуап ретінде стресті шектейтін жүйе әсерленеді.Оған: Мидағы гамма –аммоний қышқылына (ГАМҚ),серотонинге,эндорфиндер мен энкефалиндерге жауап қайтаратын жүйелер. Шеткері ағзалар мен тіндерде түзілетін простагландиндер және антиоксиданттық ферменттер жатады және олар стресс дамуын азайтады.

Изображение слайда
14

Слайд 14: Қорытынды:

Сонымен,стресс дамуына әкелетін жағымсыз ықпалдар ұдайы өзгеріп тұратын қоршаған ортаның жағдайларына организмнің бейімделу мүмкіншіліктерін арттырады.Бұл кезде организмнің төзімдңлігі әсер етуші ықпалға емес,көптеген басқа жағымсыз әсерлерге де жоғарылайды.Былайша айтқанда,бір жағымсыз ықпалдан кейін екінші қолайсыз ықпаолың зиянды әсері әлсірейді.Стресс адамда дерттердің дамуына екі жағдайда әкелуі мүмкін: Организмге әскр еткен ықпалдың қарқыны тым артық болып,стресс дамытатын жүйенің белсенділігі қатты көтеріліп кетуінен; Стресті шектейтін жүйенің туа біткен немесе жүре пайда болған тапшылықтарынан.

Изображение слайда
15

Последний слайд презентации: стресс физ-гия

Пайдаланылған әдебиеттер: Патофизиология.Ә.Нұрмағамбетов А.2007 жыл. Денсаулық журналы,2005 жыл. www.rambler.ru http://medichelp.ru http:// womenshealth.ru

Изображение слайда