Первый слайд презентации: Стационарды алмастыратын көмек
Касенова М. 666 ВОП
Слайд 2
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 17 тамыздағы № 669 бұйрығымен бекітілген
Слайд 3
Стационарды алмастыратын көмек Мынадай ұғымдар пайдаланылады : 1) күндізгі стационар - халыққа стационарды алмастыратын көмекті денсаулық сақтау базасында көрсету ; 2) үйдегі стационар - халыққа стационарды алмастыратын көмекті үйде көрсету ; 3) бейінді маман – жоғары медициналық білімі, белгілі бір мамандық бойынша сертификаты бар медицина қызметкері.
Слайд 4: Стационарды алмастыратын көмек көрсету тәртібі
Пациент күндізгі стационарға түскен кезде № 001-1/е есепке алу журналында бекітіледі Уйдегі стационарға түскен кезде № 001-2/е есепке алу журналында тіркеледі
Слайд 5: Күндізгі стационарда және үйдегі стационарда стационарды алмастыратын көмек көрсеткен кезде пациентті
Слайд 6
Пациентке қажетті барлық емшараларды амбулаториялық-емханалық және стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің жоғары медициналық білімі бар медицина қызметкерлері тағайындайды. Пациенттің жағдайы нашарлап, тәулік бойы бақылау қажет болған кезде пациент тез арада стационарға емдеуге жатқызылады. Жағдайы жақсарған және стационарды алмастыратын көмекті қажет етпейтін емді жалғастыру қажет болған жағдайда пациент амбулаториялық емделуге жіберіледі.
Слайд 7: Емдеу ұзақтығы пациент келіп түскен кезден бастап :
1) гемодиализде, химиялық және сәулелік терапияда, медициналық оңалту мен қалпына келтіру еміндегі пациенттерді қоспағанда күндізгі стационарда 8 жұмыс күнінен аспайды ; 2) үйдегі стационарда кемінде 3 жұмыс күні және жіті аурулар кезінде 5 жұмыс күнінен, созылмалы аурулар асқынған кезде 8 жұмыс күнінен аспайтын күнді құрайды. Емдеу ұзақтығы пациент келіп түскен кезден бастап :
Слайд 8
Үш жасқа дейінгі балалар күндізгі стационарға аналарымен ( әкелерімен ) немесе оларға тікелей күтім жасайтын өзге адамдармен бірге жатқызылады.
Слайд 9: Стационарды алмастыратын көмекті ұсыну үшін жалпы көрсетілімдер :
1) тәуліктік стационардан шыққаннан кейін медициналық бақылаумен емдеу іс-шараларын жалғастыруды талап ететін аурулар ; 2) стационарлық емдеуден кейін медициналық оңалту мен қалпына келтіру емін жалғастыруды талап ететін аурулар ; 3) күндізгі стационар жағдайында емделуді талап ететін асқынған кездегі созылмалы аурулар болып табылады. Стационарды алмастыратын көмекті ұсыну үшін жалпы көрсетілімдер :
Слайд 10: Стационарды алмастыратын көмек көрсету үшін жалпы қарсы көрсетілімдер :
Эпидемиологиялық қауіп кезеңіндегі инфекциялық аурулар Әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулар Төсектік режимді қажет ететін пациенттерге күндізгі стационар жағдайында медициналық көмек көрсетуге рұқсат етілмейді. Тұрғын үй-тұрмыстық жағдайы қанағаттанарлықсыз болған кезде үйдегі стационар жағдайында стационарды алмастыратын көмек көрсетуге рұқсат етілмейді. Стационарды алмастыратын көмек көрсету үшін жалпы қарсы көрсетілімдер :