Презентация на тему: СӨЖ Тақырыбы: Арнайы және жоғары мамандандырылған медициналық көмек

СӨЖ Тақырыбы: Арнайы және жоғары мамандандырылған медициналық көмек
Жоспар:
Медициналық көмектің негізгі түрлері
Мамандандырылған медициналық көмек
СӨЖ Тақырыбы: Арнайы және жоғары мамандандырылған медициналық көмек
СӨЖ Тақырыбы: Арнайы және жоғары мамандандырылған медициналық көмек
СӨЖ Тақырыбы: Арнайы және жоғары мамандандырылған медициналық көмек
СӨЖ Тақырыбы: Арнайы және жоғары мамандандырылған медициналық көмек
Жоғары мамандандырылған медициналық көмек
СӨЖ Тақырыбы: Арнайы және жоғары мамандандырылған медициналық көмек
СӨЖ Тақырыбы: Арнайы және жоғары мамандандырылған медициналық көмек
СӨЖ Тақырыбы: Арнайы және жоғары мамандандырылған медициналық көмек
СӨЖ Тақырыбы: Арнайы және жоғары мамандандырылған медициналық көмек
СӨЖ Тақырыбы: Арнайы және жоғары мамандандырылған медициналық көмек
СӨЖ Тақырыбы: Арнайы және жоғары мамандандырылған медициналық көмек
СӨЖ Тақырыбы: Арнайы және жоғары мамандандырылған медициналық көмек
СӨЖ Тақырыбы: Арнайы және жоғары мамандандырылған медициналық көмек
СӨЖ Тақырыбы: Арнайы және жоғары мамандандырылған медициналық көмек
СӨЖ Тақырыбы: Арнайы және жоғары мамандандырылған медициналық көмек
СӨЖ Тақырыбы: Арнайы және жоғары мамандандырылған медициналық көмек
СӨЖ Тақырыбы: Арнайы және жоғары мамандандырылған медициналық көмек
1/21
Средняя оценка: 4.4/5 (всего оценок: 40)
Код скопирован в буфер обмена
Скачать (852 Кб)
1

Первый слайд презентации: СӨЖ Тақырыбы: Арнайы және жоғары мамандандырылған медициналық көмек

Тексерген: Орманова А. Орындаған: Нажмидин А. Топ: ЖМ 12-014-01 Кафедра: Қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасы КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА С.Д.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

Изображение слайда
2

Слайд 2: Жоспар:

I. Кіріспе Медициналық көмектің негізгі түрлері II. Негізгі бөлім : Мамандандырылған медициналық көмек, түрлері Жоғары мамандандырылған медициналық көмек Медициналық көмек көрсету ережесі III. Қорытынды IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Изображение слайда
3

Слайд 3: Медициналық көмектің негізгі түрлері

біріншілік медициналық-санитарлық көмек; біліктендірілген медициналық көмек; мамандандырылған медициналық көмек; жоғары мамандандырылған медициналық көмек.

Изображение слайда
4

Слайд 4: Мамандандырылған медициналық көмек

Арнайы диагностика әдістері мен емдеуді және де күрделі медициналық технологияларды пайдалануды талап ететін аурулар кезінде, азаматтарға медициналық ұйымдармен көрсетілетін медициналық көмек. Мамандандырылған медициналық көмек денсаулық сақтаудың көп салалы ұйымдарында амбулаторлық-емханалық немесе стационарлық медициналық көмек түрінде көрсетіледі.

Изображение слайда
5

Слайд 5

Емдеу-профилактикалық көмектің ең көп тараған түріне амбулаторлық емханалық көмек жатады. Амбулаторлық емханалық мекемелер біріншілік медициналық санитарлық көмек жүйесінде алдыңғы қатарда тұрады.Науқастарды қабыл-дайды,үй жағдайында бақы-лайды.Жатып қаралатын төсек-орындары болмайды.Көбіне 3-5 мамандық бойынша терапия, хирургия,стоматология сияқты негізгі жолдамалы көмек түрлерін ұсынады.

Изображение слайда
6

Слайд 6

Стационарлық медициналық көмекті тек дәрігерлер жасайды және арнайы осы мақсатқа бөлінген мекемелерде көрсетіледі. Стационарлық медициналық көмек кешенді диагностикалау мен емдеуді, күрделі зерттеу әдістерін, медициналық техниканың соңғы жетістіктерін, отаны қажет ететін жағдайдағы, үнемі дәрігерлік бақылауды және интенсивті жағдай жасауды қажет ететін ауруларға көрсетіледі.

Изображение слайда
7

Слайд 7

Стационарлық медициналық көмек түрлері Аурухана Біріккен аурухана

Изображение слайда
8

Слайд 8

АУРУХАНА Науқастар жатып емделетін мекеме.Қалалық жерлерде: респуб-қ,облыс-қ,қала-қ,клин-қ түрлері, ауылдық жерлерде:бөлімше-к,аудан-қ,орталық түрлері бар. тұрғындардың кешенді медициналық көмек алатын медициналық мекеме ғана емес (бір уақытта емдік және алдын алу), оған қоса, медицина қызметкерлерін оқытып үйрететін орталық және биоәлеуметтік зерттеулер орталығы қызметін атқарады.

Изображение слайда
9

Слайд 9: Жоғары мамандандырылған медициналық көмек

Айрықша күрделі диагностика әдістері мен емдеуді, сонымен қатар бірегей медициналық тех-нологияларды пайдалануды талап ететін аурулары кезінде, азаматтарға медициналық ұйымдармен көрсетілетін медициналық көмек.

Изображение слайда
10

Слайд 10

Изображение слайда
11

Слайд 11

Мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету ережесін бекіту туралы заңы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 20 желтоқсандағы № 986 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылы 29 желтоқсанда № 6711 тіркелді.

Изображение слайда
12

Слайд 12

Мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету ережесі Жалпы ережелер 1. Осы ереже халыққа мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету тәртібін, сондай-ақ оны әртүрлі кезеңдерде жүзеге асыруға жауапты органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимылын айқындайды.       2. Мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету «Медициналық көмектің түрлері мен көлемдерін бекіту туралы » Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 26 қарашадағы № 796 бұйрығымен ( Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тіркелімінде № 5955 тіркелген ) бекітілген түрлер мен көлемдерге сәйкес жүзеге асырылады.       3. Осы ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады :       мамандандырылған медициналық көмек – диагностиканың, емдеу мен медициналық оңалтудың арнаулы әдістерін талап ететін аурулар кезінде бейінді мамандар көрсететін медициналық көмек ;       жоғары мамандандырылған медициналық көмек ( бұдан әрі – ЖММК) – диагностиканың, емдеу мен медициналық оңалтудың ең жаңа технологияларын пайдалануды талап ететін аурулар кезінде медициналық ұйымдарда бейінді мамандар көрсететін медициналық көмек. Мамандандырылған медициналық көмек көрсету тәртібі

Изображение слайда
13

Слайд 13

4. Мамандандырылған медициналық көмекті бейінді медициналық денсаулық сақтау ұйымдары консультациялық-диагностикалық, стационарды алмастыратын көмек немесе стационарлық медициналық көмек нысанында көрсетеді. 5. Мамандандырылған медициналық көмек көрсетудің кез-келген деңгейінде диагнозды ұқсастандырудағы қиыншылықтар кезінде, сондай-ақ науқас тасымалданбайтын жағдайда қажет болған жағдайда республикалық деңгейдегі консультантты қоса алғанда, қажетті мамандарды тарта отырып, консилиум ұйымдастырылады. 6. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі мен емдеуге жатқызу жағдайларының жоспарланған санының шеңберінде пациенттің медициналық ұйымды еркін таңдауға құқықтарын есепке ала отырып, жүзеге асырылады.

Изображение слайда
14

Слайд 14

7. Халыққа амбулаториялық-емханалық деңгейдегі мамандандырылған медициналық көмек тәуліктік бақылаусыз диагностика мен емдеудің арнайы әдістерін талап ететін аурулар кезінде амбулаториялық-емханалық ұйымдар көрсетеді. 8. Амбулаториялық-емханалық деңгейдегі мамандандырылған медициналық көмек стационарды алмастыратын көмек түрінде көрсетілуі мүмкін.       9. Пациенттің жергілікті деңгейдегі медициналық ұйымда стационарлық емдеуге айғақтары болған жағдайда амбулаториялық-емханалық ұйымның дәрігері «Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен тәртіпте Емдеуге жатқызу порталы арқылы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде стационарға жоспарлы емдеуге жатқызуды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 3 шілдедегі № 492 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тіркелімінде № 6380 тіркелген) бекітілген денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен тәртіпте Емдеуге жатқызу порталында (бұдан әрі - Емдеуге жатқызу порталы) жолдама тіркеледі және оны пациентке береді.       10. Шұғыл айғақтары бойынша емдеуге жатқызу қажет болған жағдайда пациентті жедел медициналық жәрдем қызметімен немесе амбулаториялық-емханалық ұйымның санитариялық автокөлігімен медицина қызметкерінің алып жүруімен стационарға жеткізіледі.

Изображение слайда
15

Слайд 15

Стационарлық деңгейдегі мамандандырылған медициналық көмек 11. Халыққа стационарлық деңгейдегі мамандандырылған медициналық көмекті тәуліктік бақылаумен диагностикалау мен емдеудің арнайы әдістерін талап ететін аурулар кезінде медициналық ұйымдар көрсетеді. 12. Халыққа стационарлық деңгейде мамандандырылған медициналық көмек стационарлық және стационарды алмастыратын технология түрінде көрсетіледі. 13. Диагностика мен емдеудің барлық әдістерін қолданған стационарлық көмек көрсететін медициналық ұйымдарға қатысты пациентте оң емдеу тиімділігі болмаған жағдайда бұл пациент мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсететін жергілікті деңгейдегі басқа медициналық ұйымға стационарлық емдеуге жіберіледі. 14. Жергілікті медициналық ұйымда мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету кезінде пациентте оң емдеу тиімділігі болмаған жағдайда пациент мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсететін республикалық медициналық ұйымға жіберіледі.       15. Пациентті мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек алу үшін стационарға емдеуге жатқызуға жолдама Емдеуге жатқызу бюросында тіркеледі.

Изображение слайда
16

Слайд 16

Жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету тәртібі 16. Стационарлық көмек нысанындағы ЖММК жергілікті деңгейдегідей республикалық деңгейдегі медициналық ұйымдарда да көрсетіледі.      17. Жергілікті деңгейдегі медициналық ұйымдарда стационар жағдайында ЖММК көрсету үшін амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін медициналық ұйымның маманы жолдаманы Емдеуге жатқызу бюросының порталында тіркейді және оны пациентке береді.       18. Жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсететін жергілікті деңгейдегі медициналық ұйымдарда емдеудің барлық әдістері бар пайдаланылған стационарлық емдеудегі пациентті емдеуге оң емдік тиімділік болмаған жағдайда, ал республикалық медициналық ұйымдарда диагностика мен емдеудің жоғары технологиялық әдістері қолданылуы мүмкін республикалық медициналық ұйымдарда емдеуші дәрігер бөлімше меңгерушісімен немесе бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасарымен бірлесіп, өңірлік комиссияның қарауына стационарлық науқастың медициналық картасынан көшірмені факсимальдық байланыс арқылы жібереді.       19. ЖММК комиссияның шешімі стационарлық көмек нысанында мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмекті   көрсету үшін азаматтарды республикалық медициналық ұйымдарға емдеуге жатқызудың және консультациялық-диагностикалық көмек нысанындағы ЖММК көрсетуге жіберудің негізі болып табылады.

Изображение слайда
17

Слайд 17

20. ЖММК комиссияның қарауына мынадай құжаттары туралы            21. ЖММК комиссиясы ұсынылған құжаттарды қарайды және пациентті түрлері мен көлеміне және пациент тасымалдануына сәйкес мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек   көрсету үшін республикалық медициналық ұйымдарға жіберудің негізділігін анықтайды.       22. Пациенттің құжаттары келіп түскен сәтінен бастап екі жұмыс күнінің ішінде ЖММК комиссиясы хаттамалық шешім қабылдайды.       23. Республикалық медициналық ұйымдарда пациентке мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмекті   көрсету туралы оң шешім қабылдау кезінде ЖММК комиссиясы жолдаманы Емдеуге жатқызу бюросының порталына тіркейді және жіберген медициналық ұйымда басылып шығарылған жолдамамен құжаттардың пакетін береді. 24. Пациентке мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек   көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдау кезінде ЖММК комиссиясы Емдеуге жатқызу бюросының порталына бас тартуды тіркейді және жіберген медициналық ұйымға дәйекті бас тартуды қоса бере отырып, құжаттардың пакетін қайтарады.

Изображение слайда
18

Слайд 18

25. Республикалық деңгейде консультациялық-диагностикалық көмек нысанында ЖММК көрсету үшін айғақтары болған жағдайда амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін медициналық ұйымның маманы ЖММК комиссиясына қарау үшін пациенттің құжаттарының пакетін жібереді.       26. Пациентке республикалық деңгейде консультациялық-диагностикалық көмек нысанында ЖММК көрсету туралы оң шешім қабылдау кезінде ЖММК комиссиясы жолдаманың электронды үлгісіне тиісті жолдарды толтыру арқылы Емдеуге жатқызу порталына жолдаманы тіркейді және автоматты қалыптасқан емдеуге жатқызу кодымен басылып шыққан жолдаманы жіберген медициналық ұйымға береді. Медициналық ұйым емдеуге жатқызуға жолдама алғаннан кейін медициналық ұйым пациентке жолдаманың күні туралы хабарлайды.       27. Пациентке республикалық медициналық ұйымда консультациялық-диагностикалық көмек нысанында ЖММК көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдау кезінде ЖММК комиссиясы Емдеуге жатқызу бюросының порталында бас тартуды тіркейді және уәждемелі бас тартуды қоса бере отырып, құжаттардың пакетін жіберген медициналық ұйымға қайтарады.

Изображение слайда
19

Слайд 19

28. Пациенттердің құқықтарын қорғау, медициналық ғылымды дамыту мақсатында республикалық медициналық ұйым пациентті жоғары мамандандырылған көмектің жоспарлы көлемдерінен 10% шекте медициналық айғақтары болған жағдайда мынадай адамдарды өз бетінше емдеуге жатқызады :            29. Өңірлердің бөлігіндегі халықтың ЖММК-ге деген қажеттіліктерін анықтауды және жекелеген аурулар бойынша жоғары мамандандырылған медициналық көмектің шекті көлемдерін бекітуді денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган құрған медициналық технологияларды стандарттау мен бағалау жөніндегі Сараптама кеңесі жүзеге асырады.       30. Медициналық ұйымдардың ЖММК көрсетуіне рұқсат беру денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен өлшемдерге сәйкес жүзеге асырылады.

Изображение слайда
20

Слайд 20

Қорытынды Медицинаның жетістіктері арқасында арнайы және жоғары мамандандырылған медициналық көмек жетілдірілуде.Дәрігердің міндеті білікті мед. көмек көрсетіп,халық денсаулығын жақсар-ту. Қазіргі кездегі халық денсаулығын бағалау арқылы арнайы және жоғары мамандандырылған медициналық көмектің сапасына баға бере аламыз.

Изображение слайда
21

Последний слайд презентации: СӨЖ Тақырыбы: Арнайы және жоғары мамандандырылған медициналық көмек

Пайдаланған әдебиеттер http :// www.medlinks.ru/sections.php?op=viewarticle&artid=2398 http://youpolis.ru/medpom/stac / http:// www.grandars.ru/college/medicina/specializirovannaya-pomoshch.html http:// adilet.zan.kz/rus/docs/V1000006711 Р.Биғалиева; Ш.Исмаилов “Әлеуметтік медицина және денсаулық сақтауды басқару” Алматы ғылым баспа орталығы 2001 ж.204-223 беттер.

Изображение слайда