Презентация на тему: СӨЖ Т ақырыбы: су объектілерін қорғау

СӨЖ Т ақырыбы: су объектілерін қорғау
Жоспар
Кіріспе
1. " Орталықтандырылған ауыз суымен жабдықтау жүйесінің сапасына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар " санитарлық-эпидемиологиялық ереже мен
Жер асты және беткей су көздерінің негізгі ластану көзі-тұрмыстық қалдық сулар,өндірістік өнеркәсіптер, коммуналды нысандар мен ауылшаруашылық нысандарының
Коагуляциялау
Суды коагуляциялау
Коагуляциялық құрылғы ПВО-КГ
Коагуляциялаудың 2 түрі ажыратылады
Су сапасын жақсарту әдістері
Мөлдірлендіру
Суды тұндыру
Суды сүзу
Тазартудың арнайы әдістері
Қорытынды
1/15
Средняя оценка: 5.0/5 (всего оценок: 10)
Код скопирован в буфер обмена
Скачать (534 Кб)
1

Первый слайд презентации: СӨЖ Т ақырыбы: су объектілерін қорғау

Орындаған : Адылгазинова Нәзиля 210-топ Тексерген : Семей медицина университеті Эпидемиология және жалпы гигиена кафедрасы

Изображение слайда
2

Слайд 2: Жоспар

Кіріспе. Негізгі бөлім : Сумен жабдықтау жүйесі Орталықтандырылған және шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшін су көзін таңдау Су құбыры мен су көздерін санитарлық қорғау Судың сапасын жақсарту Қорытынды. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Изображение слайда
3

Слайд 3: Кіріспе

Суды объектілерін қорғау - адамзаттың жер бетіндегі   табиғи су қорларының жай-күйін жақсартуға, қалпына келтіруге және оларды сақтауға бағытталған әрекеті. Адамдардың кәсіптік әрекетінің және тұрмысқа пайдаланылуының тікелей немесе жанама әсерінен судың құрамының және қасиеттерінің өзгеріске ұшырауын, яғни су көзінің бір бөлігінің немесе түгелімен пайдаланудың кез келген бір түріне жарамсыз болып калуын судың ластануы деп атайды. Әдетте, су көзіне оның сапасын өзгеріске ұшыратпайтын, суда ерімейтін бөгде заттардың ( ағаш жаңқалары, күл-қоқыс, металл сынықтары, құрылыс қалдықтары және басқа заттар ) түсіп жиналуын коқыстану дейді. Су - бүкіл тіршілік иелерінің негізгі құрамдас бөлігі. Бұдан басқа судың тіршілік үшін физикалық - химиялық қасиеттердің : жоғары жылу өткізгіштік және жылу сыйымдылық, жоғары тығыздық, ауа тығыздығының шамамен 800 есе артуы, мөлдірлік, тұтқырлық, қатқан кезде мұздың көлемін ұлғайтуы және тағы басқа қолайлы қасиеттері болады.

Изображение слайда
4

Слайд 4: 1. " Орталықтандырылған ауыз суымен жабдықтау жүйесінің сапасына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар " санитарлық-эпидемиологиялық ереже мен нормалары ( бұдан әрі - санитарлық ереже ) орталықтандырылған ауыз-сумен қамтамасыз ететін, су құбырының құрылысын жобалаумен және құрылысын жүргізуге, оны пайдаланумен айналысатын жеке және заңды тұлғаларға арналған. 2. Осы санитарлық ереженің талаптарының орындалуын ұйымдардың басшылары мен жеке тұлғалар қамтамасыз етеді. 3. Осы санитарлық ережеде төмендегідей терминдер мен анықтамалар қолданылды : 1)  ауыз сумен қамтамасыз ету  - тұтынушыларды ауыз сумен қамтамасыз етумен айналысатын, оның ішінде су көздерін және су қондырғыларын таңдау, қорғау, сумен қамтамасыз ету жүйелерін жобалау, құрылысын салу, су беру жүйесін пайдалану, суды алу, дайындау, сақтау, тұтынатын орындарға жіберумен шұғылданатын қызмет түрі ; 2)  орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету жүйесі ( бұдан әрі су құбыры )  - суды алумен, дайындаумен айналысатын су қондырғылары, имараттар және су құбырлары немесе оларсыз-ақ ауыз суды жалпылай қолдануға арналған суды сақтауға, тұтыну орнына беруге арналған кешенді құрылым ; 3)  коли- фагтар  - қоректендіруші агарда қосу 370С ( қосу-алу 10С) температурада E. col і- ді ерітуге қабілетті және 18 сағаттан кейін ( қосу-алу 2 сағат ) еріту аумағын түзетін бактериалдық вирустар ;

Изображение слайда
5

Слайд 5: Жер асты және беткей су көздерінің негізгі ластану көзі-тұрмыстық қалдық сулар,өндірістік өнеркәсіптер, коммуналды нысандар мен ауылшаруашылық нысандарының қалдық сулары.Тұрмыстық қалдық сулар эпидемиялық тұрғыдан қауіпті,оның құрамында микроағзалар көп,патогенділер де болуы мүмкінӨндірістік қалдық сулармен су қоймасына әр түрлі химиялық заттар мен олардың қоспалары түсуі мүмкін,олардың көбі улы

Су көздерін санитарлық қорғау

Изображение слайда
6

Слайд 6: Коагуляциялау

Коагуляциялау – деп судың коллоидты және жұқа дисперсті қоспаларды ірілету, агрегациялау процесі деп түсіну керек. Бұл процесс – олардың молекулалық бір – біріне тартылу күштерінің әсерлері арқылы өзара жабысу нәтижесінде жүреді де, көзге көрінетінагрегаттардың – үлпектердің құралуымен аяқталады. Коагуляциялау процесінің өзі 2 сатыда жүреді : Бірінші сатыда - судағы қоспалардың агрегаттың тұрақтылығы бұзылып, олар бір – біріне жабысады. Екінші сатысында - коагулянттың үлпектері түзіліп, олардың беттерінде қоспалардың дисперсті және коллоидты бөлшектері сорбцияланады.

Изображение слайда
7

Слайд 7: Суды коагуляциялау

Суды коагуляциялау – судағы өте ұсақ үлпек – бөлшектердің пайда болу процесінен бастап, олардың – ірі ұлпекке айналып, тұнба түрінде шөгуі. Суды коагуляциялаудың 2 фазасын ажыратады. 1 – фаза–коллоидты бөлшектер мен сузпенсияның ( жүзінді ) электр зарядын бейтараптандыруы. 2 – фаза – ірі үлпектердің пайда болуы, яғни, коллоид пен суспензия қосылып өте ірі жылдам шөгетін үлпекке айналуы. Коагуляция ретінде күкіртқышқылды алюминийді пайдаланады.

Изображение слайда
8

Слайд 8: Коагуляциялық құрылғы ПВО-КГ

Изображение слайда
9

Слайд 9: Коагуляциялаудың 2 түрі ажыратылады

Бос көлемде жүргізілетін коагуляция – ол үлпек құрау камерасында жүргізіледі. Жанаспа түрде жүргізілетін коагуляция – ол жанаспа сұзгіштердің түйіршікті толтырғыштарының арасында жүреді.

Изображение слайда
10

Слайд 10: Су сапасын жақсарту әдістері

Судың сапасын берілген санитарлық нормаларға дейін жеткізу, су атазарту қондырғылары арқылы жүзеге асырылады. Осы мақсаттағы сумен қамтамасыз ету тәжірибесінде келесі әдістер ең көп таралған : химиялық құрамын қалыпқа келтіру бойынша, судың органолептикалық қасиетін жақсарту бойынша, эпидемиологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша.

Изображение слайда
11

Слайд 11: Мөлдірлендіру

Мөлдірлендіру – суды майда қалқып жүрген заттардан тазалаудың ең негізгі әдісі болып табылады, ал мөлдірлендірудің негізгі операциясына тұндыру жатады. Тұндыру тек ірі қалқып жүрген заттардың тұнуы үшін қолайлы, ал коллоидты және майда қалқып жүрген заттардың тұнуы үшін өте көп уақыт керек, сондықтан осы заттардың тұну жылдамдылығын арттыру үшін коагулянттар, яғни, реагенттер қолданылады.

Изображение слайда
12

Слайд 12: Суды тұндыру

Тұндыру Сүзу Тұндырғыштар сүзгіштердің жұмысын жеңілдетеді, судағы заттарды литріне 10 - 12 мг - ға дейін азайтады және суды мөлдірлендірудің бірінші сатысы болып табылады. Судың қозғалыс бағытына байланысты тұндырғыштардың 3 түрін ажыратады : көлденең, тік, радикалды тұндырғыштар.

Изображение слайда
13

Слайд 13: Суды сүзу

Суды тазартудың екінші сатысына жатады. Сүзгіш материалы ретінде жиі қолданылатындар : кварц құмы, құм және қиыршық тас. Сүзу материалы ретінде қолданылатын затқа Денсаулық сақтау министрлігінің рұқсаты болуы керек. Сүзгілердің жұмыс тиімділігін анықтайтын негізгі көрсеткіш – сүзу жылдамдығы болып табылады. Сумен қамтамасыз ету тәжірибесінде әр түрлі құрылымдағы сүзгі қолданылады. Сүзу жылдамдығына байланысты оларды : баяу сүзгілер ( сағатына 0,1 - 0,2м ), жылдам сүзгілер ( сағатына 6 - 8м ) және өте жылдам ( сағатына 100м ) деп бөлінеді.

Изображение слайда
14

Слайд 14: Тазартудың арнайы әдістері

Жоғарыда айтылған судың сапасын жақсартудың қарапайым әдістерімен қатар, ауыз судың сапасын стандарттарға жеткізетін арнайы әдістері қолданылады. Тазартудың арнайы әдістері – Судың арнайы өңдеу әдісі дегеніміз – судың құрамындағы белгілі бір химиялық заттың мөлшерінің нормадан көп немесе нормадан аз болған жағдайда, оны нормаға дейін жеткізуін айтамыз. Оларға келесі әдістер жатады : суды жұмсарту, суды тұщыландыру, суды фторлау, суды дефторлау, суды темірлеу, темірсіздендіру.

Изображение слайда
15

Последний слайд презентации: СӨЖ Т ақырыбы: су объектілерін қорғау: Қорытынды

Адам қолданатын су эпидемиологиялық жағынан қауіпсіз болуы керек, яғни, құрамында микроорганизмдер мүлдем болмауы керек, әсіресе, патогенді микроорганизмдер, сондықтан ауыз су ретінде қолданылатын су тұтынуға егіншілік суару алаңдары қосылды. Адамдар суды шаруашылық – ауыз су қажеттілігінен басқа, қоғамдық, коммуналдық – тұрмыстық, мәдени – ағартушылық, балалар және жасөспірімдер мекемелері, емдік – профилактикалық мекемелер, тағамдық өндіріс мекемелері, қоғамдық тамақтану және сауда орындарында да қолданылады.

Изображение слайда