Презентация на тему: СӨЖ

Реклама. Продолжение ниже
СӨЖ
Жансыздандыру және жалпы жансыздандырудың жақ-бет аймағындағы ерекшеліктері
Хирургиялық операция кезінде ауыру сезімін жоюға бақытталған шаралардың жинағын жансыздандыру деп атаймыз. Ауыру сезімін жою жолдарын зерттейтін медицина ғылым
СӨЖ
СӨЖ
СӨЖ
СӨЖ
СӨЖ
СӨЖ
СӨЖ
СӨЖ
Назарларыңызға рахмет!
1/12
Средняя оценка: 4.3/5 (всего оценок: 17)
Код скопирован в буфер обмена
Скачать (872 Кб)
Реклама. Продолжение ниже
1

Первый слайд презентации: СӨЖ

Пән: Хирургия Орындаған: Жанаманова Ж. Тексерген: Токталинова Б.Б.

Изображение слайда
1/1
2

Слайд 2: Жансыздандыру және жалпы жансыздандырудың жақ-бет аймағындағы ерекшеліктері

Жоспары: Жалпы жансыздандыру Жақ – бет аймағын жалпы жансыздандырудағы ерекшеліктер Наркоздың стоматологиядағы ерекшеліктері Хирургиялық стоматологиядағы жергілікті жансыздандыру Хирургиялық стоматологияда жергілікті анестезияға қолданылатын дәрілерге клиника-фармакологиялық талдау Жергілікті анестезияның күшін арттырып, әсерін ұзартатын заттар. Инфильтрациялы анестезия Өткізгіш анестезиялар Жергілікті анестезиялардан кейінгі асқынулар

Изображение слайда
Изображение для работы со слайдом
Изображение для работы со слайдом
1/3
3

Слайд 3: Хирургиялық операция кезінде ауыру сезімін жоюға бақытталған шаралардың жинағын жансыздандыру деп атаймыз. Ауыру сезімін жою жолдарын зерттейтін медицина ғылым саласын анестезиология ( гректің «а» – жоқ, aestesis – сезім, logus - сөз, ілім ) дейміз. Анестезия терминін 1846 жылы Мортон енгізді. Анестезияға келесі талаптар қойылады: барынша ауыру сезімін жою, науқасқа қауыпсыз болу, хирургке мол ыңғайлы жағдай тудыру. Қазіргі кездегі анестезиология жетістігінің арқасында жақ-бет аймағындағы барлық операцияларды толық жасауға мүмкіндік болып отыр. Анестезия жалпы, жергілікті, аралас, болып бөлінеді. Аралас анестезияға жергілікті анестезия мен наркоз, жергілікті анестезия мен нейролептаналгезия, наркоз бен нейролептанагезияның түрлері кіреді. Жалпы жансыздандыру немесе наркоз (грек – естен айырылып сіресіп қалу ) организмге наркотикалық дәрілер енгізу арқылы орталық нерв жүйесінің жұмысы терең тежеу : наркозға ауру дегенде біртіндеп есінне айырылып, ауыру сезімі жойылып, бұлшықеттер босаңсып қозғалу және рефлекстер бәсеңдейді

Изображение слайда
Изображение для работы со слайдом
1/2
4

Слайд 4

Жақ – бет аймағын жалпы жансыздандырудағы ерекшеліктер « Әрбір аурудың өзіне тән жансыздандыру тәсілі бар» және « жансыздандыру тәсілі операциядан ауыр болмауы қажет » деген жалпы қағидаға сүйене отырып жақ-бет аймағына қолданылатын жансыздандыру әдістерін белгілеу қажет. Жақ-бет аймағы хирургиясында өте жақсы танымалы жергілікті жансыздандыру әдістерімен қатар жалпы жансыздандыру (наркоз) әдістері кеңінен қолданылады. Көбіне ауруханаларда эндотрахеалды, ал емханаларда венаға енгізу әдістері. Наркозға қарсылық. Жалпы жансыздандыруға абсолюттік қарсылық жоқ, егер жоғарғы тыныс жолдарының, өкпенің жедел ағымды қабынуы және геморрагиялық диатездер болмаса. Басқа ағзалар мен жүйелер дерттерін наркоз берер алдында және наркоз кезінде қатты ескеру қажет.

Изображение слайда
Изображение для работы со слайдом
1/2
5

Слайд 5

Наркоздың стоматологиядағы ерекшеліктері Наркоздардың клиникалық ағымы көптеген себептерге байланысты. Олардың ішінде : науқастың жалпы жағдайына, жасына, дертке, наркотиктерге, анестезиологтар мен хирургтардың өнеріне т.б. жағдайларға байланысты. Бірақ, барлық наркоз түрлеріне тән жалпы клиника бар. Наркоздың жалпы үш клиникалық үш клиникалық кезеңі болады. 1) Наркозға ену : а) аналгезия фазасы ; б) қозу фазасы. 2) Хирургиялық – бірінші, екінші, үшінші деңгейде жүреді. 3) Наркоздан шығу : а) операция бөлмесінде ояну ; б) операциядан кейінгі ұйқы. Бұл кезеңдер жақ-бет аймағындағы операцияларда осы тәртіппен өтуімен қатар бірнеше ерекшеліктері бар. Олар патологиялық процестердің анатомия – физиологиялық орналасуы ; жақ-бет аймағының осыған байланысты өзгеруі ; операция ерекшеліктері. Хирург пен анестезиологтың бір жерде жұмыс істейтіндіктеріне байланысты бір-біріне кедергі келтіру мүмкіндігі туады. Осыған байланысты аппараттар мен көмекшілер орнын тағайындау қажет. Мысалы интубацияны ауыз арқылы жасағанда анестезиолог пен аппаратуралар аурудың бас жағында, мұрын қуысы арқылы жасаса хирургтың артында, ал трахеостома арқылы жасалғанда аурудың кеуде тұсында орналасқандары дұрыс. Бет – жақ аймағында орналасқан патологиялық процестер жоғарғы тыныс жолдарының топографиясын өзгертеді. Осыған байланысты интубация жасаудың өзіндік ерекшіктері болады. Әдетте жалпы хирургияда интубация ауыз қуысы арқылы жасалынса, ал жақ-бет хирургиясында бұл тәсілді ауыз толық ашылғанда, ауыз ұуысында интубация жасауға кедергі болмайтын патологиялық процестер жоқ болса ғана пайдалануға болады. Көп жағдайда интубация мұрын қуысымен « көзсіз » және трахеостомия арқылы жасалынады. Интубацияны мұрын қуысы арқылы жасауға ауыз қуысында болатын операциялар, төменгі жақта орындалатын сүйек пластикалары, сынақ бекіту операциялары негізгі көрсеткіш болып есептеледі.

Изображение слайда
Изображение для работы со слайдом
Изображение для работы со слайдом
Изображение для работы со слайдом
1/4
6

Слайд 6

Хирургиялық стоматологиядағы жергілікті жансыздандыру Науқастың есі қалпында бола тұра, оның денесінің белгілі бір жерінде ауырғанды сездірмеуге бағытталған іс-шаралар жергілікті анестезия деп аталады. Операция болатын жердің ауырғанын сездірмеуге әрекет ерте кездерден-ақ белгілі. Мысалы, египеттіктер операцияның алдында теріні крокодилдің майымен сылаған, мемфис тасын сірке суымен араластырып теріге танып қойған. Орта ғасырларда теріге меңдауана араласқан май жаққан. Аталған әдістер жөнді нәтиже бермеген соң анестезия үшін механика, физика тәсілдері қолданыла бастады. Нерв талшықтарын қысу, мұз басып мұздату 16 ғасырда қолданылса, бертін келе 19 ғасырдың 70 жылдарында жергілікті анестезия үшін эфир, хлороформ, бромэтил жиі қолданылады. Ол негізінен абсцестерді, флегмоналарды тілуде, тіс жұлуда әжептәуір нәтиже береді. Анестезия үшін суықты пайдалануды С.Е.Березовский ғылыми еңбектерінде арқау етті. 1943 жылы Воод үшкіл нервтің невралгиясын емдеуге алғаш рет морфин мен апиын ерітіндісін екті. Әйтседе жергілікті аенстезияның тарихы 1879 жылы фармаколог В.К. Анрептің кокаинды қолдауынан басталады. Алғаш рет оны 1884 жылы Автрияда көзге операция жасағанда ( Коллер ) қолданды. Кейінірек жергілікті анестезияда жақ-бет операцияларында қолданыла бастады. 1885 жылы Голдстат астыңғы жақ қуысына кокаин енгізіп алғаш рет тіс жұлды. Бірақ кокаинмен улану, тыныс, жүрек орталықтарының параличі ( салдануы ), науқас өліміне соқтыруы бұл саладағы ізденістерді жалғастыруға мәжбүр етті. 1905 жылы Эйнгорнның новокаинды ашуы үлкен жаңалық болып, жергілікті анестезияда жаңа дәуір басталды. Содан бері жергілікті анестезияның үлкен бір тармағы қалыптасты.

Изображение слайда
Изображение для работы со слайдом
Изображение для работы со слайдом
Изображение для работы со слайдом
Изображение для работы со слайдом
1/5
7

Слайд 7

Хирургиялық стоматологияда жергілікті анестезияға қолданылатын дәрілерге клиника-фармакологиялық талдау Сезімтал нерв талшықтарына ( афферентті ) жанасқанда ондағы нерв импульсін тоқтататын дәрілерді жергілікті анестетик деп атайды. Олар кейде нерв сабақтарына, яки оны қоршаған тінге енгізілсе тағы бірде ерітінді, май күйінде кілегей қабыққа жағу арқылы әсер етеді. Хирургиялық стоматологияда көбірек қолданылатын анестетиктер : новокаин, тримекаин, лидокаин, бенкаин және дикаин. Химиялық құрылымы жағынан олар екі топқа бөлінеді. 1. Күрделі эфирлер, 2. Амидтер тобы. Күрделі эфирлер тобы. Кокаин өте улы болғандықтан қазір қолданылмайды. Новокаин ( пирокаин, аллокаин ) күрделі эфирлердің хлорсутекті тұзы. Ол түссіз, иіссіз кристал. Суда (1:1), спиртте (1:8) оңай ериді. Хлорлы натрий изотоник ерітіндісінде (100') 30 минут қайнатып дайындауға болады. Новокаин сілтіде тез гидролизге ұшырайды. Улылығы аз, қолдануға ыңғайлы болғандықтан басқаларына қарағанда новокаин көбірек қолданылады. Инфильтрацияға 0,25-0,5-1,0 процент ерітінділері, жақ пен тіске өткізгіш, инфильтрация анестезиясына 2% ерітінді қолданылады. Терминальды ( беткей ) анестезияға әсерінің аздығынан қолданылмайды. Құрғақ новокаиннің бірреттік жоғары мөлшері 1 грамм. Ересек адамға бір ретте 1% новокаиннен 75-100 мл, ал 2% ерітіндіден 50 мл артық енгізуге болмайды. Дикаин ( тетракаин ) де күрделі эфирдің хлорсутекті тұзы, түссіз, иіссіз, кристалды ұнтақ. Суда, спиртте оңай ериді. Дикаин новокаинге қарағанда 10-15 есе күшті анестетик, соған қарай оның улағыш әсері де соншама рет артық. Кілегей қабықтан оңай өтіп әсер етуі мүмкін, оның 1-3% ерітінділерін терминальды ( беткей ) анестетик ретінде пайдалануға болатындығының дәлелі. Жоғары улағыштығын ескеріп оны 10 жасқа толмаған балаларға қолдануға, инъекция жасауға болмайды. Бірреттік жоғары мөлшері ересек адамға 0,09 г құрғақ зат ( немесе 3% ерітіндіден 3 мл). Амидтер тобы. Бұлар күрделі эфир тобымен салыстырғанда ұзағырақ уақыт әсер етеін жаңа анестетиктер. Лидокаин ( ксилокаин, ксикаин, лигнокаин ) – бұл да хлорсутекті тұз. Ақшыл-сары кристалды ұнтақ. Суда, спиртте ериді. Дым тартқыш. Жарықта ұзақ тұрса сарғаяды. Ерітіндісін суда (100') 30 минут қайнатып дайындайды. Новокаиннен 2,5 еседей күшті анестетик, әсері ерте басталып ұзақ жалғасады. Улағыштығы аз, 0,5% ерітіндінің улағыштығы новокаинмен тең түссе, 1-2% ерітінділері новокаиннен 40-50% - тей артық. Терминальды өткізгіш және инфильтрация анестезиясына ыңғайлы. Бір операцияға 0,25% ерітіндінің 1000 мл-ден, ал 0,5% 500 мл-ден аспауы керек. Стоматологияда қолданылатын 1-2% ерітіндінің бір рет пайдалануға 50-20 мл-дейі ғана жұмсалады. Тримекаин ( мезокаин ) – химиялық құрамы лидокаинге ұқсас. Ақ, сарғыш, ащы ұнтақ. Суда, спиртте жақсы ериді. Оның ерітіндісін хлорлы натрийдің изотоникалық ерітіндісіне (100°) 30 минут қайнатып дайындайды. Апликация ретінде де әсері бар. Улағыштығы дикаиннен 16 есе аз десек те, оның 1% ерітіндісі новокаиннен 1,2-1,6 есе улағыш, тінді тітіркендірмейді. Стоматологияда 1-2% ерітінділері жиі қолданылады. Инфильтрацияға 0,25-0,5% ерітіндісі жарайды. Бір мезгілде 0,25%-800 мл, 0,5%-400 мл 1%-100 мл және 2% ерітіндіден 20 мл дейін енгізуге болады. «Б» тізімінде (дикаин «А» тізімінде ) ауыз тығыз жабылған, жарық түспейтін жерде сақталады. Дәріханада даярланған ерітіндіні 2-3 күннен артық сақтауға болмайды. Фармацевтика өндірісінде даярланған ампулаларды қолдану мерзімі көбірек. Ерітінді шартты түрде түссіз, мөлдір болуы керек. Қолдану алдында жаңылыстан сақтану үшін тексеріп көрген абзал. Бұл үшін Лукомскийдің новокаинге арналған сынағын жасауға болады. Сынақ өткізу үшін 2 пробиркаға алып, біреуіне реактив 1:1000 2 мл марганец қышқыл калий құйып, оған 2 мл тексерілетін ерітіндіні құяды. Екінші пробиркаға реактив құйып 1-2 минуттан соң оларды салыстырады. Бірінші пробиркада сарғыш түстің пайда болуы ерітіндінің новокаин екендігін дәлелдейді.

Изображение слайда
Изображение для работы со слайдом
Изображение для работы со слайдом
Изображение для работы со слайдом
Изображение для работы со слайдом
1/5
Реклама. Продолжение ниже
8

Слайд 8

Жергілікті анестезияның күшін арттырып, әсерін ұзартатын заттар. Жергілікті анестезияны күшейту және ұзарту үшін тамыр тарылтқыш заттар (адреналин, норадреналин, вазопрессин) азғантай мөлшерде анестетиктерге қосылады. Адреналин гидрохлоидінің 0,1% ерітіндісі. Бір реттік жоғары мөлшері тері астына жібергенде 1 мл, яки 16-20 тамшы. Адреналинді анестетикке – 1 тамшы. 100 мл анестетикке – 2-3 тамшы. Анестетикке қосылған адреналин тіндегі капилляр мен майда қан тамырларын тарылтып, анестетиктердің тез тарап кетуін баяулатады. Сонымен қатар операция кезінде қан ағу азаяды. Анестетиктің күшін арттырғанмен адреналин қан қысымен көтеріп жіберуі мүмкін, бронх бұлшықетінің тонусын босатып ентігу, жүрек аритмиясына соқтырады. Қан қысымы жоғары, жүрегі, бүйрегі ауыратын адамдарға адреналинді қолданбаған жөн. Адреналиннен уланған адамға фентоламин ( ол эндо-экзогендік адреналинді тежейді ); диурезді арттыратын дәрілер ( рингер ерітіндісі, лазекс ), нитроглицерин қолданылады. Соңғы кездері улағыштығы аз, тамырларды тарылтқыш жаңа дәрілер алынды, олар : норадреналин, мезатон, вазопрессин. Олар анестетиктердің күшін, мерзімін арттырғанымен, қан ағуын онша азайта алмайды. Жергілікті анестезияның түрлері Жергілікті анестезия инъекциялы және инъекциялы емес болып бөлінеді. Инъекциялыға – инфильтрациялық, өткізгіштік, А.В. Вишневскийдің « жылжушы инфильтраты», инъекциялы емеске – химиялық, физикалық, физика-химиялық, инесіз инъектор, инерефлексанестезия жатады. Жергілікті анестезияның инъекциялы емес түрлері. Апликация анестезиясы (сыртқы-терминальды, химиялық түрі ) анестетикті белгілі бір жерге жағу немесе басып тұру. Анестезияның бұл түрі ауыз қуысы мен мұрынның кілегей қабығына қолданылады (дикаин, лидокаин, анестезин).

Изображение слайда
Изображение для работы со слайдом
1/2
9

Слайд 9

Инфильтрациялы анестезия Инфильтрациялы анестезия тіс жұлғанда, альвеола өсіндісіндегі шағын операцияларды, кілегей қабықты тілгенде, шағын қатерсіз өскіндерді алғанда, жараны алғаш хирургиялық емдеп-өңдеу кезінде қолданады. Альвеола өсіндісінің бөлігін анестезиялауды плексуал инфильтрациялы анестезия дейді. Мұнда тіс өрімі жансызданады. Бұл тәсілдің мәнісі – дәріні өтпелі қыртысқа енгізгенде, оның борпылдақ шелге сініріп жақ сүйектің майда тесіктері арқылы кемікке жетіп, ондағы тіс өрімдеріне әсер етуіне негізделген. Үстіңгі жақта жиі, төменгі жақта сирек қолданылады. Оның себебі жақ сүйектердің құрылысындағы айырмашылыққа байланысты. Үстіңгі жақтың сыртқы тұтас қабаты жұқа әрі көптеген майда тесіктері бар. Тек орта сызық пен бет альвеола тұсы ғана қатты болып келеді. Төменгі жақта, керісінше, иек тұсынан басқа жерінің бәрінде де сыртқы тұтас қабат болады. Осы ерекшеліктерді ескерсек, үстіңгі жақтың барлық тістерін, астыңғы жақтың алдыңғы тістерін инфильтрациялық анестезия арқылы жұлуға болады. Жас балалардың тұтас қабатының нәзік болуы, олардың төменгі тістерінің бәріне инфильтрациялық анестезияны қолдануға мүмкіндік береді. Жалпы ереже. Ине қатпардың кілегей қабығына 40-45 градус бұрышпен ( жылжымайтын кілегей қабықтың жылжымалы бөлігіне жалғасқан жері ) жұлынатын тіс түбірінің ұшына таман енгізіледі. Дәріні жібере отырып инені альвеола қырымен жылжытып, жұлынатын тістен арғы тістің тұсына дейін апарады. Иненің қиығы сүйекке қарауы шарт. Нәтижеде қатарынан үш тістің тұсына дәрі енгізіледі. Анестезия – 7-10 минуттан кейін болады.

Изображение слайда
Изображение для работы со слайдом
1/2
10

Слайд 10

Өткізгіш анестезиялар Инфильтрациялы анестезиядан өткізгіш анестезияның бірнеше артықшылықтары бар (С.Н. Вайсблат ). Олар : 1. Инені бір шаншығанның өзінде –ақ аумақты анестезиялайды. 2. Жұмсалатын анестетик мөлшері аз. 3. Қабынған тіннен аулақ қадалған ине инфекция тарау мүмкіндігін болдырмайды. 4. Қабынған сүйек қабығынан инфильтрациялы анестезия жақсы нәтиже бермейді, оның үстіне тіннің қышқыл реакциясы новокаин әсерін төмендетеді. Өткізгіш анестезиясында бұл кемшіліктер жоқ. 5. Хирургиялық іс-қимыл үшін толық анестезияға мүмкіндік туады. 6. Бірнеше тісті қатарынан жұлуға болады. 7. Төменгі жақтың азу тістерін жұлуға ыңғайлы. 8. Анестезия ұзақ уақыт әсерін сақтайды. 9. Жақ сүйектеріне операция жасауға болады. 10. Тістің ұлпасы мен қатты тіндерін жақсы анестезиялайды. 11. Операция жасалатын тіннің топографиясы өзгермейді, себебі анестетик ол жерден аулақ жерге енгізіледі. 12. Жақ қарысып қалғанда өткізгіш анестезияны қолдану тиімді. 13. Егде жастағы адамдарға қолдануға болады 14. Ауыз рефлекстерінің төмендеуі хирургке операция жасауға қолайлы жағдай туғызады. 15. Сілекей бөлігі азаяды. 16. Қан тамырларының нервтері де анестезияланғандықтан, операция кезінде қан ағуы азаяды

Изображение слайда
Изображение для работы со слайдом
1/2
11

Слайд 11

Жергілікті анестезиялардан кейінгі асқынулар Асқынулар жалпы және жергілікті болып бөлінеді. Жалпы асқынулар: талу, коллапс, шок, аллергиялық реакциялар, анестетиктен улану. Жалпы асқынулар дәріні көтере алмаудан немесе уланудың салдарынан болады. Талу – имдың қан айналысының бұзылуынан ( анемиядан ) аяқ астынан болатын жағдай. Оның себептері науқастсың хирургия аспаптарын, қанды, мамандардың қимылын көргеннен, алдағы болатын іс-шараларды ойлап қатты қорқуы. Бейімдейтін жайлар : қалжырап шаршау, ұйқы қанбау, жүйкенің жұқаруы, аштық, улану т.б. Клиникасы. Бет қуқыл тартып көз қарауытады, әлсіреп басы айналып, лоқсып, құлағы шулайды, қол-аяғы мұздап, салқын тер шығады. Көзі аларып, қарашықтары ұлғайып науқас естен танып, қолдары еріксіз салбырап, орындықтан сырғып немесе құлап түсуі мүмкін. Тамырдың соғуы жиілеп, білінер білінбес болады. Бұл көрініс бірнеше минутқа созылады, сосын барып науқас есін жияды. 20-40 мин уақыт бойы ол әлсіреп, басы ауырады. Емі. Операцияны шұғыл тоқтатып, басты төмендету, орындықтың арқасын түсіру немесе науқасты төсекке жатқызу. Терезені ашып, тыныс алуға кедергі жасайтын, белдік, іш-киім ілгектерін босату. Мүсәтір спиртін иіскету. Егер бұл шаралар нәтиже бермесе, жүрек пен тыныс қызметін жақсартатын дәрілер егу керек (10% кофеин, 10-20% камфора майы, 1 % лобелин, цитотон ерітінділері ). Алдын алу. Бейімдейтін жайларды болдырмау, ал олар белгілі болса, кіші трансквилизаторлармен премедикация жасау керек. Коллапс – организм қызметінің күрт бұзылып нашарлауы. Талудан күрделірек асқыну. Бейімдейтін жайлар. Ол көп қан жоғалтқан, жарақат алған жүйкенің қалжыраған, уланған, жұқпалы аурумен ауырған кездерінде болуы мүмкін. Клиникасы. Күтпеген жерден науқастың өңі бозарып, құрғайды ( кейде қызарып, терлейді – вазомотор). Ақыл-есі қалпында, көруі нашарлайды. Жүрек қызметі бұзылады (жүрек соғуы нашарлайды, тамыр соғуы әзер білінеді, аритмия, қан қысымы 60/30 мм с.б., аздап қолаяқ тырысуы сезіледі ). Емі. Науқасты горизонтал жайғастырып, аяқ-қолды көтеріңкі етіп ұстаған жөн. Қымтап жылытып, ыстық шай немесе кофе ішкізеді. Содан соң тамыр тарылтқыш (адреналин, мезатон ), глюкокортикоид ( преднизолон, гидрокортизон), жүрек (0,5-1,0 мл 0,5% строфантинді 10-20 мл 40% глюкоза немесе физиологиялық ерітіндіге араластырып егеді ) дәрілерін егеді. Коллапс кезінде науқасқа керекті әрекеттер жасалынбаса өлім қаупі төнеді.

Изображение слайда
Изображение для работы со слайдом
Изображение для работы со слайдом
1/3
12

Последний слайд презентации: СӨЖ: Назарларыңызға рахмет!

Изображение слайда
Изображение для работы со слайдом
Изображение для работы со слайдом
Изображение для работы со слайдом
1/4