Презентация на тему: сөж

сөж
сөж
Кіріспе.
сөж
НЕГІЗГІ БӨЛІМ. Кенеттен өлімдердің негізгі себептеріне:
сөж
Диагностикасы
Ж үрек-өкпе реанимациясының негізгі ережелері:
сөж
сөж
сөж
сөж
9. Асқазандағы сұйықтықтардың өңеш арқылы ағып, тыныс жолдарына кетіп қалмауы үшін Селлик әдісі қоданылады (онда көмейді жұтқыншақтың артқы қабырғасына қарай
сөж
сөж
Жедел жәрдем
Алғашқы дәрігерлік көмек
Тыныс жолдарының өтімділігін қалпына келтіру
сөж
Қан айналымын қалпына келтіру.
сөж
Қарыншалар фибрилляциясы кезіндегі жедел жәрдем:
сөж
Пайдаланған әдебиеттер:
сөж
1/25
Средняя оценка: 4.0/5 (всего оценок: 24)
Код скопирован в буфер обмена
Скачать (733 Кб)
1

Первый слайд презентации: сөж

Тақырыбы: Кенеттен өлім. Жүрек- өкпе реанимациясын жүргізу ережелері. Орындаған : Назарбаева Н.Б 528 - топ, ЖМФ. Тексерген: Батенова Г.Б. Семей, 2015 ж. ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТ ІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

Изображение слайда
2

Слайд 2

Кіріспе. - кенеттен өлім түсінігі. 2. Негізгі бөлім. - кенеттен өлім себептері; - диагностикасы; - жүрек-өкпе реанимациясын жүргізу ережелері. 3. Қорытынды. 4. Пайдаланған әдебиеттер. ЖОСПАР:

Изображение слайда
3

Слайд 3: Кіріспе

Кенеттен өлім деп физиологиялық және психикалық қалыпты жағдайда жүрген адамның, ешқандай күдікті белгілерінсіз, алғашқы симптомдары басталғаннан 6 сағат ішінде қайтыс болуын айтады. Кенеттен болған коронарлы өлім дегеніміз – күтпеген жерден болатын, симптомдарының дами бастаған уақытынан бастап, 1 сағат арасында болған өлім.

Изображение слайда
4

Слайд 4

Кенеттен өлудің 90% кенеттен болған коронарлы өлім құрайды екен. Жүрек ұстамасы басталған уақытпен, өлімге ұшыраған уақыт аралығына байланысты мынадай түрлері болады : қасқағымды өлім, науқас бірнеше минут ішінде өледі және тез өлім, онда науқас алғашқы басталған белгілерінен бастап, бір сағат ішінде көз жұмады. Кенеттен өлудің 20% жастардың спортпен айналысу уақытында, 50% әртүрлі жағдайларда, ал 30% ұйқыда жатқанда болады.

Изображение слайда
5

Слайд 5: НЕГІЗГІ БӨЛІМ. Кенеттен өлімдердің негізгі себептеріне:

- Тыныстың тоқтауы ( апноэ ); - анықталмаған тәж артерияларының атеросклерозы; - миокардиттер ; - Марфан ауруында кеуде аортасының жарылуы немесе тәж артерияларының кенеттен тарылуы (спазм ); - қарыншалық фибриляция ; - қарыншалық тахикардия; - асистолия; - электромеханикалық диссоциациялар.

Изображение слайда
6

Слайд 6

Өкпе артериясының тромбоэмболиясы (ӨАТЭ) – бұл қанайналымдағы тромб түйіншіктерінен құралған эмболдың көк тамыр жүйесімен келіп, өкпе артриясын немесе оның бұтақтарының саңылауларын жауып қалуы. ӨАТЭ тамырлар зардабының көп таралған түрлерінің бірі, ол жүректің қабынып жарылу ауруынан және инсульттен кейінгі жиілігі жағынан үшінші орында, сондықтан адамның кенеттен қайтыс болуына негізгі себептердің бірі болып табылады.

Изображение слайда
7

Слайд 7: Диагностикасы

– кенеттен есінен тану, тартылулар ; – тынысының тоқтауы немесе агониялық тыныстардың болуы ( сирек, минутына 6 ретке дейін қырылдап тыныстану ); – ірі тамырлар соғысының, жүрек тондары мен АҚ жоғалулары ( ұйқы, сан артериялары ); – көз қарашықтарының кеңеюі ; – өңінің көгеріп бозаруы ; – ЭКГ-да қарыншалар фибрилляциясы немесе асистолия белгілері тіркелуі. Жүрек тоқтауының клиникалық диагнозын қою қиын емес : тамырлар соғысы жоғалады, адам есінен танады, одан кейін тынысы тоқтайды және көз қарашықтары кеңейеді. Осындай кезде ЭКГ тоспай-ақ реанимациялық шараларды бастай берген жөн.

Изображение слайда
8

Слайд 8: Ж үрек-өкпе реанимациясының негізгі ережелері:

1. науқасты тегіс жерге жатқызып, басын барынша шалқайтып, аяқ жағын көтеріңкі етіп қою керек.

Изображение слайда
9

Слайд 9

2. Массаж жасаушы адам алақандарын бірінің үстіне, бірін қояды. Алақанның негізгі төс сүйегі мен семсер тәрізді шеміршектің қиылысқан жерінен екі саусақ қиғаш жоғары тұруы керек.

Изображение слайда
10

Слайд 10

3. Қолды тік, шынтақ буынында имей ұстап, дене салмағымен омыртқаға қарай 4-5 см ығыстырып, ырғақпен басады. 4. Төс сүйегін омыртқаға қарай жаншудың ұзақтығы, жаншу аралығындағы уақытпен бірдей болуы тиіс, оның жиілігі минутына 90 рет. Массаж жасаушы қолын төстен алмауы керек.

Изображение слайда
11

Слайд 11

5. Өкпені жасанды желдендіру (ӨЖЖ) үшін Сафардың үш әдісін қолданамыз, олар: науқастың басын барынша шалқайтып, астыңғы жағын алға қарай жылжытып, аузын ашу. Науқастың ауыз қуысын толық қарап, жасанды тістері немесе бөгде заттар болса, саусақтармен алып тастау керек.

Изображение слайда
12

Слайд 12

6. Науқастың аузына дем жіберу үшін, мұрнынан қысып, аузынан ауа үрлейді немесе АМБУ қапшығымен маска арқылы ауа жібереді. Әр 5 массаждық қимылға, ауа үрленудің жиілігі минутына 1 реттен келеді. 7. Мүмкіндігінше 100 % оттегіні қолдану керек және кеңірдек интубациясын жүргізу қажет. 8. Дем жібергенде, кеуде қуысы экскурссиясының қарсыласуына қарай, тыныс жолдарының өткізгіштігін тұрақты бақылап отыру керек.

Изображение слайда
13

Слайд 13: 9. Асқазандағы сұйықтықтардың өңеш арқылы ағып, тыныс жолдарына кетіп қалмауы үшін Селлик әдісі қоданылады (онда көмейді жұтқыншақтың артқы қабырғасына қарай қысып ұстайды). Егер асқазандағы сұйықтықтар кері ағып, ауыз қуысына толып, одан кеңірдекке кетіп қалу қаупі туса, науқастың басын бір жағына қарай бұрып,ауызқуысындағы және жұтқыншақтағы сұйықтықтарды электр сорғышпен немесе тампонмен тазалап тастау керек

Изображение слайда
14

Слайд 14

10. Әр 5 минут сайын, 1 мг адреналин көктамырға енгізіледі. 11. Реанимацялық шаралардың әсерін үнемі бақылап отыру керек. Оны тері жабындылары мен шырышты қабаттарының түстерінің өзгеруінен, қарашықтардың тарылуынан және жарыққа реакциясының пайда болуынан, кенеттен тыныстың пайда болып, оның реттелуінен және ұйқы артериясында пульстің пайда болуынан білуге болады.

Изображение слайда
15

Слайд 15

Балалардағы ерекшелік: Баланың басын қатты шалқайтуға болмайды, себебі олардың жіңішке тыныс жолдарынан ауаның өтуі қиындайды; ӨЖЖ – 1 жасқа дейінгі балада ауыздан мұрынға, ал одан ересек балаға ауыздан ауызға жүргізіледі; 1 жасқа дейінгі сабиде: жүрекке жанама массаж бір саусақпен ғана жүргізіледі, қалған саусақтары арқасында орналасады; Компрессия тереңдігі төстен омыртқаға қарай 1-2 см ге ығысады, жиілігі минутына 100-120 рет; Ал 8жастан асқан балаларда жүрекке жанама массаж ересектерге жасағандай жүргізіледі, компрессия тереңдігі 2,5-3,5 см, жиілігі минутына 80-100 рет.

Изображение слайда
16

Слайд 16: Жедел жәрдем

1. Қанайналымы мен тынысты аздап болса да қолдауға мұрсат беретін реанимациялық шаралар. 2. Жүректің синустық ырғағын қалпына келтіру. 3. Постреанимациялық синдромды емдеу. 4. Қарыншалар фибрилляциясы қайталануының алдын алу.

Изображение слайда
17

Слайд 17: Алғашқы дәрігерлік көмек

– Прекардиялық аумақты жұдырықпен ұрғылау. – Жүректің жабық массажы мен өкпені жасанды желдендіру. – Электрлік дефибрилляция (ЭДФ). – Жедел жәрдем емінің тиімді болуына уақытты ұта білу мен техникалық тұрғыдан іс-шараларды дұрыс және ретімен орындай алудың маңызы зор. Реанимацияның күттірмейтін ( дәрігерге дейінгі ) фазасы онымен таныс кез-келген адаммен бастай берілуі тиіс. Осы шаралардың ұтымды реттілігі «АВС» ережесіне сай үш тәсілден тұрады : – Aire way open ( ауаға жол ашу ) – тыныс жолдарының өтімділігін қалпына келтіру. – Breath bor vinetim ( пациент үшін тыныс алу ) – өкпенің желдендіруін қалпына келтіру. – Circulaition on his blood ( қан айналымы ) – қан айналымын қалпына келтіру.

Изображение слайда
18

Слайд 18: Тыныс жолдарының өтімділігін қалпына келтіру

Тез жасалуы тиіс, адамның басын шалқайтқанда тілдің түбі алдыға жылжиды да көмейдегі тыныс жолы ашылады. Өкпенің желдендіруін қалпына келтіру. « Ауыздан ауызға », « Ауыздан танауға » тәсілдерін жасау оңай. « Ауыздан ауызға » тәсілінде адамның басын шалқайтады да төменгі иегін алдыға жылжытады, кеудесін ауаға толтырған көмек беруші адам пациенттің аузына толық ауаны үрлеп жібереді. Одан соң пациенттің ауызан босатады, сол кезде оның тыныс шығаруы өздігінен болады. Осындай іс-шараларды ірбір 5 секунд сайын қайталайды. Жасанды тыныстандыру кезінде пациенттің кеудесі керіліп, содан соң басылуы тиіс.

Изображение слайда
19

Слайд 19

Изображение слайда
20

Слайд 20: Қан айналымын қалпына келтіру

Ол үшін жүректің жабық массажы жасалады. Ол өкпені жасанды тыныстандырумен бірге жасалады.

Изображение слайда
21

Слайд 21

Егер реанимацияны 1 адам жасаса, онда тыныстандыру мен жүрек массажының қатынасы 2:15 болуы тиіс (15 массаж + 2 тыныстандыру ). Егер 2 адам жасаса, онда 5 рет жүрек массажы + 1 тыныстандыру жасалуы тиіс. Реанимацияның тиімділігін қадағалау үшін ірі артериялар соғыстарын, ең дұрысы көз қарашығының өзгерулерін тексеріп отыру керек. Егер шара тиімді болса, онда мидың қанайналымы қалпына келеді де көз қарашықтары тарылады. Өзгермей кеңіген көз қарашықтары биологиялық өлімді білдіреді.

Изображение слайда
22

Слайд 22: Қарыншалар фибрилляциясы кезіндегі жедел жәрдем:

Осы кездегі ең және жалғыз тиімді әдіске электрлік дефибрил-ляция жатады. Дефибриллятор болмаған кезде басқа шаралар тиімсіз. Миокард инфаркты кезіндегі тез жасалған электрлік дефибрилляция-ның тиімділігі 90% жуық.

Изображение слайда
23

Слайд 23

Алдымен 200 дж (5 кВ ) қуат беріледі, тиімсіз болса тез арада қуатын 300-400 дж (6-7 кВ ) дейін көтеріп бірнеше рет қайталайды. Егер онда да көмек болмаса, онда барлық реанимациялық іс-шараларды жалғастыра отырып әрбір 5 минут сайын электрлік дефибрилляцияны қайталайды, жүрек ішіне не венаға 1 мг- нан адреналин егеді. Рефрактерлі фибрилляция кезінде адрена-линнен басқа 100 мг- нан лидокаинді қайталап егеді, егер көмек болмаса, онда – новокаинамид, кордарон қолданады.

Изображение слайда
24

Слайд 24: Пайдаланған әдебиеттер:

1. «Жедел медициналық жәрдем ». – Тұрланов Қ.М., Қалқабаева С.А. 2. «Неотложная медицинская помощь», А.В.Сучкова, А.В.Низового, Ю.Л.Амченкова. 3. Интернет желісі.

Изображение слайда
25

Последний слайд презентации: сөж

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!

Изображение слайда