Презентация на тему: СӨЖ №3. 1-тапсырма. Компьютерлі ойындар, олардың бала психикасына әсері

Реклама. Продолжение ниже
СӨЖ №3. 1-тапсырма. Компьютерлі ойындар, олардың бала психикасына әсері.
СӨЖ №3. 1-тапсырма. Компьютерлі ойындар, олардың бала психикасына әсері.
СӨЖ №3. 1-тапсырма. Компьютерлі ойындар, олардың бала психикасына әсері.
СӨЖ №3. 1-тапсырма. Компьютерлі ойындар, олардың бала психикасына әсері.
СӨЖ №3. 1-тапсырма. Компьютерлі ойындар, олардың бала психикасына әсері.
СӨЖ №3. 1-тапсырма. Компьютерлі ойындар, олардың бала психикасына әсері.
СӨЖ №3. 1-тапсырма. Компьютерлі ойындар, олардың бала психикасына әсері.
СӨЖ №3. 1-тапсырма. Компьютерлі ойындар, олардың бала психикасына әсері.
1/8
Средняя оценка: 4.7/5 (всего оценок: 24)
Код скопирован в буфер обмена
Скачать (12645 Кб)
Реклама. Продолжение ниже
1

Первый слайд презентации

СӨЖ №3. 1-тапсырма. Компьютерлі ойындар, олардың бала психикасына әсері. Баланың виртуалды әлемі. Орындаған: Қабыл Г.А. Пқ-312топ білімгері Тексерген: Капенова А.А.

Изображение слайда
Изображение для работы со слайдом
1/2
2

Слайд 2

Компьютер адамзаттың өркениет жолымен дамуына ықпал ететін басты құралдардың бірі екені даусыз. Қай салада болмасын компьютер кеңінен қолданылып, адамдар тіпті онсыз өмір сүруін елестете алмайтындай дәрежеге жетті.Ал компьютерлік ойындар балалардың құмартып ойнайтын ойындарының біріне айналып, оған деген тәуелділігі күннен- күнге артып отыр. Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы құмар ойындарын психиканың бұзылуына әкеліп соқтыратын, адам ағзасына қауіпті ойындардың қатарына енгізді.

Изображение слайда
Изображение для работы со слайдом
Изображение для работы со слайдом
1/3
3

Слайд 3

«21 ғасыр- компьютер ғасыры» деп атап, айдар тағуымыздың өзі осыны дәлелдеп отыр. Өкінішке орай, кез келген өркениеттің екі жағының болатыны бар. Біріншіден, біздің қоғамымыздың алға жылжуы болса, екінші жағынан рухани құндылықтарға кері әсерін тигізеді. Қазіргі таңда мектеп жасына дейінгі баланың өзі жазу – сызуды білмесе де, компьютердің не екенін жақсы біледі. Демек, бала заманына қарай өседі. Технология тілін жатық біле бермейтін әке – шешелері «қазіргі балалар іштен біле туады» деп те айтып жатады. Компьютерге осыдан 10 жыл бұрын тек қалталылардың ғана қолы жетсе, бүгінгі күні оны әрбір үйден көруімізге болады. Сондықтан болар компьютерлік ойындар балалардың құмартып ойнайтын ойындарының біріне айналды. Қазіргі балалардың досы – компьютер, осы бір жансыз темірдің алдында кешке дейін отырса да жалықпайды. Бұндай балаларды компьютерден басқа еш нәрсе қызықтырмайды.

Изображение слайда
Изображение для работы со слайдом
Изображение для работы со слайдом
Изображение для работы со слайдом
1/4
4

Слайд 4

Санкт-Петербургтегі В.М. Бехтерев атындағы Психоневрологиялық институтының ғалымдары компьютерге үйірсектіктің он белгісін көрсетіп берді. Олар: 1)компьютер алдында бір ойынды ойнап бірнеше сағат отыру; 2) ата-аналарымен кикілжіңге бару, 3)үйге кешігіп келу; 4)сабаққа үлгерімі нашарлап, 5)сабаққа жиі бармай қалу; 6) баланың бұрынғы достарымен қарым-қатынасы азаяды; 7) өзі сияқты компьютерге үйірсектермен ғана араласады; 8)күнделікті ақшаға сұранысы көбейеді; 9) берген уәдесін орындамайды; ашуланшақ, мазасыздану мінездері пайда болады; 10)ұйқысы бұзылып, зейіні мен есте сақтау қабілеті нашарлайды; көз жанары төмендейді, басы ауырады,омыртқасы бұзылуы басталады. Осы белгілердің бесеуі бала бойында анықталса, «компьютер ойынына тәуелділік ықтимал» деген анықтама қойылады.

Изображение слайда
Изображение для работы со слайдом
Изображение для работы со слайдом
1/3
5

Слайд 5

Компьютерлік ойындардың негізгі түрі — атыс-шабыс, төбелес. Бұл алдымен баланың мінез-құлқына әсер етеді. Өйткені ойынның бас кейіпкері болған бала үнемі ұта бермейтіні анық. Кейде жеңеді, кейде жеңіледі. Ал ұтылған сайын оның ойынға деген құмарлығы арта түседі. Өзі сол әлемнің батыры болуға ұмтылады. Сырттағы дүниені ұмытып, қым-қиғаш соғыс алаңында немесе сатырлаған төбелестің ортасында, әйтеуір, жарыс алаңында жүреді. Бұндай кезде баланың жүйке жүйесі бұзылып, ашу-ызаға жол береді. Ұтылып қалса, көңіл күйі болмайды. Тіпті осындай кезде айналасындағы адамдардың сөзін тыңдамай, ренжісіп қалуы мүмкін. Екіншіден, компьютерлік ойындардардың көпшілігі атыс-шабысқа негізделгендіктен, бұндай ойынға әуес балалардың бойында мейірімділік, ізгілік қасиеттері азаяды.

Изображение слайда
Изображение для работы со слайдом
Изображение для работы со слайдом
Изображение для работы со слайдом
1/4
6

Слайд 6

Қазір қаланың кез келген үйінде компьютер бар. Балалардың көпшілігі бос уақытын осы көгілдір экрандағы ойынмен өткізеді. Онан қалса теледидардан шетелдің шуы көп мультфильмдері мен киноларын тамашалайды. Яғни, баланың өзге дүниемен айналысуына мүмкіндігі бола бермейді. Кейде үй тірлігіне алаңдаған ата-ана баласының тыныш отырғанын тәуір көріп, компьютер мен теледидарды көруіне ешқандай шек қоймайды. Керісінше ойынның түрін әкеліп баланы қызықтыратындар бар. Бірақ уақыт өте келе олар кішкентайларының компьютерге қалай тәуелді болып қалғанын аңғармайды. Ал компьютерлік ойын кімге бол­са да қызық. Кейде үлкендердің өзі осы ойынның шырмауынан шыға алмай қалады.

Изображение слайда
Изображение для работы со слайдом
Изображение для работы со слайдом
Изображение для работы со слайдом
1/4
7

Слайд 7

Компьютер алдында ұзақ отыру, біріншіден, баланың көзіне зиян. Өйткені үздіксіз экранға қадалу көз жанарының көруін әлсіретіп, құлақтың есту қабілетін төмендетеді. Көз экрандағы мәт i н немесе өзге де бейнелердің әлсіз д i р i лдеулер i н тез қабылдайды. Сөйтіп көзге шамадан тыс салмақ түсіп, көру қабілетін жоғалтады. Мәселен, экрандағы түрлі түстер, тіпті әріптер мен терезелер де көзге теріс әсерін тигізеді. Осының салдарынан көз жасаурап, тез шаршайды. Егер дер уақытда алдын алмаса, бұл түрлі көз ауруларына соқтыруы мүмкін. Баланың ұйқысы бұзылып, асқа тәбеті болмайды. Ал ұйқысы қанбаған баланың ойлау қабілеті әлсіреп, зейіні төмендейтіні белгілі. Екіншіден, бала компьютер алдында дұрыс отырмаса, сымбаты бұзылады. Бел омыртқаға көп күш түскендіктен, омыртқа қалыптасқан үлгіден өзгеріске ұшырайды. Соның салдарынан скалиоз, омыртқа ауруына шалдығуы мүмкін. Бұған қоса электрленген сәулелер саусақ ұштарына әсер етіп, қолдың буындарына зақым келтіреді. Сондықтан ата-анаға айтар кеңес, баланы бес жасқа дейін компьютерлік ойындарға жолатпағаныңыз абзал. Компьютер тұрған бөлмені жиі тазалап, үстел мен компьютерді арнайы дымқыл сүрткішпен сүртіп тұрыңыз. Егер компьютердің айналасы шаң-тозаң болса, бала денсаулығына қауіп. Балаңыз компьютерді пайдаланғанда көз және дене жаттығуларын жасатуды әдетке айналдырыңыз. Өйткені экраннан таралатын электр магнитті толқындар баланың денсаулығына өте зиян.

Изображение слайда
Изображение для работы со слайдом
Изображение для работы со слайдом
1/3
Реклама. Продолжение ниже
8

Последний слайд презентации: СӨЖ №3. 1-тапсырма. Компьютерлі ойындар, олардың бала психикасына әсері

Жанашыр мамандар «ғасыр дерті» деп бағалап отырған бұл сырқатпен күрес жалпыхалықтық іске айналуы тиіс. Себебі ТМД елдері ішінде компьютер мен интернетті пайдалану ісінде Қазақстан алдыңғы қатарға баяғыда-ақ шығып қойған. Ендеше, егер аталған компьютеромания ауруы кейбір отбасы мүшелерінде пайда болғаны анықталса, оған қарсы тиімді шаралар осы бастан жүргізілуі тиіс. Ал егер ондай сырқаттың ауылы әлі алыстау сияқты көрінсе, онда аталған дерттің алдын алу, тұтынушыларға заманауи технологияларды пайдалануды қалай тиімді жүргізуге болатыны жайлы сауат ашу курстарын жүргізген лазым. Оған көбінесе дәрігер-мамандар және High-tech, яғни жоғарғы технология мамандары міндетті түрде қатыстырылғаны абзал. Әйтпесе, осыдан бірнеше онжылдықтар бұрын компьютерлік ең соңғы жаңалықтарды елдеріне енгізу үшін жылына бірнеше миллиондаған доллар қаржы бөлген елдердің бүгінгі таңда сол технологиялық дамулардың зияндарымен күрестерге соншама қаржы бөлуге мәжбүр болғанын айта кеткеніміз жөн болар

Изображение слайда
Изображение для работы со слайдом
Изображение для работы со слайдом
1/3
Реклама. Продолжение ниже