Презентация на тему: Сыртқа шығару (экскреция)

Сыртқа шығару (экскреция)
Сыртқа шығару үрдістерінің маңызы
Сыртқа шығару үрдістерінің маңызы
Сыртқа шығару қызметтік жүйесі
Сыртқа шығару мүшелері
Сыртқа шығару (экскреция)
Сыртқа шығару мүшелері
Өкпе арқылы сыртқа шығару ҚЖ
Өкпе арқылы сыртқа шығару ҚЖ
Тер бездерінің маңызы
Ас қорыту жолы арқылы сыртқа шығару ҚЖ
Сыртқа шығарудың негізгі мүшесі – бүйректер
Бүйректің қызметтері
Бүйректің құрылысы:
Бүйректің құрылысы:
Бүйректің қанмен қамтамасыз етуінің ерекшеліктері
Бүйректердің қанмен қамтамасыз ету ерекшеліктері
Нефронның құрылысы және қанмен қамтамасыз етілуі
Нефронның құрылысы
Сыртқа шығару (экскреция)
Несеп түзілу теориясы
Несеп түзілу механизмі
Сүзілу үрдісі
Сүзілу үрдісі
Сүзілу үрдісі
Сыртқа шығару (экскреция)
Шумақтағы сүзілу келесі факторларға тәуелді
Сыртқа шығару (экскреция)
Сыртқа шығару (экскреция)
Шумақтағы сүзілудің жылдамдығы
Шумақтық сүзілудің жылдамдығы
Түтікшелердегі қайта сорылу
Түтікшелердегі қайта сорылу
Қайта сорылу
Қайта сорылу
Соңғы несептің құрамы
1/36
Средняя оценка: 4.1/5 (всего оценок: 73)
Код скопирован в буфер обмена
Скачать (1721 Кб)
1

Первый слайд презентации: Сыртқа шығару (экскреция)

– бұл ағзаның зат алмасу барысында түзілген, қолданысқа қажет емес соңғы өнімдердің, сонымен қатар ағзадан артық суды, тұздарды, органикалық заттарды, бөгде және уытты заттарды сыртқа шығару үрдісі

Изображение слайда
2

Слайд 2: Сыртқа шығару үрдістерінің маңызы

Сыртқа шығару үрдістері ағзаның ішкі ортасының тұрақтылығын сақтап тұрады. Негізгі қоректік заттардың – ақуыз, май және көмірсудің ыдырау нәтижесінде ағзада несепнәр, несеп қышқылы, креатинин, аммиак, карбонат, сульфат, фосфат, индикан, уробилин және т.б. заттар түзіліп, зат алмасуға белгілі бір мөлшерде қатысады. Алайда, аталған заттардың мөлшерінің шамадан тыс артуы ағзаның қалыпты тіршілігін қамтамасыз ететін метаболизм үрдісі үшін қауіпті болуы мүмкін.

Изображение слайда
3

Слайд 3: Сыртқа шығару үрдістерінің маңызы

Ағзаның қалыпты тіршілігі аталған заттардың ағзадан шығарылған соң ғана жүзеге асады. Метаболизм үшін қауіпті қажетсіз өнімдерді ағзадан шығару – сыртқа шығару ҚЖ қызметі. Сыртқа шығару ҚЖ өзара бір-бірімен байланысты бірнеше жүйелерден тұрады. Олардың барлығы ортақ соңғы нәтижеге – тіршілік әрекетінің зиянды өнімдерінің метаболизм үшін тиімді деңгейін ұстауға негізделеді.

Изображение слайда
4

Слайд 4: Сыртқа шығару қызметтік жүйесі

Сыртқа шығару қызметтік жүйесіне кіреді : Тіршілік әрекетінің өнімдерін тер бездері, өкпе арқылы және асқазан-ішек жолдары арқылы сыртқа бөліп шығару ҚЖ

Изображение слайда
5

Слайд 5: Сыртқа шығару мүшелері

Изображение слайда
6

Слайд 6

Ағзадан улы заттарды сыртқа шығару бірнеше жол арқылы іске асады: термен, ас қорыту жолдарының сөлдерімен, дем шығаратын ауамен, несеппен және нәжіспен.

Изображение слайда
7

Слайд 7: Сыртқа шығару мүшелері

Изображение слайда
8

Слайд 8: Өкпе арқылы сыртқа шығару ҚЖ

Өкпенің басты қызметі – қаннан СО 2 газы түріндегі «ұшқыш» көмір қышқылын үздіксіз түрде шығарып отыру. Өкпе ағзадағы сутегі иондарының концентрациясын ұстауға қатысады. Қандағы СО2 мен Н+ концентрациясы артқанда өкпенің желденуі күшейіп, ағзадан көмір қышқылының шығарылуын қамтамасыз етеді.

Изображение слайда
9

Слайд 9: Өкпе арқылы сыртқа шығару ҚЖ

Өкпе арқылы ағзадан ұшатын анестетиктер (азоттың шала тотығы, эфир булары және т.б.), алкаголь, ұшатын органикалық еріткіштер мен фумиганттар шығарылады. Өкпе арқылы сыртқа шығару ҚЖ

Изображение слайда
10

Слайд 10: Тер бездерінің маңызы

зат алмасу үрдісінде түзілетін ыдырау өнімдерін сыртқа шығару; жылу реттеуге қатысады, өйткені терінің сыртқы бетінен тердің булануы жылу бөлінудің факторы болып табылады; осмостық реттелуге қатысады, яғни су мен тұз бөліну жолымен осмостық қысымның тұрақтылығын (изоосмия) ұстайды.

Изображение слайда
11

Слайд 11: Ас қорыту жолы арқылы сыртқа шығару ҚЖ

Сілекеймен экзогендік заттар шығарылады ( сынап, күшәла, висмут, бром тұздары, йод, морфин, дәрілік препараттар ). Асқазан және ішек сөлдері арқылы ағзадан бикарбонаттар, несепнәр, ауыр металлдардың кейбір тұздары, дәрілік препараттар (салицилаттар), бөгде орг. қосылыстар шығарылады.

Изображение слайда
12

Слайд 12: Сыртқа шығарудың негізгі мүшесі – бүйректер

Несепті түзуші, жинақтаушы және шығарушы мүшелердің жүйесі. Адамда және жоғары сатыдағы жануарларда несеп шығару жүйесі тұрады: екі бүйректерден екі несепағардан қуықтан несеп жолынан

Изображение слайда
13

Слайд 13: Бүйректің қызметтері

Экскрециялық (зәр түзу және зәр шығару); Судың және мин.тұздардың тепе-теңдігін сақтау; Қанның артериялық қысымын реттеу (қан тамырларын тарылтатын фермент – ренин және қан тамырларын кеңейтетін простогландин бөлу); Қан жасау (эритропоэтин гормонын бөлу); Қандағы түрлі ақуыздардың мөлшерін қалыпта ұстау – қанның онкотикалық қысымын реттеу; Қышқыл-сілтілік тепе-теңдікті ұстау; Қанның осмостық қысымын реттеу (изоосмия)

Изображение слайда
14

Слайд 14: Бүйректің құрылысы:

Изображение слайда
15

Слайд 15: Бүйректің құрылысы:

Бүйрек қыртысты (бүйректің беткей қабатына жақын орналасқан) және милық (ішкі қабат) заттан тұрады. Қыртысты заты милық қабатқа Бертини бағандары түрінде енеді, ал милық заты қыртысты затқа Феррейн сәулелері түрінде көтеріледі. Бүйректе бүйрек ұлпасы (несепті түзу үшін қажетті қанның сүзілуіне жауапты) мен тостағанша-түбекше жүйесін (түзілген несепті жинақтау және шығаруға жауапты) ажыратады.

Изображение слайда
16

Слайд 16: Бүйректің қанмен қамтамасыз етуінің ерекшеліктері

Изображение слайда
17

Слайд 17: Бүйректердің қанмен қамтамасыз ету ерекшеліктері

Шумақ капиллярларындағы жоғары қысымы - 70 мм Hg Жоғары көлемдің қан ағысы - 1 / 4 ҚМК - 1800 л / тәул Капиллярлардың екі қабаты Қыртыстық және юкстамедуллярлық нефрондардың милық затының капиллярларының ерекшеліктері (тура ұзын ілмектер) Қыртыстық қан айналымының өзін өзі реттеу механизмі

Изображение слайда
18

Слайд 18: Нефронның құрылысы және қанмен қамтамасыз етілуі

Изображение слайда
19

Слайд 19: Нефронның құрылысы

Бүйректің құрылымдық-қызметтік бірлігі – нефрон (саны 2 млн). Ол капсуладан және проксимальды иректелген түтікшеден, Генле ілмегінен, дистальды иректелген түтікшеден тұрады. Нефрондар орналасуына қарай: 1) Суперфасциальды (капсула асты) (1 % ); 2) Қыртыстық (85 % ); 3) Юкстамедуллярлық (милық зат маңы) (14 % ).

Изображение слайда
20

Слайд 20

Изображение слайда
21

Слайд 21: Несеп түзілу теориясы

Фильтрациялық-реабсорбциялық-секрециялық теория Несеп түзілуінің негізінде 3 үрдіс жатады: шумақтағы сүзілу түтікшелердегі қайта сорылу түтікшелердегі секреция

Изображение слайда
22

Слайд 22: Несеп түзілу механизмі

Несептің түзілуі бір-бірімен тығыз байланысты бір іздік үрдістерден тұрады: 1) шумақтық сүзілу (ультрафильтрация) – қан плазмасынан су мен төменгі молекулалық компоненттердің бүйрек шумағының капсуласына біріншілік несептің түзілуімен жүретін үрдіс; 2) түтікшелік қайта сорылу – сүзгіден өткен заттар мен судың біріншілік несептен қанға кері сорылуы; 3) түтікшелік секреция – иондар мен органикалық заттардың қаннан түтікше саңылауына тасымалдануы.

Изображение слайда
23

Слайд 23: Сүзілу үрдісі

Сүзілу (фильтрация) Шумлянский-Боумен капсуласында өтеді, сонда шумақтық капиллярлар арқылы ағатын қан плазмасынан су және плазмада еріген заттар (ірі мол. ақуыздан басқа) сүзіледі.

Изображение слайда
24

Слайд 24: Сүзілу үрдісі

Сүзілу бүйрек шумақтарында жүзеге асады. Фильтрат шумақты түзетін капиллярлар эндотелийінен, базальды мембранадан және шумақ капсуласының эпителийі арқылы барьерден өтеді. Базальды мембраналардың саңылауының диаметрі 2-4 нм; саңылаулардың жалпы ауданы жалпы сүзілу беткейінің 4-10 % құрайды. Осы сүзгі арқылы қан плазмасынан алғашқы зәр түзіледі. Ол арқылы су, тұздар, глюкоза, төмен мол.ақуыздар өтеді.

Изображение слайда
25

Слайд 25: Сүзілу үрдісі

Бүйректер жоғары мол. заттарды ұстап, салмағы кішігірім және орташа молекулаларды ғана өткізетін күшті ультрафильтрат ретінде жұмыс атқарады. Фильтраттың құрамында қан плазмасының базальды мембрана саңылауынан өтетін көлемі кіші барлық бөліктер бар. Молекулалық салмағы 15000 астам молекулалар үшін сүзгіден өту қиынға соғады. Қан плазмасының протеиндері (және олармен байланысқан төменгі молекулалық заттар) сүзгіден өтпейді. Бүйректің шумақтық аппаратынан өту үшін заттардың суда және майда ерігіштігі анықтаушы факторға жатпайды.

Изображение слайда
26

Слайд 26

Изображение слайда
27

Слайд 27: Шумақтағы сүзілу келесі факторларға тәуелді

Шумақтық капиллярлардағы гидростатикалық қысым = 70 мм с.б. ( орташа артериялық қысымы = 100 мм с.б.) Қан плазмасының онкотикалық қысымы = 30 мм с.б. Шумақ капсуласындағы ультрафильтраттың гидростатикалық қысымы ( бүйрек ішіндегі қысымы ) = 20 мм с.б. Фильтрациялық қысым : 70 – (30 + 20) = 20 мм с.б.

Изображение слайда
28

Слайд 28

Изображение слайда
29

Слайд 29

Шумақтағы сүзілу

Изображение слайда
30

Слайд 30: Шумақтағы сүзілудің жылдамдығы

Сүзілу үрдісінің негізгі сандық көрсеткіші – шумақтық сүзілудің жылдамдығы (ШСЖ). ШСЖ – бұл уақыт бірлігінде (минутте) бүйректе пайда болатын ультрафильтраттың (алғашқы несептің) мөлшері.

Изображение слайда
31

Слайд 31: Шумақтық сүзілудің жылдамдығы

Қалыпты ШСЖ еркектерде шамамен 125 мл/мин, әйелдерде – 110 мл/мин. Бір тәулікте шамамен 180 л біріншілік несеп түзіледі, 25 мин ішінде 3 л қан плазмасы сүзгіден өтеді. Бір тәуліктің ішінде қан плазмасы шамамен 60 рет сүзіледі, яғни тазартылады. Соңғы несептің мөлшері тәулігіне шамамен 1,5 л тең болады, демек алғашқы несептің көлемінен осы уақытта шамамен 178,5 л сұйық түтікшелерде қайтадан қанға сорылады.

Изображение слайда
32

Слайд 32: Түтікшелердегі қайта сорылу

Шумақтық фильтрат құрамында еріген заттармен бірге нефрон капсуласынан (Боумен капсуласы) шығып, иірімделген түтікшелер арқылы, Генле ілмегі арқылы, дистальды түтікшелер арқылы жинақтаушы түтікшелерге тасымалданады. 2 млн түтікшелердің әрқайсысының ұзындығы 3-5 см. Түтікшелердің жалпы ауданы 7-8 м² тең.

Изображение слайда
33

Слайд 33: Түтікшелердегі қайта сорылу

Изображение слайда
34

Слайд 34: Қайта сорылу

Глюкоза мен амин қышқылдары белсенді тасымал жолымен (концентрациялық градиентке қарсы) сіңіріледі. Натрий иондары электр-химиялық градиентке қарсы жолмен қайта сорылады. Na +, K +, АТФ-аза ферменттерінің қатысуымен және АТФ энергиясының шығындалуымен жүзеге асады. Хлор иондары натрийдің белсенді тасымалынан түзілетін электрохимиялық градиент бойынша қайта сорылады, яғни (+) зарядталған Na иондары электростатикалық өзара әрекеттесуымен өзімен бірге (-) зарядталған C І иондарын тартады.

Изображение слайда
35

Слайд 35: Қайта сорылу

Су қайта сорылу пассивті транспорт, диффузия және осмос заңдары бойынша қайта сіңіріледі. Глюкоза, натрий, калий, кальций проксимальды түтікшелерде біріншілік зәрден ұлпа сұйықтығы мен қанға сіңіп, ұлпа сұйықтығының осмостық қысымын жоғарылатып, түтікшелердегі несептің осмостық қысымын төмендетеді. Сөйтіп су осмостық қысымның айырмашылығынан біріншілік зәрден ұлпа сұйықтығына және қанға өтеді. Аталған үрдіс органикалық және бейорганикалық қосылыстардың белсенді тасымалымен қатар жүреді.

Изображение слайда
36

Последний слайд презентации: Сыртқа шығару (экскреция): Соңғы несептің құрамы

Несепнәр ақуыз катаболизмнің нәтижесінде пайда болады. Бір тәулікте 100 г ақуыздан 30 г несепнәр түзіледі. Қандағы несепнәрдің қалыпты концентрациясы 5 ммоль/л. Несеп қышқылы нуклеин қышқылдарынан түзіледі. Қандағы несеп қышқылының мөлшері 0,25 – 0,30 ммоль/л., тәулігіне несеппен 0,7 г шығарылады. Креатинфосфаттан бұлшықетте креатин түзіледі, ол креатининге айналады. Қандағы креатинин мөлшері – 60-100 мкмоль/л., тәулігіне несеппен 1,5 г шығады. Аммиак бүйректе бірқатар амин қышқылдарының (глутамин) дезаминдену нәтижесінде пайда болады, ол сутегі иондармен қосылып, аммонийге айналады. Қандағы аммиактің мөлшері 0,03-0,08 мкмоль/л., несеппен 0,3 – 1,2 г шығарылады.

Изображение слайда