Презентация на тему: Сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерді қорғау

Сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерді қорғау
Қызыл кітап
Бірінші басылым
Екінші басылым
Үшінші басылым
Қорықтар тұтас қорғалатын табиғи аймақ.
Кәдімгі өрік
Шолпаншаш сүмбілі
Көктем жанаргүлі
Афлатун жуасы
Сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерді қорғау
Ақбөкен
Қар барысы
Сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерді қорғау
Пайдаланған әдебиеттер
1/15
Средняя оценка: 4.9/5 (всего оценок: 83)
Код скопирован в буфер обмена
Скачать (3701 Кб)
1

Первый слайд презентации: Сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерді қорғау

Тексерген:Даутбаева.Н.Б Орындаған:Жасуланова.А.Ж

Изображение слайда
2

Слайд 2: Қызыл кітап

Сирек кездесетін және жойылып кету қауіпі бар өсімдіктер мен жануарлар түрлерін қорғау мақсатымен жазылған. Қазақстанда “ Қызыл кітап ” тұңғыш рет 1978 жылы шықты. Онда омыртқалылардың сиреп бара жатқан түрлері тіркеледі.

Изображение слайда
3

Слайд 3: Бірінші басылым

“ Қазақстанның Қызыл кітабының ” бірінші басылымына тіркелген өсімдіктер мен жануарлар түрлері екі категория бойынша : А категориясы – жойылып кету қаупі төнген түрлер ; Б категориясы – сирек кездесетін түрлер деп берілді. “ Қазақстанның Қызыл кітабының ” жануарларға арналған бірінші басылымында омыртқалы жануарлардың 87 түрі : Балықтың 4, Қосмекенділердің  1, Б ауырымен жорғалаушылардың 8, Құстардың  43, Сүтқоректілердің 31 түрі тіркелді. 1991 ж.

Изображение слайда
4

Слайд 4: Екінші басылым

Кітаптың екінші басылымына омыртқалы жануарлардың 129 түрі мен түр тармақтары тіркелді. Онда балықтардың 16, қосмекенділердің 3, бауырымен жорғалаушылардың 10, құстардың 58, С үтқоректілердің 42 түрі мен түр тармақтары туралы мәліметтер берілген.“ Қазақстанның Қызыл кітабының ” екінші басылымында алғаш рет омыртқасыз жануарлардың 105 түрі берілді, онда Жәндіктердің 96, Шаянтәрізділердің 1, Ұлулардың 6, Құрттардың 2 түрі туралы деректер тіркелген. 1996 ж.

Изображение слайда
5

Слайд 5: Үшінші басылым

“ Қазақстанның Қызыл кітабының ” үшінші басылымы қайта өңделіп, әрі толықтырылып, қазақ тілінде шықты. Бұл үшінші басылымның бірінші томы “ Жануарлар ”, оның бірінші бөлімі “ Омыртқалылар ” деп аталды. Онда омыртқалы жануарлардың 125 түрі мен түр тармағы туралы деректер берілген.“ Қазақстанның Қызыл кітабының ” үшінші басылымында тіркелген жануарлар түрлері 5 категория бойынша : 1-категория – жойылып бара жатқан ; 2-категория – саны жылдан-жылға күрт азайып бара жатқан ; 3-категория – сирек кездесетін ; 4- категория – ғылыми тұрғыдан толық зерттелмеген ; 5-категория – қалпына келтірілген түрлер деп берілген.

Изображение слайда
6

Слайд 6: Қорықтар тұтас қорғалатын табиғи аймақ

Алматы мемлекеттік қорығығы ( Іле Алатауы ) Ақсу - Жабағлы мемлекеттік қорығы ( Талас Алатауы ) Барсакелмес қорығы ( Барсакелмес аралы ) Қорғалжын ( Ақмола облысы ) Наурызым мемлекеттік қорығы ( Қостанай мемлекеттік аймағы ) Марқакөл мемлекеттік қорығы ( Оңтүстік Алтай ) Үстірт қорығы ( Маңғыстау ) Батыс Алтай қорығы ( Шығыс Қазақстан ) Алакөл қорығы ( Алматы облыс Талдықорған )

Изображение слайда
7

Слайд 7: Кәдімгі өрік

Биіктігі 3-10 метрге жететін ағаш. Діңгегінің диаметрі 25-30 см- ге жетеді. Жиі бұтақталған, бұтақтары жалаңаш. Жапырақтарының ұзындығы 6-9 см, жалаңаш, кең жұмыртқа және эллипс пішіндес, жиектері майда тісті, сағақтары қою қызыл түсті. Жапырақ жаймай тұрып гүлдейді. Гүлдерінің саны көп, ақ немесе қызғылт түсті. Жемістерінің түстері сарыдан қызылға дейін болады.

Изображение слайда
8

Слайд 8: Шолпаншаш сүмбілі

Қазақстанда өте сирек кездесетін түр. Жекелеген оқшау популияциялары   Жоңғар Алатауы, Солтүстік және Батыс   Тянь-Шаньда кездеседі. Жалпы орта азиядан басқа Оңтүстік Еуропада, Қырымда, кіші Азияда кең таралған. Тіршілік ету ортасының өзіңдік ерекшелігімен сипатталады., яғни көлеңкелі ылғалды ізбесті және сарқырамаға жақын, жылғалар жағалауындағы тау жыныстары шатқалдарында кездеседі.

Изображение слайда
9

Слайд 9: Көктем жанаргүлі

С арғалдақтар тұқымдасына жататын бір немесе   көпжылдық шөптесін өсімдік. Биіктігі 20 см- ге дейін.  Сабағын   қоңыр қабыршақтар жауып тұрады, қабыршақтарына жаңару бүрлері орналасады. Жапырақтары сағақсыз, ашық сары түсті үлкен гүлкүлтелі гүлдері жалғыз, қоңыр тамыр сабағы бар.  Тұқымынан   және тамырсабағы арқылы вегетативті жолмен көбейеді. Мамыр айында гүлдеп, шілдеде, жеміс береді. Жемісі күрделі, көптеген біртұқымды жаңғақшалардан тұрады. Көктем жанаргүлі - сирек кездесетін еуроазиялық далалық түр. Қазақстанның   Қызыл кітабына енгізілген.

Изображение слайда
10

Слайд 10: Афлатун жуасы

Өте әдемі сәндік   өсімдік  - сабағы биік, ұзын көкшіл топтанған жапырақтары бар, ақшыл күлгін гүлдері үлкен   гүл   шоғырында жиналған. Мәдени түрде төзімді, тұқымы арқылы көбейеді. Тек Алматыда ғана емес, тіпті Мәскеуде де жақсы өседі. Табиғи популяциялары пиязшықтарын тағамдық және жоғарғы сапалы желім алу мақсатында жаппай жинау нәтижесінде зардап шегіп отыр. Түрдің табиғаттағы жағдайына бақылау жасап, зерттеп, мәдени түрде өсіруді қолға алу керек.

Изображение слайда
11

Слайд 11

Арқар – жұптұяқтылар қатарының қуысмүйізділер тұқымдасына жататын ірі аң ; тау арқары туысының сүтқоректі жануары. Дене ұзындығы 110-120 см, шоқтығының биіктігі 65-125 см. Аталықтарының мүйізі 67-190 см, түбірінің жуандығы 22-50 см салмағы 30 кг. Ұрғашыларының кейде қысқа мүйізі болады. Таралуы : Жерорта теңізі аралдары алдыңғы орта орталық солтүстік шығыс Азияда. ТМД кеңістігінде арқардың 10-нан астам түршесі таралған.

Изображение слайда
12

Слайд 12: Ақбөкен

Үстіңгі ерні салбырап, етті тұмсыққа айналған. Текесінің мүйізі қайқылау келеді, ешкісінде мүйіз болмайды. Жаз айларында арқа түсі сарғыш тартады, қыста түсі ақшылданады. Ақбөкендер шөл, шөлейтті және далалық аймақтарда тіршілік етуге бейімделген. Олардың қоныс өзгертуі ауа райына, Ақбөкен жұп тұяқты жануарлардың ішіндегі ең өсімталы, жылына бір рет төлдейді. Жаппай төлдеуі мамырдың 1-жартысында өтеді. Бұл кезде күн салқындап, жауын-шашын көп болады да, оны қазақ халқы « Құралайдың салқыны » деп атайды.

Изображение слайда
13

Слайд 13: Қар барысы

Барыс – Қазақстандағы ең үлкен жабайы мысық. Саны 200-ден аспайды. Жылдан-жылға азайып бара жатыр. Себебі – азық қорының азаюынан саны кемуде. « Қызыл кітапқа » енген, қорғауға алынған.

Изображение слайда
14

Слайд 14

Қаяздар - Қазақстанда саны тез азайып келе жатқан түрше. Арал су алқабында және Шу өзенінде тіршілік етеді. Шу өзенінде 1980 жылдардың аяғында жойылып біткен болу керек. Республикамызда бұрын да көп болмайтын, тек әуесқойлықпен ауланатын. Шардара су қоймасында қосалқы түр ретінде ауланған. Арал қаязына қарағанда майда, тұщы судың кәдімгі жергілікті балығы. Ұзындығы 70 см, салмағы 5,3 кг дейін жетеді. Қолдан өсірілмеген. Табиғи көбейетін жерлерін, басқа түрлермен ( арал қаязы, қарабалық ) будандасу шектерін зерттеу керек.

Изображение слайда
15

Последний слайд презентации: Сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерді қорғау: Пайдаланған әдебиеттер

Р.Р.Бейсенова “ Экология және тұрақты даму пәнінен лекциялар жинағы ” Алматы2012

Изображение слайда