Презентация на тему: Синтаксисті оқыту әдістемесі

Синтаксисті оқыту әдістемесі
Синтаксисті оқыту әдістемесі
Қазақ тілі синтаксисі мен пунктуациясынан оқушыларға теориялық білім берудегі басты ортақ заңдылықтар: - Оқушыларға қазақ тілі синтаксисінен және пунктуациядан
Синтаксисті оқыту әдістемесі
Синтаксисті оқыту әдістемесі
Синтаксисті оқыту әдістемесі
Синтаксисті оқыту әдістемесі
Синтаксисті оқыту әдістемесі
Синтаксисті оқыту әдістемесі
Синтаксисті оқыту әдістемесі
Сөз тіркесі, күрделі сөз, тұрақты тіркесті оқытудағы көрнекіліктер. (7- сынып )
Синтаксисті оқыту әдістемесі
Суретпен жұмыс.
Синтаксисті оқыту әдістемесі
Н. Оразақынова сөйлемге толық сатылай кешенді талдау жсаудың үлгісін көрсетті.
Тренинг Сөздердің байланысу түрлерінережесімен сәйкестендір
Синтаксистік жаттығулар
Синтаксиске байланысты жүргізілетін тіл дамыту жұмыстары
Синаксистік талдау
Синтаксисті оқыту әдістемесі
Синтаксисті оқыту әдістемесі
Синтаксисті оқыту әдістемесі
Қызықты грамматика әлемінде
Синтаксисті оқыту әдістемесі
Синтаксисті оқыту әдістемесі
Синтаксисті оқыту әдістемесі
Синтаксисті оқыту әдістемесі
Синтаксисті оқыту әдістемесі
Синтаксисті оқыту әдістемесі
Синтаксисті оқыту әдістемесі
Синтаксисті оқыту әдістемесі
Синтаксисті оқыту әдістемесі
Синтаксисті оқыту әдістемесі
Суреттерді оқиға желісі бойынша рет-ретімен орналастырып, сол бойынша әңгімелеңдер
Суреттерді оқиға желісі бойынша рет-ретімен орналастырып, сол бойынша әңгімелеңдер
Синтаксисті оқыту әдістемесі
1/36
Средняя оценка: 4.6/5 (всего оценок: 77)
Код скопирован в буфер обмена
Скачать (1624 Кб)
1

Первый слайд презентации

Синтаксисті оқыту әдістемесі

Изображение слайда
2

Слайд 2

Синтаксисті оқытқанда, оқушыларға сөйлем, сөйлемнің мағыналары мен құрылысы, сөздердің сөйлемге тіркесу жолдары түсіндіріледі. Синтаксисті оқыту жұмысы түрліше әдіс, жаттығу арқылы іске асырылады. Сабақтың құрылысына, материалдық ерекшелігіне қарай кей мағлұмат мұғалімнің түсінік сөзі арқылы, кейбірі оқулықпен жұмыс жасау жолымен меңгертіледі. Оқушының алған білімін жатығулар орындату және өз бетінше жұмыс істеуге ерекше ықылас қойған жөн.

Изображение слайда
3

Слайд 3: Қазақ тілі синтаксисі мен пунктуациясынан оқушыларға теориялық білім берудегі басты ортақ заңдылықтар: - Оқушыларға қазақ тілі синтаксисінен және пунктуациядан теориялық білім негізінен мұғалімнің түсіндіруі әңгіме, байқау әдістері, ойлаудың анализ, синтез, салыстыру, жинақтау, қорыту тәсілдерімен ойша қорытудың индукция, дедукция түрлері арқылы беріледі; - Әрбір жаңа материалды өтілген материалдарға байланыстыра, соларға сүйене, соларды тірек ете түсіндіру; - Морфология мен синтаксисті, синтаксис пен пунктуацияны, синтаксис пен стилистиканы мүмкіндігінше бір - бірімен тығыз байланыстыру; - Оқушылырға синтаксис пен пунктуациядан дағды жаттығу, кітапты пайдалану, грамматикалық талдау әдістерін қолдана отырып, ауызша, жазбаша жаттығулар орындату арқылы беріледі т.б

Изображение слайда
4

Слайд 4

А.Байтұрсынұлының синтаксисті оқыту логикасын 2 кезеңмен беруге болады: 1-кезең – нақтылықтан абстрактылыққа қарай жүру жолы, яғни білім берудің эмпирикалық кезеңі (кіріспе сөз, тілдік фактілер келтіру, синтаксистік бірліктің сыртқы белгілерін таныту, ереже шығару), ал 2-кезең – абстрактылықтан нақтылыққа қарай өту жолы, яғни білім берудің теориялық кезеңі (ереже, сұрақ-жауаппен нақтылау, жекелеген белгілерін топтастыру, тәжірибе: сынау, дағдыландыру).

Изображение слайда
5

Слайд 5

С.Жиенбаевтың 1941 жылы жарық көрген «Синтаксис мәселелері» деп. аталатын кітапшасында сөйлем мүшелерін жіктеу, олардың арасында болатын синтаксистік қатынастар туралы айтылғанымен, еңбек құрмалас сөйлемге арналған.

Изображение слайда
6

Слайд 6

Синтаксисті оқыту мәселелерін докторлық диссертация деңгейінде зерттеген Х.Арғыновтың еңбегінде көп ретте синтаксисте эмпирикалық деңгейде білім беру әдістері қолданылған. Х.Арғынов синтаксисті оқытуда байқау, түсіндіру, әңгіме әдісі, жаттығу, кітапты пайдалану, грамматикалық талдау әдістерін қолданудың тиімді екенін көрсеткен. Осы еңбегінде теориялық ойлауды дамытуға себі мол құнды пікірлерінің де кездесетінін атап көрсету керек. Мысалы, Х.Арғынов синтаксистің көрнекі құралына қойылатын талаптарының қатарына « 4.Көрнекі құрал синтаксистің белгілі бір категориясы жөнінде оқушылардың өздігінен ой қорытындысын шығаруына мүмкіндік жасайтындай болуы шарт» талабын қоя білген

Изображение слайда
7

Слайд 7

Балғаным Құлмағамбетова 1956 жылдардан бастап қазақ тілі методикасының көптеген мәселелеріне ғылыми әрі практикалық жағынан зерттеу жүргізіп, «Қазақ тіліндегі етістік категориясын оқыту» (1957), «Құрмалас сөйлемдерді оқытудың кейбір мәселелері» (монография, 1963), «6-класта қазақ тілі сабақтарына байланысты тіл дамыту жұмыстарын ұйымдастыру» (1965), «5-класта қазақ тілі сабақтарына байланысты тіл дамыту жұмыстарын ұйымдастыру» (1966), т.б. еңбектерін дүниеге әкелді. 1965 жылдан бастап қазақ тілін оқыту методикасының даму тарихына үлес қосушылардың бірі- Бибігүл Кәтенбаева. Оның «Сөз құрамын оқыту» (1968), «4-кластың қазақ тілі оқулығына методикалық нұсқау» (1984), «5-кластың қазақ тілі оқулығына методикалық нұсқау» (1982-1984), «Еліктеуіш сөздер» (1974), «Морфологияны оқытудың методикасы» (1975), «Қазақ тілі оқулығы» (5-класқа арналған, 1982, 1983, 1986), т.б. көптеген еңбектері мұғалімдер кітапханасынан берік орын алды.

Изображение слайда
8

Слайд 8

Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер синтаксисі де біршама зерттелінді. Құрмалас сөйлем синтаксисін теориялық жағынан зерттеген Хасен Арғынов. Оның «Жай сөйлем синтаксисін оқытудың методикасы» (1957 ), «Қазақ тілін оқыту» еңбектері жарық көрді. Бұл аталған еңбектердің қазақ тілін оқыту методикасында алатын орны ерекше. Онда қазақ тілі методикасының педагогикалық негіздері, жазу жұмыстары, талдау үлгілері, грамматиканы оқыту, кітап оқу методикасы сияқты мәселелерге тоқталған. Еңбектердің барлығында да жасалатын тұжырым: «Мұғалім сабақты беруді көрсетіп бергенінен айнытпай орындауға міндетті емес, өз білгенінше түрлі әдіс қолдануға ерікті. Методика рецепт те емес, әкімшілік нұсқау да емес, тек педагогикалық кеңес, жол-жоба»,- дейді

Изображение слайда
9

Слайд 9

Перцептивтік қырынан анықтау : тілдік әдістер : әңгімелесу, түсіндіру, баяндау, сұхбаттасу, кітаппен жұмыс ; көрнекілік әдістер : иллюстрация, демонстарция, бақылау жасау ; практикалық әдістер : жаттығу, тапсырмалар, лингвистикалық есептер, тілдік эксперимент Логикалық қырынан анықтау : анализ, синтез, салыстыру, топтастыру, нақтылау, дәлелдеу, анықтама беру, аналогия, дедукция, индукция, модельдеу Танымдық қырынан анықтау : ақпараттық мәлімет беру, эвристикалық әдістер, ізденім-зерттеу әдістері, көрнекілік-ақпараттық әдістер, практикалық-ақпараттық әдістер СИНТАКСИСТІ ТЕОРИЯЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ Психология л ық қырынан анықтау : рефлексиялық әдіс, зейін, ес пен жадыны дамыту, қиялы мен қабылдауын дамыту, ойлауы мен сөйлеуін дамыту, тыңдауын дамыту

Изображение слайда
10

Слайд 10

Сөйлем мүшелерін модульді интерактивті оқыту тиімділігін Сандуғаш ОМАРОВА педагогика ғылымдарының кандидаты ұсынды. Білім беру дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында көрсетілген бағыт еліміздің мектептерінде білімді шәкірт даярлаудың негізі ретінде қарастырған.

Изображение слайда
11

Слайд 11: Сөз тіркесі, күрделі сөз, тұрақты тіркесті оқытудағы көрнекіліктер. (7- сынып )

Зымыран сұрақтар : Сөз тіркесі дегеніміз не? Тұрақты тіркес ғылым тілінде қалай аталады? Күрделі сөз дегеніміз не? Топтық тапсырма: 1- топ. Сөз тіркестерін, тұрақты тіркесті, күрделі сөздерді мына сызбаға орналастыр : Екі бөлмелі, туған жер, отыз төрт, қой аузынан шөп алмас, әдеби кітап, озат оқушы, ертеден қара кешке дейін ойнау, ауыл жастар. Күрделі сөз Сөз тіркесі Тұрақты тіркес

Изображение слайда
12

Слайд 12

2- топ. Көп нүктенің орнына қажетті тіркестерді қойып жаз. Оның мына сөзі...етті. Ала көлеңке үй іші.... Менің уақытымның көбі...оқуға кетті. Шоқан - қазақтың..... ( төбемнен жай түскендей, әдеби кітап, аса дарынды ғалымы, құлаққа ұрған танадай ). 3-топ. Сөз тіркесін, күрделі сөз.тұрақты тіркестерді араластырып << Менің анам >> тақырыбына шағын ойтолғау жазыңдар.

Изображение слайда
13

Слайд 13: Суретпен жұмыс

Байланысу тәсілі Шылау арқылы Интонация арқылы Орын тәртібі Жалғау арқылы

Изображение слайда
14

Слайд 14

Байланысу түрлері Меңгеру Қиысу Қабысу Матасу Жанасу

Изображение слайда
15

Слайд 15: Н. Оразақынова сөйлемге толық сатылай кешенді талдау жсаудың үлгісін көрсетті

Ажалды қарға бүркітпен ойнайды. қарға ойнайды – қиысу бүркітпен ойнайды – меңгеру Ажалды карға – қабысу Сөйлемде: ажалды қарға Сөз тіркестері бүркітпен ойнайды Құрылысына қарай – еркін; тұлғасына қарай: а ) ажалды қарға – есімді тіркес; ә ) бүркітпен ойнайды – етістікті тіркес.

Изображение слайда
16

Слайд 16: Тренинг Сөздердің байланысу түрлерінережесімен сәйкестендір

Түрлері Ережелері 1. Қиысу 2. Матасу 3. Меңгеру 4. Қабысу 5. Жанасу А. Сөздердің жіктік жалғау арқылы байланысуы; Ә. Сөздердің бірде іргелес, бірде алшақ тұрып байланысуы ( үстеу мен етістік ) Б. Сөздердің ілік септіктен басқа септіктер арқылы байланысуы; В. Ілік септігіндегі сөз бен тәуелдік жалғауындағы сөздердің баланысуы; Г. ешбір жалғаусыз орын тәртәбә арқылы байланысуы; Ғ. Ешбір жалғаусыз алшақ тұрып байланысу

Изображение слайда
17

Слайд 17: Синтаксистік жаттығулар

Синтаксистік жаттығуларға сөз тіркесі, жай сөйлем түрлері, құрамалас сөйлем түрлері мен пунктуацияға байланысты жаттығулар жатады. Оқушылардың осы бөлімдерден алған білімін бекіту мақсатында жүргізілетін жаттығуларға мынандай талаптар қойылады : 1) белгілі бір жаттығуды орындау үшін оқушыларда оны орындай алатындай білім, білік болуы шарт; 2) оқушылар жаттығуда не орындайтынын, оның қандай пайдасы барлығын түсініп орындағаны абзал; 3) жаттығу оқушының тілге қызығушылығын, ынтасын, ықыласын арттыруға тиіс; 4) жаттығулар кездейсоқ болмай, белгілі бір жүйемен орындалып отырылуы қажет; 5) жаттығу жұмыстары тек өтілген материалдарға ғана байланысты болмай, бұрын өтілген материалдарды да қайталауға мүмкіндік туғызуы шарт; 6) оқушылардың жас мөлшері кіші болған сайын жаттығу да қысқа уақытқа шақталып, үнемі талап мақсатына қарай ауыстырылып отырғаны пайдалы; 7) шығармашылықты талап ететін жаттығулар көбірек болғаны жөн.

Изображение слайда
18

Слайд 18: Синтаксиске байланысты жүргізілетін тіл дамыту жұмыстары

Мектептерде сабақтас құрмалас тақырыбын өту кезінде жаттығу жұмыстарының төмендегідей түрлері қолданылып жүр : 1. Көшіріп жазу жаттығулары. 2. Диктант жазу түрінде орындалатын жұмыстар. 3. Әдеби мәтіннен сабақтас құрмалас сөйлемдерді теріп жазу. 4. Жай сөйлемдерден сабақтас құрмалас сөйлем жасау. 5. Берілген компонентті толықтырып, сабақтас құрмалас сөйлем құрау. 6. Берілген схемаға сүйеніп, сабақтас құрмалас сөйлем жасау. 7. Берілген “Тірек сөз” арқылы сабақтас құрмалас сөйлем ойлап жазу. 8. Бірыңғай баяндауышты жай сөйлемді, сабақтас құрмалас сөйлемге айналдыру. 9. Сабақтас құрмаластың бір түрін екінші түрге ауыстыру. 10. Көп бағыныңқылы сабақтасты екі компонентті бірнеше сабақтас құрмалас сөйлемге айналдыру. 11. Сабақтас құрмалас сөйлемнің тыныс белгілерін тауып қою. 12. Тыныс белгісінің схемасына қарап, сабақтас құрмалас сөйлемнің түрін ажырату. 13. Мәтін құрау, мәтінде сабақтас құрмалас сөйлемді пайдалану. 14. Магнитафонды пайдаланып, құрмалас сөйлемнің айтылу интонациясын анықтау. 15. Сурет бойынша шығарма жазу, шығармадан сабақтастарды іріктеу. 16. Ерікті тақырыпқа шығарма жазу, тұрақты сөз тіркестерін пайдалану.

Изображение слайда
19

Слайд 19: Синаксистік талдау

Белгілі бір тілдік материалдың ішкі құрамын (заңдылығын) танытатын білім берудің құралдарын талдау әдісі деп атайды. Талдауды методикалық әдебиеттерде анализ деп те жүргізіледі. «Анализ» сөзінің қазақша баламасы – талдау. Ой қорытындысын хабарлауда талдау-түйіндеу де үлкен қызмет атқарады. Талдау- түйіндеуге тілдік материалдардың анықтамалары мен ережелері жатады. Талдау-түйіндеу әдісін жіктеуге өлшем етіп алуға болады. Соған байланысты талдаудың мынандай түрлері қарастырылады: 1.Түсіндірмелі талдау. 2.Анықтауыштық талдау. Түсіндірмелі талдауларға: лексикалық талдау, фонетикалық талдау, морфологиялық талдау, синтаксистік талдау әдістері жатады. Синтаксистік талдау әдісі де теориялық-практикалық жақтан үйрету әдістеріне кіреді. Бұл көбінесе қазақ тілінің синтаксис саласын өтумен байланысты қаралады. Мектепте аса көп жүргізілетін әдіс- осы синтаксистік талдау әдісі. Синтаксистік талдау жаңа материалды түсіндіру кезінде, біріккен сабақ тұсында, бекіту, қайталау процесінде және тексеру сабақтарында жүргізіледі. Ол өзінің мазмұнына қарай екіге бөлінеді:

Изображение слайда
20

Слайд 20

1. Жай сөйлем бойынша талдау Жай сөйлем мағынасына қарай хабарлы, сұраулы, бұйрықты, лепті сөйлем болып келетіндігі талданады. Жай сөйлем құрамындағы сөз тіркесінің есімді, етістікті сөз тіркесі және олардың күрделі сөз бен тұрақты сөз тіркесінен құралатындығы, сөздердің байланысу тәсілдері (қиысу, матасу, меңгеру, қабысу, жанасу) ескеріледі.Сөйлемнің ішінде бірыңғай мүшелердің болатындығы да ескеріледі. Жай сөйлемнің жалаң, жайылма, жақты, жақсыз, толымды, толымсыз түрлері, оқшау сөз, қаратпа сөз, қыстырма сөз, одағай сөздер де ескеріледі. 2. Құрмалас сөйлем бойынша талдау Сөйлем бойынша талдау жүргізгенде, салалас құрмалас сөйлемге байланысты талдау оның мағыналық қатысына қарай ыңғайлас, қарсылықты, түсіндірмелі, себеп-салдар, талғаулы, кезектес сөйлемдер екені анықталып, оның байланысының жалғаулықты, жалғаулықсыздықтығы анықталады. Және тыныс белгілерінің қойылу себептері дәлелденеді. Сабақтас құрмалас сөйлемдер мағынасына қарай: шартты бағыныңқылы, қарсылықты бағыныңқылы, себеп, мезгіл, қимыл-сын, мақсат бағыныңқылыға жіктеліп, олардың тыныс белгілері дәлелденеді. Жарыспалы-сатылы екендігі анықталады. Аралас құрмалас сөйлем жалғаулықты, жалғаулықсыз түрлері, олардың тыныс белгілері дәлелденіп, құрамаластың басқа түрлерінен айырмашылығы салыстырылады.

Изображение слайда
21

Слайд 21

Синтаксистік талдау орындалу тәсіліне қарай ауызша, жазбаша, орындалу орнына қарай үйде, сыныпта жүргізіледі. Синтаксистік талдау жүргізілгенде мына тәрізді талаптар қойылады: 1.Таңдалған сөйлемнің, мәтіннің логикасы дұрыс болу қажет; 2.Мәтіндер мен сөйлемдер көркем әдебиеттен алынуы тиіс; 3.Таңдалған материал оқушының біліміне сәйкес болу керек; 4.Талдауға алынған сөйлемде синтаксистік объектілердің мол болуы қажет. Синтаксистік талдау жүргізгенде схемалар, кестелер, карточкалы дәптерлерді пайдалануға болады. Синтаксистік талдау құрылымдары мынандай элементтерден тұрады: 1.Мәтін, сөйлем таңдалады. 2.Мәтін мен сөйлем дауыстап оқылады. 3.Мәтін мен сөйлем тақтаға не дәптерге жазылады. 4.Талдау жұмысы жүргізіледі: а)жай сөйлемнің тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелері талданады; ә) құрамалас сөйлем компоненттерінің өзіндік ерекшеліктері қарастырылады; б) жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің тыныс белгілері дәлелденеді.

Изображение слайда
22

Слайд 22

Ойын-сергіту жаттығуы « Сатымен кім тез көтеріледі? » Ойынның шарты: Тақтаға не қағазға саты сызылып, оның сол жағына лепті сөйлемнің көңіл-күйді білдіретін түрлері, ал оң жағына сөздер мен сөз тіркестері жазылған. Тиісті көңіл-күйді білдіретін сөзді тауып, қасындағы сөздермен байланыстырып лепті сөйлем құрап айтып шығып, сатының басына тез көтерілу керек. Қуаныш әкем келді! Бұйыру тезірек! Өкіну кеше келсемші! Таңдану әдемі сурет!

Изображение слайда
23

Слайд 23: Қызықты грамматика әлемінде

Изображение слайда
24

Слайд 24

Кері оқуға келетін Тең мағына беретін. Қызық сөздер тағы бар, Оны өздерің табыңдар!

Изображение слайда
25

Слайд 25

«СҮТ»-сүйікті тамағың, Теріс оқып қарағын: Кейде ұйқыда көретін «ТҮС» боп шығар жаңағын..

Изображение слайда
26

Слайд 26

Оңға қарай оқысаң, ҚАМЫТ-әбзел бұйымы. Солға қарай оқысаң, ТЫМАҚ –қысқы киімін

Изображение слайда
27

Слайд 27

Кім тауып оқи алады? А ы ы і у л о б м з қ і ғ қ а қ а н а р қ л м а м а р а н а с ғ п

Изображение слайда
28

Слайд 28

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 2 6 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 Әліпбиді сөйлетемін

Изображение слайда
29

Слайд 29

Мына суреттерге қосымша жалғап сөз тіркесін жаз құлпынай жүзім асқабақ лимон қарбыз

Изображение слайда
30

Слайд 30

«Кім шапшаң?» ойыны 1-топқа № Мысалдар Табу сөз Эвфемизм Дисфемизм 1 Құлағы мүкіс 2 Ағакем 3 Сотқар 4 Тұрмыс құру 5 Албасты 6 Дімкәс 7 Ұлыма 8 Мырза жігіт 9 Мылжың 10 Ауру 11 Саңырау 12 Найзағай,жай 13 Бақиға аттанды 14 Ақсақ

Изображение слайда
31

Слайд 31

Изображение слайда
32

Слайд 32

Изображение слайда
33

Слайд 33

Изображение слайда
34

Слайд 34: Суреттерді оқиға желісі бойынша рет-ретімен орналастырып, сол бойынша әңгімелеңдер

Изображение слайда
35

Слайд 35: Суреттерді оқиға желісі бойынша рет-ретімен орналастырып, сол бойынша әңгімелеңдер

1 2 3 4 5 6 7 8 Суреттерді оқиға желісі бойынша рет-ретімен орналастырып, сол бойынша әңгімелеңдер

Изображение слайда
36

Последний слайд презентации: Синтаксисті оқыту әдістемесі

Назарларыңызға көп рахмет!

Изображение слайда