Презентация на тему: Сынып сабақ жүйесі

Сынып сабақ жүйесі
Ян Амос Коменский - Еуропа педагогикасының негізін салушы
Сынып сабақ жүйесі
Сынып сабақ жүйесі
Сынып сабақ жүйесі
Сынып сабақ жүйесі
Сынып сабақ жүйесі
Сынып сабақ жүйесі
1/8
Средняя оценка: 4.9/5 (всего оценок: 57)
Код скопирован в буфер обмена
Скачать (1181 Кб)
1

Первый слайд презентации: Сынып сабақ жүйесі

Я.А.Коменский

Изображение слайда
2

Слайд 2: Ян Амос Коменский - Еуропа педагогикасының негізін салушы

Ян Амос Коменский 28-наурызда, 1592 жылы Морави қаласында дүниеге келді. Германияда білім алып, 24 жасында ол туыстар общинасының дін қызметшісі міндетін атқарды. 1618 жылы Коменский 240 километрге орналасқан Праганың шығысындағы Фульнекеге келді. Сол жылдары Еуропада протестантизмге қарсы күш - католиктік конитрреформация құрылды. 10 жылдық соғыстан кейін Римдік католиктік дін Моравияда заңды түрде жеңіп билік алды. Жоғары сославия өкілдері Коменскийге соған мүше болып кіру немесе отанын тастап кету ұйғарылған. Коменский соның әсерінен жер аударылып, семьясымен бірге Лешноға келді. Бұл Поль- шаның белгілі Общиналық орталығы болатын. Осыдан бастап, ол қуғын көріп 42 жыл бойы айдауда жүрді. Отанына қайтып орала алмады. 1656 жылы Лешнода оның қолжазбаларын өртеді. Бұл жылдары ол бала- шағасынан айырылды. өмірінің соңғы кезін ол Амстердамда өткізді. Голландия да ол өзінің көптеген еңбектерін шығаруға мүмкіндік алды. 1657 жылы латын тілінде '' Ұлы дидактика'' басылды. Я. А. Коменский өмірінің соңғы төрт жылы ішінде -''Адам ісін түзетудің бүкіл-жалпылық Кеңесі '' атты еңбегін жариялады.

Изображение слайда
3

Слайд 3

XVII ғасырдағы мектептегі білім беру жүйесінің кемшілігін жақсы түсінген Коменский Еуропадағы оқу-ағарту ісін мүлде қайта құрумен айналыса бастады. Ол оқудың жаңа әдістері мен әдістемелігінің қажеттілігін айтып, білім беру жүйесінің, оқудың прогрессивтік жүйесін - оның барлық адамға бірдей және тиімді де түсінікті болуын, өзіне мақсат етіп қойды. Оның дәлелдеуінше - '' Балаларды оқыту қажет, біртіндеп қарапайым, элементарлық ұғымдардан күрделіге көшіп отыру педагогикалық талаптардың негізі деп көрсетті. Коменский бастауыш оқуды ана тілінде (тек латын тілінде емес ) жүргізуді ұсынды.

Изображение слайда
4

Слайд 4

Коменскийдің педагогика туралы алғашқы еңбегі 1630 жылы отбасында тәрбиелейтін аналар мен бала күтетін адамдарға арналды. 1631 жылы ''Тілдер мен барлық ғылымдардың ашық есігі'' атты еңбегі жарық көрді. Бұл латын тіліндегі оқуға революциялық дәстүрде соққы берген еңбек болды. Кітапта екі колоннаға бөлінген - Чех тілі мен латын тілін салыстыра оқытудың мән-жайы түсіндірілді. Еңбекте латынша оқытудың кемшіліктерін баса көрсетті. Бұл кітаптың құндылығы сонда, ол 16 елдің тіліне аударылды.

Изображение слайда
5

Слайд 5

Коменскийдің көпке, оқушылар қауымына таныс жұмыстарының бірі - ''Картинада бейнеленген әлем заттарының көрінісі'' атты еңбегі. Бұл жасөспірімдерге арналған еді. ХХ ғасырда педагогика профессоры Элвуд Кабберли былай деді. ''Бұл кітап Еуропада бастауыш оқуда 150 жыл орнына 200 жыл пайдаланылды, бұған теңдес кітаптың болмағанының куәсі'' -деп, жазды. Қазіргі кітаптар мен оқулықтар Коменский еңбектері негізінде иллюстрация-ланып жарық көруде. 1657 жылы Коменский латын тілінде ''Ұлы дидактика'' атты еңбегін жариялады. Бұл кітап, оны дүние жүзіне танытты. Кітап Коменскийдің педагогикалық жүйесін толық және дәлелді түрде баяндаған шығарма болды.

Изображение слайда
6

Слайд 6

Оқытудың кең таралған сынып-сабақ жүйесінің негізін қалаған Ян Амос Коменский болды. Сынып-сабақ нысаны оқыту жұмысын ұйымдастырудың негізігі нысаны ретінде күні бүгінге дейін өзінің маңызын жойған жоқ. Себебі, ол ең алдымен мұғалімге оқытатын пәннің мазмұнын жүйелі түрде баяндауына мүмкіндік береді. Сондай-ақ, сабақ баланың оқу әрекетінің сыныптан тыс және үйдегі түрлеріне де бағыт-бағдар беріп,  жетекшілік ролін атқарады.

Изображение слайда
7

Слайд 7

Сабақ құрылымы деп сабақтың барысында (45 минут) оның құрамды бөліктерінің, кезеңдерінің бір-бірімен ұштасып, белгілі тәртіппен жүзеге асырылуын айтады. Олар мынадай болып келеді : Сабақтың ұйымдастыру бөлімі ( сабақтың тақырыбын белгілеп, оның мақсат, міндеттерін тұжырымдау ). Сабақта үй тапсырмасын тексеру. Жаңа білімді немесе оқу материалын баяндау, түсіндіру. Жаңа білімді пысықтау, бекіту ( ауызша, жазбаша жаттығулар жасау, тәжірибелік және зертханалық жұмыстар жүргізу ). Қорытындылау ( оқушылар білімін бағалау ), сабақтың аяқталуы. Үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

Изображение слайда
8

Последний слайд презентации: Сынып сабақ жүйесі

Сыныптық — сабақ жүйесі өзіне көптеген оқу үрдісін ұйымдастырудың бірқатар кешендерін қосып алады. Оған жататындар : экскурсия, оқу шеберханасындағы сабақтар, тәжірибелер, еңбек жіне өндіріс түрлері, сыныптан тыс жұмыстардың түрлері ( пән үйірмелері, студия, ғылыми қоғамы, олимпиада, байқаулар, конференциялар ).

Изображение слайда