Презентация на тему: Шокты қ жағдайлардағы диагностика және жедел жәрдем көрсетудің алгоритмі

Реклама. Продолжение ниже
Шокты қ жағдайлардағы диагностика және жедел жәрдем көрсетудің алгоритмі
Жоспары :
Шоктың анықтамасы
Шокты қ жағдайлардағы диагностика және жедел жәрдем көрсетудің алгоритмі
Шок- полиэтиологиялық ауру. Себептеріне орай шоктың түрлері :
Шокты қ жағдайлардағы диагностика және жедел жәрдем көрсетудің алгоритмі
Шокты қ жағдайлардағы диагностика және жедел жәрдем көрсетудің алгоритмі
Шоктың дамуына бейімдеуші факторлар
Шоктың патофизиологиялық механизмдері
Шокты қ жағдайлардағы диагностика және жедел жәрдем көрсетудің алгоритмі
Шокты қ жағдайлардағы диагностика және жедел жәрдем көрсетудің алгоритмі
Шокты қ жағдайлардағы диагностика және жедел жәрдем көрсетудің алгоритмі
Шокты қ жағдайлардағы диагностика және жедел жәрдем көрсетудің алгоритмі
Диагностика
Шұғыл жәрдем
КҮЙІКТІК ШОК
Күйік ауруының құрылымының 3 негізгі клиникалық синдромға бөлуге болады:
Шокты қ жағдайлардағы диагностика және жедел жәрдем көрсетудің алгоритмі
Шокты қ жағдайлардағы диагностика және жедел жәрдем көрсетудің алгоритмі
Шокты қ жағдайлардағы диагностика және жедел жәрдем көрсетудің алгоритмі
Шокты қ жағдайлардағы диагностика және жедел жәрдем көрсетудің алгоритмі
Шокты қ жағдайлардағы диагностика және жедел жәрдем көрсетудің алгоритмі
1/22
Средняя оценка: 4.9/5 (всего оценок: 77)
Код скопирован в буфер обмена
Скачать (159 Кб)
Реклама. Продолжение ниже
1

Первый слайд презентации: Шокты қ жағдайлардағы диагностика және жедел жәрдем көрсетудің алгоритмі

Лектор, п.ғ.м.: Каниева К.Н.

Изображение слайда
1/1
2

Слайд 2: Жоспары :

Шоктың анықтамасы Шоктың жіктелуі Шоктың негізгі патофизиологиялық механизмдері Шұғыл жәрдем

Изображение слайда
1/1
3

Слайд 3: Шоктың анықтамасы

ШОК - жедел дамитын және өмірге қауіп төндіретін ауыр жағдай. Ол қандай болмасын шамадан артық зақымдаушы әсердің нәтижесінде дамиды және организмнің тіршілігін қамтамасыз ететін барлық жүйелер қызметтерінің үдемелі бұзылыстарымен сипатталады және шұғыл көмекті талап етеді.

Изображение слайда
1/1
4

Слайд 4

Шок (ағылшынша shock- соққы, күйзеліс) – бұл тіндердегі қанағыстың ауыр төмендеуімен болатын бірер ұқсас клиникалық жағдайлардан тұратын және гомеостаз реттелу механизмінің шамадан артық ширатылуы туралы түсінік. Терминді XVIII ғасырда Людовик XV армиясының ғалымы және дәрігері ле Эран енгізді.

Изображение слайда
1/1
5

Слайд 5: Шок- полиэтиологиялық ауру. Себептеріне орай шоктың түрлері :

Жарақаттық шок Механикалық жарақаттың нәтижесінде: жаралар, сүйектер сынуы, тіндердің қысылуы (краш- синдром) Күйіктік жарақат: термиялық, химиялық Салқындық шок Электрлік шок Сәулелік шок

Изображение слайда
1/1
6

Слайд 6

Геморрагиялық неменсе гиповолемиялық шок Жедел қансырау- қан кету Су теңгерімінің жедел бұзылысы- организмнің сусыздануы (сладж-синдром) Сепсистік ( бактериальды-улағыш) шок: Гр+ немесе Гр- микрорадан туындаған жайылған іріңді үдерістер. Бактериемия (бактерияның қанға өтуі), токсемия (уыттың қанға шабуы). Анафилаксиялық шок Кардиогендік шок: 1. Миокард инфаркт 2. жедел жүрек жеткіліксіздігі Гемотрансфузялық шок: АВО жүйесі, резус фактор бойынша қан топтарының сәйкессіздігі

Изображение слайда
1/1
7

Слайд 7

Шок құбылыстырының даму тездігіне байланысты болады : Біріншілік шок- жарақат сәтінде немесе содан кейін іле- шала дамитын, екіншілік шок- жарақаттан кейін бірнеше сағат өткесін дамитын шок. Шоктың дамуына бейімдеуші факторлар : Шокогендік факторлардың әсер ету алдында болады немесе әсер ету сәтінде дамиды, организмнің жалпы төзімділігін ( қарсылығын ) төмендетеді, шоктың дамуына жәрдемдеседі және оның ауырлығын анықтайды.

Изображение слайда
1/1
Реклама. Продолжение ниже
8

Слайд 8: Шоктың дамуына бейімдеуші факторлар

Созылмалы, жүдететін аурулар- авитоминоздар, туберкулез, анемия Қатты тоңазу (тым салқындау) Қатты қыздыру Ашығу Қансырау Жүйкелік күйзеліс Иондайтын радиация Тасымалдау иммобилизациясының жеткіліксіздігі және иммобилизация жасап тасымалдағанда ауырсынуды жеткіліксіз басу Көлемді жарақаттарда, әсіресе оқ ататын құралмен жараланғанда операциялық араласу.

Изображение слайда
1/1
9

Слайд 9: Шоктың патофизиологиялық механизмдері

АҚК тапшылығы Жүректің сорғылық қызметінің бұзылысы Симпатоадреналдық реакция Ацидозбен тіркесетін клеткалар гипокциясы

Изображение слайда
1/1
10

Слайд 10

Сепсистік шок патогенезінің ерекшелігі: Бактериологиялық уыттардың әсерінен қанайналымның бұзылысы артериявеналық тамырлар арасындағы байланыстың ашылуына әкеледі де қан капиллярлық арнаны айналып өтіп артериолалардан венулаларға ұмтылады. Капиллярлық қанағыстың азаюы есебінен клеткалардың қоектенуі бұзылады және бактериялық уыттардың клеткаларға тікелей әсер етуі олардың оттегімен жабдықталуын төмендетеді. Анафилаксиялық шокта гистаминнің және басқа биологиялық белсенді заттардың әсерінен капиллярлар және көктамырлар тонусын жоғалтады, шеткі тамырлар арнасы кеңиді де оның сиымдылылығы артады, осының бәрі қанның қайта бөлінуіне әкеледі- қан капиллярларда және көктамырларда іркіледі де жүрек жұмысының бұзылысын тудырады. Кардиогендік шоктың дамуында микроциркуляция бұзылысына әкелетін жүрек өнімділік қызметінің төмендеуі жіберуші патогенездік сәт болып табылады

Изображение слайда
1/1
11

Слайд 11

ШОКтың дамуын анықтайтын негізгі, алғашқы патогенездік факторлар: АҚК-нің азаюы- геморрагиялық, гиповолемиялық шок; Вазодилитация, тамырлар арнасы сиымдылығының артуы, қанның қайта бөлінуі- анафилакциялық, сепсистік шок; Жүректің өнімділік қызметінің бұзылуы- кардиогендің шок

Изображение слайда
1/1
12

Слайд 12

АҚК тапшылығы АҚ, диурезді және ОВҚ бақылап (егер мүмкіндік болса) гиповолемияны жоюға бағытталған пәрменді инфузиялық еммен жойылады. Бұған үш әдісті қиыстырумен жетеді: қанды, плазмаалмастырғыштарды және декстрандарды құю. АҚК толықтыру жүрекке веналық қанағысты көбейтеді, АҚ, ЖМК және клеткалардың оттегімен жабдықталуы артады.

Изображение слайда
1/1
13

Слайд 13

Жүректің сорғылық қызметінің бұзылысын жою үшін: жүректік гликозидтер, гормондар, метаболиттер ( рибоксин, цитохром С), антигипоксанттар ( ГОМК) тағайындалады. Симпатоадреналдық реакцияны ауырсынуды барабарлы басумен, инфузиялық еммен, клеткалық мембрананы тұрақтандырғышпен, қанның реологиялық қасиетін жақсартумен және т.б. жояды. Гипоксияны оттегін дем алатын қоспада 30-40 % (3-5 л/ мин.) мөлшерде беріп жояды, ацидозды өз тынысын қалпына келтіріп, сода ерітіндісін құйып жояды. Ілеспелі су-электролиттер теңгерімінің бұзылыстары түзетіледі. Егер, барабарлы инфузиялық емге қарамастан (40-60 минутта ОВҚ бақылаумен 1,0-1,5 л құйылғанда) АҚ көтерілуі болмаса, жедел тамыр жеткіліксіздігі туралы ойлауға болады және вазопрессорлар тағайындалады: адреналин, норадрелаин, допмин және басқалары. Допамин таңдау препараты болып табылады.

Изображение слайда
1/1
14

Слайд 14: Диагностика

АҚс 90 мм сын.бағ. Төмен немесе әдеттегіден 40 мм сын.бағ.көп төмен, ЖЖЖ минутына 100-ден көп немесе сұр цианоз, жабысқақ термен жабылған салқын тері. Қозу немесе санасының бұзылуы, олигурия, жүрек тондары тымық, жиі өкпелер шемені (ылғалды сырыл).

Изображение слайда
1/1
Реклама. Продолжение ниже
15

Слайд 15: Шұғыл жәрдем

Патогенездің осы бөлімдерінің нәтижесінде шоктық жағдайларды шұғыл көмек өмірлік көрсетім бойынша жүргізіледі, оған жататындар: Дереу қан кетуді тоқтату; Керек болса ауырсынуды барабарлы басу; Көктамырды катетерлеу және барабарлы инфузиялық ем; Дем алатын қоспада 30-45 % (3-5 л/ мин.) мөлшерде оттегін беріп, жедел тыныс жеткіліксіздігінің белгілерін жою; Жедел жүрек жеткіліксіздігінің белгілерін жою; Қуықты катетерлеу.

Изображение слайда
1/1
16

Слайд 16: КҮЙІКТІК ШОК

Күйік ауруы- патогенетикалық және олардың клиникалық көріністерінің өзара байланысты күрделі жиынтығы. Оның негізінде термиялық зақымдануға жауап ретіндегі стресстік реакция жатады. Зардап шегушінің жағдайы жарақаттың ауырлығына, емнің дер кезінде басталуына және оның тиімділігіне байланысты.

Изображение слайда
1/1
17

Слайд 17: Күйік ауруының құрылымының 3 негізгі клиникалық синдромға бөлуге болады:

Күйіктік шок Уыттану жұқпа

Изображение слайда
1/1
18

Слайд 18

Күйіктік шоктың патогенезі: КШ-тағы АҚК-нің азаюы тек плазманың көп мөлшерде жоғалтуымен ғана емес, сондай-ақ қан жинақталуымен де және қанағыстың тамырластыруымен де байланысты. Гематокриттің 1,5-2 есе өсуімен қанның қоюлануы ауыр күйіктің серіктесі болып табылады. Плазманың сыртқы жоғалуы тек үстіртін күйіктерде болады. Плазманың тамыр арнасынан шығып қабыршақ астына жиналуы капиллярлар қабырғасы өткізгіштігінің артуымен түсіндіріледі. Сұйықтықтардың интерстиция кеңістігіне шығуына байланысты күйік аймағында ісіну дамиды. Тәулік бойы қанайналым арнасынан плазманың барлық көлемінің 70 % - на дейін шығуы мүмкін, бірақ бүл АҚК-нің апатты азаюына әкелмейді, себебі ол сұйықтықтардың компенсаторлық тез қайта бөлінуіне байланысты – сұйықтықтар күйікпен зақымданбаған аймақтардан қан арнасына түседію Калий клеткалардан шығып көп мөлшерде қан арнасына түседі, ал оның орнына клеткаларға натрий енеді де клетакаішілік ісінуді тудырады. Күйіктерде зақымданған тері арқылы денедегі судың булануы едәуір артады. Дене беткейінің 50 %- ы күйгенде зақымданған аймақтардан күніне 5-8 л су буланады. 1 мл судың булануына 0,576 ккал жұмсалады. Қандағы реологиялық және коагулопатиялық өзгерістердің өсуіне байланысты микроциркуляция терең бұзылады. Оның көрінісі: күйік алаңындағы өлі еттенулер, АІЖ- дағы стрестік ойық жаралар, бүйректің- бауырдың жеткіліксіздері және т.б. Күйіктен кейінгі алғашқы сағаттардағы зардап шегушілер жағдайының ауырлығы ауырсыну синдромына және психоэмоциональдық күйзеліске байланысты. Олар нейроэндокриндік жауапты жіберуші механизм қызметін атқарады және бүйрекүсті безі гормондарының және гипофиздің басқа биологиялық белсенді заттардың шығарылуымен көрінеді. Осылардың әсерінен тамырлар жиырылып қанайналымның орталықтануы тіндердің гипоксиясына және ацидоздың дамуына әкеледі.

Изображение слайда
1/1
19

Слайд 19

КШ-тың клиникасы: КШ-тың патологиялық көрінісі болмайды. Күйіктің тереңдігін, әсіресе бірінші күндері анықтау қиын. Күйіктің ауырлығын және КШ-тың даму мүмкіндігін бағалау күйік алаңының кеңдігін негізінде қойылады.Жарақаттық шоктан айырмашылығы КШ- та АҚ-ның анықтаушы мағынасы жоқ.Олигонурия, гипопротеинемия, қанның қоюлануы ( гемоконцентрация ), кешірек – гипотензия жетекші клиникалық симптомдар болып табылады. Ауыр күйіктің алғашқы сағаттарында науқас қозу жағдайында болады. Соңынан қысқа мерзімді қозу тежелумен алмасады. Әдетте науқастардың санасы сақталған, олар бағыт бағдарын біледі, сұрақтарғадұрыс жауап береді. Өте ауыр күйікте санасы шатасқан болуы мүмкін. Алғашқы сағаттарды гипотермия пайда болады. Науқастар қалтырауға шағымданады, ал ауыр жағдайларда б/е дірілі байқалады.

Изображение слайда
1/1
20

Слайд 20

Күйікпен зақымданбаған тері құрғақ және ағарыңқы көрінеді. Ауыр зақымданғанда тері жамылғылары көгерген, топырақ түстес, аяқтарда басым.Күшті шөл байқалады. Су ішу құсумен ілеседі, ауыр жағдайларда толассыз құсу.АІЖ-ның шала салы тез дамиды, ықылық пайда болады. Іш кебеді, ішектің толқи жиырылуы әрең естіледі. Тахикардия күшейеді. АҚ деңгейі КШ-тың ауырлығының критерийі бола алмайды. Дене қызуы күйіктен кейінгі алғашқы 12 сағатта қалыпты, ал 2-3 ші тәулігінде көтеріледі. Ол зардап шегушінің КШ-тан шыққандығын көрсетеді. Диурездің тәулігіне 300 мл-ге дейін азаюы анурия деп бағаланды. Зәрдің түсі қаныққан – сары. Ауыр жағдайларда, гемоглобинурия қосылғанда зәр қара-шие, қоңыр немесе тіпті қара түсті болады және күйік исі шығады. Бүйрек жарғақшасы өткізгіштігінің артуына байланысты проотеинурия пайда болады. АҚҚ алғашқы 6-12 сағатта 3 есеге азаяды. КШ- тың 1-2 ші тәулігінде ОВҚ- ның төмендеуі байқалады. ОВҚ көрсеткіші гемодинамиканың жағдайы туралы куәлік береді, АҚК- нің азаюын жанама анықтайды және миокардтың жиырылу қабілеті туралы жоруға мүмкіндік береді.

Изображение слайда
1/1
21

Слайд 21

ҚШ-тың қарқынды емі: 1. Жоғарғы тыныс жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз ету; 2. Үш қатетер ережесін орындау ( орталық көктамырды катетерлеу, қуықты катетерлеу, асқазанға зонд қою ); 3. Гемодинамикаға және тынысқа ең аз әсер ететін анальгетиктерді қолдану ( стабол, иубаин ); 4. Наркотиктік анальгетиктерді нейролитиктермен, транквилизаторлармен, ГОМКпен тіркестіріп қолдану керек; 5. Алғашқы сағаттарда симпатоадреналдық жүйенің шамадан артық белсенділігін, жүрекке функциональдық жүктемені азайту мақсатында клофелинді 0,4 мкг/кг мөлшерде енгізеді. Ол оттегін тұтынуды төмендетеді. 6. Даларгин -2 мг мөлшерде антистрессорлық және антигипоксиялық әсер етеді; 7. Адаптоген милдронат ( 7 мг/кг ) адреналин және ангиотензин тудырған тамырлардың қатты жиырылуын жояды, клетка жарғақшасын тұрақтандырады, кардиопротекторлық әсер етеді. 8. Гиповолемияны жою: 1-2 дәрежелі шокта және АІЖ-ның қызметі сақталғанда ауыз арқылы регидратация жүргізуге болады. 9. Қанның реологиясын жақсарту үшін реополиглюкинді (400-800мл) сағатына 2 мл/кг жылдамдықпен құяды, гепарин 20000 Б мөлшерде; 10. Инфузиялық емге рефрактерлі гипотензияда инотроптық сүйемелдеуді пайдалану керек; 11. Жоғарғы тыныс жолдарының күйігі бар науқастарда алғашқы 8-10 сағатта өкпелер ісінуінің қаупі бар. Мұндай -жағдайларда натрий хлоридінің 7-10 %- дық ерітіндісін 80-120 мл көлемде құяды; 12. Күйзелістік ойық жараның алдын алу үшін гистаминдік қабылдағыштың Н-2 блокаторларын енгізеді. 13. Глюкокартикоидтарды тек 3-4 дәрежелі К бар науқастарда және ӨЖЖ бар зардап шегушілерде қолдану керек.

Изображение слайда
1/1
22

Последний слайд презентации: Шокты қ жағдайлардағы диагностика және жедел жәрдем көрсетудің алгоритмі

Науқастың Кш-тан шығу критерийлері: 1. Гемодинамиканың тұрақтануы 2. Диурез қарқыны 50 мл/сағ және одан да көп 3. Ақшыл дақ симптомы 1 секундтан аз 4. Дене қызуының қалыптыдан 1 градустан кем емес көтерілуі Баукс ережесі – науқастың жасы және күйген беткей пайызының жиынтығы. Егер жиынтық және одан көп болса – өлім жітім 100 %, егер жиынтық – 75-100 болса – 50 %, егер 75 тен аз болса болжам қолайлы.

Изображение слайда
1/1
Реклама. Продолжение ниже